Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы



бет45/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

Жұмыс оқу бағдарламасы курстар (семестрлер) бойынша бөле отырып, модульді зерделеудің барлық кезеңіне жасалады. Бұл ретте ТжКБ ұйымдарының академиялық дербестігін ескере отырып, кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген ТжКБ мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын пайдалану ұсынылады. Жұмыс оқу бағдарламасын оқу орнының басшысы бекітеді.

1. Негізгі тапсырмалары мен міндеттері


Оқу жұмыс бағдарламасының негізгі міндеттері:

  • оқыту нәтижелеріне қол жеткізу үшін модуль бойынша оқыту мазмұнын ашу;

  • оқу уақытын оқыту нәтижелері бойынша (сағат/кредит), сабақ түрлері мен семестрлер (сағат) бойынша бөлу;

  • әрбір бағалау критерийі бойынша бағалау тапсырмаларын анықтау;

  • сабақтарды тиімді өткізу үшін қажетті оқу құралдары мен оқу-әдістемелік материалдарды анықтау.

Оқу жұмыс бағдарламасы келесі функцияларды орындайды:

  • нормативтік ереже (толық көлемде орындау үшін міндетті);

  • мақсат қою (сол немесе басқа білім беру саласына енгізілген мақсаттарға қол жеткізу үшін анықтайды);

  • мазмұнды (білім алушылардың игеруі тиіс оқу нәтижелерін анықтайды) ;

  • процессуалдық (оқыту нәтижелерін игерудің логикалық дәйектілігін, оқыту нысандары мен құралдарын анықтайды) ;

  • бағалау (бағалау критерийлері бойынша бағалау тапсырмалары арқылы оқыту нәтижелеріне қол жеткізу деңгейлерін анықтайды).

Жұмыс оқу бағдарламасы:

  • оқытушыларға - сабаққа алдын-ала дайындалу, өз іс-әрекеттерін жоспарлау, сабаққа қажетті оқу құралдары мен оқу жабдықтарын дайындауға;

  • білім алушыларға - бақылаудың барлық түрлерімен модуль бойынша оқыту курсын тұтас ұсынуға;

  • оқу орны әкімшілігіне -жұмыс оқу жоспарының орындалу барысына және білім алушылардың біркелкі жүктелуіне жүйелі бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет