Техникалық және кәсіптік білім беру бөлігінде заңнамалық түзетулер
5-бап білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
6) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейін алып тастау) әзірлейді және бекітеді
5 бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
13) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышын бекітеді
5 бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
15-2) Сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үшін оқыту мерзімдері мен білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін әзірлейді және бекітеді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекітеді
7 бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету
2. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін, білім беру мониторингінің деректерін, статистикалық байқауларды және білім беру саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары өз қызметін жүзеге асыру процесінде алған өзге де деректерді қамтиды
11-бап білім беру жүйесінің міндеттері
Кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне жылдам бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану.
14 бап. Білім беру бағдарламалары
Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын, жалпы білім беретін пәндер циклінің оқу жұмыс бағдарламаларын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді
17 бап. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын игеру мерзімі техникалық және кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен айқындалады.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылған
20 бап. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын игеру мерзімі орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен айқындалады. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылған
33 бап. Орта білімнен кейінгі білім беру
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
43 бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті
3. Білім беру ұйымдарының құзыретіне мынадай функциялар жатады:
2-3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, кәсіптік стандарттарға және (немесе) жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту
ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 "Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы
Осы бұйрықта "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі" 2-тарауының 10-тармағында
"Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын ТжКБ ұйымдары келесілер негізінде әзірленеді:
- ҚР Еңбек кодексінің 117-бабына сәйкес әзірленген кәсіптік стандарттар (болған жағдайда).
- "Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген ТжКБ мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бір мамандық шеңберінде ұқсас біліктіліктер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары болмаған кезде).
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен бекітілген ТжКБ мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының тізбесі.
"Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығының 2-тарауының 19-тармағында тағы бір құжатқа сілтеме бар:
оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады деп айтылады
Дәл осы ережелерде академиялық еркіндіктің анықтамасы ашылды:
Достарыңызбен бөлісу: |