# Шұғыл түрде кесар тілігін жасау
# Толғақ басталғанға дейін бақылау
# 24 сағат бойы бақылау
# Жоспарлы Кесар тілігін жасау
&&& Қайта босанушы 26 жаста, жүктіліктің 39 аптасы, мерзімінде босану әрекеті басталғаннан 3 сағаттан кейін келіп түсті. Қағанақ қабы бүтін. Тексеру кезінде аяқ ісіктері анықталды, АҚҚ 145:90 мм сынап бағанасымен. Іш көлемі – 96 см, жатыр түбінің биіктігі – 38 см. Ұрық тігінен, кіші жамбас кіреберісіне орналасқан. Сыртқы акушерлік зерттеуде кіндік аймағында жергілікті аурысыну анықталады. Жатыр тонусы жоғары, тығыз, ұрықтың жүрек қағысы нашар естіледі. Жыныс жолдарында қанды бөліністер. Акушерканың іс-әрекеті қандай:
# Шұғыл түрде кесар тілігін жасау
# Босануды күшейтуді бастау
# Аминотомия өткізу
# Әйел мен нәрестенің жағдайын мониторлау
&&& Босану үйіне 22 жастағы Ф.түсті, жүктілік мерзімі 38 – 39 апта. Бойы 150 см, салмағы – 58 кг. Жамбас өлшемдері: 22-24-26-16,5 см, іш айналымы – 103см, жатыр түбі биіктігі – 40см. Ұрық тігінен орналасқан, басымен келіп тұр, жүрек соғуы анық, ырғақты 140 рет:мин. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны жетілген, ұрық басымен келіп тұр, кіші жамбасқа кіреберісте қозғалмалы. Болжамды диагнозды көрсетіңіз.
# Жүктілік 38-39 апта, жалпы бірқалыпты тарылған жамбас ІІ дәреже, ірі ұрық
# Жүктілік 38-39 апта, жалпы бірқалыпты тарылған жамбас І дәреже
# Жүктілік 38-39 апта, жай жалпақ жамбас
# Жүктілік 38-39 апта, жалпы бірқалыпты тарылған жамбас І дәреже, қағанақ суының көп болуы
&&& Жедел жәрдеммен қабылдау бөліміне ТІШҚҰ (ДВС) синдром күдігімен жүкті әйел жеткізілді ТІШҚҰ (ДВС) синдромын дәлелдеуге қандай диагностика қолданылады?
# Тромбациттер мен қанның ұю уақытын, фибриноген және протромбин индексін анықтау
# Зимницкий, Нечипоренко және тәуліктік диурез арқылы, протромбин индексін
# Қанның жалпы анализ арқылы, зәрдің жалпы анализі арқылы, фибриногенді анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |