Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы


кезең. «Жалпы білім беретін пәндер» модулінің мазмұны мен көлемін айқындау



бет48/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

1 кезең. «Жалпы білім беретін пәндер» модулінің мазмұны мен көлемін айқындау
Жалпы білім беретін пәндердің тізбесі мен көлемі 1-қосымшаға сәйкес қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша мамандық бейінін ескере отырып айқындалады (Әдістемелік ұсынымға 1-ші қосымша).
Мамандықтың бейініне қарамастан міндетті жалпы білім беретін пәндерге: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» , «Орыс тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтар үшін), «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтар үшін), «Шетел тілі», «Математика», «Информатика», «Қазақстан тарихы», «Өзін-өзі тану», «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» жатады.
Мамандық бейініне байланысты ТжКБ ұйымдары оқытудың тереңдетілген және стандарттық деңгейлерінің екі пәнін таңдайды
«Жалпы білім беру пәндері» модулінің оқу уақытының жалпы көлемі аралық аттестаттауды ескере отырып, 60 кредит/1440 сағатты («Хореография өнері» мамандығы бойынша – 38 кредит/912 сағат) құрайды.
Дуальді оқытуды іске асыру кезінде «Жалпы білім беру пәндері» модулінің оқу уақытының жалпы көлемі өзгертілуі мүмкін. Пәндер бойынша кредиттерді / сағаттарды бөлуді ТжКБ ұйымы дербес жүргізеді.


2 кезең. Базалық модульдердің тізбесін, мазмұнын және көлемін айқындау
ТжКБ-ның барлық мамандықтары үшін жалпы және міндетті болып мынадай базалық модульдер табылады:
1) Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;
2) Ақпараттық-коммуникациялық және сандық технологияларды қолдану;
3) Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану;
4) Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану
2) Қосымша базалық модульдерді қосуға рұқсат етіледі.
3) «Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану» модулі орта буын мамандарын даярлау деңгейінде оқытылады.
ТжКБ ұйымының қалауы бойынша базалық модульдер, мамандық бейініне байланысты кәсіптік модульдерге біріктірілуі мүмкін.
Базалық модульдердің мазмұнын айқындау кезінде ТжКБ мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын пайдалану ұсынылады.
Базалық модульдер бойынша кредиттер/сағаттар көлемін ТжКБ ұйымы арқылы дербес айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет