Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ



Pdf көрінісі
бет86/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ
The article describes the innovative technologies and the opportunity to use them for language 
teaching.
Тілдерді оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолдануға түрткі болған ең үлкен 
фактор – Елбасының жолдауы. Атап айтқанда, Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стратегиясы алдағы жылдарда білім беру 
реформасына бірнеше бағдарламалардың іске асуын белгіледі. Олар «Қазақстан Республика-
сының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан 2030» стратегиясы, т. б. 
Әсіресе, елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт – 2020» жобасы білім беруде 
инновациялық технологиялармен қатар инновациялық ойлау стилін қалыптастыруға жол 
ашты. Бұл жобаның басты мақсаты «жаңа формациядағы қазақтандықтарды тәрбиелеу және 
Қазақстанда әлемдегі ең бір әлеуетті, бәсекеге қабілетті адами капиталға ие елге айналдыру».
Осы тұрғыдан алғанда, интеллектуалды адам ресурсы, өз мемлекеттік тілімен қатар басқа 
да тілдерді өз халқының мүддесі және мемлекетаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастық 
жолында игере және тиімді пайдалана білетін интеллекттердің мақсатын айқындай түседі. 
Бұл туралы Садықова Р. Қ.: «Интеллектуалды адам ресурсы дегеніміз – тек білім мен ғылымды 
меңгеріп қоймай оны экономика мен қоғамдық өмірде, өндірісте кеңінен қолдана алатын және 
озық технологиялардың кілтін білетін, сондай-ақ өзіндік тұжырымдар мен ұсыныстар әзірлей 
алатын парасатты адамдардың образы».
Сонымен қатар тілдерді оқыту жүйесіне енгізілетін инновациялық технологиялар ұлттық 
дәстүрге, ұлттық санаға, ұлттық қайнар көздерге, ұлттық негіздерге қайшы келмеуге тиісті. 
Мысалы, «үш тұғырлы тіл» бағдарламасы аясында үш тілді бірдей меңгерген индивид 
қалыптастыру үдерісі кезінде ана тіліміз – қазақ тілінің басым рөлін ұмытпауымыз керек. 
Мұны Х. Досмұхамедұлының: «Өз тіліңді біліп барып, өзге тілі меңгеру – сүйініш, ал тіліңді 
білмей тұрып өзге тілді білу – күйініш» деген сөзі дәлелдеп береді.
Соған сәйкес білім стандарты жасалынып, жаппай компьютерлендіру, инновациялық 
технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында 
жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «Мен» мен-
талитетін қалыптастыру, оларды өзін-өзі таныту үшін еңбектену оқытушылар қауымына 
үлкен мақсаттар жүктеді. Тілдерді оқытудың тиімді технологиялары инновациялық тәсілдерді 
қолданумен бірге тіл үйретушілердің ұлтжандылық қасиеттеріне де барып тірелетіні тәжіри-
белердің өзі көрсетіп отырған айғақ.


| 95


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет