# Тамақтандыруды жалғастыру, су беру
# Тамақ көлемін азайту
# 6 сағаттық су мен шәйға үзіліс жасау
# Сұйықтықты азайту
&&& Бала қатты айқайлайды, тәулігіне 18 сағатқа жуық ұйықтайды, егер оны аударса балада туа пайда болған шартсыз рефлекстер байқалады: еңбектеу, автоматты түрде жүру, ұстау, Мор, Галант, Переса. Бала жасын анықтаңыз:
# Жаңа туған
# 3 ай
# 4 ай
# 2 ай
&&& Науқас 60 жаста, кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігімен асқынған ЖИА жөнімен ауруханаға емделуге жатты. Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкейгеніне, жүрек қағуына, әлсіздікке, тыныштық кезде болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Ентікпесі көлденең жатқанда күшейе түседі, соның себебінен нашар ұйықтайды. Осы мәселе кезінде қандай біріншілікті іс-шара мейірбикелік күтіп-қарау жоспарына кіреді?
# Науқасқа ыңғайлы отыру қалпын жасау
# Науқастың отбасына кеңес беру
# Реанимациялық іс-шара өткізу
# Асқынулардың алдын-алуды қамтамасыз ету
&&& Жастың ұлғаюына байланысты катарактаны емдеудің маңызды әдісі болып табылады:
# Хирургиялық
# Консервативті
# Емді қажет етпейді
# Сәулелі ем
&&& Созылмалы ауруларға тән жеке бір адамның ауру белгілерін, емін, физикалық және психологиялық салдары және өмір салтын өзгерту мүмкіндігі – бұл
# Өзін – өзі басқару
# Диспансеризация
# Санаторлы ем
# Стационарлы ем
&&& 17 жасар колледж студенті К. Аязды және желді ауа райында коньки тепкен. Көмекке 10 сағаттан кейін жүгінді. Екі бетінің, қолдарының ауырсынып, күйдіру сезіміне шағымданады. Қарау барысында бет және қол терісі тығыз, ісінген, қызарған. Құлақ қалқандарында ашық толтырылған көпіршіктер бар. Көмек көрсетудің тактикасы:
# Спиртпен өңдеп стерильді таңғыш салу
# Көпіршіктерді ашып, Вишнесвкий жақпамайымен таңғыш салу
Достарыңызбен бөлісу: |