Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет4/22
Дата06.10.2022
өлшемі360 Kb.
#462085
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
10- тақырып. Ахмет Байтұрсынов (1873-1938).
11- тақырып. Ғұмар Қарашев (1876-1921).
12-тақырып Міржақып Дулатов (1885-1935).
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931).
13-тақырып Мағжан Жұмабаев (1893-1938).
14-тақырып Бернияз Күлеев (1899-1923). Бейімбет Майлин (1894-1938).
15-тақырып Сәкен Сейфуллин (1894-1938).
Ілияс Жансүгіров (1894-1938).


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлем)
Қазақстанның Ресей отаршылдығы тұсындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайы. Ресейдегі түрлі демократиялық қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер, олардың қазақ даласында көрініс табуы. Европадағы, Ресейдегі ілгершіл ой-идеялардың қазақ зиялылары арасында өріс алуы. ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық идеялардың (Ш.Уәлиханов, Абай, Ы.Алтынсарин) ХХ ғасырдағы қазақ сахарасына кеңінен қанат жаюы.
Отаршылдыққа қарсы күрес идеясының қазақ зиялыларының басты ұстанымына айналуы, қазақ зиялыларының әртүрлі саяси топтарының пайда болуы. Олардың арасындағы ой-идея бірлігі мен алшақтықтар. Бірінші империалистік соғыс және қазақ даласындағы 1916 жылғы уақиғалар. Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі, оған қатысты қазақ зиялыларының көзқарастары. Қазақ зиялыларының қазан төңкерісіне дейінгі идеялық-саяси көзқарастарындағы басты міндеттер. Олардың мәнділігі мен маңыздылығы.
10 Курстың компоненттері
Дәріс тақырыптары
1-таќырып. Кіріспе.
1-тақырып. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріне дейінгі кезеңі (1900-1920).
Қазақстанның Ресей отаршылдығы тұсындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайы. Ресейдегі түрлі демократиялық қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер, олардың қазақ даласында көрініс табуы. Европадағы, Ресейдегі ілгершіл ой-идеялардың қазақ зиялылары арасында өріс алуы. ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық идеялардың (Ш.Уәлиханов, Абай, Ы.Алтынсарин) ХХ ғасырдағы қазақ сахарасына кеңінен қанат жаюы.
Отаршылдыққа қарсы күрес идеясының қазақ зиялыларының басты ұстанымына айналуы, қазақ зиялыларының әртүрлі саяси топтарының пайда болуы. Олардың арасындағы ой-идея бірлігі мен алшақтықтар. Бірінші империалистік соғыс және қазақ даласындағы 1916 жылғы уақиғалар. Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі, оған қатысты қазақ зиялыларының көзқарастары. Қазақ зиялыларының қазан төңкерісіне дейінгі идеялық-саяси көзқарастарындағы басты міндеттер. Олардың мәнділігі мен маңыздылығы.
ХХ ғ.б. Қазақстандағы оқу-ағарту мәселелері. Орыс-қазақ мектептерімен қатар мұсылманша оқытудың дұрыс жолға қойыла бастауы. Бұрынғы «қадымша» оқудан «жадидше» оқуға бетбұрыстың белең алуы. «Жадид» әдісінің жетістіктері. Қазақ жастарын оқыту, мектеп мәселелері жөніндегі А.Байтұрсынов ой-пікірлері. Оның жаңа әдіс «төте оқу» жөніндегі ғылыми-педагогикалық ой-түйіндері.
ХХғ.б. кітап басу ісінің жандануы. Жаңашыл сипаттағы, замананың өзекті мәселелерін арқау еткен өміршең туындылардың жарық көруі. Әдеби тілдің қалыптасуы барысындағы ой-пікірлер тартысы. ХХғ.б. қазақ әдебиетінің дамуына орыс, европа классиктерінің (Пушкин, Крылов, Лермонтов, Толстой, Байрон, Гете т.б.) шығармаларының қазақ тіліне аударылуы, таратылуы. Шығыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне әсері. Қиссашыл ақындардың (Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы, Шәді Жәңгіров, т.б.) әдебиетке қосқан үлесі. 1909 жылы Петербургта, Уфада басылып шыққан Абай, Ахмет, Міржақып жинақтарының қазақ әдебиетіне өзгеше өріс ашуының мәні мен маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет