(жобалауға арналған бастапқы материалдар)
Қазіргі заманғы кіші бақ дегеніміз – көбінесе бірнеше жүз шаршы метрді алып тұрған шағын жер телімі. Бақтың негізгі арналымы – адамның күн астында таза ауада, әдемі өсімдіктер, гүлзарлар, гүлді және жартасты таулар аясында судан әсер алып т.с.с. демалуына қолайлы жағдай туғызу. Үйдің бөлмелері сияқты жеке жер телімі де үй иесінің талғамы мен сүйікті нәрселерін көрсетеді. Жобалау кезінде ересектер демалатын, қонақ күтетін және балалар ойнайтын жерлерді қарастыру керек (бұл жалғыз шулы аймақ болып табылады). Өсімдіктерді таза және аралас топтармен және жалғыз орналастырған жөн, ал қоршаулар мен саяжолдардың бойына қарапайым ағаштар мен бұталарды егуге болады. Демалыс алаңдарының маңындағы топтарды қалыптастыру кезінде инсоляция мен желдетуді көздеу қажет.
Эстетикалық және санитарлық-гигиеналық әсерді жылдам алу үшін, топтар мен жалқы егістерде стандартты көшеттермен қатар 10-16 жасар ағаштарды да пайдалану керек. Гүлзарға арналған кеңістік қалуы үшін, 1 га ауданда 150-180 ағаштан астам өсімдік отырғызуға болмайды. Қажетті қарама-қарсылықты жасап, үй маңында пейзаж түзу үшін, әсіресе, қыс мезгілінде, қылқан жапырақты өсімдіктер сирек әрі аз мөлшерде отырғызылады. Гүлзарларды көбінесе газонға көпжылғы өсімдіктерді еркін топтастырып немесе оларды жазғы гүлдермен бірге не гүлдейтін бұталармен біріктіріп жасайды.
Кіші бақтың ландшафтық дизайнының жоспары 1:500 масштабымен жасалады. Оның бір бөлігін немесе бөлшектерін әзірлеу кезінде масштабы ұлғайтылады (1:200, 1 см – 2 см).
Кіші бақты жобалау мен ұйымдастыруда функционалдық аудандастыру мен жеке элементтерін жасақтаудың маңызы зор. Мысалы, жеке үйде (коттедж типті) мына бөліктерді жеке атап көрсетуге болады: қоршау бойындағы санитарлық қорғаныс аймағы, ол қылқан жапырақты және декоративті-жапырақты өсімдіктермен әрленеді, бұл жағдайда ол аймақ жабық қоршаудан 3,5-4 м, ал ашық қоршаудан 2,5-3 м қашықтықта орналасуы тиіс;
басты саяжол аймағы, ол пішінделген ағаштармен не бұталармен, су әсерлерімен, раушан гүл гүлзарларымен немесе партерлік гүлзарлармен және газондармен әрленеді; демалыс және серуен аймағында тастақты бақшаны немесе Альпы төбешігін жасауға, ағаштар мен бұталарды топтастырып орналастыруға, су кеңістігін жасауға, бұлақ құятын тоған болған жағдайда оның жанына міндетті түрде алаңқай немесе көгал жасауға, сонымен қатар балаларға және ересектерге арналған аймақтарды (алаңдарды), ойын алаңдарын жеке бөліп қойған жөн.
Аймақтардың кеңістігін жекелеп бөлу үшін әртүрлі кіші пішіндерді – экрандарды, трельяждарды, перголаларды, декоративті жасыл желекті, тал-шілікті пайдалануға болады. Бақтың ішінде бұрылыстармен немесе қиғаштай орналастырылған, аймақтардың шекарасын құрайтын жолдар бақтың кеңістігін көзге ұлғайтып көрсетеді әрі әртүрлі пейзаждар мен көріністерді ашады.
Үйдің баққа қатысты қалай тұрғанын анықтап алудың маңызы зор. Жер телімінің түбінде орналасқан үйдің (жеке үй немесе кеңсе) бағын тұрақты жоспармен әрлеген жөн, оған үлкен партер жасауға болады; үй бақтың ортасында орналасқан жағдайда дизайынды ландшафтық стильмен жасауға болады, ал үй бақтың алдыңғы жағында орналасса – бақтың дизайнын орман ландшафты стилінде немесе тосынсыйы дайын тұрған тағы орман стилінде әрлеуге болады.
Кіші бақтың пейзажындағы негізгі бөлшектерге келесі элементтер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |