Ғалымның жазу, орфография жөніндегі теориялық зерттеулері негізінен қазақ әліпбиін жасау, бөгде тілдің графикасын қазақ тілінің ішкі ерекшелігіне бейімдеудің тиімді жолдарын іздестіру, жүйелі жазу емлесін құрастыру, оны жетілдіру, орфоэпия мен орфографияның өзіндік белгілеріне сай қазақ тілі дыбыстарының ерекшеліктерін көрсету, қазақ тіліне енген терминдердің жазылу заңдылықтарын бір жүйеге келтіру, қазақ орфографиясының жетекші принципін анықтау, т.б. бағыттарда болды. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады десек, графиканың басты қағидаларының бірі - белгілі бір әріп бір ғана фонеманың таңбасы болуы керек. Сондықтан да Қ.Жұбанов қазақ орфографиясын ғылыми негізде құру үшін алфавит құрамына енуге тиісті әріптердің санын қазақ тіліндегі белгілі бір фонеманың іс жүзіндегі қажеттілігіне қарай белгілеуді мақсат еткен - Ғалымның жазу, орфография жөніндегі теориялық зерттеулері негізінен қазақ әліпбиін жасау, бөгде тілдің графикасын қазақ тілінің ішкі ерекшелігіне бейімдеудің тиімді жолдарын іздестіру, жүйелі жазу емлесін құрастыру, оны жетілдіру, орфоэпия мен орфографияның өзіндік белгілеріне сай қазақ тілі дыбыстарының ерекшеліктерін көрсету, қазақ тіліне енген терминдердің жазылу заңдылықтарын бір жүйеге келтіру, қазақ орфографиясының жетекші принципін анықтау, т.б. бағыттарда болды. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады десек, графиканың басты қағидаларының бірі - белгілі бір әріп бір ғана фонеманың таңбасы болуы керек. Сондықтан да Қ.Жұбанов қазақ орфографиясын ғылыми негізде құру үшін алфавит құрамына енуге тиісті әріптердің санын қазақ тіліндегі белгілі бір фонеманың іс жүзіндегі қажеттілігіне қарай белгілеуді мақсат еткен
Дыбыс жазуы дыбысталған сөздің сол қалпындағы көшірмесі емес, оның басты қызметі ой мен сезімді жеткізу болғандықтан, дыбыс жазуында фонетикалық қоршауға тәуелді, фонологиялық жүктемесі жоқ, небір дыбыс құбылыстары ескерілмейді. Қ.Жұбанов та фонологиялық жазудың ерекшелігі бойынша фонемалардың негізгі реңкі таңбаланады да, фонетикалық қоршауға тәуелді реңктері ескерілмейтінін басты нысана етіп ала отырып, дыбыстық қоршауға тәуелді кез-келген дыбыстық құбылысты жазуда таңбалай беру ультра-фонетик бағытқа бой ұру болатынын айтады. Ғалымның айтуынша, қазақ жазуы фонетикалық принципті ұстануы тиіс, себебі бұл принцип қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сәйкес келеді дейді. Қ.Жұбанов бұл жерде фонологиялық принцип туралы айтқан, себебі ол кезде “фонология” термині қолданыста болмағанын және ғалымның сөз дыбысталуына жақын жазылуы керек деген сөзін ескеруіміз керек. - Дыбыс жазуы дыбысталған сөздің сол қалпындағы көшірмесі емес, оның басты қызметі ой мен сезімді жеткізу болғандықтан, дыбыс жазуында фонетикалық қоршауға тәуелді, фонологиялық жүктемесі жоқ, небір дыбыс құбылыстары ескерілмейді. Қ.Жұбанов та фонологиялық жазудың ерекшелігі бойынша фонемалардың негізгі реңкі таңбаланады да, фонетикалық қоршауға тәуелді реңктері ескерілмейтінін басты нысана етіп ала отырып, дыбыстық қоршауға тәуелді кез-келген дыбыстық құбылысты жазуда таңбалай беру ультра-фонетик бағытқа бой ұру болатынын айтады. Ғалымның айтуынша, қазақ жазуы фонетикалық принципті ұстануы тиіс, себебі бұл принцип қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сәйкес келеді дейді. Қ.Жұбанов бұл жерде фонологиялық принцип туралы айтқан, себебі ол кезде “фонология” термині қолданыста болмағанын және ғалымның сөз дыбысталуына жақын жазылуы керек деген сөзін ескеруіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |