. Педагогика – тәрбие мен оқыту жөніндегі ғылым Жоспары



бет2/4
Дата22.04.2024
өлшемі35.38 Kb.
#499488
1   2   3   4
1-дәріс

Педагогика өзіндік нысаны мен зерттеу пәніне ие дербес білім саласы ретінде қарастырылатын, педагогикалық тәжірибенің әсерінен дамитын, өзінің теориясы мен әдіснамасын қалыптастырған (әдіснамалық деңгейлерді) және өзіне тән әдістерді қолданатын, негізгі категориясы ‒ тәрбие, білім беру, оқыту болып табылатын ғылым. Ол адамзаттың жинақтаған тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдаушы мақсатты үдеріс пен өскелең ұрпақты өмірге, іс-әрекетке даярлаушы ғылым. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Бүгінде нақты педагогиканың пәні анықталмағанымен көпшілік зерттеушілер оны адамзат жеке тұлғасының қалыптасу мен даму мәнін зерттеу және осы негізде арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үдеріс ретінде тәрбие теориясы мен әдістемесін жасау деп түсіндіреді.
Б.Т. Лихачев бойынша: «Педагогика пәні – нақты-тарихи тәрбие процесінің объективті заңдары». Педагогика пәні – индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеруі, оқу және оқудан тыс уақыт бірлігіндегі біртұтас педагогикалық үдеріс болып табылады. Педагогика пәні - адамдарға білім беру заңдылықтары, принциптері, формасы мен әдістері.
Педагогика ғылымының пәні – бала (адам), соның тәрбиесі, оқуы, үйренуі, дамуы, қалыптасуы. Педагогика пәні нақты тарихи тәрбие процесін оның объективтік заңдылықтарына, әлеуметтік қатынасына, өмірдегі қоғамдық тәрбие тәжірибесіне сүйене отырып, жас ұрпақтың даму, қалыптасуын зерттеу.
Педагогиканың зерттеу пәні – тәрбие, білім беру, оқыту, әлеуметтендіру және адамның шығармашылық өзін-өзі дамыту туралы тұтастай жүйе. Педагогиканың пәні – арнайы әлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы, білім беру және мәдени-тәрбие орындарында – мақсатты-бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас үдеріс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Педагогика пәні – тәрбиелеу, оқыту, білім беру жағдайында жеке тұлғаны дамыту мен қалыптастыруға бағытталған тұтас педагогикалық үдеріс.
Педагогика ғылымының міндеттері педагогикалық мақсаттар арқылы анықталады:

  • Нормативті (мемлекеттік) мақсаттар – өкіметтік құжаттарда анықталған жалпы мақсаттар. Олар мемлекеттегі білім беру мен экономиканың жағдайы туралы кең түрдегі мәлімет негізінде анықталады. Бұл мақсаттар кез келген педагог жұмысының негізгі бағыты.

  • Қоғамдық мақсаттар ‒ әр түрлі топтардағы адамдардың қажеттілігі, қызығушылығы, қоғамдық көзқарасы түрінде қалыптасады;

  • Инициативалық мақсаттар – білім берушілер мен білім алушылар тарапынан анықталады;

  • Білімді, іскерлікті, дағдыны яғни, сана мен мінез-құлықты қалыптастырушы мақсаттар;

  • Ұйымдастырушылық мақсаттар – басқару қызметі аймағына қатысты педагог тарапынан қойылатын мақсаттар;

  • Әдістемелік мақсат – оқыту технологиясы мен оқудан тыс іс-әрекетті түрлендірумен байланысты;

  • Шығармашылық әрекетті қалыптастырушы мақсаттар – нышан, білім алушылардың қызығушылығын дамыту ерекшеліктері, оларды жүзеге асыру.

Педагогика міндеттері екі типке бөлініп қарастырылады.
Тұрақты міндеттер:

  1. Тәрбие, оқыту, білім беру аймағы мен білім беру, тәрбиелеу жүйесін басқару заңдылықтарын ашу міндеті. Педагогикадағы заңдылық – алдын-ала ойластырылып жасалған жағдайлар мен объективті (нақты) және жеткен жетістіктері тәрбиелілік пен білімділік болып табылатын жағдайлар арасындағы байланыс.

  2. Жаңа әдістерді, құралдарды, формаларды, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жүйесін табу міндеті.

  3. Оқытудың болашағын болжау міндеті.

  4. Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу міндеті.

Педагогика ғылымының қажеттіліктері мен тәжірибе нәтижесінде туындайтын уақытша міндеттер:

  1. Электрондық оқулықтар кітапханасын құру;

  2. Педагогикалық біліктілік стандарттарын жасау;

  3. Педагог жұмысындағы типтік стрессті анықтау;

  4. «Қиын» балаларды оқытудың дидактикалық негізін жасау;

  5. Педагогикалық шеберлік деңгейін диагностикалау;

  6. Педагог-білім алушы қарым-қатынасындағы типтік конфликтіні саралау.

Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:

    • сипаттау немесе түсіндіру – озат әрі жаңашыл педагогикалық тәжірибені зерттеу;

    • диагностикалық – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен білім алушы іс-әрекеттерінің нәтижелілігі немесе тиімділігін және оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындау;

    • болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде тәжірибелік зерттеуден өткізу және оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.

Сонымен, педагогиканың зерттейтін мәселелері: жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу заңдылықтары, мәні және олардың тәрбиеге әсері; тәрбие мақсатын анықтау; тәрбие мазмұнын ашу; тәрбие әдістерін зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет