Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн


Негізгі құрылыс жоспарларының түрлері



Pdf көрінісі
бет56/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Негізгі құрылыс жоспарларының түрлері.
Жағдайлық, жалпы алаңдық жəне нысандық негізгі құрылыс 
жоспарлары ажыратылады.
Жағдайлық негізгі құрылыс жоспарлары ең кіші масштабты болып 
табылады жəне онда құрылыстың өзі жəне одан едəуір ара қашықтықта 
орналасқан инфрақұрылыс нысандары (темір жол станциялары, бұғаздар, 
құрылыс мекемелері жəне т.б.) көрсетіледі. 
Жалпы алаңдық негізгі құрылыс жоспарларықұрылыс алаңын 
ұйымдастыруға арналған, ол өзіне бірнеше нысанды қосады, мысалы, қала 
салу кешенінің нысандары мен ғимараттары.
Жалпы алаңдық негізгі жоспарларды көрсетуде қолданылатын 
масштаб шамамен 1:1 000 нан 1:10 000 аралығында анықталады.
Нысандық негізгі құрылыс жоспарларыбір нысан құрылысы кезінде 
жасалады, ал оның көрсетілімі 1:100 ден 1:1 000 аралығындағы масштабқа 
сəйкес келді.
Жобалау жəне құрылыс деңгейіне байланысты негізгі құрылыс 
жоспарларын нысанды тұрғызудың жеке кезеңдеріне жасау жүргізіледі: 
дайындық, нөлдік цикл жұмыстарының орындалуы, ғимараттың жер үсті 
бөлігінің тұрғызылуы жəне т.б.
Негізгі құрылыс жоспарларын жобалау үшін бастапқы-рұқсаттық 
құжаттама, сонымен қатар, жергілікті жердің жағдайлық жоспары қажет.
Жалпы негізгі құрылыс жоспарларының жобасы үйлестіріледі: 
 аудандық сəулетшімен; 
 санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен; 
 өрт сөндіруді бақылау органдарымен; 
 қозғалыс қауіпсіздігінің бөлімімен; 
 пайдаланушы мекемелермен (су арнасы, электр энергиясы, 
телефон желілері жəне т.б.). 
Құрылыс алаңында тұрмыстық құрылыс нысандарының 
орналасуы. Құрылыс өндірісін жəне жұмысшылардың өндірістік 


114 
тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті инфрақұрылымның барлық 
нысандары жалпыланған атауға ие – тұрмыстық құрылыс нысандары.
Нысан құрылысы үшін жинақтау кранын таңдау негізгі үш 
техникалық параметрге байланысты жүргізіледі: жүк көтергіштігі, 
жебесінің шығуы жəне жүк көтеру биіктігі. Жинақтау кранының 
техникалық параметрлері монтаждау элементінің құрылымына тəуелді. 
Техникалық параметрлерді оңтайландыру шығынсыз экономикалық 
сипаттамаларға сəйкес жүргізіледі. Жинақтау кранының жүк көтергіштігі, 
жебесінің шығуы жəне жұмыс жүгінің ең жоғарғы рұқсат етілген 
салмағымен анықталады. Жебенің шығуына, сонымен қатар, жинақтау 
кранының габаритіне жəне оның ізінің жалпақтығына тəуелді салынып 
жатқан ғимаратқа байланысты кран қозғалысының осі анықталады.
Кранды ғимаратқа байланыстыру үшін оның құрылымнан салмағы 
жоғары оған қажетті жүк көтергіштігін қамтамасыз еткен жағдайда 
жебенің максималды шығуы арқылы анықталатын оның шеткі тұрақ 
нүктелерін орналастырады. Жүктерді орын ауыстыру қауіпті алаңының 
шекарасы кранның жинақтау алаңының шекарасымен жəне орын 
ауыстырылатын жүктің максималды өлшемінің жартысы арқылы 
анықталады. Жүкті орын ауыстыру, орнату жəне бекіту кезінде 
адамдардың болуы қауіпті алаң, жүктерді орын ауыстыру алаңының 
өлшемі мен жүктің мүмкін болатын құлау биіктігіне тəуелді анықталатын 
қауіпті алаңның жалпақтығы арқылы анықталады.
Жинақтау краны қызметінің қауіпті алаңы салынып жатқан 
ғимараттан 
заттың құлау мүмкіндігі алаңымен толықтырылады.
Жалпы қауіпті алаңның конфигурациясы қақпа, қауіпсіздік 
күнқағары, қалқа жəне қауіпсіздік торы жəне т.б. сияқты қоршауларды 
жобалау үшін қажет. Жүк көтеретін крандарды кабельді желілерге немесе 
басқа да тармақтарға (су құбыры, кəріз құбыры жəне т.б.) орнату олардың 
кранның жүктемесін көтеру қабілеттілігін тексеруді жəне бұл желілердің 
сақталуын қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді жобалауды талап 
етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет