1.Мектеп биологиясының физикамен байланысы?
2.Биологияның химииямен байланысы?
3.Тәнтану курсының байланыстар?
12 - тақырып. Сабаққа дайындалу.
Жоспар:
-
Сабақтың элементтері
-
Сабаққа дайындық кезеңі
Лекция мақсаты: сабақтың элементтерін оқып үйрену.
Лекцияның мәтіні :
Биология сабақтарының жүйеленуі, құлрлымы және мұғалімнің сабаққа дайындығы
Жоғарыда айтылғандай оқу - тәрбие жұмысының негізгі формасы – сабақ. Сабақта мектеп оқушылары тұрақты ұжыммен белгіленген уақытта сабақ кестесіне сай білім алады. Сабақтың элементтері бір – бірімен тығыз байланысты және ол бір тұтас құрлым тұрақты жүйе ретінде қарастырлады.
Дидактикада сабақтардың бірнеше жүйесі келтірлген. Педагоктың оқушылардың іс - әрекетіне негіздесек сабақтардың төмендегідей түрлерін бөлуге болады:
-
Аралас ( комбинированный) сабақ;
-
Оқушыларға жаңа біліммен дағдыларды қалыптастыру сабағы;
-
Меңгерген оқу материялдарын жүйелеп, жинақтап қорыту, немесе қайталау сабақтары;
-
Оқушылардың білім сапасы мен икем - дағдыларының бағалау сабақтары.
Нақты тақырыптардың құрлымы мен сабақтың атқаратын қызметіне байланысты: кіріспе сабағы, оқушылардың жаңа материялды меңгеру сабағы, жинақтап қорыту сабақтары болып бөлінеді. Осы айтылған сабақтардың барлығы да биологиялық пәндердің оқыту барысында өз мәнінде күнделікті оқу тәрбие жұмыстарында қолданылады. Методикалық тұрғыдан дұрыс құрастырлған сабақтар мұғалімінің оқушылармен бірге жүргізген бір қатар оқу - тәрбие жұмыстарының мақсаттарын шешеді.
1. Бағдарламаға сай білімнің көлемін оқушылардың мңгеру сапасы арттырып, оқушылардың дүниеге көз – қарасын дамытады;
2. Оқушылардың қоршаған ортаны, өзінің ағзасын танып білудегі икем дағдыларын дамытып тіршілікте осы дағдыларды пайдалана білуге үйретеді;
3. Биологияны оқыту процесінде оқушылардың бойында пәнге деген құнды -эмоционалды қарым – қатынастарын қалыптастырып шығармашылық белсенділіктерін арттырады. Оқушының жеке деңгеиінің жоғарылауын және өзіндік дамуын қалыптастырады.
4. Қазіргі әлуметтік қоғамда жеке тұлғаның бейделунің мүмкіншіліктерін, өзіне - өзі нақты баға беру, үйреншікті ойлаудан бөлек заманның талабына сай ойлауын сана -сезімін арттыраады;
5. Оқушылардың жекеше позотивтік қасиеттерін қалыптастырады.
Осы көрсетілген мақсаттардың барлығы бір – біріне тығыз байланыста оқу- тәрбие жұмытарында үйлесімді бір – бірімен жалғасып жүреді. Бұл мақсаттарды шешу үшін, күнделікті биология пәндерін оқыту барысында сабақтардың алуан – түрлері қолданылады. Мысалы:
-
“Ойлау” - сабағы;
-
“Саяхат” – сабағы.
-
“Сот” – сабағы;
-
“Ойын” – сабағы;
-
“Дөңгелек үстел” - сабағы;
-
“Интерграцияланған” – сабағы;
-
“ Диспут” – сабағы;
-
“Конференция” – сабағы;
-
“Зерттеу” – сабағы;
-
“Экскурсия” - сабағы; т.б.
-
Аталған сабақ түрлерімен биологияны оқыту әдісіндегі қолданылатын сабақтардың түрлерін шектеуге болмайды.
Пәннің, тақырыптың мазмұнына сай мұғалімнің сабақтарды түрлендіруі, оның шығаомашылығы мен фантазиясына байланысты. Биология сабақтарындағы мұғаліммен оқушылардың жұмысының іс - әрекетінің жемісті аяқталуы қандай жағдайларға байланысты екендігі, әркездеде мұғалімді толғандырып, ойландыратын маңызды сұрақтардың бірі. Бұл сұраққа жауап беру үшін, сабақтың тиімділігін арттыратын факторлардың комплексін атап көрсетуге болады, ол: мұғалімнің маман ретінде дайындық деңгейі, класстағы оқушылардың интелектуальды мүмкіншіліктері, оқушылардың биология пәінінедеген қызығушылығы, ынтасы, сонымен бірге оқушылардың класстағы саны және жас ерекшеліктері, биология кабинетінің қазіргі заманның талабына сай жабдықталуы, мұғалім мен оқушылар арасындағы жекеше қарым – қатынас, мектептің оқу сабақ кестесіндегібиология пәнінің алатын орны тағы басқа. Мынандай жағдайды мысалға келтірейік: эрудициясы жоғары әдістеменің жан – жақты, қыры – сырын білетін, биология білімдерімен қаруланған мұғалім деңгейі жоғары класта сабақ береді , оқушылармен қарым – қатынасы жақсы жолға қойылған. Оқу кабинеті жақсы жабдықталған. Биология сабағының реттнөмірі сабақ кестесінің орта бөліміне қойылған, оқушылар әлі шаршамаған кезде өтледі. Бұл сабақ міндетті түрде жемісті өтеді, деп айта аламыз ба? Десек те, толық кепілдік бере алмаймыз. Сабақтың педагогикалық тиімділігінің төмен болуы мұғалімнің сабаққа жеткіліксіз дайындық пен келуінен байланысты болуы мүмкін. Мектеп тәжрибесінде сабақтың тартымсыз өтуі, аса тәжрибелі мұғалімдерде де кездеседі, оның себебі мұғалімнің алдын – ала сабақтың құрлымын логикалық тұрғыда ойластырмауында, оқытудың әдіс тәсілдерінің кезектестігі мен үйлесімдігін дұрыстап ойластырып құрастырмауына байланысты. Сондықтан мұғалімнің сабаққа дайындық кезеңі көп мәселелерді шешеді. Мұғалімнің сабаққа дайындығын оның жоспар түзуінен бастайық.
-
Оқу тақырыбындағы сабақтың орнын және мақсатын, міндетін нақты аықтап алу.
-
Мектеп бағдарламасының пән бойыныша мазмұнымен толық таысып биологиядан, ғылыми көпшілік әдебиеттермен, тақырып бойынша методикалық нұсқаулармен таныс болып, сабаққа қажетті негізгі мазмұнды таңдап алу.
-
Сабақтың міндеттеріне байланысты, мазмұнын ескере отырып оның әдісі мен тәсілдерін анықтау.
-
Оқытуға қажетті құрал жабдықтарды таңдап алу. (көрнекіліктер, техникалық құрал жабдықтар т.б.).
-
Сабақтың құрлымын, оның негізгі бөліктерін логикалық кезектестіін анықтау.
-
Сабақтың әр кезеңіне бөлінген уақытты анықтау (шамалап).
-
Сабақтың жалпы жоспарын түзіп, жазу . Егер сабақты дәстүрлі түрде өтетін болса төмендегідей сызба нұсқаны пайдалануға болады;
-
Сабақтың тақырыбы;
-
Сабақтың мақсаты білім – беру, дамыту, тәрбиелеу);
-
Сабақта қолданылатын әдістер ( барлық түрін тізіп шығып, негізгісін көрсету).
-
Қажетті әдебиеттердің тізімі.
Таным жорықтың жалғасы, Байлықты игеруіне көмегін тигізеді.Және көзделген мақсатқа жету үшін көмекші иллюстриялық құрал рөлін атқарады. Таным жорықәлуметтік психологиялық - педагогикалық тәрбие береді. Олар этикалық адамгершілік, денешынықтыру, еңбекке баулу, экологиялық тәрбие беру мен қатар оқушылардың белгілі бір пәннен сабақ үстінде алған білімін толықтырып, тереңдетуге мүмкіндік береді. Баланы өсімдік ортамен дұрыс қарым – қатнас жасай білуге үйретеді.
Танымжорық кезінде өсімдіктердің жағдайын мысалы, ағаштардың қурап қалғаны, гүлді өсімдіктердің солуы осылар жөнінде балаларға түсіндіріп, оған адамдардың кінәлі екенін, өсімдіктерді қорғау керек екендігін түсіндіріп беру тиімді болады. Мысалы мектептің іші мен сыртын қамқорыққа алған көшелер шағын бұта өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарын жинау, бау – бақшаның зиянкес жәндіктерімен күрес, шөптерден тазарту, қосымша азықтандыру, көгілдір және жасақтандың жұмысына қатысу, мектеп маңын және көшедегі лас қоқыстарды, ағаштардың жапырақтарын жинау, туған өлкені зерттеп білу, барысында табиғат ескерткіштерін қамқорлыққа алу және т.б. Белгілі педагок әдіскер К. Г. Ягодовский ХХ ғасырдың басында танымжоры қ жүргізудің негізгі ұстанымдарын ұсынады, ал “ танымжорықтың негізгі мақсаты оқушыларға тірі заттардың аттарын жаттауемес, табиғатты бақылауға (көруге) үйрету” деді. Танымжорық кезінде оқушылар жергілікті жерді танып білуге, табиғат әлемін бақылауға, салыстыруға үйретеді. Сонымен қатар әлеуметтік, эстетикалы қ этикалық және өлкетанулық тәрбие берумен қатар, олардың денешынықтыруға еңбекке баулып, сабақта өтілетін экологиялық материялдарды пысықтауда, дамытуда үлкен рөл атқарады. Табиғатқа таныжорық оқушыларға білім берудің, бірден – бір табиғи жолы. Мұғалім танымжорық арқылы оөушылардың танымдық ықпалын жандандыра түседі. Танымжорықтың барысында баланың табиғатқа, қоғамдық өмірдің түрлі көріністеріне маральдық номлар мен мінез құлық ережелеріне көзқарасы қалыптасады. Оқушыларға танымжорық барысында қосымша педагогикалық психологиялық тәрбие беру мақсатында “ ботаникалық соқпақтың” да өзіндік орны бар. Ботаникалық соқпақтың танымдық тәрбиелік және ұйымдастырушылықмаңызы ерекше. Баланы өзіндік ортасымен дұрыс қарым – қатынас жасай білуге үйретеді. Ботаникалық соқпақ өтетін аймақ алдын – ала жан – жақты тексеріліп, ондағы өсімдік жағдайлар ескеріледі, оған қатысқан әр – бір оқушының бойында өсімдіктерге деген сүйеніші болуы тиіс, сол арқылы өз құрбыларына ерекше ықпал жасайды. Әрбір ботаникалық соқпақ оқушының қызығатын , әрі қимайтын орнына айналуы тиіс. Ботаникалық соқпақтың ұзындығы 1,5 – 2 шақырымнан аспаған жөн. Егер одан ұзақ болса, оқушыларды жалықтырып жібереді. Ботаникалық соқпақтың өтетін жер өсімдіктері бақыланады. Ботаникалық соқпақтың ашылуына ерекше көңіл бөліну керек. Әр бір оқушының есінде өмір бойы ұмытылмайтын әсер қалдыратындай салтанатты түрде өткізілуі керек. Ботаникалық соқпақтың оқушыларға пайдасы.
-
пәннен а лған білімін толықтыруға әсер етеді;
-
тек сабақ үрдісінде алған біліміне сүйенбей, оқушы ботаникалық соқпақ кезіндегіалған іс тәжрибесіне сүйенуіне мүмкіндік алады.
-
табиғатпен айналадағы өсім дік ртамен қарым – қатынас қалыптасады;
-
оқушылардың өсімдік жемісін күтіп баптау жөнінде олдарды пайдалану туралы түсініктер қалыптасады.
Бақылау сұрақтары
-
“Ойлау” – сабағы?
-
“Саяхат” – сабағы?
-
“Сот” – сабағы?
-
“Ойын” – сабағы?
13 - тақырып. Лобараториялық жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері.
Жоспар:
1. Лобараториялық жұмыстардың өткізілу ерекшеліктері.
2.Оқушыларға қосымша білім беру.
Лекция мақсаты: Лобараториялық жұмыстардың өткізілу ерекшеліктерін үйрену.
Лекцияның мәтіні :
Мектеп курсында өсім діктану пәнін өткенде табиғатпен қарым – қатынас өте жиі болу қажет. Танымжорық оқушылардың ой - өрісінің кеңеюін айналамызда қоршаған дүние жайлы олардың түсініктерімен білімдерін табиғаттағы құбылыстардың өзара байланысы мен өзара шарттылығы туралы білімдерінің толаюы, таным дық мүдделерінің дамытылуы сияқты дидактикалық міндеттердішешуге болады. Сонымен қатар танымжорық кезінде оқушылар бойында өзінің дербестігі мен өзбетінше іс – қызмет атқаруы, ұйымдастырушылық қабілеті мен жекебасының қасйеттерін қалыптастыру және дамытудың маңызды құралы да бола алады.
Таным жорық мақсаты оқушылардың сана сезімін толықтыру үшін ой - өрісін кеңейту үшін арналған қосымша сабақ ретінде мектеп бағдарламасында міндетті түрде өту, яғни оқушылардың сана сезімінтолықтыру, келесі сабақтарда осы өткізілген танымжорықтар жөнінде әңгімелесу арқылы олардың есте сақтау қабілетін байқау.
Мектеп бағдарламасында қосымша сабақ ретінде танымжорықтар жүргізіледі. Табиғатқа танымжорық “өсімдіктанудың курсына арналған мектеп программасының міндеті табылады. Алайда оны әрбір биология пәні мұғалімі орындай бермейді және оның негізгі басты себебі кәдімгі сабаққа қарағанда, бұл іс қиындау. Сонымен қатар тағы бір себеп, танымжорыққа ұзақ уақыт кетеді, сол себептенде көп мұғалімдер өтуге ерінеді. Ал егер мектеп үлкен қалада орналасқан болса онда табиғатқа танымжорық жасау қиындау болады. Танымжорық жасайтын жерге дейін біршама ұзақ жүріп жеті қажеттілігі қиыншылық келтіреді деуге болады. Негізінен мектеп бағдарламасында танымжорық жылына 2-3 рет өткізілуі тиіс. Сондықтан да ешқандай қиыншылыққа қарамастан қушыларды бір рет болса да танымжорыққа апару тиіс. Тағы бір мәселе оқушылар теория жүзінде оқып үйренген білімдері есте қала бермейді, Ал табиғатқа танымжорық жасаған кезде оқушылардың көз алдында төңіректегі табиғаттың сұлулығы ашылады. Алғашқыда оқушылар табиғатты сезімталдықппен қабылдап, олардың бойында есте қалу қабілеті, байқағыштығы дамытылып, өсімдіктерге қамқорлық жасау сезімдері оянады. Сонымен қатар танымжорық сабақтар оқушыларды мамандыққа бағдарлайды. Осы танымжорық өткізу қажет деп есептеймін. Себебі, оқушыларды міндетті түрде төңіректегі әлеммен таныстыру және олар немен қоректенеді? Қай жерде тіршілік етеді? Не үшін? Қалай? Деген сұрақтарға жауап табылады. Оқушының көз алдында табиғаттың сұлулығы ашылады. Сол себептенден танымжорық бүкіл оқу жылы бойына өткізіп тұру тиіс. Тағы бір мәселе оқушы өзі тұрған өлкенің және айнала қоршаған ортаның өсімдік әлемімен танысады. Танымжорық кезінде оқушылар жергілікті жерді танып білуге, табиғат әлемін бақылауға, салыстыруға үйренеді. Сонымен қатар әлеуметтік, эстетикалық, этикалық және өлкетанулық тәрбие беру мен беруге еңбекке баулып, сабақта өтілетін экологиялық материялдарды пысықтауда, дамытуда үлкен рөл атқарады.
Оқушыларға қосымша білім беру мақсатында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың ішінде танымжорықтың өзіндік орны бар. Танымжорық оқушылардың табиғатқа жауаптершілік сезімін, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады, табиғаттың даму заңдарын жеңіл түрде ұғынумен қатар, психологиялық тәрбие жұмысының біршама дербес формасы. Ол адамның рухани байлықты игеруіне көмегін тигізеді. Және көзделген мақсатқа жету үшін қолданатын көмекші иллюстрациялық құрал рөлін атқарады. Танымжорық әлеуметтік психологиялық - тәрбие береді. Олар этикалық, педагогикалық адамгершілік, денешынықтыру, еңбекке баулу, экологиялық тәрбие беру мен қатар оқушылардың белгілі бір пәннен сабақ үстінде алған білімін толықтырып, тереңдетуге мүмкіндік береді. Баланы өсімдік ортамен дұрыс қарым – қатынас жасай беруге үйретеді.
Танымжорық кезінде өсімдіктердің жағдайын мысалы, ағаштиардың қурап қалғаны, гүлді өсім діктердің солуы осылар жөнінде балаларға түсіндіріп, оларға адамдардың кінәлі екенін, өсімдіктерді қорғау керектігін түсіндіру керектігі тиімді болады. Мысалы: мектеп ішімен сыртын қамқорлыққа алған көшелер мен шағын аудандарды көгалдандыру, гүлзарларды күту, ағаш, бұта өсімдіктерінің жемістері мен тұқымдарын жинау, бау – бақшаның зиянкес жәндіктерімен күрес, шөптерден тазарту, қосымша азықтандыру, көгілдір және жасақтардың жұмысына қатысу, мектеп маңын және көшедегі лас қоқыстарды, ағаштардың жапырақтарын жинау, туған өлкені зерттеп білу барысында табиғат ескерткіштерін қамқорлыққа алу және т.б. Белгілі педагок, әдіскер К Г Ягодовский ХХ ғасырдың басы нда таным жорық жүргізудің негізгі ұстанымдарын ұсынады, ал “танымжорықтың негізгі мақсаты оқушыларға тірі заттардың аттар ын жаттау емес, табиғатты бақылауға (көруге) үйрету” деді. Танымжорық кезінде оқушылар жергілікті жерді танып білуге, табиғат әлемін бақылауға, салыстыруға үйретеді. Сонымен қатар әлеуметтік эстетикалық, этикалық және өлке танулық тәрбие беру мен қатар, оларды денешынықтыруға еңбекке баулып, сабақта өтілетін экологиялық материялды пысықтауда, дамытуда үлкен рөл атқарады.
Бақылау сұрақтары
1.Лобараториялық жұмыстардың өткізілу ерекшеліктері?
2.Танымжорық кезінде оқушылар дың білімі?
3.Танымжорық кезінде өсімдіктердің жағдайын зерттеу
14-тақырып. Биологияның білім берудегі рөлі. Биологияны оқытудың материалдық базасы.
Жоспары :
-
Биологияның білім берудегі рөлі.
-
Биология ғылымының дамуындағы басты бетбұрыс
Лекция мақсаты: Биологияның білім берудегі рөлін үйрену.
Лекцияның мәтіні :
Биологияның білім берудегі рөлі.
Әрбір үстаз биология ілімнің терең сырын, маңызын, қоғамдағы, өмірдегі және әрбір жеке адамиың кунделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа жас ұрпақты тәрбиелей алады. Соныктан биология пәнінің мүғалімі-осы білімді насихаттаушы деп есептеуге болады.
Мүғалімдік мамандықты игеру үшін жап-жақты білім, іскерлік, төзімділік, үстамдылық т.б. қасиеттері мол түлға болуы тиіс.
Қазіргі кездегі ғылыми-техникалық прогресстің дамуы адамзат пеи оны қоршаган ортаның арасындағы карама-қайшылықтардың зардабы оның денсаульіғына, тіршілік жагдайына қатер туғызып отырғандығы баршаға мәлім.
Өндіріс қалдықтары мен көлік ауаны, суды уландырудың нәтижесінде С02 концентрациясы көбейіп, 02 мөлшері азайып, тірі организмдерге кері әсерін тигізіп отыр. Табиғат байлықтарьгн ысырапсыз пайда-лану, ормандардың көлемінің азаюы, өзен, көлдердің тартылуы, шөлдер мен шөлейттердің көбеюі биосфераға қауіп туғызады. Қазақстан Республикасындағы Арал теңізінің тартылуы, Балхаш, Каспий басқа да өзеігдер мен көлдердің шөгуі мысал бола алады. Биология гылымы дапалардыц қүрылысьг мен қызметін, популяция мен түрдің, биоценозбен биосферадағы, тіршіліктегі тірі ағзалардың даму формаларын және оған тән қүбылыстар мен заңдылықтарды, даралар-дың жеке дамуы мен ағзадан жоғары жүйелердің эво-люциялық тарихи даму жолдарын және оған адамның тигізетін әсерін зерггейтін ғылым. Сондықтан да осы ғылымның даму деңгейі биологиялық білім берудің мазмүнына әсерін тигізіп отырады.
XV111 гасырдың аяғында мектеп биологиясын оқытуда тек қана биологиялық фактілерді сипаггу бағыттары үстемдік етті. Сол кездегі ғалымдар осімдіктер, жануарлар және адам организмдерін зерт-геу барысында сипаттама әдістерін пайдалана отырын зерттеулер жүргізді.
Биология ғылымының дамуындағы басты бетбүрыс XIX ғасырдың орта кезінен бастап, Ч. Дарвин ілімінің ашылуына тікелей байланысты болды. Биологиялық гылымда табиғат сырларындағы қүбылыс-тарды зерттеуде тарихи даму әдістері енгізіле бастады. Осы жағдайлар орта мектептегі биологиялық білім беру, оқыту процесстеріне үлкен әсерін тигізді. Атақты одіскер, жаратылыстанушы А.Я.Гсрд ец бірінші рет биологияны үйретуде, оқытуда эволюциялық идеяларды ең басты критерий етіп көрсетті.
XX ғасырдың 20-30 жылдарында биология ғылымдарының экология, генетика салалары тез дами бастады. Н.И.Вавилов түқым қуалаушылық, өзгерістердің гомологиялық қатарлары зацын ашты.
С.С.Четвериков популяіщянын. генетикалық біркелкі емес, олар рецессивті мутациялармен қанық-қандық қүбылысын дәледеді. Осындай биология са-лаларындағы әртүрлі зертгеу жүмыстарының нәтижесі, эволюциялық ілім мен генетиканың синтездік әдісгерінің қорытындысынан келіп, эволюцияның син-тетикалық тсориясын қалыптастырды.
-
Осы эволюциялық теорияның негізгі қағида-лары мынандай: популяция-эволюцияның ең қарапайым қүрылым бірлігі; оның ең басты бірлігі белгілі бір уақытта, кеңістікте үрпақ бойы езгеріске үшырау қабілеттілігі бар.
-
Эволюцияның қарапайым магериалы-мутация. Ол барлық организмдерде белгілі бір жағдайларда, белгілі бір жиілікпен популяцияға таралып, олардың барлық белгілеріне әсерін тигізеді.
-
Эволюцияның элементарлық факторы мутациялық процесс, популяциялық толқын, оқшаулану, табиғи сүрьштау. Табиғи сүрыитау ең басты фактор.
-
Эволюцияның ең басты белгісі-дивергеиттік, бірқалыптылық, узақтық және түр түзілу кезецдері болып есептелінеді.
5. Түр-бірнеше популяциядан және түр тармактарынан түрады. Оның ішінде гендер, алмасып, ауысып жатады. Ол біртүтас генетикалық жүйе болып есептеледі. Синтетикалық эволюция теориясы бойынша түр жайьшдағы көзқарас прокариоттарға және жыныссыз көбейетін эукариоттарға қолдануға болмайды. Микроэволюция макроэволюция процессімен тығыз-байланыста.
Бақылау сұрақтары
1.Биологияның білім берудегі рөлі?
2.Биология ғылымының дамуындағы басты бетбұрыс?
15-тақырып. Көрнекі құралдарды таңдау мен сақтау принциптері.
Жоспары :
1.Биология-кешенді пән.
2.Табиғи қолдан препараттар жасау.
Лекция мақсаты: Биология-кешенді пән ретінде оны үйрену.
Лекцияның мәтіні :
Биология-кешенді пән. Бүл бөлім, жануартану, тіршіліктану, өсімдіктану, пәндерінің көрнекіліктерін қамтыды. Ограникалык, дүниенің даму шежіресі.
Бұл бөлімде замандар (эра) мен дәуірдегі органикалық дүниенің дамуы, оиың қанша миллион жылға созылғаны, онда қапдай жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік еткені баяндалады. Бүл оқушыларды органикалық дүниенің тарихи даму шежіресін білсін деген негізде жасалды.
Органикалык, дүниенің даму сызбанусхрсы. Бүл бөлімде оргнаикалық дүниенің даму саты-лары: жасушасыз ағзадан бір жасушалыға, одан көп жасушалыга, ең ақыры жануарлар дүниесі— сүтқоректілердің ең ақырғы баспалдағы— адамға, өсімдіктер дүниесі гүлді өсімдіктерге келіп тірелетіні көрсетілді.
Терминдер
Термин дегеніміз—белгілі бір ғылым мен техника саласындағы нақтылы үғымды білдіретін атау сөз. Термин сөздер— затты не қүбылысдың жалпы жинақталған қасиеттеріне негізделген қысқа түсінік немесе үғым. Кез келген ғылымның өзіне төн терминологиясы болады. Қазір биология гылымында термин сөздер қазақша баламалануда. Сондықтан бүл бвлім оқушылардың термин сөздері, оның қазақша баламасын білуіне, өр уақытта есте үстауына көмекші кесте ретінде үсынылады.
Кабинет жабдықтау басты назарда болуы тиіс. Себебі оқушы оқу үрдісінің талабына сай жабдықталған кабинеттен көп сыр үғынып, жадында үзақ сақтай алады.
Биология кабинетіндегі көрнекіліктср
Кабинеттегі көрнекіліктер 2 топқа бөлінеді: табиғи және бейнелеу көрнекіліктері болып.
Табиғи тірі кернекіліктерге- арнайы бөлімде өсірілетін, іріктеп алған бөлме есімдіктері, экскурсия кезінде және оку—тәжірибе учаскесінен жинақталган өсімдіктер, террариум мен аквариумдағы, тірі табигат мүйісіндегі тордағы жануарлар жатады..
Табиғи қолдан препаратталған қүралдарға жата-тындар: осімдіктанудан, кеппе шөптер, кепие шөптерден орындалған таблицалар, практикалық жүмыстар кезінде оқушыларға таратылатын кептірілген өсімдік мүшелері немесе бүтін есімдік; жануартанудан: кептірілген бунақ денелілер, жануарлардың дамуын көрсететін ылғалды препараттар, фиксацияланған омыртқасыздардың өкілдері, омырқалы жаунарлардың қаңқалары; таратылып берілетін жануарлардың қаңқасының бөлімдері, сүйектер, балық қабыршағы, қүстың қауырсыны т.б. тәнтану пәнінен—адам каңқасы, бөлшектенген сүйектері, микропрепараттар, қан, жануралардың ішкі мүшелері т.б. тіршіліктану пәнінен, биология курстарының барлығында қолданылатын, қүралдар мен кернекіліктер және арнайы биологиялық коллекциялар, таратылып берілетін материалдар және гербарийлер.
Барлық табиғи көрнекіліктер мен қүралдар арнайы серелер мен шкафтарда сақталады. Барлығының аты—жөні жазылып көрсетіледі, реттік саны белгіленеді. Лаборанттар осындай тәртіппен орналасқан көрнекіліктерді оңай табады.
Бейнелеу көрнекіліктер: таблицалар және сурет-гер биологияның барлық курстарында қолданылады. Тәнтану пәніне арналған муляждар, адамның торсы мен сауыты, бас сүйегі көне замандағы адамдардың бас сүйектері мен еңбек қарулары т.б. сақталады.
Бақылау сұрақтары
-
Органикалық дүниенің дамуы?
-
Бейнелеу көрнекіліктері?
-
Кабинеттегі көрнекіліктер?
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ.
1 - тақырып. Отандық биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы мен дамуының тарихы (1 сағат)
Сабақтың мақсаты:
Отандық биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы мен даму тарихын зерттеу.
1 - тапсырма. Отандық биологияға үлес қосқан ғалымдар
2 - тапсырма. Әдістемелер мен тәсілдер Сүткоректілер отрядын анықтайтын кесте.
Ұсынылатын әдебиеттері:1-7 (негізгі), 8-11 (қосымша)
2 - тақырып. Жаратылыстануда оқыту әдістемесінде Любендік және эволюция - биологиялық бағыт (1 сағат)
Сабақтың мақсаты:
Жаратылыстануда оқыту әдістемесінде Любендік және эволюция - биологиялық бағыттардың ерекшеліктерін зерделеу.
1 - тапсырма. Любендік бағыт ерекшеліктері
2 - тапсырма. К. Рулье бағыттары
Ұсынылған әдебиеттер: 1-7 (негізгі), 8-11 (қосымша)
3 - тақырып. ХХ ғасыр басындағы мектеп жаратылыстануы (1 сағат.)
Сабақтың мақсаты:
ХХ ғасыр басындағы мектеп жаратылыстануының жетістіктерімен талдау.
1 - тапсырма. Ресейдің мектептерінің дамуы
2 - тапсырма. Жаратылыстану жетістіктері
Ұсынылған әдебиеттер: 1-7 (негізгі), 8-11 (қосымша)
4 - тақырып. Биологиядан кластан тыс жұмыстардың дамуы.(1 сағат.)
Сабақтың мақсаты:
Биологиядан кластан тыс жұмыстарының ерекшеліктеріне сипаттама беру
1 - тапсырма. Кластан тыс жұмыстар түрлеріне сипаттама
2 - тапсырма . Экскурсия
Бақылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер: 1-7 (негізгі), 8-11 (қосымша)
5 - тақырып. Биология пәні бойынша жүргізілетін оқу – тәрбие жұмыстарының міндеттері (1 сағат)
Сабақтың мақсаты:
Биология пәні бойынша жүргізілетін оқу – тәрбие жұмыстарының мыңызын және ұйымдастыру жүйесін зерделеу
1 - тапсырма. Оқу –тәрбие жұмыстарының маңызы
2 - тапсырма. Мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жүйесі
Ұсынылған әдебиеттер: 1-8 (негізгі), 9-11 (қосымша)
6 - тақырып: Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері (1 сағат)
Сабақтың мақсаты:
Қазіргі мектеп биология курсының мазмұнымен және оқыту ерекшеліктерімен танысу.
1 - тапсырма. Биология курсының мазмұны және жүйесі.
2 - тапсырма. Қазіргі мектеп оқыту ерекшеліктері
Ұсынылған әдебиеттер: 1-8 (негізгі), 9-11 (қосымша)
7 - тақырып: Биологияны оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдері (1 сағат)
Сабақтың мақсаты:
Биологияны оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдерін меңгеру.
1 - тапсырма. Әдістемелік тәсілдердің
2 - тапсырма . Оқу тәсілдері.
Ұсынылған әдебиеттер: 1-8 (негізгі), 9-11 (қосымша)
8 - тақырып. Биологияның оқу жұмысын ұйымдастыру формалары.
(1 сағат)
Сабақ мақсаты:
Биологияның оқу жұмысын ұйымдастыру формаларын меңгеру.
1 тапсырма. Ұйымдастыру формалары.
2 - тапсырма. Тәнтану және пән ішілік байланыстарды қалыптастыру
Ұсынылған әдебиеттер: 1-8 (негізгі), 9-11 (қосымша)
9 - тақырып . Табиғи, сәулет және экрандық оқыту құралдарын көрсету ерекшеліктері. (1 сағат)
Сабақтың мақсаты:
Табиғи, сәулет және экрандық оқыту құралдарын көрсету ерекшеліктерін талдау
1 - тапсырма. Табиғи, сәулет және экрандық оқыту құралдарын көрсетудің жалпы талаптары.
2 - тапсырма. Табиғи, сәулет және экрандық оқыту құралдарын пайдаланудың негізгі тәсілдері
Ұсынылған әдебиеттер: 1-8 (негізгі), 9-11 (қосымша)
10 - тақырып. Факультативтік курстарды өткізу әдістемесі. (1 сағат)
Сабақтың мақсаты:
Факультативтік курстарды өткізу әдістемесінің ерекшеліктерімен танысу.
1 – тапсырма. Факультативтік курстардың ерекшеліктері
2 - тапсырма. Факультативтік курстардың маңызы және пәнаралық байланыстары.
Ұсынылған әдебиеттер: 1-8 (негізгі), 9-11 (қосымша)
11 - тақырып. Тематикалық биологиялық кештерді, олимпиадаларды, көпшілік қоғамдық пайдалы шараларды өткізу.\ (1 сағат)
Сабақ мақсаты:
Тематикалық биологиялық кештерді, олимпиадаларды, көпшілік қоғамдық пайдалы шараларды өткізудің маңызын талдау.
1 - тапсырма. Тематикалық биологиялық кештерді, шараларды өткізу маңызы
2 - тапсырма. Тематикалық биологиялық кештерді, шараларды өткізудің ерекшеліктері
Ұсынылған әдебиеттер: 1-8 (негізгі), 9-11 (қосымша)
12 - тақырып. Тірі табиғат бұрышы (1 сағ.)
Сабақтың мақсаты:
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыруды игеру.
1 - тапсырма. Тірі табиғат мүйісінің төрбиелік мәні.
2 - тапсырма. Тірі табиғат мүйісінің өсімдіктері
Ұсынылған әдебиеттер: 1-8 (негізгі) 9-11 (қосымша)
МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ ТІЗІМІ
-
«Гүлді өсімдіктердің мүшелері» тақырыбын жоспарлау.
-
«Өсімдік...» бөлімі бойынша кез-келген сабақты жүргізу жоспары.
-
«Қарапайымдылар» тақырыбының сабақ жоспары.
-
«Жануарлар» бөлімі бойынша кез-келген сабақта жаңа материалды оқыту жоспары.
-
«Жануарлардың көптүрлілігі» тақырыбында жүргізілген экскурсияға орналған дидактикалық карточка.
-
«Құрттар» тақырыбы бойынша кесте.
-
«Жануарлар» бөліміндегі «Құрттар» тақырыбындағы «паразитизм» ұғымының қалыптасуы.
-
«Жарақаттар» тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты өздігінен орындау.
-
«Тірек-қимыл жүйесі» тақырыбында жүргізілетін сабаққа әдістемелік ұсыныстар. (сабақ-дәріс, сабақ-семинар,сабақ-тәжірибелік жұмыс, сабақ-ойын және т.б.).
-
«Цитология негіздері» тақырыбына бақылау сұрақтарын құрастырындар.
-
«Эволюциялық ілім» тақырыбындағы сабақтың мақсаты мен міндеттерін әзірлендер.
-
«Эволюциялық ілім» тақырыбына тақырыптық жоспар құру.
Достарыңызбен бөлісу: |