Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет12/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Ерден Қажыбек
ф. ғ. д., профессор
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ҚАЗАҚ ТІЛІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТІЛ
The article is devoted to increasing the relevance status of the state language of the Republic of Ka-
zakhstan. In particular historical, foreign policy and domestic factors on using the Kazakh language in 
an international language context are considered. Those and other aspects discussed at greater length 
in the article reveal the necessity to make appropriate adjustments to the language policy in the field.The 
article is devoted to increasing the relevance status of the state language of the Republic of Kazakhstan. 
In particular historical, foreign policy and domestic factors on using the Kazakh language in an interna-
tional language context are considered. Those and other aspects discussed at greater length in the article 
reveal the necessity to make appropriate adjustments to the language policy in the field.
Сөзімді, бүгінгі басқосуымыздың тақырыбына тікелей байланысы бар кейбір шешуші 
мәнге ие терминдеріміздің өрескел қате аударылып (һәм іске асырылып) жүргеніне ғалымдар 
назарын аударғым келеді. Елімізде қалыптасқан келеңсіз дағдыға сәйкес, біршама маңызды 
атауларымыздың нұсқасы басында орыс тілінде даярланым, кейін ғана мемлекеттік тілімізге 
тәржімаланатыны баршаға аян іс.
Осындай терминнің бірі, орысша «триединство», қазақшасы «үштұғырлылық». Орысша-
сының мазмұны қарапайым және нақты – үш ағылшын, орыс және қазақ тілдерінінің деңгейін 
бір-біріне үзеңгілестіру, яғни бірдей ету. Әлбетте, біздің шамамыз әлемдік тілдерді одан әрі 
дамытуға, немесе, керісінше, тіліміздің деңгейіне оларды жақындатуға, төмен түсіруге – 
қолымыздан келетін шаруа емес екендігі бесенеден белгілі. Олай болса, «триединствоның» 
мақсаты біреу-ақ және анық: қазақ тілінің өресін орыс және ағылшын тілдерінің ауқыма 
жақындастыру, яғни – қазақ тілін дамыту ғана.
Ал, енді, шаш ал десе бас алатын біздің шолақ белсенділеріміздің аудармасына келсек, 
«үштұғырлылықтың» мәні – жер мен көктей, тіпті, қарама қайшы бағытта берілген: мемле-
кеттік тіліміздің есесінен әлемдік тілдерді жөнді-жөнсіз, концепттік бағдарлама-жоспарсыз 
білім берудің бүкіл сатыларына тықпалай беру. Керек болса, бұның негізгі мақсаты – қазақ 
тілінің қолданыс әлеуетін әлсірету ғана, басқа ештеңе де емес. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ 
тілі халықаралық тіл бола ала ма деген сауал туындайды.
Біріншіден, түрлі объективті және субъективті тарихи факторларға байланысты халқымыз-
дың саяси таралым картасының соңғы ғасырда күрт тарылуының салдарынан қандастарымыз 
бүгін бірталай өз атамекен жерлерінде тапжылмай отырса да, олар біздер үшін шетелдік 
саналатын болып қалды. Бұл жерде біз көршілес Орта Азия елдері мен Ресей, Қытай, Мон-
голияларды меңзеп отырмыз. Және де халқымыз бастан кешірген зұлматтардың нәтижесінде 
тарыдай бытырап Еуропа Одағы, АҚШ, басқа Азия елдеріне көшкені барын ескерсек, қазіргі 
заманда тек төл тіліміздің тұтынушыларының өзінде қазақ тілі халықаралық аренаға ие тілге 
айналғаны еш дау тудырмас шындық.
Екіншіден, қазақ тілі дара пән ретінде Түркияның жиырмадан астам ірі университет-
терінде, Кореяда, АҚШ’та, Қытайда, Иранда, Орта Азия, Еуропа Одағы мемлекеттерінде 
оқытылуда. Тіпті, атышулы Кембридж университетінің де осы бағытты мықтап қолға алуға 
ниеті бар. Яғни, жақын болашақта әлемде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін 
жақсы игерген біршама шетелдік азаматтар пайда болмақ.
Үшіншіден, ұлтымыздың ұзына тарихында, әсіресе, ерте орта ғасырлық Дешт’і Қыпшақ 
және одан кейінгі Алтын Орда, Қазақ Хандығы дәуірлерінде – бұны ғылыми әлемге проф. 


| 17
А. Құрышжан, Ә. Нәжіп, А. Гаркавец дәлелді паш еткен – қазақ тілі ұлан-байтақ кеңістікте 
ресми, ұлтаралық (мемлекетаралық мағынасында) қызметтерін ғасырлар бойы аброймен 
атқарғаны тарихи ақиқат.
Төртіншіден, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін туған тіліміздің өркені өсіп, 
өресі кеңейе түсті. Басқасын былай қойғанда, бір ғана мысал келтірсек жеткілікті болар деп 
есептейміз. Мына ресми мәліметке қараңыз, биылғы жылы орта мектептердің бірінші сы-
ныптарына қабылданған оқушылардың 89 пайызы қазақ тілінде білім беретін мектептерге 
барған. Бір ғана осы фактінің өзі қазақ тілінің қазіргі жағдайын, сол сияқты алдағы он шақты 
жылда Қазақстанның этнодемографиялық және тілдік бейнесі қандай болатынын айқын 
көрсетіп отыр.
Қорыта келе, еліміздің тілдік саясатына жоғарыда келтірілген фактілер мен дәлелдерді 
ескере келе, қажетті толықтыру және өзгертулерді енгізу қажет деп есептейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет