№ исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы



бет2/9
Дата17.06.2016
өлшемі1.17 Mb.
#142934
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Республикадан тыс жерде туылған адамдарға ЖСН генерациялау үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері берген туу туралы куәліктерді қоспағанда, «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Конвенция) сәйкес ресімделген туу туралы куәлік ұсынылады.


ЖСН генерациялауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «АӨО» РМК) ХҚТ ТП-ға өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүргізеді.

ЖСН-ның деректер базасында қайталануына жол бермеу мақсатында, «АӨО» РМК аталған азаматқа қатысты мәліметтердің болуына салыстырып тексеру жүргізеді, мәліметтер болмаған жағдайда, генерацияланған ЖСН ХҚТ ТП-ға жолданады.

Генерацияланған ЖСН нөмірі туу туралы куәлікке қосымша парақта осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген ЖСН-мен бірге көрсетіледі, уәкілетті қызметкер қол қояды және паспорттық елтаңбалы мөрмен расталады.

«01» коды 16 жасқа толған азаматтар үшін формуляр ресімдеу кезінде көрсетіледі, бұл ретте 9,10,11-жолдарда туу туралы куәліктің деректері жазылады.

Егер азамат 16 жасқа толғанға дейін паспорт алған болса, 16 жасқа толуы бойынша формуляр толтыру кезінде 9,10,11-жолдарда оның паспортының деректері көрсетіледі.

«00» немесе «01» коды бойынша формулярды ресімдеу кезінде:

Қазақстан Республикасының азаматтығын растау үшін ата-анасының бірінің жеке куәлігі ұсынылады, оның нөмірі, берілген күні және берген орган формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында жазылады;

ата-аналарының азматтығы әртүрлі болған кезде шетелдік ата-анасынан баласының Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын алуы үшін нотариалды расталған өтініш-келісім ұсынылады (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұғандар үшін);

республикадан тыс жерлерде туылған адамдарға формулярларды толтыру Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері берген туу туралы куәліктерді қоспағанда, Конвенцияға сәйкес ресімделген туу туралы куәліктердің негізінде жүргізіледі.

Формулярды толтыру кезінде «04» коды азамат Т.А.Ә. (ол болған кезде) өзгерткен кезде көрсетiледi, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда бұрынғы жеке куәлiгiнiң деректерi, ал 5-жолда – бұрынғы тегi, ал 3 және 4-жолдарда – азаматтың бұрынғы аты, әкесiнiң аты жазылады.

Азаматтың хал актісіне жаза отырып, азаматтың Т.А.Ә. (ол болған кезде) өзгерткен кезде, анықтамалық деректерін өзгерту туралы куәліктің деректері формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында көрсетіледі.

«05» коды азамат туған күнiн өзгерткен кезде көрсетiледi, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда бұрынғы жеке куәлiгiнiң деректерi жазылады. Формулярдың сыртқы бетiндегi бос орында куәліктің туған күнін ауыстыру туралы деректерi көрсетiледi.

Анықтамалық деректерiн өзгерту бойынша («04», «05», «06», «08» кодтары) жеке куәлiк, паспорт беруге формулярды толтыру некеге тұруы (бұзуы) бойынша, ұлты қазақ адамдардың ұлттық дәстүрге байланысты тегін және әкесінің атын өзгерту жағдайларын қоспағанда, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамалық деректерді өзгерту жөніндегі қорытынды (бұдан әрі - анықтамалық деректерді өзгерту туралы қорытынды) шығарылғаннан кейін жүргiзiледi.

Анықтамалық деректерді ауыстырудың шынайылығын анықтау үшін уәкілетті қызметкер тексеру материалдарын қалыптастырады:

азаматтың анықтамалық деректерін өзгерту туралы еркін нысандағы өтініші;

анықтамалық деректерін өзгерту туралы куәлігінің көшірмесі;

екінші рет алған туу туралы куәлігінің көшірмесі (ол болған кезде);

туу туралы акт жазбасының көшірмесі (азамат екінші рет алған туу туралы куәлігін ұсынған жағдайда).

Анықтамалық деректерді ауыстыру туралы өтініштің негізділігін растау кезінде уәкілетті қызметкер екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде анықтамалық деректерін өзгерту бойынша қорытынды шығарады, оны Ішкі істер басқармасының (бөлімнің) бастығы немесе оның орынбасарымен бекітеді. Қорытындыны тіркеу осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамалық деректерін, ұлтын, туған жерін ауыстыру, жеке басын тексеру бойынша және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру, 1974 жылғы үлгідегі паспортты жоғалту туралы қорытындыларды тіркеу журналында (бұдан әрі – қорытындыларды тіркеу журналы) тіркеледі. Тексеру материалы жеке номенклатуралық іске қалыптастырылады.

«06» коды шығарылған жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазуларда сәйкес келмеулер анықталған жағдайда көрсетiледi. 9, 10, 11-жолдарда сәйкес келмеулер анықталған жеке куәлiктiң немесе паспорттың, егер ол жеке куәлiктен бөлек ресiмделсе, деректерi жазылады.

Егер дайындалған жеке басты куәландыратын құжаттарда өндiрiстiк ақауға жол берiлсе, жаңадан ресiмделген формулярмен бiрге бұрынғы формулярды және жiберiлген қатесi бар құжатты жалпы тiзiмге енгiзбей, жеке тiзiлiммен ІІМ КҚПД-ге жіберіледі, ал жеке басты куәландыратын құжаттарды қайта әзірлеу «АӨО» РМК-ның есебінен жүргізіледі. Жаңа құжат дайындалғаннан кейiн бұрынғы (қатесi бар) құжат өндiрiстiк ақау ретiнде «АӨО» РМК-да жойылады, ал формулярдың екеуі де дайындалған құжатпен бiрге толтырылған жерi бойынша қайтарылады. Егер жазудағы сәйкес келмеулер формулярды толтыру кезінде уәкілетті қызметкерлердің кiнәсiнен жол берiлген болса, ІІМ КҚПД-ге жаңадан толтырылған формуляр енгізілген мәліметтің дұрыстығын растайтын құжаттың көшірмесімен бірге жолданады. Формулярдың сыртқы бетiне қате табылған жол көрсетiле отырып, жазба жазылып, паспорттық елтаңбалы мөрмен расталады, қатесi бар құжат жойылады.

Азаматтың фотосуретінің жеке басты куәландыратын құжаттағы фотобейнемен сәйкес келмейтіні анықталған кезде уәкілетті қызметкер құжаттандырылатын адамның жеке басын және құжаттардағы сәйкессіздіктердің себептерін тексергеннен кейін формулярды «06» коды бойынша толтырады.

Жеке басты растау үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтың жеке басын тану хаттамасы (бұдан әрі – жеке басты тану хаттамасы) толтырылады. Жеке басты тану хаттамасы оның фотосуреті мен біруақытта ұсынылған танылатын адамның сыртқы келбетімен мүмкіндігінше ұқсас келетін басқа адамдардың кемінде үш фотосуреті бойынша басқа адамдардың фотокарточкаларымен бірге жақын туыстарын немесе азаматты кемінде 10 жылдан бері білетін адамдарды тарта отырып, толтырылады.

Екі жұмыс күн ішінде қорытынды шығарылып, формулярмен және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған жарамсыз құжаттарды жою туралы актімен (бұдан әрі – жою туралы акті) бірге осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес құжаттың жарамсыз болу себебін көрсете отырып, ІІМ КҚПД-ге жолданады. Қорытындыны тіркеу қорытындыларды тіркеу журналында жүргізіледі.

«07» коды құжат пайдалануға жарамсыз болған жағдайда (бүліну, ескіру, техникалық ақаулар, паспорттың барлық беттерін пайдалану, жеке басын куәландыратын құжатта ЖСН болмауы) көрсетіледі.

Бүлінуіне, ескіруіне, жеке басын сәйкестендірудің мүмкін болмауына байланысты пайдалануға жарамсыз құжат формулярды толтыру кезінде алынады, азаматтың қалауы бойынша уақытша жеке куәлік беріледі.

Сонымен бірге, «07» коды формулярды деректер базасында «талап етілмеген құжаттар» ретінде жарамсыздар қатарына енгізілген құжаттың негізінде толтыру кезінде көрсетіледі.

«08» коды азамат өзiнiң ұлтын өзгертуіне байланысты формулярды толтыру кезінде көрсетiледi.

Формулярды «08» код бойынша толтыру кезінде мыналарды басшылыққа алу қажет:

азаматтардың паспорттарында және жеке куәліктерінде ұлты туралы жазбаны өзгерту олардың жазбаша өтініштері бойынша туу туралы куәліктерінің және қолдаухаттың негізділігін растайтын өзге де құжаттардың негізінде жүргізіледі;

паспортта және жеке куәлікте ұлты туралы жазба ата-аналарының ұлтына сәйкес жүргізіледі. Ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде Қазақстан Республикасының азаматы ұлтын әкесінің немесе анасының ұлты бойынша еркін таңдайды. Одан әрі өтініш бойынша ұлты тек басқа ата-анасының ұлтына өзгереді.

Ерекше жағдайларда қуғын-сүргін кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшірілген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарында, жеке куәліктерінде ұлты туралы жазбаны өзгертуге рұқсат етіледі. Ұлтын өзгерту «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін ақталғаны туралы анықтаманың негізінде жүргізіледі.

Формуляр ұлтын өзгерту туралы өтініштің негізділігі расталғаннан және Ішкі істер басқармасының (бөлімнің) бастығы немесе оның орынбасары бекітетін екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде шығарылатын ұлтын өзгерту бойынша қорытындыдан кейін толтырылады және қорытындыларды тіркеу журналында тіркеледі. Тексеру материалдары бөлек номенклатуралық істе қалыптастырылады.

Формулярдың 9, 10, 11-жолдарында бұрынғы жеке куәліктің (немесе паспорттың – шетелде тұратындар үшiн) деректерi жазылады, ал формулярдың сыртқы бетiндегі бос орында паспорттық елтаңбалы мөрмен расталатын ұлтын өзгерту туралы қорытындының нөмiрi мен күнi жазылады. 8-жолда азаматтың жаңа ұлты, ал 8-жолдың астына бұрынғы ұлты жазылады.

Біруақытта 8-жол бойынша формуляр ресімдеу кезінде уәкілетті қызметкер азаматқа ұлты туралы жазбаның өзгертілгені туралы анықтама береді, ол азаматтық хал актілеріндегі тиісті жазбаларда ұлты туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу үшін тұрғылықты жері бойынша азаматтық хал актілері жазбалары (бұдан әрі – АХАЖ) органдарына ұсынылады.

Осы «08» код азамат жеке басын куәландыратын құжаттарын оларда ұлтын көрсеткiсi келмеуiне байланысты ауыстырған кезде формулярды толтыру кезiнде көрсетiледi. 8-жол толтырылмайды, онда «999» коды қойылады.

«09» коды азамат жеке куәлiгiн жоғалтуына байланысты формулярды толтыру кезінде көрсетiледi.

Жеке куәлігін жоғалтқан азаматтар ішкі істер органдарына осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттың қайда, қашан және қандай жағдайда жоғалғанын көрсете отырып, жазбаша өтініш береді.

Жеке басын растауды тексеру және жоғалған жеке куәлік туралы мәліметтер беруді уәкілетті қызметкер деректер базасында жүргізеді.

Картотекада формуляр болмаған жағдайда осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның жоғалғаны туралы акт жасалады.

Жеке басын және жоғалған жеке куәлік туралы мәліметтерді растау үшін ІІМ КҚПД деректер базасынан ІІМ КҚПД паспорттық елтаңбалық мөрімен расталған фотосуреті бар ақпарат сұратылады.

Жеке куәліктері басқа өңірлерде алынған азаматтар өтініш білдірген жағдайда, ХТҚ ТП жоқ көші-қон полициясы бөліністері құжат иесінің сәйкестігін растау және жоғалған құжат туралы мәліметтер беру үшін осы Қағидаларғы 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреттері бар формулярдың көшірмелерін ұсыну туралы сұрау салу жолдайды.

Жеке басын куәландыратын құжаттарды, 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорттарын жоғалтуға байланысты сұрау салулар азаматтардың өтініштері келіп түскеннен кейінгі келесі жұмыс күннен кешіктірмей жолданады, ал формулярдың көшірмесін беру туралы сұрау салуға жауаптар осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес сұрау салу бастамашыларына олар келіп түскеннен кейін 48 сағаттан кешіктірмей жолданады.

Формулярдың 9, 10, 11-жолдарында жоғалған жеке куәлiктің деректерi жазылады. Паспорты болған кезде 9, 10, 11-жолдарда қолындағы паспортының деректерi көрсетiледi. Формулярдың сыртқы бетіне жоғалған құжатты қалпына келтiру туралы азаматтың өтінішінің нөмiрi және күнi жазылады.

Азаматтың қолында жеке басын куәландыратын құжаттардың біреуі (жеке куәлік немесе паспорт) болған кезде жеке басын сәйкестендіру қолында бар құжат бойынша деректер базасында жүргізіледі.

«10» коды азамат заңды мекенжайын ауыстырған кезде, егер ескі үлгідегі жеке куәлігінде толық заңды мекенжайы жаңа тіркелген мекенжайына сәйкес келмейтін (қала, аудан, көше, үй, пәтер) болған кезде көрсетiледi.

9, 10, 11-жолдарда азаматтың жеке куәлiгiнiң деректерi жазылады және 14-жол (бұрынғы тіркелген мекенжайы) толтырылады.

«11» коды формулярды толтыру кезінде егер 1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспортын ұсынған немесе оны жоғалтуына байланысты қалпына келтiрген, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн, жеке басын куәландыратын құжаттарды беру туралы қолдаухатпен алғаш рет жүгінген 18 жасқа толған адамдар туу туралы куәлігін ұсынған кезде жеке куәлiк пен паспорт алғаш ресiмделген жағдайда көрсетіледі.

«11» код бойынша формулярды ресімдеу үшін мынадай тәртіп белгіленеді:

1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспорттар бойынша азаматтардан жеке басты куәландыратын құжаттарды уақтылы алмау себептерi көрсетілген еркін нысандағы өтініш, барлық тұрған, оқу, жұмыс орындары көрсетілген толық өмірбаяны, 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорты қабылданады.

Осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген тәртіпте уәкілетті қызметкер куәландырған 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортының көшірмесі тексеру материалына тігіледі.

Паспорттардағы тіркеу мөртабанының түпнұсқалылығы күмән тудырған немесе басылмаған кезде уәкілетті қызметкер азаматтың азаматтығын растау үшін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелу заңдылығына тексеру жүргізеді. Тіркеу туралы мәліметтер аумақтық ішкі істер органдарының мекенжай-анықтама мұрағаты, селолық, ауылдық округтердің шаруашылық кiтаптары бойынша тексеріледі. Тіркелу фактісін анықтау үшін бұрынғы тұрған жерлері бойынша сұрау салулар жүргізіледі.

Аталған адамға паспорттың берiлгенін және фотосуреттердiң ұқсастығын растау, сондай-ақ ерекше белгiлерiнiң (шетел мемлекетінің азаматтығы, паспортты ауыстыру, жоғалту, құзыреттi органдардың сұрау салулары туралы) болуын тексеруді жүзеге асыру үшiн уәкілетті қызметкер осы паспортты берген органға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес суреті бар 1-н көшірмесін және оның берілгенін растайтын 1974 жылғы үлгідегі паспорттарды есепке алатын 2-нысанды кітаптан (бұдан әрі - 2-нысанды кітап) жазбаларды ұсыну туралы сұрау салу жолдайды. Сұрау салуға жауап осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолданады.

Паспорттық елтаңбалы мөрмен расталған 1-н көшiрмесi және 2-н кітабынан алынған мәліметтер тексеру материалына тiгiледi.

Уәкілетті қызметкер азаматты Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы немесе оны жоғалтуы, республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуі, республика аумағына шетелдік ретінде тіркелуі жөніндегі есептер бойынша тексереді. Тексеру бойынша мәліметтер тексеру материалдарына тiгiледi.

Жеке басын анықтау үшін уәкілетті қызметкер азаматтың фотосуреті мен онымен бірге ұсынылған танылатын адамның сыртқы келбетімен мүмкіндігінше ұқсас келетін басқа адамдардың кемінде үш фотосуреті бойынша жақын туыстарын немесе азаматты кемінде 10 жылдан бері білетін адамдарды тарта отырып, адамның жеке басын тану хаттамасын толтырады.

Азаматтың жеке басын анықтау және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін растау кезінде уәкілетті қызметкер осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке басын анықтау және Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын растайтын құжаттарды беру бойынша қорытынды (бұдан әрі – жеке басын анықтау бойынша қорытынды) шығарып, қорытындыларды тіркеу журналына тіркейді, оның нөмірі мен күні формулярдың сыртқы бетінде көрсетіліп, паспорттық елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде 1992 жылғы 1 наурызға тұрақты тіркелгенін растайтын құжаттар болмаған кезде, егер азаматтар Қазақстан Республикасында тіркеу есебінен шығарылған және тоғыз ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жаңа келген орны бойынша тіркелмеген болса, уәкілетті қызметкер азаматтың азаматтығын анықтауға тексеру жүргізеді.

Тексеру аяқталғаннан кейін оған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2045 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығымен (бұдан әрі – ІІМ-нің 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығы) бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қарауы жөніндегі нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігі туралы анықтама (бұдан әрі – 5 нысанды анықтама) беріледі.

5-нысанды анықтама Қазақстан Республикасының азаматын паспортпен және жеке куәлікпен құжаттандыру туралы шешім қабылдауға негіз болып табылады, 5-нысанды анықтама және 1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспортының берілгенін растайтын 1-н көшірмесі болған кезде тексеру материалдарын қалыптастыру жүргізілмейді, бұл ретте 1-н көшірмесін азаматтық және иммиграция бөлімі 5-нысанды анықтамамен бірге ұсынады.

Формулярды ресімдеу кезінде 5-нысанды анықтаманың нөмірі мен күні және анықтаманы берген орган формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында көрсетіледі және паспорттық елтаңбалы мөрмен расталады.

1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспортын жоғалтуына байланысты «11» коды бойынша формуляр ресімдеу үшін азаматтардан:

жеке басын куәландыратын құжаттарды уақтылы алмау және жоғалту себептерi көрсетілген еркін нысандағы өтініш;

барлық тұрған, оқыған, жұмыс істеген жерлері көрсетілген толық өмірбаян қабылданады.

Уәкілетті қызметкер аталған адамға паспорттың берілгенін және фотосуреттердің ұқсастығын растауға, азаматтарға Қазақстан Республикасының азаматтығын растау үшін Қазақстан Республикасы аумағында тіркелу заңдылығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу немесе оны жоғалту, республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, республика аумағында шетел азаматы ретінде тіркелу мәніне тексеру жүргізеді. Тексеру бойынша мәліметтер тексеру материалдарына тiгiледi.

Азаматтың фотосуреті мен біруақытта ұсынылған танылатын адамның сыртқы келбетімен мүмкіндігінше ұқсас келетін басқа адамдардың кемінде үш фотосуреті бойынша, жақын туыстарын немесе азаматты кемінде 10 жылдан бері білетін адамдарды тарта отырып, адамның жеке басын тану хаттамасы толтырылады.

Азаматтардың 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорттарын жоғалту туралы өтініштерінің негізінде осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1974 жылғы үлгідегі паспортты жоғалтқаны туралы іс басталады. Осы іске тіркеу нөмірі беріледі: алымы – өтініштердің тіркеу нөмірі, бөлімі – ағымдағы жылдағы істердің реттік нөмірі. 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорттарын жоғалту туралы істер осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1974 жылғы үлгідегі паспорттарды жоғалту туралы істерді тіркеу журналында тіркеледі.

Азаматтың жеке басы анықталған және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігі расталған кезде, уәкілетті қызметкер екі жұмыс күні ішінде жеке басын тексеру нәтижелері және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру бойынша қорытынды шығарады, оны Ішкі істер басқармасының (бөлімінің) бастығы не болмаса оның орынбасары бекітеді және қорытындыларды тіркеу журналында тіркеледі.

Формулярдағы 9, 10, 11-жолдарда жоғалған 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортының деректері, ал формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға паспорттық елтаңбалы мөрмен куәландырылған жоғалту туралы істің нөмірі мен күні жазылады.

Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде 1992 жылғы 1 наурызға тұрақты тіркелгенін растайтын құжаттар болмаған кезде, егер азаматтар Қазақстан Республикасында тіркеу есебінен шығарылған және тоғыз ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жаңа келген орны бойынша тіркелмеген болса, азаматқа оның азаматтығын анықтау үшін тексеру жүргізіледі, аяқталғаннан кейін оған Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (және паспортын) әзірлеу үшін формуляр ресімдеу туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын 5-нысанды анықтама беріледі.

5-нысанды анықтама және 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортының берілгендігін растайтын 1-нысанның көшірмесі болған жағдайда қосымша тексеру материалдары жинақталмайды, бұл ретте 1-нысанның көшірмесін азаматтық және иммиграция бөлімі 5-нысанды анықтамамен бірге береді.

Формулярды ресімдеген кезде 5-нысанды анықтаманың нөмірі мен күні және анықтаманы берген орган формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында көрсетіледі және паспорттық елтаңбалы мөрмен расталады.

Жеке басты куәландыратын құжаттар беруге алғаш рет өтініш білдірген және туу туралы куәлігін ұсынған 18 жасқа толған адамдарға формулярды ресімдеу олардың жеке басын тексеріп, Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігі анықтағаннан кейін жүзеге асырылады.

«11» коды бойынша көрсетілген санаттағы адамдарға формуляр ресімдеу үшін азаматтан:

жеке басты куәландыратын құжатты уақтылы алмау себебi көрсетілген еркін нысандағы өтініш;

барлық тұрған жері, оқу, жұмыс орындары көрсетілген толық өмiрбаяны;

туу туралы куәлiгi;

ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжаты қабылданады.

Осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген тәртіппен уәкілетті қызметкер растаған туу туралы куәліктің, ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері тексеру материалына тігіледі.

Ұсынылған туу туралы куәлiкті растау үшін АХАТ органдарынан туу туралы актілік жазбасының көшірмесі сұратылады.

Уәкілетті қызметкер азаматтың фотосуреті мен біруақытта ұсынылған танылатын адамның сыртқы келбетімен мүмкіндігінше ұқсас келетін басқа адамдардың кемінде үш фотосуреті бойынша, жақын туыстарын немесе азаматты кемінде 10 жылдан бері білетін адамдарды тарта отырып, адамның жеке басын тану хаттамасын толтырады.

Екі жұмыс күні ішінде жеке басын тексеру нәтижелері бойынша қорытынды шығарылады, оны Ішкі істер басқармасының (бөлімінің) бастығы немесе оның орынбасары бекітеді, содан кейін ол қорытындыларды тіркеу журналында тіркеледі.

Формулярдағы 9, 10, 11-жолдарда туу туралы куәліктің деректері формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға паспорттық елтаңбалы мөрмен куәландырылған жеке басын тексеру қорытындысының нөмірі мен күні жазылады.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында кәмелеттік жасқа толғанға дейін тұрақты тiркелмеген 18 жасқа толған адамдарға олардың азаматтығын анықтауға тексеріс жүргізіледі, аяқталғаннан кейін оларға Қазақстан Республикасының азаматын жеке куәлікпен және паспортпен құжаттандыру туралы шешім қабылдау үшін үшін негіз болып табылатын 5-нысанды анықтама беріледі.

5-нысандағы анықтама болған кезде тексеру материалдары жинақталмайды.

Формулярды ресімдеу кезінде 5-нысанды анықтаманың нөмірі, күні және анықтаманы берген орган формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында көрсетіледі және паспорттық елтаңбалы мөрмен расталады.

Азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтылығына тиесілігі туралы 5-нысанды анықтамаларды беру кезінде оларды берген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін азаматтар 5-нысанды анықтаманы қайта алуға жіберіледі.

5-нысанды анықтамалар (немесе оның телнұсқалары) аумақтық бөліністерде ұдайы сақталуға жатады.

«12» коды Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдарға формуляр толтыру кезінде көрсетiледi. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда ІІМ 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтаманың (бұдан әрі - 6-нысанды анықтама) деректері жазылады. 15-жолда – бұрынғы азаматтығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған күні (азаматтығы жоқ адамдар үшін – АЖТ «990» коды) көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының (бұдан әрі – Жарлық) нөмірі немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған тәртіппен қабылдау туралы ішкі істер органдарының қорытындылары формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға көрсетіледі және паспорттық елтаңбалы мөрмен расталады.

Бұрын ата-аналарымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған балаларға Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігіне формуляр ресімдеу олардың ата-аналарының 6-нысанды анықтамасының немесе анықтамалардың телнұсқалары негізінде ресімделеді. Формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға туу туралы куәліктің нөмірі, күні, оны берген орган көрсетіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы Жарлықтың немесе ішкі істер органдарының қорытындысы көрсетіледі.

Туу туралы куәлік олардың заңдастыруы не апостиль қоюы болмауы себепті формулярды ресімдеу үшін негіз бола алмаған жағдайда, балаларды ресімдеу ішкі істер органдары олардың ата-анасына балаларының анықтамалық деректерін көрсете отырып, беретін 6-нысанды анықтамалардың ұсынылған телнұсқалары бойынша жүзеге асырылады.

Формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға 6-нысанды анықтаманың телнұсқасы атына берілген ата-анасының жеке куәлігінің берілген күні мен нөмірі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған Жарлықтың нөмірі көрсетіледі.

Бұрын ата-анасымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, бірақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды уақтылы алмаған 18 жасқа толған адамдарды ресімдеу көрсетілген адамдарға ішкі істер органдары қайта берген Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдағаны туралы 6-нысанды анықтамалардың негізінде жүзеге асырылады.

6-нысанды анықтама (не олардың телнұсқалары) аумақтық бөліністерде тұрақты сақталуға жатады.

«13» коды тек паспортын жоғалтқан азаматтарға формуляр толтыру кезінде көрсетiледi. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда жеке куәліктің деректері жазылады, ал формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға паспорттық елтаңбалы мөрмен куәландырылған азаматтың паспортты қалпына келтіру туралы өтінішінің нөмірі мен күні жазылады.

16 жасқа дейінгі балаға дайындалған паспорт жоғалған жағдайда, құжатын қалпына келтіру туралы өтінішті оның ата-анасының біреуі немесе заңды өкілі жазады.

«14» коды жеке куәлікке арналған формулярды елдi мекен атауының өзгеруіне байланысты толтырған кезде көрсетiледi. 14-жол толтырылмайды, ал 9, 10, 11-жолдарда қолындағы жеке куәлігінің деректері жазылады.

«15» коды формулярды Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшiн шетелден қайтып оралған Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiк ресiмдеу кезінде көрсетiледi. Бұл ретте 14-жол (бұрынғы тұрғылықты жерi) толтырылады, ал 9, 10, 11-жолдарда Қазақстан Республикасы азаматының қолында бар паспортының деректерi жазылады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден Қазақстан Республикасының аумағына уақытша тұру мақсатында келген Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының паспорты негізінде келген орны бойынша уақытша тіркеу ресімделеді.

Егер Қазақстан Республикасының азаматы бұрын тұрған елінің консулдық есебінен шықпай Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келсе, ол: азаматтығына тиесілігін міндетті түрде көрсете отырып, бұрын тұрған елдің есебінен шығу туралы Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесі (не Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті) берген анықтаманы не бұрынғы тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шыққандығы туралы шет мемлекеттің құзырлы органдары берген және тиісті түрде растаған құжатты ұсынуы қажет.

Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берілген күнінен үш айдан астам мерзімге берген Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты тіркеу есебінен шығу туралы мөр басылған кету парағының түпнұсқасы ұсынылған жағдайда уәкілетті ішкі істер органы бұрын тұрған елдің азаматтығында және тіркеуінде болу мәніне тексеріс жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет