Ұ. Б. Смаилова


«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» негізінде 2–3



Pdf көрінісі
бет2/30
Дата05.04.2023
өлшемі0.5 Mb.
#471765
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Сөйлеуді дам2

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» негізінде 2–3 
жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлауға әдістемелік ұсыныстар 
 
Жоспарлау – ғылыми басқарудың негізі. Сөйлеуді дамыту оқу қызметі бірінші кіші 
жастағы баламен өзара қатынас жасай отырып, ересек адамның тілін түсіне білуге 
үйретеді. Сөз балаларға түсінікті болуы үшін, сол сөздің суреті немесе нақты зат түрінде 
немесе іс-қимылмен көрсетілуі тиіс. 2–3 жас аралығындағы кезінде ересек адамның сөзін 
түсінуі үшін арнайы ойындар қолданылады. Ойындар оқу қызметінің тақырыбына 
сәйкестендіріліп алынады. Осы ойындар арқылы тәрбиеші сөздерді балаларға өзінен кейін 
бірнеше рет қайталаттырады. Педагог біртіндеп балалардың өзара қарым-қатынас жасауы 
үшін ойналатын ойындардың санын көбейтіп, жағдайлар жасап отырады. Осы жаста бала 
тілінің коммуникативтік функциялары одан әрі дамиды, оның дүниені тану функциясы 
дамиды. Сондықтан педагог баламен қарым-қатынас жасағанда репродуктивтік 
қарапайым Кім? Не? Не істейді? және бірте-бірте күрделі Нені ұстады? Нені әкелді? 
деген сұрақтарды жиі қойып отыруы қажет және сұрақтарға балаларды толық жауап 
беруге үйрету керек. 
2–3 жастағы баланы тамақтандыру, киіндіру, жуындыру кезінде ересек адам қимылды 
білдіретін сөздерді жиі қайталайды (бер, ал, көтер, іш, отыр, ұйықта т.б.). Осы қимылды 
білдіретін сөздер баланың санасында берік орнайды. Одан соң педагог сөз арқылы баланы 
едәуір күрделі істерге (аюды алып, оны үстелге қой т.б. әрекеттер), сонымен қатар
қимылды білдіретін сөздерді ұғынуға үйретеді. («Көзіңді жұм», «Шарды қорапқа сал», 
«Көрсет» т.б.).
Бір жас алты айдан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың бойында дыбыстардың қарапайым 
артикуляциялық қатынастарының нақтылануы мен орнығуы жүреді, дауысты (еріндік-
езулік) және басқа да дауыссыз дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Балалардың дыбыстық 
еліктеушілік қасиеті – негізгі әдістемелік тәсіл: мө-мө (сиыр мөңірейді), әуп-әуп (ит үреді), 
мә-мә (қой маңырайды). Бала ересек адамның айтқанын қайталап үйренеді. Балалардың 
дыбысты дұрыс айтуын нақтылай және бекіте отырып, тәрбиеші дыбысты меңгеруі 
қиындау балаларға ерекше көңіл бөлуі керек. 
Сөздігін дамыту – бұл баланың сөзді дұрыс меңгеруі, сонымен қатар өз қалауы 
бойынша оларды қолдануы. Әрине ол педагогтің көмегімен ұйымдастырылады. Мысалы, 
балалар қуыршақ сөзін білетін болса, тәрбиеші қуыршақтармен ойын ұйымдастыра 
отырып, оны басқа сөздермен толықтырып отырады. Қуыршақ үлкен, әдемі, көйлегі бар, 
түсі қызыл. Мынау – қыз қуыршақ, мынау – ұл қуыршақ т.б. сөзді белсендіру үшін 
балаларды қызықтырып, сұрақтар қойып, «Сен айта ғой», «Қайтала», «Әңгімеле» деген 
сияқты қызықтыру әрекеттерін жасайды.
Сөз байланысын дамыту үшін жеке заттардың, әрекеттегі заттар бейнеленген мазмұнды 
суреттер пайдаланады. Мұның өзі суретте бейнеленген нәрсеге қызығушылықтарын 
арттыра түседі, сөздерді байланыстыра айтуын дамытуға көмектеседі және баланың 
бойында тәрбиешінің соңынан сөздерді қайталау, сондай-ақ өз беттерінше айту 
икемділігін қалыптастырады. Сондықтан мұқият түсіндіру, заттардың қызметін ашып 
көрсету, осы кезеңде болып жатқан оқиғаларды баланың бұрын көргендерімен салыстыру 
қажеттілігі пайда болады. Бұрынғы тапсырмаларды қабылдауы сақталып қалады. 
Тапсырмалар әр жолы әртүрлі болып күрделеніп отыруы керек. Мысалы, «Айжан, 
қуыршақты киіндір», «Ұл баланы киіндір» т.б.
Педагог сюжеттік ойындарды ұйымдастырғанда, түрлі заттардың көптеген атауларын 
үйретеді. Олардың атқаратын қызметін ашып көрсетеді: (мәшинеге адамдар мінеді, 
мәшинесімен жүк тасиды). Әрекеттерді орындау барысында болып жатқан оқиғаға 
балаларды белсенді қатысуға тарту керек. 
Сөйлеуді дамытудың ең оңай құралдарының бірі – театрландырылған ойындар. Олар 
балалардан рөлді орындау кезінде әдеби мәтін, сөз ойлап шығаруға, ырғақты, ым-



қимылды, бет қимылын білуді талап етеді. Әртүрлі қызметте күні бойы 
театрландырылған ойындарды пайдалануға болады. 
Қорыта келгенде баланың сөйлеулерін дамыту төмендегі кезеңдер арқылы іске 
асырылады: 
1. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын толықтыру. 
2. Тіл дыбыстарын (р, л, ш, з, т, с т.б.) дұрыс, анық айтуға, сөйлеу тәртібін дұрыс 
қолдана білуге жаттықтыру. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара 
білуге үйрету. 
3. Орфоэпиялық жағынан дұрыс сөйлеуге үйрету. Сөздерді септеп, жіктеп, жекеше, 
көпше түрде айтуға, 2-3 сөзден тұратын сөйлемдерді құрауға үйрету.
4. Байланыстыра сөйлеуге, әңгіме құрай білуге үйрету. 
5. Айнала қоршаған заттардың, жануарлардың атауларын, адамдардың есімдерін дұрыс 
айтуға үйрету. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет