Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова



бет23/54
Дата01.11.2023
өлшемі5.76 Mb.
#482079
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
ЛАНДШАФТ

Су бұрқақ (Фонтан )


Соңғы уақытта ең әдемі бақты өсірушілер, солардың арасында бәрі
фонтанды жақтайды. Қайткенде, осы учаскеде үлкен арықтарға орын жоқ, тек бассейн және фонтан. Кейбір жүзіп жүретін фонтан ерекше құралады, өте жеңілдік туғызады, әр түрлі қолданған заттар мен ең басты сәндік аумақтың болады.

III тарау




Көгалдандыру мен ландшафтық дизайнда қолданылатын ағаш және бұталар

Ағаш және бұталар-қалалар мен ауылдарды көгалдандыруда қолданылатын ең басты өсімдік түрлері және көшет материалдары. Оларды таңдау барысында өте мұқият болу керек. Ағаш өсімдіктерінің түрлерінің сан алуандығы мен пішінінің әсемділігі инженерлер мен архитекторларға үлкен көркем жасыл құрылысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.


Ағаш және бұталы өсімдіктер бөрікбасы пішіні мен дің келбетінің, гүлдеуінің және гүлінің пішіні мен түсінің, жемістері, жапырақтары мен өркендерінің әсемдігімен көз тартады. Кейбір ағаш түрлерінің жемістері олардың әсемдік қасиетін төмендетіп, ажарын кетіреді (шаған жапырақты үйеңкі,ақ акация, жұпаргүл, тобылғы, чубушник, буддлея), ауаны ластайтындар (терек, шығыс шынары), жолдар мен тротуарларды (шегіршін, түт ағашы) ластайды. Бұндай ағаштардың жемісін кесіп немесе отырғызуға аталық түрлерін пайдаланған жөн.
Ағаш және бұта түрлерін таңдау барысында олардың ылғал тапшылығына, топырақ тұздылығы мен ауаның ластығына салыстырмалы шыдамдылығы және көлеңкеге төзімділігі ескерілуі шарт. Көгалдандыру кезінде жергілікті ағаш түрлерін көбірек пайдалану жақсы нәтиже береді. Кейбір интродуцент өсімдіктердің елімізге жақсы бейімделгендігі сондай, олардан құрылған екпе ағаштар (сары қарағай, маньчжур жаңғағы, кәдімгі емен) тұрақтылығы мен өсу жөнінен жергілікті түрлерден озып кеткен.
Ағаш түрлерінің экзотикалық рөлі, қала немесе ауыл кеңістігімен үйлесіп, алқа ағаштар топты, аллея, жеке ағаш композициясында құрылады.
Бақ-саябақ құрылысы жұмысының сәтті болуы, ағаш және бұта түрлерін дұрыс таңдауға, олардың көгалдандыру аумағының табиғи ортасына биологиялық және экологиялық сәйкестігіне байланысты болады. Міне сондықтан әрбір түрдің ерекшелігін, әсемдік сапасын және өсімдіктің құрылымын жақсы білу, жасыл құрылыс құру кезінде жұмыстарды тиімді жүргізуге, санитарлық- гигиеналық талаптарды сақтауға, архитектуралық-көркемдік
көрініс беруге, эстетикалық қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді.
Ағаш және бұталардың әсемдік қасиеттерін бағалау кезінде, ең басты назарда ағаштың өлшемі, өсу жылдамдығы мен өмір ұзақтығы, бөрікбасы пішіні мен келбеті, жапырағы, гүлі, жемісі және бұтақтарының түсі мен пішіні, көлемі және діңінің бедері, түсі және пішіні ескеріледі.
Ағаш және бұта түрінің өлшемі, оларды таңдау кезінде ең басты есепке алынатын қасиеті. Қазақстанда бақ-саябақ құрылысында қолданылатын барлық әдемі ағаштарды 3 топқа бөлуге болады:
-биік ағаштар, биіктігі 20м және одан жоғары;
-орта биіктіктегі ағаштар, биіктігі 10-20м аралығында;
-аласа ағаштар, биіктігі 5-10м аралығында;
Ағаш және бұталардың өсу жылдамдығы мен өмір ұзақтығын білу өте маңызды. Мысалы, саябақ құру кезінде жылдам өсетін түрлер, баяу өсетін түрлерге қысым көрсетіп, өсуін шектейді. Сондықтан жылам өсетін ағаштарды жеке, баяу өсетін әрі ұзақ жасайтын ағаштардан жеке композиция құрастыру керек. Ағаш өсімдіктерінің өсуі, олардың биіктікке, бөрікбасының енінің және діңінің диаметрінің жуандауымен анықталады. Көптеген ағаштардың биіктікке жақсы өсуі 10 немесе 20-30 жас аралығында байқалады.
Ағаштар биіктікке өсу жылдамдығына байланысты келесі топтарға бөлінеді:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет