Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


-тақырып. Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931)



бет7/22
Дата06.10.2022
өлшемі360 Kb.
#462085
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
4-тақырып. Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931).
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі екендігі. Мәшһүр Жүсіптің талай тарихи кезеңдерді басынан өткізуі. Өз дәуірінің білімдар, парасатты адамы болғандығы. Мәшһүр атануының себебі.
«Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» (1907) атты кітабында өз дәуірінің сипатын суреттеп, көкейкесті мәселелерді көтере білуі. Қай бір мәселе болмасын ел өмірін жете түсінетін ақын ретінде іргелі ой айтып, әлеуметтік шындық тұрғысынан келетіндігі. Өлеңдерінде ақындық өнерге деген өзіндік көзқарастарының көрініс табуы. «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімес», «Ақ қағаз, қалам, сия келет бізге», «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді», т.б. өлеңдеріндегі тарихи оқиғаларға, өнердің адам өміріндегі алар орнына деген нақтылы ой-тұжырымдарының болуы.
«Хал-ахуал» (1907) жинағында замана сипатының бірқыдыру кең суреттелуі. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз қылықтарды аша сынауы. Ақынның отырықшылықпен ерте келген кесірлі сипаттарды аша білуі. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, жағымсыз образдарды сол ортадан ойып алуы.
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» (1907) жинағындағы өлеңдерінде ұл мүддесін көбірек қолдайтыны. Халықты өнер-білімге, оқуға, мәдениеті күшті ел болуға шақыруы. Түркі тектес халықтардың бірлігін жақтауы. Мәшһүр шығармаларында діни уағыз, діни бірлік, дінге деген сүйіспеншілік көбірек көрініс табатыны. Оларда заман шындығының бейнеленуі. Сатиралық үлгідегі «Шайтанның саудасы» өлеңі. Қоғам тазалығы, адамдар санасының жаңаруы идеяларының көтерілуі. Өлеңдеріндегі ағартушылық сарын. Әлеуметтік теңсіздік, байлық, кедейлік жөніндегі ойларының оқшаулығы. Сыншылдық сипаты.
Дастандары туралы мәлімет. Олардың тақырыптық ерекшелігі мен көркемдік деңгейі.
Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегі. Ол жинаған мұралардың молдығы әрі сан салалығы. Қолжазба түрінде сақталған «Қара мес» атты мұрасы және оның мәні.


5-тақырып. Мақыш Қалтаев (1869-1916).
Мақыш Қалтаев шығармашылығында діншілдік сарынның басымдығы. Жалпы адамзаттық имандылыққа көбірек үндеуі. Дінді адам жанының рухани тазаруы ретінде ұсынуы.
М.Қалтаевтың «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бохас еткен манзұмасы», «Қазақтың айнасы», «Біраз ғибрат сөз», «Насихат қазақия», «Бар оқиға», «Тура жол» атты жинақтарына тән өзіндік ортақ тақырыптар. Татар ақындары З.Кәрими мен Ғ.Рашидиден аударған «Айна», «Сақ сүк» өлеңдер жинағындағы төл туындылық белгілер.
Діни білімнің тереңдігі. Айналасына, қоғам құбылыстарына қатысты көзқарасының күрделілігі. Кезінде заман талабына лайық өз пікірін айта алғандығы. Айналадағы өзгерістердің мәнін пайымдау дәрежесі. Әлеумет ортасындағы теңсіздікті, кемшіліктері сынауы. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері. өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттауы. Шығармаларында алланы сүю, Мұхамметтің үмбеті болу тәрізді діни уағыздарды алға қою басым болуымен қатар, ой астарында өмірдің қиындығына төзу, алланың бергеніне масаттанбау тәрізді адамдық асыл қасиеттерге үгіттеу басымдылығы. М.Қалтаев өлеңдерінде ұлттық мүдде жоғары қойылып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің жырлануы.
Қалтаев поэзиясында жалаң дидактиканың көрініс беріп қалуы. Ақынның тіл шұбарлығына жол беріп алатындығы. Өмірден түйгендерін, оқыған-білген нәрселерін қарапайым қазақы тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баяндау тәсілінде жазуға бейім екендігі. М.Қалтаев поэзиясының идеялық маңыздылығы, мазмұн байлығы, көбіне уақыт тынысын дәл танып, күрделі ойларды арқау еткен пікірлер толғайтыны. Оның өз дәуіріндегі күрделі мәселелерді қозғап, халықты оятуға күш салып, өнер-ғылымды насихаттап, ағартушылық әдебиетке елеулі үлес қосқаны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет