59. Химиялық қару деген не? Химиялық қару – Ұрыстық қолданылуы құралдармен бірліктегі улағыш заттар . УЗ – өздерінің физика – химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде , адамдарды,өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып – жоюға қолданылуы мүмкін уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы. Оларды жеткізу құралдары – снарядтар,бомбалар, ракеталар.1954 жылы химиялық қаруды қолдануға тыйым салынды.Бірақ АҚШ оны Вьетнамда қолдануды жалғастыра берді.Мысалы,қызғылт – сары газ құрамында диокайн бар, бұл – газ өсімдіктерді жою үшін,яғни дефолиант түрінде ойлап шығарылды.Бірақ оның кейін адам ағзасыда үлкен өзгерістер туғызатыны анықталды.Мысалы, Вьетнамдағы соғысқа қатысқан АҚШ – тың 200 мың солдатының 14%балалары неше түрлі кемтарлықпен дүниеге келсе , ал Вьетнамның жергілікті халқында шаш,тырнақ, тістің тым ерте түсуі, қартаю байқалады. Қатерлі ісік, психоз, қан ауруымен ауыратын адамдар саны едәуір көбейді.Бұрын АҚШ химиялық қаруға тактикалық қару ретінде қараса, ал қазір стратегиялық қару ретінде қарайды.Химиялық қару барлық тіршілік йелеріне әсер етеді,ал материалдық құндылықтар сау қалады,оның көмегімен адамдарды қырып-жоюға немесе қатардан шығаруға болады. Қарудың бұл түрі басқаларға қарағанда арзан дайындалады. Мысалы,улағыш заттар тактикалық қолданылуына байланысты өлім қатерін уғызатындар: зарин,зоман,В-газдар,иприт;қатардан уақытша шығаратын : ипкапостанттар (дене жағдайына әсер етеді),кереңдік, соқырлық , анафилактикалық шок; Тітіркендіргіш әрекеттік: аданет,хлориникрит болып бөлінеді.
Химиялық қаруды қолдану мақсаттары:
1.Уақытша қатардан шығару
2.Жою
3.Адамдарды тірі роботқа айналдыру
4.Өндірістік процестерді тоқтату үшін пайдалану.
60. Уландырғыш заттардың ағзаға ісер етуіне байланысты топтарға жіктелуі. Олардан қор,ану шаралары. Улағыш заттарды жіктеу
1. Жүйке жансыздандыратын: Зарин, зоман,В-газдары,ВХ
2. Тері іріңдікнемесе резорбтивтік әректті; Иприт ,күкіртті және азотты люиприт,
3.Тұншықтырғыш әрекетті: Фосген,дифосген.
4.Жалпы улағыш әрекетті. СО,хлорциан,синил қышқылы,лизерген қышқылы.
5.Уақытша қатардан шығару:психологиялық және инккапостанттар(кереңдік,соқырлық,шок):Маскалин
6.Тітіркендіргіш әрекетті: хлорпекрин,хлорацетофенон.
Химиялық ошақ дегеніміз – улағыш зөаттар әсеріне ұшыраған әр түрлі құрылыстар, азық – түлік және шикізат қорлары , су көздері , өсімдіктер мен жануарлар әлемі,тұрғын халқы бар аумақ,оның әсерінен адамдардың, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің зақымдануы туындауы мүмкін. Химиялық ошақтағы шығын бірнеше пайыздан 90 пайызға дейін болады.Бұл улағыш заттың қолдану тәсілі мен түріне ,халықтың орналасу тығыздығына ,химиялық оқ-дәрі тығыздығы,ауа райы, географиялық жағдайларға, халықтың қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуімен және оны қолдану білігі ,шабуылдың кенеттен басталу факторына байланысты.УЗ таза түрде ,бейтарап заттармен қосылып және радиоактивті қалдық заттармен бірге қолданылуы мүмкін.УЗ – дың агрегаттық күйі – сұйық ,аэрозольды,бу түрінде,газ түрінде,сондай ақ құрғақ қалдық зат түрінде болуы мүмкін. УЗ адам ағзасына :
1.тыныс алу органдары арқылы бу ,азрозоль, газ түрінде ;
2.тері мен шырышты қабық арқылы – тамшы – сұйық күйде;
3.асқазан – ішек жолдары арқылы- тамшы – сұйық күйде ;
4.жара беті арқылы – аэрозоль, тамшы – сұйық күйдеәсер етуі мүмкін
Күшүті әсер ететін улы заттардан түзілген ошақтар сипаттамасы
Бірқатар шаруашылық обьектілерінде күшті әсер ететін улы заттарды өндіру, пайдалану, сақтау және тасу жүзеге асырылады.Бұл – химиялық мұнай өңдеу мекемелері және соларға еншілес басқа да салалар, сондай ақ тоңазытқыш қондырғылары, су құбырлары және тазарту құрылыстары бар , хлро, және т.б. пайдаланатын кәсіпорындар.Қарсыластың осындай обьектіге жасаған ядролық немесе қарапайым соққылары нәтижесінде табиғат апаттары немесе өндірістегі апаттар кезінде күшті әсер ететін улы заттардың төгілуі және онымен жергілікті жердің улануы, зақымдану мүмкін. КӘУЗ – бұл белгілі бір мөлшерде адамдарға , жануарлар мен өсімдіктер әлеміне зақымдағыштық әсер ете алатын химиялық құрамалар.6 млн-нан астам химиялық құрамалар белгілі,оның ішінен бірнеше жүздеген КӘУЗ бізді қоршап тұр.
61. Бактериологиялық қару дегенді қалай түсінесіз, олардың зақымдағыш факторлары қандай?
Батериологиялық (биологиялық) қару дегеніміз – бұл арнайы жеткізу амалдары бар оқ-дәрілер және әскери құралдар, олар бактериалық (биологиялық) заттармен толтырылған. Бактериалық құралдар адамдарды зақымдауға бағытталған: бактериалық ауруларды туғызғыштар (чума, туляремия, бруцеллез, сибир язвасы, холера); вирустық ауруларды туғызғыштар (шынайы оспа, сары ауру, жылқылардың венесуэллалық энцефаломелиті); риккетсиозды туғызғыштар (сыпь, дақты ауру); грибокты ауруларды туғызғыштар (кокцидиодомикоз, покардиоз, гистоплазмоз); жануарларда зақымдауға бағытталған: ящур тудырушылар, ірі мүйізді жануарлар арасында оба тудырушы, шошқалар обасын, сібір язвасын, шошқалардың африкалық ауруын туғызғыштар және басқа да көптеген аурулар туғызатын бактериалар колданылуы мүмкін, сонымен қатар бактериологиялық қару өсімдіктерді зақымдауға да қолданылады. Бактериологиялық зақымдау ошағындағы биологиялық кұралдарының тікелей әсеріне тап болған халық, жануарлар, су қоймалары, өсімдіктері, кұрылыстары мен басқа да объектілері бар аумақ болып табылады. Егер закымдану ошағын залалсыздандырмаса, онда зақымданған адамдар мен жануарлар арқылы ауру одан тыс аймаққа да тарап кетеді. Бактериологиялық қарудың негізігі зақымдаушы факторларын ауру туғызғыш микроорганизмдер құрайды, олар: бактериалар, вирустар, грибоктар және бактериалақ улар (токсиндер). Бактериологиялық құралдар биологиялық репцептурамен қолданылады – бактериологиялық агенттің сақталуы мен пайдаланылуына ыңғайлы шарттармен қамтамасыз ететін арнайы препараттар мен биологиялық агент қоспалары. Бактериологиялық қарудың қолданылу амалдары:
-аэрозольді тәсіл-жер бетіндегі ауаны улау үшін аэрозоль арқылы бактериологиялық рецептураларды тарату;
-трансмиссиялық тәсіл-арнайы уландырылған қан сорғыштарды тарату-кенелер, биттер, масалар және т.б.;
-диверсиялық тәсіл-мақсатты түрде жабық ғимараттардағы ауаны, суды және таңдалған сауда аймағын зақымдау.
Улағыш заттарды қолдану тәсілдері: аэрозольді, трансмиссивті, деворсионды. Метеорологиялық факторлар, халықтың қоныс аударуы, кеміргіштер, жәндіктер және басқа да жұқпа тасығыштардың таралуы салдарынан УЗ-дың жайылу жолдары күрт өзгеруі және жаңа аумақтарды басып алуы мүмкін. Зақым ошағының тұрақтылығы бактериологиялық құралдарды қолданудың биологиялық қасиеттеріне, жыл мезгіліне, метеорологиялық факторларға байланысты болып келеді. Ошақ аумағы бактериологиялық рецептура, қолдану көлемі мен тәсілдері, анықтау жылдамдығы, алдын алу, емдеу, дезинфекцияны уақтылы дер кезінде жүргізуге байланысты
62. Бактериологиялық қарудың тиімділігі неге байланысты, олардан қорғану жолдары?
Бактериологиялық қару жоғарғы әскери тиімділікке ие, себебі ол аз мөлшердегі күш пен амалдарды жұмсай отырып көлемі үлкен аймақтарды зақымдау мүмкіндігіне ие. Ол организмге өте аз мөлшерде түссе де, қауіпті ауру туғыза алады. Кейбір ауру туғызғыштар арқасында пайда болған инфекциялық аурулар белгілі жағдайларда бір денеден екінші денеге ауысып, көп адамдардың зақымдануын туғызады, яғни жаппай зақымдануға душар еткізеді. Бактериологиялық шабуылдың салдарын дер кезінде жою үшін ең алдымен зақымдаушы құрал түрін анықтауымыз керек. Бактериологиялық қару соғыс кезінде тыйым салынған құрал.
Қарсыластардың бактериологиялық қаруды қолданғанын сезсеңіз бәрден противогаз киіп алуыңыз керек (респиратор, шаңға қарсы матадан жасалған немесе мақтадан жасалған повязкалар), сонымен қатар, мүмкіндігінше, теріні қорғайтын заттарды да пайдаланған жөн және бірден медициналық орталыққа хабарласу керек. Содан кейін, жағдайға байланысты қорғаныс ғимараттарына тығылуға болады (радиацияға қарсы немесе қарапайым паханалар). Жеке қорғаныс құралдарын, қроғаушы панаханаларды заманға сай және дұрыс пайдалану тыныс органдарына, тері қабатына және киімге бактериологиялық заттардың түсуінен сақтайды. Бактериологиялық қарудан сәтті қорғану, сонымен қатар аймақтың жұқпалы ауруларға иммундық төтеп беруіне және токсиндердің әсер ету күшіне байланысты. Адамдардың жұқпалы ауруларды қабылдамауының себебі, ең алдымен, спортпен айналысу арқылы организмді қатайту, төзімділікке икемдеу. Ауруға төтеп берушілік сонымен қатар профилактика арқылы да жүзеге асады, яғни вакцинация жасау. Бакериологиялық қарумен зақымдану кезінде АИ-2 қобдишасындағы бактериаға қарсы № 1 затты пайдалану керек. Бакериологиялық қарудан жоғарғы дірежеде қорғану үшін эпидемияға қарсы және санитарлы-гигиеналық шаралар жүргізу маңызды.
63. Бактериологиялық қаруды қолдану әдістері. Қарсыластардың бактериологиялық қаруды қолданғанын қандай белгілерден байқауға болады?
Бактериологиялық қарудың қолданылу тәсілдері:
-авиациялық бомбалар;
-артиллериялық миналар мен снарядтар;
-самолеттен тасталатын пакеттер (мешок, каробка, контейнерлер);
-трансмиссиялық тәсіл-арнайы уландырылған қан сорғыштарды тарату-кенелер, биттер, масалар және т.б.;
-самолеттен жәндіктерді тастайтын арнай аппараттар;
-аэрозольді тәсіл-жер бетіндегі ауаны улау үшін аэрозоль арқылы бактериологиялық рецептураларды тарату;
-диверсиялық тәсіл-мақсатты түрде жабық ғимараттардағы ауаны, суды және таңдалған сауда аймағын зақымдау.
Кей жағдайда инфекциялық ауруларды тарату мақсатында қарсылас обиходта қолданылған, уланған заттарды қалдырып кетуі мүмкін: киім, тамақ, папиростар және т.б.. Бұл жағдайда ауруға ұшырау уланған затпен тікелей әрекеттескенде пайда болады.
Ауру таратудың мынандай түрі де мүмкін, белгілі бір аймақты немесе әскерді инфекциялық ауруға шалдықтыру мақсатында қарсыластар ауру адамда арнайы тастап кетуі мүмкін.
Қарсыластың бактериологиялық қаруды қолдануының белгілеріне жатады:
-басқа жарылыстарға ұқсамайтын, қатты дауысты авиациялық бомбалардың, ракеталардың, снарядтар мен миналардың жарылуы және жарылыс үстінде бұлттың, туманның немесе түтіннің пайда болыу;
-қарсылас самолетінің артынан тез жоғалғыш туманның немесе түтіннің пайда болуы;
-жарылыс орнында, айналасында күлгіндеу сұйықтықтың немесе порошок тірізді заттың
пайда болуы, оқ-дәрінің жарықшақтары;
-жарылыс орнында аэрозольді жасау үшін қолданылатын өзгеше поршенді бомбалар мен ракеталардың болуы;
-бомба немесе контейнер түскен аймаққа тән емес жәндіктердің жинақталуы және кеміргіштердің өліктерінің болуы;
Қарсыластың бакериологиялық қаруды қолдану шарттырнда инфекциялық аурулар бакериологиялық шабуылдың болғанын анықтағанға дейін-ақ пайда болады
64. Бактериологиялық қару ретінде қолданылатын аса қауіпті жұқпалы аурулар.
Батериологиялық (биологиялық) қару дегеніміз – бұл арнайы жеткізу амалдары бар оқ-дәрілер және әскери құралдар, олар бактериалық (биологиялық) заттармен толтырылған. Бактериалық құралдар адамдарды зақымдауға бағытталған:
-бактериалық ауруларды туғызғыштар (чума, туляремия, бруцеллез, сибир язвасы, холера);
-вирустық ауруларды туғызғыштар (шынайы оспа, сары ауру, жылқылардың венесуэллалық энцефаломелиті);
- риккетсиозды туғызғыштар (сыпь, дақты ауру); грибокты ауруларды туғызғыштар (кокцидиодомикоз, покардиоз, гистоплазмоз);
жануарларда зақымдауға бағытталған:
-ящур тудырушылар, ірі мүйізді жануарлар арасында оба тудырушы, шошқалар обасын, сібір язвасын, шошқалардың африкалық ауруын туғызғыштар және басқа да көптеген аурулар туғызатын бактериалар колданылуы мүмкін, сонымен қатар бактериологиялық қару өсімдіктерді зақымдауға да қолданылады. Бактериологиялық зақымдау ошағындағы биологиялық кұралдарының тікелей әсеріне тап болған халық, жануарлар, су қоймалары, өсімдіктері, кұрылыстары мен басқа да объектілері бар аумақ болып табылады. Егер закымдану ошағын залалсыздандырмаса, онда зақымданған адамдар мен жануарлар арқылы ауру одан тыс аймаққа да тарап кетеді.
65. Азық-түліктерді, суды радиоактивті, улағыш және бактериологиялық заттардан қорғау жолдары. Зақым ошағының тұрақтылығы бактериологиялық құралдарды қолданудың биологиялық қасиеттеріне, жыл мезгіліне, метеорологиялық факторларға байланысты болып келеді. Ошақ аумағы бактериологиялық рецептура, қолдану көлемі мен тәсілдері, анықтау жылдамдығы, алдын алу, емдеу, дезинфекцияны уақтылы дер кезінде жүргізуге байланысты. Жалпы бактериологиялық улағыш заттар-патогенді немесе басқа микроорганизмдердің және олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдар жиынтығы. Бұл бактериологиялық заттар қауіптлігі аса жоғары. Ең маңыздысы- приборлар жоқтығынан іздер табу қиындығы. Ал олардың әсерінм анықтау үшін сол қару қолданылған жерден, азық түліктен, судан заттар алып , арнайы жабдықталған зертханада талдау жасалып, қана анықтауға болады. Оған қте көп уақыт қажет.
Азық-түлікті, суды, мүлікті және басқа да материалды құнды заттарды радиоактивті, улағыш және бактериологиялыз заттардан қорғау үшін тардың түрлері және упаковкалар (металдан жасалған, пластмасс, ағаш және синтетикалық пленкалар, картондар), тасымалдау үшін жабық фургондар, сақтауға арналған инжинерлік құрылыстар және т.б. пайдаланылады. Бұл жағдайда ерекше назар тауарларды, суды және алғашқы көмек көрсетуге арналған медициналық заттарды қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.
66. Радиоактивті, улағыш және бактериологиялық заттардан алдын ала қорғану шаралары.
Бактериологиялық қарудың қаупі тұрғылықты аймақты және әскерді қорғау мақсатында нәтижелі әс-шараларды ұйымдастыруды талап етеді. Қорғау шараларына төмендегілер жатады: эпидемияға қарсы жүйелер, санитарлық-гигиеналық және емдеу іс-шаралары, тұрғылықты аймақ пен әскер құрамын инфекциялық зақымданудан қорғану шараларымен таныстыру (прививка, жедел профилактика, маскалар), аймақты арнайы жабдықталған панаханалармен қамтамасыз ету, өндірісті қорғау, суды, өсімдіктерді, жануарларды. Бактериологиялық зақымданудан қорғаудың басты амалдарының бірі жеке қорғаныс құралдары, бұлар адамдардың радиациялық қауіптің, улағыш заттарының әсерінен тыныс алу органдарын қорғайтын заттар (противагаздар, респираторлар, шаңға қарсы марлілер және мақталы повязкалар) және теріні зақымданудан қорғайтын заттар (қорғау киімдері және обмундирование, чулкилар мен перчаткалар, химияға қарсы жке пакет). Басты жарықшақтардан және басқа заттардан қорғау үшін арнайы баскимдер қолданылады (каскалар, шлемдар), кеудені қорғау үшін бронды күртешелер, ал көзді сәулеленуден қорғау үшін – арнайы қорғау көзілдіріктері қолданылады. Жеке қорғаныс құралдарына сонымен қатар, ішетін суды жеке зарасыздандыру, радиопроекторлар, сонымен қатар антибиотиктар жатады.
67. Жыныс жолымен берілетін қауіпті ауруларды атаңыздар, олардығ т.б. жұғу жолдарына мысал келтіріңіздер. Жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі. Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді.
2.Соз(гонорея)- жыныстық жолмен берілетін, жыныстық контакті арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және ауру тудыратын микроорганизм-гонооккың болуымен сипатталады. Гонореяның еркектер мен әйелдерде біршама айырмашылықтары бар.
Еркек Гонореясы. Еркектерде ол тек жыныс жолымен ғана жұғады. Жаңа гонорея (2 ай ауру кезінде) және созылмалы гонорея (2 айдан жоғары) деп бөлінеді. Аурудың байқалуы 3-тен 5-ке дейінгі күн аралығында пайда болады (кейде 1 күннен- 2-3 апта аралығында болады). Несепағардың алдыңғы бөлігінде алдымен күю сезімі мен қышуы, сосын кілегейлі бөліністер байқалады(жыныс мүшесінің басы). 3-4 күннен кейін ауру құбылыстары қатты көрінеді. Несепағар өзегінің сыртқы тесігінде қызару мен ісіну пайда болып, ол тығыздалып және аурулы болады. Ірің бөлінеді:лайланады,сары түсті және көп бөлінеді. Несепшығаруда ауру пайда болады. Жалпы ағза азап шегеді және әлсіздік, қозғыштық пайда болады. Содан басқа бұл қолайсыз жұқтырылған факт жүйкені тоздырып, психо- эмоционалды стрессті қалыптастырады. Егер бұл жағдайда медицианалық көмекке назар аудармаса, онда қуықта инфекция тереңіне таралады. Жыныстық мүшелерінің құрлысының әртүрлі болуына байланысты еркектер мен әйелдер гонореясының ағымы да әр түрлі. Несепағар өзегінің зақымдануы әйелдерде еркектердікі сияқты өтеді. Әйелдерде инфекцияның тез терең енуі,несепағар өзегінің қысқалығымен байланысты. Жедел сатысында несепағар өзегі ауырады,кілегей, кейіннен ірің бөлінеді, қызаруы және несепағар өзегінің сыртқы тесігінде ісіну пайда болады. Гонорея қынап пен жатырдың мойнына зақым келтіруі мүмкін. Олардың кілегей қабығы жұмсарып, іріңдеп кетеді. Іштің төменгі бөлімінде ауру сезімі байқалады. Гонореяда иммунитет болмайды, сондықтан тез қайтарылып жұғу пайда болуы мүмкін. Гонорея жедел сатысында ғана адамға жұғады, бірақ ол созылмалы кезінде де жұғуы мүмкін.
Мерез(сифилис)- жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. Сифилисті микроорганизм – бозарған спирохета тудырады.
Жұқтыру көзі – кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис белгілері бар ауру адам. Егер сифилис өз уақытында емделмесе, онда ол өмір бойына созылуы мүмкін. Ауру 4 кезеңге бөлінеді:
1.Инкубациялық кезеңде белгісі болмайды. Бұл 20-40 күнге созылып және жыныс мүшелерінің кілегей қабығында қатты шанкрдың болуымен сипатталады.
2.Сифилистің біріншілік кезеңі. Бұл 6-7 аптаға созылады, қатты шанкрдың шығуынан бастап, дененің барлық жері бөрткенге дейін. Қатты шанкр- инфекцияның енген жерінде пайда болған кішірек жара.
3.Сифилистің екіншілік кезеңі. Бұл 3-4 жылға созылуы мүмкін. Дененің бар жерінің бөртуімен басталады. Бөртпесі кіші көлемді қызғылт дақ тәрізді болады.Аурулардың бәрі инфекцияның көзі ретінде қауіпті.
4.Сифилистің үшінші кезеңі. Бұл ішкі мүшелердің қатты бұзылуымен белгіленеді. Бұл жұққаннан кейінгі 3-4 жылдан кейін емделмесе, ұзаққа созылатын және өлімнің себебі болатын кезең.
СПИД-тің байқалу әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оның анықталуы ерекше жауапкершілікті керек етеді. ВИЧ-пен (АИТС) зақымдалу үшін қауіпті топтар мыналар:
1. Жыныс серіктерін жиі ауыстыратын еркектер.
2. Еркектер мен гомосексуальисті еркектердің қатынаста болуы.
3. Нашақорлардың топ ішінде вена арқылы қолданылуы.
4. Жыныстық серіктері көп әйелдер немесе жезөкшелікпен айналысатындар.
5. СПИД тараған жергілікті тұрғындармен жыныстық байланыста болатын адамдар.
6. СПИД-қа қарсы зерттелмеген донорлардан көп қан құйылған гемофилиямен ауысатындар.
7. ВИЧ-ті жұқтырған немесе СПИД-пен ауыратындармен жыныстық қатынастағы адамдар.
8. ВИЧ немесе СПИД-пен ауыратын анадан туған балалар. Сондай-ақ мынадай адамдарға көңіл аудару керек:
1. Ешқандай себепсіз температурасының ұзақ көтерілуі.
2. Лимфатикалық түйіндердің үлкеюі.
3. Жиі тұмау, бронхит және өкпе қабыну ауруларымен ауыратындар.
4. Теріде түйінді өсінділер, терінің қалыңдауы.
Қандай жағдайда да қатерлі топтардағы адамдарды ВИЧ- инфекциясының бар-жоғын және келісім арқылы анонимді тексеру керек. Осы уақытқа дейін СПИД-пен ВИЧ-қа қарсы дәрілер де, егуде жоқ. Барлық қолайлы құралдарды және әдістерді қолдану арқылы оның жұқпауына өзіңіз жағдай жасаңыз.
68. Жыныс жолымен берілетін аурулардан қорғану жолдары.
Жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі. Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді. Жыныстық қатынастағы аурулар сақтану ережелері мынадай:
1.Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану.
2.Презервативтерді қолдану.
3.Жыныс мүшелердің гигиенасын сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуу.
4.Бір жағдайларда жыныс жолмен жұғатын аурулар байқалса, бірден анонимді профилактикалық пунктке бару керек.
5.Сыртқы және ішкі киімдердің гигиенасын сақтау.
6.Ешқашан басқаның жөкесін, сүлгісін, ішкі киімін қолдануға болмайды.
69. ВИЧ-инфекциясын қалай жұқтыруға болады?
ВИЧ дегеніміз не?
Ал, жалпы, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (ВИЧ) жөнінде әркім біле жүргені абзал.
ВИЧ– адам үшін ең қауіпті вирустардың бірі. Вирус ағзаның әртүрлі инфекциялардан қорғану қабілетін жойып, қорғаныс жүйесін зақымдайды. Қалыпты жағдайда білінбейтін аурулар ВИЧ жұққан адамда өте ауыр түрде өтеді. Қорғаныс жүйесі әбден жүдеген адам ағзасын қайталанатын немесе бір-біріне қабатталған ауыр аурулардан қорғану қасиетінен айыратын ВИЧ-инфекциясының ең ақырғы кезеңі – жұқтырылған иммунитет тапшылығы (ВИЧ) болып табылады.
Ол қалай жұғады?
ВИЧ есірткіні, тамыр арқылы егетін жалпы инелерді қолданғанда, донорлық қан құйғанда, залалсыздандырылмаған медициналық, маникюр, татуаж, ұстара құрылғыларын пайдаланғанда қан арқылы жұғады. Жыныстық қатынас кезінде ауру адамнан қынаптық бөлінділер және шәуіт арқылы беріледі. Қауіптен қорғанудың жолы – бейберекет жыныстық қатынасқа бармау, мүшеқапты үнемі және дұрыс пайдалану. ВИЧ жұқтырған анадан вирус балаға жүктілік кезінде, босанған немесе емшекпен емізген кезде берілуі мүмкін. Жақындасқанда, қол алысқанда, сүйіскенде, ортақ төсек-орын және бір ас ыдысын пайдаланғанда, жөтелгенде немесе түшкіргенде, қансорғыш жәндіктер шаққанда ВИЧ инфекциясы берілмейді. Жалпы, ВИЧ және СПИД туралы әркімнің де біле жүргені абзал.
70. ВИЧ-инфекциясының адамға жұқпайтын жолдары
ВИЧ қандай жағдайларда жұқпайды ?
ВИЧ – ауамен тыныс алғанда, тамақпен, сумен, бассейінде суда шомылғанда, қол берісіп амандасқанда, құрғақ сүйісуде, түшкіргенде және жөтелгенде, ыдыс арқылы, төсеніш, киім және аяқ киім арқылы, моншаға түсіп жуынғанда, жалпы дәретханадан, шыбын-шіркейлердің тістегенінен - жұқпайды.
ВИЧ жұққан адамдарды қауымнан аластауға ешқандай негіз жоқ. Керісінше ондай адамдар сенің көмегіңді қажет етеді, сондықтан қауым ортасында көмек көрсетіп жүру керек.
ВИЧ жұқтырудың алдын алу үшін қандай шаралар қолдануға болады ?
ВИЧ жұқтырмау үшін қауіпсіз міне-құлықты сақтау керек:
-
Нашаны қолданба; немесе оны қантамыр ішіне салма.
-
Некеге тұрғанға дейін жыныстық қатынасқа түспе.
-
Өзіңнің жыныстық қатынастағы көңілдесіңе сенімді бол.
-
Өзіңнің сексуалдық қатынасыңды қауіпсіз жаса, ол үшін презервативті қолдан.
-
Өзіңнің шырышты қабатыңа немесе теріңе басқа адамның қаны, спермасы немесе қынап сұйықтығы тамып кетуден немесе жұғып қалудан сақтан.
71. ВИЧ-инфекциясын жұқтыратын сұйықтықтарды атаңыз
ВИЧ (АИЖВ) қандай жолдармен адамның денесіне кіреді ?
ВИЧ адамның денесіне ВИЧ-пен ауырған адамның қолданған шприцті қайнатпай қолданғанда, шприцтегі инеде қалып қалған қанның қалдығынан жұқтырып алады. Денені кесетін құралдардан: лезвиядан, ұстарадан, пышақтан, қайшыдан, татуировка жасайтын инелерден де жұқтыруға болады. Иненің ұшындағы немесе иненің ішіндегі қанның қалдығы жәй көзге көрінбейді, сондықтан инені таза екен деп қолдана салуға болмайды. Нашақорлар инемен денесіне наша дәрісін салғанда ВИЧ ауруын жұқтырып алу әбден мүмкін. Нашаның ерітіндісі бір флаконда болып, әр адам жеке-жеке шприцпен нашаны сорып алғанда да, флаконның ішіне кірген иненің ұшындағы қалып қалған қандағы вирустан бір-біріне жұқтырып алуға болады. Сондықтан бір флаконнан бірнеше адам нашаны шприцпен сорып алуы да қауіпті. ВИЧ басқа бір жұғатын жолы – ол жыныстық қатынас арқылы.
Адамның денесінде иммундық жетіспеушіліктік вирусы бар анадан балаға аяғы ауыр кезде құрсақтағы баласына, туған кезде және емшек сүтімен де жұғады. Жыныс мүшелері арқылы жұғатын мерез, соз, урогенитальдық хламдиоз (зар бөлу және жыныс мүшелерінде ғана болатын инфекция), трихомоноз, гарднереллоз ж.б аурулары бар адамның ВИЧ ауырып қалуы әбден мүмкін, себебі ол оны жұқтырмайтын әрекет жасамайды. Егерде сенің сексуалдық көңілдесің қантамыр ішіне наша салып жүрген болса сенің ВИЧ ауырып қалуыңның мүмкіндігі өте жоғары. Себебі сенің көңілдесіңнің бұрында басқа адаммен жыныстық қатынаста болғанын сен білмейсің және егерде ол, қантамыр ішіне наша дәрісін салып жүрген болса оған ешқандай сенім жоқ. Сондықтан сен ылғида ауру жұқтырып алмайтын жақтарын ойлап жүруің керек, немесе өзіңнің көңілдесіңмен ақылдасып, ауырып қалмаудың шараларын қолдануларың керек.
Достарыңызбен бөлісу: |