Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет67/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

3-ұсыныс. Үштілділік жүйесіндегі негізгі тетік – қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін 
оқыту сағаттарын орыс, қазақ бөлімдеріне қарамастан көбейту (орыс бөлімдеріне – кәсіби 
бағдарлы қазақ тілін, іскерлік қазақ тілін, бизнес және коммерция тілін, қазақ бөлімдеріне – 
кәсіби қазақ тілін, сөз мәдениеті мен тілдік қарым-қатынас, ісқағаздарын жүргізу)
4-ұсыныс. Қазақ тілін оқыту әдістемесі орталығын құру. Осы аталған орталыққа озық 
тенологияны қолданып жүрген мамандарды мүше етіп, коммерциялық жолмен өнімдерін 
тарату, шеберлік сабақтарын өткізу, жас мамандар мектебін құру, семинар-тренинг, онлайн 
сабақтар өткізіп пікіралмасу ортасын қалыптастыру.


74 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР 
С. К. Қасымова
ф. ғ. к., доцент,
Көкшетау техникалық институты
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОО-ДА ТІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
In this article it is spoken about the psychological peculiarities of the development of languages 
in the military technical higher educational institution.
Заманауи техникалық жоғары оқу орындарында гуманитарлық дайындау кешенінде тілдік 
дайындық ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Себебі ол білім алушылардың 
мәдени дамуы мен халықаралық деңгейде өзінің кәсіби мәселелерін шешуде және бәсекеге 
қабілетті маман болып қалыптасуына барынша ықпал етеді. Сондықтан гуманитарлық пән 
ретінде қазақ, орыс және кәсіби бағытталған шет тілдері жоғары техникалық білімді әлеу-
меттендіруде басты роль атқарады десек қателеспейміз.
Көп реттерде техникалық жоғары оқу орнының білім алушыларының тілді орташа 
меңгеруінің бастысы, оларда техникалық ойлау жүйесі және тілдік сезінудің болмауы яғни 
тіл шорқақтығы секілді психологиялық сәттер болып табылады. Ал тілді тез меңгеру тілді 
сезіну негізінде болатынын білеміз.Техникалық ЖОО-да тілдерді үйретуде байқағанымыз 
аталған оқу орындарының білім алушыларының тілдік пәндерді меңгеруге кедергі келтіретіні 
мінез ерекшеліктеріндегі ұстамдылық, тұйықтық, ұялшақтық, марғаулық және қысымшылық 
сияқты тұлғалық қасиеттердің басым болуы. Мәселен, фонетикалық жаттығулар, диалог, 
рольдік ойындар өздерінің курстастарының алдында күлкілі болуға қорқып, олар үшін күлкілі 
секілді болып көрінеді. Ал филолог студенттер керісінше аталған жұмыс түрінде өздерін 
барынша жан-жақты көрсетуге тырысады.
Тілдік емес ЖОО-да тілдерді үйрету кезінде мәтіндер болашақ мамандыққа бағытталған-
дығын ескере отырып, іріктелуі қажет. Осылайша біз студенттердің коммуникативті-та-
нымдық қызметтерін пәнге қызығушылықтарын арттыра және өз беттерінше жаңа сөздерді, 
сөз орамдарын ақпарат көздерін пайдалану арқылы белсендіреміз. Егер оқытудың қызметі 
танымдық уәждемеге сәйкес болса, онда практиклық қызметі – кәсіптікке сәйкес келеді. 
Сәйкесінше болашақ маманның оқу-танымдық қызметтен кәсіби қызметке ауысуы таным-
дық уәждің кәсіптікке ауысу мәселесімен көрінеді. Техникалық ЖОО-да тілдерді оқытудың 
басты мақсаты кәсіби – бағытталған қызметте коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру 
болып табылады. Сондай-ақ болашақ мамандыққа сәйкес арнайы әдебиеттермен жұмыс жасау 
үрдісінде лингвокәсіби бағыттауды қалыптастыру негізінде өз бетінше танымдарын дамы-
туға бағытталады. Сондықтан мәселен қазақ тілі сабақтарында пән аралық байланыстармен 
қатар ұлттық психологияға тәрбиелеуге бағытталған әр түрлі мәтіндерді жан-жақты зерттеу, 
жоспар құру, мәтін тақырыбына сәйкес ой – толғау, қорытынды шығару секілді жұмыстарды 
қоссақ, болашақ маманның тіл байлығы, ой жүйесі, пайымдауы қалыптасады.
Тілдерді үйрету өте күрделі сондықтан тілдерді оқыту – қабылдау, танымдық психология, 
психолингвистика және педагогикалық психология заңдарына негізделуі қажет.


| 75


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет