Сөздің дұрыс жазылуы, айтылуы сол тілдің ішкі ерекшеліктерінен туындауы керектігін айта келіп: “Емле негізіне қожа сол тілдің жаратылыс заңы болуға керек. Тіліміздің жаратылысына қарасақ, емле дыбыс негізді болуға керек”, - деп түйін жасаған. Ал қазақ орфографиясы мен терминологиясын қалыптастыруда өзіндік орны бар тұлға Е.Омаров қазақ жазуы алғашқы кезеңде фонетикалық принципке сүйенгенмен, кейін бірте-бірте морфологиялық принципке көшу керек деген көзқараста болған еді. - Сөздің дұрыс жазылуы, айтылуы сол тілдің ішкі ерекшеліктерінен туындауы керектігін айта келіп: “Емле негізіне қожа сол тілдің жаратылыс заңы болуға керек. Тіліміздің жаратылысына қарасақ, емле дыбыс негізді болуға керек”, - деп түйін жасаған. Ал қазақ орфографиясы мен терминологиясын қалыптастыруда өзіндік орны бар тұлға Е.Омаров қазақ жазуы алғашқы кезеңде фонетикалық принципке сүйенгенмен, кейін бірте-бірте морфологиялық принципке көшу керек деген көзқараста болған еді.
- Ғалым сауатты жазу үшін ана тіліндегі сөздермен қатар, басқа тілден енген сөздердің де тіліміздегі жазылу заңдылықтары туралы ереже шығару үшін әуелі әліппе мен емле мәселесін шешу керектегі туралы өз ойын төмендегіше білдіреді: “Халықаралық терминдердің емлесі де үзілді-кесілді шешілген жоқ. Орысша жазылуынша болсын деген жалпы бағытқа ешкімнің көріне дауы жоқ сияқты. Бірақ жалпы бағыт бар да, ереже бар. Бұл екеуі бір емес қой. Нағыз толық ереже беру мәселесі әліппе мен емлені түгел қарастырмай шешілмек емес”. Қазақ жазуы үшін қандай принципті басшылыққа алу керек деген мәселені шешу бағытында Қ.Жұбанов тарихи жазбаларға да назар аударады.
Қ. Жұбановтың фонологиялық ерекшелігі - Қ.Жұбанов тіліміздің фонологиялық ерекшеліктерін дөп басып тани білген ғалым қазақ тілі дыбыстарын буын құрамында қарастырып, дауыстылардың таңбасы “буынның жуан-жіңішкелігін білдіретін қарақшы” деген дәлелді пікір айтады. Кезінде ұу, үу, ый, ій - қосынды дыбыстар екендігін көрсете отырып, оларды жазуда жалаң у, и әріптерімен таңбалау туралы айтқан ұсынысы жазу сауаттылығын жақсарту бағытындағы сол алғашқы ізденіс кезеңі үшін маңызы болғанын жоққа шығара алмаймыз. Себебі, латын графикасына негізделген алғашқы дауысты дыбыстар қазақ әліпбиінде 13 әріп (17 таңба) арқылы белгіленген болса, ғалым енді оны қазақ тілінің ішкі мүмкіншілігін ескере отырып, 7 әріппен таңбалауға болатындығын көрсетеді . Латын графикасын қабылдауда кеткен кемшіліктер мен олқылықтарды түзеу жөніндегі жұмыстарға Қ.Жұбанов белсене ат салысты. Қазіргі таңда латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы мәселе көтеріліп жатырса, бұл жөнінде де ғалым есімі еріксіз ойға оралады.
Достарыңызбен бөлісу: |