117
Қалалық жағдайда (құрылыс алаңында жəне
оларға кіреберіс
жолдарда) уақытша жолдар құм бетіне төселетін құрылмалы темірбетон
жабындардан жасалады. Ауылдық жерлерде жəне
игерілмен жер
телімдерінде жақсартылған топырақ жолдар жасалады. Негізгі құрылыс
жоспарын жасау үдерісі кезінде автокөлік
жолдарын жобалау келесі
ретпен жүзеге асады.
Жүк көтеру крандарын байланыстарған соң,
материалдар,
құрылымдар жəне өнімдер қоймаларын,
ірілендірілген жинақтау
алаңдарын жəне басқа да негізгі құрылыс жоспарының элементтерін
орналастырған соң автокөлік құралдарының қозғалысының жəне
жолдардың орналасусұлбасы жасалады. Бұл жағдайда бұрыннан бар жəне
жобаланатын жолдар да қолданылады.
Айналма сұлбасы бойынша жобаланатын
алаң ішіндегі жолдардың
кем дегенде екі кіретін жəне шығатын ауызы болуы қажет.
Қысыл-таяң жер телімдегі құрылыс кезінде бір тұйыққа тірелген жол
жобаланады жəне жол айрықтары мен айналыма алаңдары жасалады.
Осындай алаңдары бар немесе жобаланатын жолдарда құрылыс
материалдарын жəне құрылымдарды түсіру орындарында жасалады.
Негізгі құрылыс
жоспарларында қозғалыс бағыты, айналымдар,
жолдардың негізгі өлшемдері (жалпақтығы, жол жəне қоймалардың, қақпа
жəне де бар ғимараттар арасындағы ара қашықтығы) көрсетіледі.
Автокөлік жолдарының жүретін бөлігінің ені бір бағыттағы қозғалыс
кезінде 3,5 м артық емес; жүк тиеу кезінде көліктердің тоқтауына қажетті
үлкейтілген алаңшалар 6,0 м құрайды,
жол бұрылысының минималды
радиусы 12 м, ал бұрылыс жерлерінде жолдардың ені 0,5 м дейін үлкейеді.
Қауіпті алаңдарда орналасқан жол бөліктері штрих сызығымен
немесе басқа түспен ерекшеленеді. Жол бойында жол жүруді
ұйымдастыруға қажетті белгілерді орналастыру қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: