Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет61/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

М. Құсайынова
т. ғ. к., ассоц. профессор
Назарбаев университеті
ҚАЗАҚ ТАРИХИ ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ АЗАТТЫҚ ИДЕЯ
Historic poems are one of the most important heritage information of Kazakh national litera-
ture. Historic poems feature real historic actors and events, such as civil wars with Mongols. This 
unique type of literature can create strong moral basis for the independent Kazakhstan.
Қазақ халқының рухани асыл қазыналарының бірі – тарихи жырлары. Олар қазақ ауыз 
әдебиетінің ғасырлар қойнауынан үзілмей дамып келе жатқан эпикалық дәстүр туынды-
лары қатарына жатады. Эпикалық дастандардан тарихи жырлардың басты ерекшелігі – жыр 
мазмұнының нақты тарихи оқиғаға негізделуі, ал оның басты кейіпкерлері ретінде тарихта 
болған тұлғалардың болуы. Тарихи жырларда батырлар жырында кездесетін «отқа салса 
жанбайтын, суға салса батпайтын» сынды эпикалық сарын, әсіре көркемдеу тәсілі өте сирек 
кездеседі. Сонымен қатар, тарихи жырлар авторлары көбінесе сол тарихи оқиғаларды көзімен 
көріп, оның бел ортасында жүрген замандастары. Олар көзімен көрген және бастан кешірген 
тарихи оқиғаларды уақытымен шебер толғауы талай тарихи жырлардың басты.
Ел жадында ұзақ сақталып, әдебиет өмірінде елеулі із қалдырған тарихи жырлардың 
көбі ұлт-азаттық қозғалыстармен байланысты. Азаттық идеяны арқау еткен тарихи жырлар 
арнасы қазақ халқының маңызды кезеңдерімен қабаттаса дамып отырды. Тарихи жырларда 
ел қорғау идеясының терең қойылуы, одан кейінгі отаршылдық езгі тұсындағы тәуеліздікті 
аңсау мен сол жолдағы күрес көптеген тарихи жырлардың өзегіне айналды. Жырлар халықтық 
қозғалыстардың шығу тарихын, процесін, күрес барысында белсенділік танытқан ерлерінің 
есімін жырлап, сақтап бізге жеткізді.
Жоңғар басқыншылығына қарсы қол бастаған Абылай хан мен оның сарбаздары Қабан-
бай, Бөгенбай, Жәнібек, Ресей отаршылдығына қарсы бас көтерген Исатай мен Махамбет, 
Кенесары мен Наурызбай, Сырым, Бекет пен Есет, Жанқожа, тағы басқа батырлардың өмірі 
мен күресі елге өнеге болып, тарихи жырлардың жаңа легін туғызды. Бұл жырлар қазақтың 
тарихи әдебиетінің, батырлық жырының дәстүрін жалғастырып, ел санасын жаңа деректер-
мен байытты. Жырларда сол бір оқиғалардың өткен мезгілі, ұрыс болған жерлері, қатысқан 
адамдары туралы деректер мол кезедеседі.
Сонымен бірге, шығармаға тән тарихи шындықты көтере бейнелеу, халық қаһарманда-
рының тұлғасын бұрыңғының батырларына ұқсата өсіре суреттеу де орын алады. Тарихи 
жырлар өзінің эпостық сипатымен де жаңа нышандарға ие болып, мазмұны терең көркем 
толғау, оқыс оқиғалы дастандар, романтикалық және эпикалық поэмалар да осы кезеңнің 
қосқан үлестері.
Қазіргі қазақ елінің тәуелсіздігі ғасырлар бойында ата-бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа 
ауызша тарихи дәстүр туындыларымен жырлап елген азаттық идеясының жеңісі болып 
табылады. Осы баға жетпес рухани құндылықтарымыздың қадір-қасиетін түсініп, бағалай 
білсек тәуелсіздік тұғырының тамыры нық болары анық.


| 69


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет