- Қ.Жұбанов емле жасау жөнінде өз ойларын былайша тұжырымдайды: “Қазақтың әдеби тілінде ұстап-тұтынылатын сөздердің бәрі де дұрыс жазылып, әрқайсының өзіне меншікті тұрақты таңбасы болуы керек те, сол тұрақты түрден айнып, басқаша жазылған жазудың бәрі де қате делінетін болуы керек. Бірақ ол үшін мына сөз “таза қазақша”, мынаның “тегі жат” деп, - сөз-сөздің тегін қосып жатудың қажеті жоқ: тегі қайдан шықса да бәрі бір, қазақ тіліне кірген сөздің бәрі де қазақтың өз сөзі делінуі керек”, - дейді . Ол ереже жасауда негізгі есте болар жай, “емле жеңіл болу үшін ереженің санын да, ережеге көнбейтін одағай қалыптардың санын да құр тек “аз ету” шарт емес, қайта тілде бар, емлеге керекті қалыптардың бәрінің түгел тексеріліп, ереже болып қорытылып шығуы шарт”, - дейді
- Басқа тілден енген сөздерді дұрыс жазу үшін олардың дыбысталу қалпын бұзбау қажет, яғни алфавитке сол тілдің дыбысын дәл жеткізе алатын таңба болуы керектігін айтып, халықаралық мәні бар сөздерді дұрыс таңбалау мақсатында қазақ әліпбиіне ф, х, һ әріптерін енгізу туралы да ұсыныс жасайды
Қ.Жұбанов қазақ әліпбиіне и,у әріптерін ұсына отырып: «ұу, үу, ый, ій-лердің әрқайсысында екі-екіден дыбыс бар деушілердің екінші әрі бар күшті дәлелі-бұл қосар әріпті ерте кезде бір дауысты, бір дауыссыздан құралған екі дыбыс болған деседі. Мұнысы дұрыс: «су» сөзі бұрын бірде» «сұу», бірде «сұғ» түрінде болуы рас. Бірақ бұрын сондай болушылығының өзі осы күні сондай екендігінде, немесе, осы күні қосар таңбамен жазудың дұрыстығына дәлел бола ала ма?» деп, олардың бұрын қос дыбыс болғандығына келісе тұрып, қазіргі кезде қос әріппен таңбалауға қарсылық білдіреді. Бұған дәлел ретінде кейінгі зерттеушілер пікірін алға тартады: “Қазақ тілінің грамматикасын ең жақсы тексерген профессор П.Мелиоранский де осы Радлов пікірінде болып, ұу, ій-лерді жалаң әріппен таңбалаған. Бұл дыбыстардың татар тіліндегісі мен қазақ тіліндегісінің ешбір айырмасы жоқ. - Қ.Жұбанов қазақ әліпбиіне и,у әріптерін ұсына отырып: «ұу, үу, ый, ій-лердің әрқайсысында екі-екіден дыбыс бар деушілердің екінші әрі бар күшті дәлелі-бұл қосар әріпті ерте кезде бір дауысты, бір дауыссыздан құралған екі дыбыс болған деседі. Мұнысы дұрыс: «су» сөзі бұрын бірде» «сұу», бірде «сұғ» түрінде болуы рас. Бірақ бұрын сондай болушылығының өзі осы күні сондай екендігінде, немесе, осы күні қосар таңбамен жазудың дұрыстығына дәлел бола ала ма?» деп, олардың бұрын қос дыбыс болғандығына келісе тұрып, қазіргі кезде қос әріппен таңбалауға қарсылық білдіреді. Бұған дәлел ретінде кейінгі зерттеушілер пікірін алға тартады: “Қазақ тілінің грамматикасын ең жақсы тексерген профессор П.Мелиоранский де осы Радлов пікірінде болып, ұу, ій-лерді жалаң әріппен таңбалаған. Бұл дыбыстардың татар тіліндегісі мен қазақ тіліндегісінің ешбір айырмасы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |