А. Маемерова
PhD докторы,
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
«ҚЫСАСУЛ ӘНБИЯ» ЕСКЕРТКІШІ ТІЛІНДЕГІ ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ
This article is considered the structural features of the pair words used in the language of the
monument «Kissasul enbiya» Golden Hordeperiod, on the basis of the analysis is determined by
their interrelation with the modern Kazakh.
Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын анықтау тұрғысынан ғасыр-
лар қойнауынан жазбаша сақталып келген көркем туындылардың тілін зерделеу ісі ерекше
маңыздылыққа ие. Бұл тұрғыда қыпшақ тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің тарихы үшін
Алтын Орда дәуірінде жазылған әдеби туындылар бірден-бір құнды деректер қатарында қара-
стырылады. Сол дәуірдегі көркем шығармалардың арасында Хорезмидің «Мұхаббат-намесі»,
Сафи Сарайидің «Гүлістан бит-түрки», Құтыптың «Хұсрау мен Шырыны» және Рабғузидің
«Қысасүл әнбия» атты туындылары қазіргі уақытқа дейін жетіп отыр.
Бұл мақалаға Алтын Орда дәуіріндегі лексикалық тұрғыдан ең бай және көркем үлгілерінің
бірі – «Қысасүл әнбия» ескерткішінің Лондон нұсқасы тілінде қолданылған қос сөздері арқау
етіп алынды.
1310 жылы Бұрһанеддинұлы қазы Насреддин Рабғузи тарапынан Насириддин Тоқ Бұға
бекке арналып жазылған «Қысасүл әнбия» шығармасының негізгі сюжетін пайғамбарлар
туралы аңыздар мен қиссалар құрағанымен, қиссалар арасында табиғат пен дүние құбылы-
стары жайында мифологиялық әңгімелер, ертегі мен өлеңдер де кездеседі.
ХІҮ ғасырда жазылған «Қысасүл әнбия» – Алтын Орда дәуірінің тілдік ерекшеліктерін
көрсететін құнды мұра. Аралас тілде (қыпшақ-оғыз) жазылған шығарманың әсерлі де бейнелі
болуы үшін тілдік көркемдеулер мейлінше мол қолданылған. Солардың бірі – қос сөздер.
Ескерктіш тілінде екі түрлі әдіспен де (қайталама және қосарлама) жасалған қос сөздер
анықталды. Шығарма тілінде қолданылған қайталама қос сөздер ретінде kıykım kıykım, türlüg
türlüg, pare pare сөздерін, қосарлама қос сөздерге tal yıgaç, tün kündüzi, aş suw, yılkı kara, başın
aḍakın, yüzi közi, körgen bilgen, mal tawar, altun kümüş, bayı çıgayı, erkegi tişisi, kız kırkınları,
yinçke yuwka, körklüg cemallıg мысалдарын келтіруге болады. Мысалдар арасындағы kıykım
kıykım, türlüg türlüg, başın aḍakın, körgen bilgen, altun kümüş, kız kırkın сөздері қазіргі қазақ
тілінде еш өзгеріссіз қолданылады.
Зерттеуде қос сөздердің құрылымдық ерекшеліктері сараланып, қазақ тілімен сабақта-
стығы тереңдетіле көрсетіледі.
24 |
1-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
Достарыңызбен бөлісу: |