60
Бақылау сұрақтары
1.
Құрылысты ұйымдастыру жобасын жасау жобалаушы үшін
міндетті болып табыла ма?
2.
Құрылысты басқарудың қай субъектіне ұйымдастырушылық
дайындық бойынша жұмыстардың негізгі көлемі жүктеледі?
3.
Дайындық
кезеңінің
жұмыстарының
ұзақтағы
қалай
анықталады?
4.
Сервитуттар жəне құрылыс алаңындағы құрылыс-жинақтау
жұмыстарын ұйымдастыру арасында қандай байланыс бар?
5.
Құрылыстың басталуы, тоқтатылуы, сақталуы, аяқталуы жəне
аяқталған жылжымайтын нысанды пайдалануға беру жайында шешімді кім
қабылдайды?
2.5. Мердігер сауда-саттықты ұйымдастыру
Құрылыста мердігер сауда-саттығы құрылыс жұмыстарын орындауға
тапсырыстарды орналастырудың ең басым əдісі болып табылады. Сауда-
саттықтың негізгі қатысушылары сауда-саттықты ұйымдастырушы рөлінде
тапсырыс беруші, сауда-саттық рəсімін өткізуді қамтамасыз ететін орган –
тендерлік комитет, мердігер келісімшартын жасау құқығы үшін таласатын
сауда-саттық қатысушылары – үміткерлер (оференттер).
Мердігер сауда-саттығын ұйымдастыру жəне өткізумен байланысты
қосымша құралдардың шығындануы мердігерлерді құрылыс өнімдерінің
бағасын негізсіз көтеруден қашу жəне сол арқылы жұмыс өндірісінің одан
да үнемді əдістерін іздестіру арқылы өтеледі.
Байқауға қатысушы барлық үміткерлер үшін өндіріс қорларының
бағасы айтарлықтай тең, сондықтан байқауда құрылыс өндірісін
ұйымдастыру саласындағы оңтайландырулар арқылы жеңіске жетуге
болады. Демек, тапсырыстарды орналастыру кезінде бəсікелестік
шарттарын жасау,сауда-саттықтың басымдылығы болып табылады.
Сонымен қоса, мекеменің пəндік мамандығының қарқынды дамуы,
монопольді
құрылымдардың
шағындалуыжүзеге
асады,
құрылыс
мекемелернің орналасу шегінен тыс салынған құрылыстың үлесі артады.
Отандық мекемелердің техникалық дамуының ынталандырушысы
шетел фирмалары жағынан бəсекелестік болып табылады.
Байқау сауда-саттығының жүйесі отандық құрылысты əлемдік
құрылыс нарығына шығарудың жан-жақты механизмі болып табылады.
Сауда-саттықтың негізгі түрлерінің жіктелуі:
алдын-ала біліктілігі бар немесе жоқ – ұйымдаструшының
үміткерлерді алдын-ала таңдауын қалай жүргізетініне байланысты;
61
ашық жəне жабық – сауда саттыққа арнайы анықталған шарттарды
қанағаттандыратын үміткерлер ғана қатысуы немесе үміткерлердің
шектеусіз санының қатысуына байланысты;
бастапқы жəне қайталама – берілген нəрсе бойынша сауда-саттық
нешінші рет белгіленуіне байланысты;
жария жəне құпия – сауда-саттық процесінде оференттердің
қатысуына жəне олардың нəтижесін жария етумен байланысты;
бірлік – жабдықтар немесе басқа да тауарлар тек бір фирмадан
алынатын кезде, ал мемлекеттік мекемелер үшін жалпы келісімшарт жасау
берілген мемлекеттің заңына қайшы келетін жағдайларда тапсырыс
берушімен таңдап алынған мекемемен.
Сауда-саттықты өткізу кезінде тапсырыс берушінің басты
функциялары болып табылады:
сауда-саттықты өткізу жайлы шешім қабылдау;
сауда-саттықты ұйымдастырушы қызметін бақылауды жүзеге
асыру жəне де өзінің өкілі арқылы тендерлік комитетке қатысу;
сауда-саттық жеңімпазымен келесім шарттың соңғы əрі нақты
шарттарын орнату жəне шартқа отыру;
сауда-саттықты
жариялау
үшін
құжаттарды
дайындау,
жарнамаларды жариялауды, ұсыныстарды таратуды жүзеге асыру;
тендерлік комитетті жасақтау;
тендерлік комитеттің жəне тендерлік жəне басқа да қажетті
құжаттарды дайындайтын тартылатын инженерлік-кеңес мекемелерінің
қызметін бақылау жəне бағыттау;
сауда-саттық нəтижелерін бекіту;
тендерлік комитеттің шешіміне апелляцияны қарастыру;
тендерлік комитетті жою;
сауда-саттықты дайынау жəне өткізу бойынша барлық
шығындарды көтеру.
Тендерлік комитет – бұл тапсырыс берушілермен немесе
ұйымдастырушылармен сауда-саттықты өткізу үшін құрылған тұрақты
немесе уақытша орган.
Ол келесі функцияларды атқарады:
үміткерлердің алдын-ала біліктілігін өткізеді;
тендерлік
құжаттардың
жасалуын
жəне
қарастырылуын
ұйымдастырады жəне бұл құжаттарды өзгерту сұрақтарын шешеді;
үміткерлерді тендерлік құжаттармен таныстырады жəне қажетті
түсіндірмелерді береді;
ұсынылған оферталардың жиналуын, сақталуын жəне бағалануын
қамтамасыз етеді;
сауда-саттық рəсімін жəне оны рəсімделуін жүзеге асырады;
62
жеңімпазды анықтайды немесе сауда-саттық нəтижесі бойынша
басқа шешім қабылдайды жəне оны бекітуге жібереді;
бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттықтың нəтижелерін
жариялайды.
Тендерлік комитет шешімдері жабық отырыстарда қабылданады
жəне дауыс беруге қатысқан тендерлік комитеттің барлық мүшелерінің
қолы қойылған хаттама арқылы рəсімделеді. Тапсырыс берушінің
тендерлік комитеттің шешімін өзгертуге немесе жоюға құқығы бар.
Тендерлік комитеттің құрамына келесі өкілдер тартылады: əр түрлі
бөлімшелердің, Қазақстан Республикасы субъекті əкімдігінен, жобалық,
ғылыми-зерттеу, инженерлік-зерттеу жəне басқа да мекемелердің
мамандары.
Оферент – бұл оның атынан оферта, яғни, үміткердің сауда-саттыққа
қатысуға ниеттілігін жазбаша растайтын құжаттар кешенін ұсынатын
тұлға.
Оферент статусын алғанға дейін тұлға сауда-саттыққа қатысуға
тендерлік комитетке жүгінгеннен кейін, үміткер статусына ие болады.
Үміткер тендерлік комитеттен мердігер сауда-саттығын өткізудің
шарттары жəне реті бойынша түпкілікті ақпарат алуға, жазбаша түрде
оферта беруді шегеру жайында өтінішпен тендерлік комитетке жүгінуге
құқы бар.
Сауда-саттық жайында жарнамаларды дайындау жəне жариялауды
тендерлік комитет жүзеге асырады. Жарнамада көрсетілетін мердігер
сауда-саттығы жайлы ақпарат құрамы келесідей:
нысан атауы;
нысанның негізгі сипаттамалары;
тапсырыс
берушінің,
жобалаушының,
сауда-саттықты
ұйымдастырушылардың атауы;
құрылыс алаңының орны;
құрылыстың басталу жəне аяқталу мерзімі;
кепіл көлемі жəне аударуға арналған есеп айырысу шоты;
тендер құжаттарын көрсету мерзімі;
тендер құжаттарының құны;
құжаттардың жасалған тілі;
тендер құжаттарын қарастыру сұрақтары жəне құрылыс алаңына
бару жайлы ақпарат;
тендерлердің қайту мерзімі жəне қайтарылатын мекен-жайы;
тендерлерді ашу сұрақтары бойынша ақпарат;
офертаны бағалаудың жəне үміткерлер ұсыныстарын талқылаудың
болжалған уақыты;
тендерлік кепіл талаптары;
63
жұмыстарды мерзімінен бұрын аяқтағаны үшін сыйақы жайлы
ақпарат;
қаржыландыру шарттары;
құрылыс кезінде өзгертілуі мүмкін болатын мемлекеттік жəне
заңдық органдармен, жер жəне жылжымайтын мүлік иелерімен енгізілген
шектеулер;
ұсыныстарды бағалау шарттары.
Ашық сауда-саттық жайлы жəне олардың өту нəтижелері жайлы
барлық жарнамалар жарияланатын ресми кезеңді басылымдар «Тендер
КЗ», «ZAKUPKI.KZ» т.б. газеттері, сайттары жəне олардың арнайы
қосымшалары болып табылады.
Тендерлік құжаттар – бұл сауда-саттық пəні жайлы технологиялық,
коммерциялық, ұйымдастырушылық жəне басқа да сипаттамалары бар
жəне сауда-саттықтың шарттары мен өтуі жайлы ақпарат бар құжаттар
жиынтығы.
Тендерлік құжаттардың нақты құрамы мен оларды дайындау
шарттарын
тапсырыс
берушінің
немесе
сауда-саттық
ұйымдастырушысының
тапсырысына
сəйкес
тендерлік
комитет
анықтайды.
Тендерлік құжаттаманың толық жиынтығы үміткердің ресми
сұрауымен жеке бағаға беріледі.
Тендерлік құжаттама келесі бөлімдерден тұрады.
Нысан жəне саудаласу заты жайлы жалпы ақпарат.
Жобалық құжаттама.
Оферта құжаттамасының құрамына талаптар.
Оференттерге нұсқаулық.
Саудаласуды өткізу тəртібі мен шарттары.
Келісімшарт жобасы.
Саудаласуға қатысу мəлімдемесінің қалыбы.
Тендерлік құжаттаманың құрамына техникалық жəне коммерциялық
бөлімдер кіреді. Техникалық бөлімі саудаласу заты жəне нысаны
сипаттамасын жайлы жалпы ақпаратты құрайды. Онда нысанның орналасу
орны жəне тағайындалуы, оның негізгі техникалық-экономикалық
сипаттамалары, сыртқы инфраструктурасы жайлы, жергілікті құрылыс
материалдары, кірме жолдар жайлы ақпарат, сонымен қатар, құрылыс
мерзімі, құрылыс алаңында жүргізілген инженерлік зерттеулер нəтижесі
жайлы ақпарат көрсетіледі.
Тендерлік құжаттама, сонымен қатар, нысанның техникалық
мəліметтерін, жалпы ережелерді, кеңістіктік-жоспарлау шешімдерінің
сызбалары жəне су, кəріз, жылу, желдету, электр жəне газ құбырларының
сызбаларын
қосатын
сəулет-құрылыс
бөлігін;
технологиялық
64
жабдықтардың негізгі сипаттамасын жəне де, технологиялық жəне қоршаға
орта қауіпсіздігінің талаптарын қосады.
Мердігер көрсеткіштері жоғары, бірақ экологиялық нашарлауына
септігін тигізбейтін басқа жабдықтарды қолдануға құқы бар.
Офертаның коммерциялық бөлімі тұрады:
саудаласу заты бойынша оференттерге ұсынылатын бағадан,
бағаны қайта қарастыру құрамы мен шарттарынан;
баға деңгейіне байланысты төлем жүргізу əдістерінен,
түрлерініен жəне шарттарынан, есеп айырысудың болжалған түрінен;
қаржыландыру ретінен;
жұмыстарды несиелендіру шарттарынан.
Достарыңызбен бөлісу: |