Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет63/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Ж. Байтелиева
ф. ғ. к., ассистент-профессор
Назарбаев Университеті
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИ ҰҒЫМДАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
In this paper, the discussion centers on the ways of teaching ethnocultural vocabulary and its 
significance in second language acquisition. Student today will be specialist tomorrow who will 
contribute to the national science and knowledge. In this regard, it is necessary to provide him with 
ethnocultural vocabulary, material origins, and history of development.
Еліміздегі жоғары оқу орындарында түрлі сала мамандарын даярлауда қазақ тілін оқыту 
мәселесі маңызды орынға ие болуы тиіс. Өйткені бүгінгі студент – ертеңгі маман. Олар ке-
лешекте елімізде қазақ тілінің әр саладағы білім, ғылымының дамуына тікелей өз үлестерін 
қосулары керек деп ойлаймыз. Бұл үшін қазақ тілін оқытуда оның сөздік қорында жинақталған 
этномәдени мұраны деңгей бойынша бейімдеп, оларды студентке ұлттық құндылықтар мен 
ұлттың тарихи даму кезеңдерін танытатын құрал ретінде қабылдауын ұйымдастыру қажет. 
Сондай мақсаттағы жұмыстар нәтижесінде студент келешекте мамандығы бойынша қазақ 
тілінің дамуына өзіндік үлесін қосады деп үміттенеміз. Осыған орай, қазақ тілін оқытуда 
қазақ тілінің заңдылықтарын және қазақ тілінің ұлттық мәдени лексикасын студенттің ішкі 
құндылықтар жүйесіне енгізудің тиімді жолдарын қарастыруымыз қажет.
Осы бағыттағы ізденістеріміздің тәжірибесі көрсеткендей, студенттерге қазақ тілінің 
лексика-фразеологиялық-паремиологиялық байлығын меңгертудің бір жолы – олардың та-
рихи-мәдени кодына талдау жасау арқылы меңгерту. Мұндай мәліметтер студенттердің тілді 
үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сондай-ақ, қазақ халқы туралы танымдарын 
кеңейтеді. Мәселен, «ант су ішу, ант беру» тіркесін түсіндіргенде, оның қандай тарихи-
мәдени оқиғамен байланысты шыққаны қызығушылықты күшейтеді. Ант ішті, ант су ішті 
деген фразеологизмнің ішкі формасы тасаланған, сонда неге бұлай айтылатыны студент 
үшін белгісіз болуы мүмкін. Бұл фразеологизмдердің прототипі байырғы андаласу рәсімімен 
байланысты екендігі туралы кеңінен танымдық ақпарат берсек, осы тіркестің тарихи-мәдени 
коды ашылады. Осылай тіркестің мәнін талдап түсіндіру арқылы ант сөзінің архетипі беру, 
ішу етістігімен ғана байланысатынын, бүгінгі күні қолданыста жүрген ант қабылдау басқа 
мәдениеттің көрінісі екендігін түсіндіру арқылы студенттерге тіл байлығын қоғам, тарих, 
әлеумет ұғымдарымен байланыста меңгерте аламыз. Әрине, мұндай талдауларды тек орта-
дан жоғары деңгейде қолдануға болады. Осындай экстралингвистикалық факторлар арқылы 
олар тілдегі тіл мен ұлт менталитетінің, мәдениетінің байланысын түсіну арқылы интеллек-
туалды тілдік құзырет нормаларын дамытады және жағдаятқа қарай қолдануға мүмкіндік 
алады. Біздіңше, мұндай тәсілдер студенттерге ұлттық құндылықтарды маңызды ақпарат көзі 
ретінде бағалауға және кәсіби іскерлікті дамытудың креативті арнасы тұрғысынан қарауына 
көмектеседі деп ойлаймыз.


| 71


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет