Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова


Кіші бақта қолданылатын өсімдіктердің ассортименті және сәндік сапасы



бет49/54
Дата02.02.2024
өлшемі5.76 Mb.
#490605
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
ландшафт дизайн

Кіші бақта қолданылатын өсімдіктердің ассортименті және сәндік сапасы



Өсімдіктердің атауы

Көле
-мі, м

Ұшар басының
пішіні

Жапырақтары
мен қылқандары

Гүлі

Жемі сі

бірегейлігі

түсі

Қылқан жапырақты ағаштар мен бұталар

Тянь-Шань шыршасы
Picea schrenkiana

12-
15

конус
тәріздес, сопақ

+

+

+

-

Тікенекті шырша
(ф. көгілдір) Picea pungens

7-10
(15)

конус тәріздес

+

+

-

-

Кәдімгі шырша
Picea exelsa

1-2

конус
тәріздес

+

+

-

-

Казак аршасы
Juniperus Sabina

0,5

төселмелі

+

+

-

+

Жапырақты ағаштар

Кәдімгі атбас талшын
Aesculus hippokashtanum

10-
12
(20)

конус тәріздес

+

+

+

-

Жапырақты бұталар

Скумпия Cotinus
cogyegria

3-5
(7)

Жайылған

+

+

+

+

Гүлді өсімдіктер

Еуропалық қашқаргүл (ақкекіре)
Callistephus europae

1,5
дейі н

-

-

-

+

-

Барлығы суреттелетіні: қылқан жапырақты ағаштар мен бұталар – 10 түрлі және пішінді, жапырақты ағаштар – 20 түрлі және пішінді, бұталар – 10 түрлі және пішінді, гүлді өсімдіктер – 20-30 түрі.


Кіші бақ композициясының даму тарихы


(әртүрлі стильдік шешімдерде кіші бақ композициясының құрылуы және қызметінің айқындалуы)

Бақ-саяжай өнерінің тарихында кіші бақ шешімдерінің көптеген мысалдары бар, себебі бұрынғы замандардан бері шектеулі аумақтарда да үй маңындағы бақтар ландшафтық дизайнды жобалаудың негізгі нысаны болған.


Осы өнер түрінің әртүрлі даму кезеңдерінде кіші бақтың жоспарлануының кеңістікті ұйымдастыру, жер бедері, су және өсімдіктер тұрғысынан айтарлықтай өзгеріп отырған. Балюстрадалар, баспалдақтар, қырқылған ағаштар мен бұталары бар, суат шектерінің түзулігімен, симметриялылығымен сипатталатын Қайта өрлеу дәуірі бақтарынан бастап басты қағидасы еркін композиция болып табылатын, жағалауы ирек, ағаштар мен бұталардың, шөптесіндердің, гүлдердің топтары табиғиға жақындатып орналастырылған, төсемдері сәнді әрі әдемі болып келетін қазіргі кезеңдегі кіші бақтарға дейін өзгерген. Кіші бақтың бір ғана тұрақты міндеті болған және қазір де сол міндеті бар, ол – белгілі бір шектеулі аумақта адамға табиғиға жақын жағдай жасау.
Үймен байланыстырылған кіші бақ мол әсер қалдыратындай болуы тиіс және оны қазіргі заманғы қала саябағын жобалау кезінде пайдалану орынсыз болып табылады.
Кез-келген партерді (газонды, гүлді немесе суы бар), топиарлық өнер элементтерін (қырқылған жасыл желек, гүлзарлар, ағаш және бұта өсімдіктерінің топтары), әртүрлі төсемдерді (әртүрлі типті жабындармен жолдарды, алаңдарды жасау) қолданып, тұрақты стильдегі кіші бақ сызбасын жасау.

4-сурет. Шартты белгілер



4-суреттің жалғасы






5-сурет. Ағаш және бұта түрлерінің желек пішіндері (А.И. Колесников)

1-шашыраңқы (раскидистая) емен, шегіршін. 2-конус тәрізді, шырша, майқарағай. 3-пирамида тәрізді, терек. 4-сопақша (овальная), долана. 5-жұмыртқа тәрізді (жөке, талшын). 6- кері жұмыртқа тәрізді (шаған). 7-шатырша тәрізді (қарағай). 8-шар тәрізді (түркістан шегіршіні). 9-жылауық (тал). 10- салбыраңқы (қайың). 11-сопақ (туя). 12-тар конус тәрізді. 13- бұталы (калина, скумпия). 14-шөмеле тәрізді (спирея). 15- төселмелі (дәрілік арша). 16-жастық тәрізді (магония, арша).


Түзу композиция және бақтың негізгі кеңістігі шешімінің қарапайымдылығы мен кіші ішкі кеңістіктер мен қашық жерлерді сәндеудің әртүрлі әдіс-амалдарының үйлесімділігі осы классикалық стильдік шешімнің салтанатын көрсетуі тиіс (мысалы, Қайта Өрлеу дәуіріндегі итальяндық вилла бағының ландшафтық дизайны: бақтың кеңістігі шектеулі, ал жоспарлануы айқын білікке бағынып, вилла ғимаратымен ажырамас байланыста тұрады) (6-сурет).
Еркін ландшафтық жоспарлаумен жасалған кіші бақ сызбасында газон алаңқайлары, саябақ ғимараттары, топтастырылып және жалқы отырғызылған ағаштар, бұталар, гүлдер, шөптер, табиғи элеметтер (тастар, жер бедері, бұлақ, тіреу қабырғалар т.с.с.), әртүрлі төсемнен жасалған жолдар болады.
Бұл стильде үй маңындағы қытай кіші бағын мысалға келтіруге болады. Ол бақтарда бақ-саябақ өнерінде табиғатты түсінудің әртүрлі философиясының көрінісі болып табылатын Италия мен Францияның тұрақты жоспарлауының қарама- қарсылығы үйлестірілген.
Бұл орайда бақтың ландшафтық дизайнын көркем композиция қағидаларына сүйене отырып шеңберлі (жабық) кеңістік ретінде жасауға болады. Бақтың ортасына суат немесе алаңқай не тастан жасалған композициялармен, қалқалармен, су әсерімен сәнделген жасанды төбешікті орнатуға болады, ал оның төңірегіне әдемі гүлдейтін өсімдіктерді отырғызуға болады. Көбінесе жалқы отырғызылған ағаштарға (қарағай, қайың, емен), сондай-ақ, жеміс ағашатарына көбірек көңіл бөлу қажет. Гүлдер де үлкен алаңдарды алуы тиіс (газонда көпжылдық гүлдер – таушымылдық, бақытгүл), су жағасында – жабайы өскен гүлдер тәрізді).
Шығыс стиліндегі кіші баққа келесі элементтер тән: дуал, хауыз, шайхана – демалуға арналған көтеріңкі орын, оның үстінде өсімдік шырмалған шатыр (көбінесе жүзім), арықтар, әртүрлі көлемді тастар, көлеңке беретін жайылма бұтақты, көлемді жапырақты ағаштар (шынар, тал, тұт ағашы), саяжолдар, жемістер (шабдалы, алхоры, анар, құрма т.с.с.).
Бұл композицияны жиегі тастармен көмкерілген таяз суат негізінде жасауға болады. Жер жастанып өсетін раушан гүлі мен басқа гүлдерді кілем тәріздетіп қоюға болады. Гүлзар жасағыңыз
келсе, оның шетіне дөңгелектеп қырқылған шәмшатты отырғызуға болады. Қиыршық тас төселген саяжолдардың жиегіне апельсин және лимон ағаштары немесе қысқа төзімсіз өсімдіктерді де (інжір, пальма – трахикарпус Форчуна, сириялық гибискус т.с.с.) отырғызылған құмыраларды қоюға болады.
Жасанды төсем (көбінесе ағаштан жасалады) – демалыс орны, шай ішуге қолайлы, жақсы желдетілетін жер.
Дәстүрлі шығыс бағы сезім жұмағы іспеттес. Мұнда мұрын жаратын хош иістер де, көз қуантар ашық түстер де, ыстық күнде шөл қандырар балғын жемістер де орынды. Бұл бақта лалагүлдің әртүрлі сұрыптары, жұпар сарыгүл, қызғылт космея тамаша үйлеседі. Бұталы раушан гүлдер және жасаман көңіл тартар хош иіс сыйлайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет