Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет72/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Ш. Л. Ерхожина
ф. ғ. к., доцент
ҚызМемПУ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ТЫҢ ІЗДЕНІСТЕР МЕН ЖАҢА БАҒЫТТАР
In this article is determined modern actual Kazakh language teaching problems to another 
nationality. It will be widely discussed own features of new education programs in teaching. PISA 
is based on standard functional literacy education; education is proved, on the study of a central-
ized approach to ensuring the transition to a service paradigm. The specifics of the new training 
program is its orientation towards the development of skills that meet modern requirements: infor-
mation collection, analysis and interpretation of the synthesis of the thought of being able to make a 
generalization, critical, thinking skills; people, natural resources and public education; personality 
values and spiritual development; learning functional skills: reading, writing, and his ability to 
clearly and accurately explained establish cause-and-effect relationship.
Қазіргі күнгі білім берудегі басты бағыттардың бірі – қазақ тілін оқытуда жаңа ізденістер 
арқылы нәтижеге тез жету. Қазақ тілінің осы мәселесі сонау Ахмет Байтұрсынов, Қошке Ке-
меңгерұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов сынды ел ардақтыларының қазақ тілінің 
тағдыры үшін күрескен, ел еркіндігін аңсаған қысталаң кезеңдерінен бастап, тәуелсіздік алып 
озық прогрестің барынша дамыған заманында да өзекті болып келеді. Кезінде А. Байтұрсынұлы-
ның, Қ. Кемеңгерұлының, Т. Шонанұлының, т. б. еңбектеріне қарап, қазақ тілін үйретудің 
және оқытудың мәселесі ерте басталғанын аңғаруға болады.
Қазірде көптеген өркениетті елдердің 80 жылдардың ішінде көше бастаған PISA стандарты 
тиімді деп саналып отыр. Ол білімнің функционалдық сауаттылығына негізделеді. Білімге 
орталықтандырылған парадигмадан қызметтікке ауысуды қамтамасыз ететін тәсілдемелерді 
зерделеуге бағытталған. Яғни, білімалушының қаншалықты білімді өз қорына жинағандығы 
емес, сол алған білімін қаншалықты біліп, істей алатындығы және алған білімін өмірде қалай 
қолдана алатындығы маңыздылыққа айналып отыр. Ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету ғана 
емес, қазақ мектептеріндегі қазақ тілінің оқытылуы жаңартылған білім мазмұнына негізделуде.
Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның заман талабына жауап беретін дағды-
ларды дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау, син-
тез жасай білу, ой қорыту, сыни, шығармашылық тұрғыда ойлау дағдыларын дамыту; адам, 
табиғат және қоғам туралы олардың білім қорларын қалыптастыру; рухани-адамгершілік 
құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: оқу, жазу, өз 
ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын, коммуникативтік, лингвистикалық құзы-
реттіліктің негізін қалыптастыруға бағытталған мақсатқа жету үшін білім беру ұйымдары 
үш тілді оқытуды жүзеге асырмақ. Білім берудегі басты мақсаттың бірі – жан -жақты дамыған 
жеке тұлға қалыптастыру болса, қазақ тілін оқытуда тыңдалым, оқылым, жазылым, айты-
лым дағдыларын дамыту арқылы қазақша еркін және сауатты сөйлеу, жазу коммуникативтік 
дағдыларын қалыптастыру болып отыр.


80 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет