Ұ. Б. Смаилова


түсінеді: заттардың атауларынан олардың қандай зат екенін;  қолданады



Pdf көрінісі
бет8/30
Дата05.04.2023
өлшемі0.5 Mb.
#471765
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Сөйлеуді дам2

түсінеді: заттардың атауларынан олардың қандай зат екенін; 
қолданады: берілген сұрақтарды түсінеді және тыңдайды, оларға жауап береді
Көрнекіліктер: балабақшаның суреті, орамал. 
Сөздік жұмыс: жиhаз. 
 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 
 1.Ұйымдастырушылық кезең. 
Балалармен сәлемдесіп; хал-жағдайларын сұрайды. Балалардың назарын балабақшаның 
суретіне аударады. 
 
2.Негізгі кезең. 
«Балалар, біз таңертең балабақшаға келеміз», – дей отырып, балабақшаны суреттен 
таныстырады. 
– Балабақшамыз үлкен, әдемі, ауласы кең. Балалар, біз қазір топ бөлмесінде тұрмыз, – деп, 
балалардың көңілін топ бөлмесінің ішіне аударады. Топтағы заттармен таныстырады: 
– Мынау – орындық, мынау – терезе, үстел, мынау – ойыншықтар тұратын жиһаз, онда 
ойыншықты жинайсыңдар, топта тағы да бөлмелер бар. Мынау – шешінетін бөлме, онда 
шешінесіңдер, мұнда шешінетін шкафтар тұрады. Ас бөлмесінде ыдыстар тұрады. Ол 
ыдыстармен тамақ ішесіңдер. Мынау – ұйықтайтын бөлме, онда сендер жататын 
кереуеттер тұрады, онда ұйықтайсыңдар. Тобымыз үлкен, әрі жарық. Балалар топқа 
қызыға қарайды. 
Балалардың көңілін орамалға аударады. «Орамал кімнің бетін жасырып тұр?», – деп, бір 
баланың бетіне бір сәтке жабады. Орамалды қайта ашып: «Бұл кім болды екен?» деген 
сұрақ қояды. Осылай әр баламен ойнайды. Әрқайсысына өз есімдерін айтқызады. 
Педагог тағы да сұрақтар беріп, балаларды көңілдендіріп, сұрақтарға жауап беруге, 
сөйлетуге үйретеді. 
Мысалы: 
– Сен қайда тұрсың? Сен есіміңді (атыңды) айтшы? 
– Кімнің қасында тұрсың? Ол баланың есімін білесің бе? т.б. 
«Біздің балалар қайда екен?» дидактикалық ойыны. Үлестірмелі материалда берілген 
сурет бойынша балалардың қайда тығылып отырғанын тапқызу. 
– Асқар үстелдің астында тығылып жатыр. 
– Марат үлкен ойыншық қонжықтың артында отыр. 
3. Рефлексия. 


11 
Педагог балалардың көңіл күйлеріне қарап мақтап, мадақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет