Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова



бет27/54
Дата01.11.2023
өлшемі5.76 Mb.
#482079
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54
ЛАНДШАФТ

Қылқандыағаштүрлері

1

Кәдімгі қарағай

1,2-2

0,4
0,5

×

34

15,0

510.0

2

Шренк шыршасы

1-2

0,4
0,5

×

26

10,0

260,0

3

Тікенекті шырша

до 2

0,6
0,7

×

6

25,0

150,0

4

Виргиндік арша

1,5м

0,4
0,5

×

29

7,0

203,0

5

Батыс туясы



0,3
0,4

×

48

3,0

144,0

Барлығы:

1267

Жапырақты ағаш- бұта түрлері

6

Қотыр қайың

3-4

0,7
0,8

×

60

10

600

7

кәдімгі емен

3-4

0,6
0,7

×

7

10

70

8

Шынар жапырақты

3-4

0,6
0,7

×

39

5

195

9

ұсақ жапырақты жөке

3-4

0,6
0,7

×

7

5

35

10

Кәдімгі шаған



0,3
0,4

×

8

3

24

11

Жылтыр шегіршін

>3

0,6
0,7

×

27

5

135

12

Атбасталшын

до 2

0,3
0,4

×

3

3

9

13

Кәдімгі скумпия

>3

0,6
0,7

×

11

5

55

14

Иілік сумах

2-3

0,4
0,5

×

9

3

27

15

Кәдімгі мойыл

2

0,3
0,4

×

1

2

2

16

Кәдімгі шетен





23

3

69

17

Европа қабыржығы





9

1

9

18

Кәдімгі жұпаргүл

0,5-1

0,3
×0,3

9

2

18

19

Кәдімгі шәңкіш





10

3

30

20

Чубушник





9

2

12

21

Ақ қараған

2

0,3
0,4

×

7

2

20

22

кәдімгі бөріқарақат

0,5

0,3
0,4

×

10

3

30

23

Татар ұшқаты

0,5-1

0,3
×0,3

9

1

9

24

Қар жеміс





9

1

9

25

орта форзиция





13

3

39




Барлығы:

1397

Жиынтығы

2664

шығын25%

666

Барлық сомасы

3330



Бақ зоналары Аумақты дайындау




Көшет материалдарының негізгі түрлері, МЕСТ-ы мен өсіріп алу көздері.
Қаланы көгалдандыруға - көшет материалдарын алудың басты көздеріне - сәнді ағаш өсіретін көшеттіліктер жатады. Қосымша қала шетіндегі екпе ормандар, орман алқа ағаштары, бақ және басқа да қалалық алқа ағаштарындағы - ағаш шоғырын сиретуден алған көшеттер жатқызылады. Сонымен бірге сол жерде өсіп тұрған және құрылысқа кедергі келтіретін ағаштарды және орман көшеттіліктерін пайдаланамыз.

Қалалық көгалдандыруға келесі стандартты көшеттер пайдаланылады:


  1. Стандартты бұталы тікпелер 3-5жаста, ашық тамыр жүйесімен көктемде немесе күзде отырғызылады. Қалалық бақтарға, саябақтарға, тұрғын үйлерге топтап, жекелеп немесе қоршау ретінде пайдаланылады.

  2. Бұталар мектеп бөлімінде ұзақ өсірілген 6-10 жаста, жабық тамыр жүйесімен жылдың кез-келген уақытында арнайы агротехникалық талаптарды сақтап отырғызуға болады. Бұларды жекелеп немесе шағын топтап отырғызуға жарамды.

  3. Тікпе ағаштар 6-8-11 жастағылар (6-8 жастағысы тез өсетін ағаш түрлері, 9-11 жастағысы баяу өсетін ағаш түрлері) ашық тамыр жүйесімен көктемде және күзде отырғызылса, ал жеміс ағаштары, қайың, емен және қылқанды ағаштар топырағымен бірге отырғызылады. Бұлар да орман саябағы, бақ, саябақ және тұрғын үй маңына топтап, шоғырландырылып отырғызылады.

  4. 12-16 жастағы үлкен ағаштар (12-14 жаста тез өсетін түрлер, 15-16 жаста баяу өсетін ағаш түрлері) топырағымен бірге агротехникалық талаптарды сақтап, жыл бойы отырғызылады. Бұл көшеттер шағын ауданды көгалдандыруға, шағын саябақ пен бақ құруға, аллея және топтар құруға пайдаланылады.

  5. Ұзақ мерзімде өсіруге арналған өте үлкен ағаштар 17-20, 21-25, 26-30 жастағылар. Бұл көшеттер топырағымен бірге агротехникалық талаптарды сақтап, жыл бойы отырғызылады. Қалалық көгалдандыруда кез-келген зерзатта композиция ұйымдастыруға, әсіресе көшелер мен бульварларды және шағын саябақтарды көгалдандыруға пайдаланылады. Мақсаты жылдам сәндік пейзаж ұйымдастыру.

  6. Әр түрлі формадағы экзотикалық және ерекше бағалы сәндік қасиеті жоғары ағаштар мен бұталар. Бұлар топырағымен бірге жоғары агротехникалық талаптарды сақтап, жыл бойы отырғызылады.

Көгалдандыру жұмысына пайдаланылатын көшет материалдары, стандарттық сапалық талаптарға сай болуы керек. Іріктеліп алынған көшет материалдарының тамыр жүйесі дұрыс қалыптасқан, діңі түзу, қалыпты бөрікбасты және бұтақтары сынбаған болуы керек.


-Көшет отырғызу жұмысының мерзімі мен ағаш және бұталарды көшіріп отырғызуға дайындау.


Ағаш және бұталарды орман көшетжайынан қазып алып, көгалдандыру зерзатына әкеліп отырғызу, күрделі әрі қиын жұмыс болып саналады. Өйткені бұл жағдайда өсімдіктер ауырып, жерсінуі қиындайды. Орман көшетжайында көшетті өсіру барысында бөрікбасын қалыптастырып қырқу, қазып алу, тамыр жүйелерін отырғызуға арнап ықшамдап кесу, оларды көгалдандыру зерзатына тасу және отырғызу жұмысы өсімдіктің өсуі мен дамуын бір жылға баялатады.
Орман көшетжайынан тікпені қазып алу кезінде өсімдік тамыры зақымданады. Осының кесірінен өсімдіктің маңызды бөлшегі - майда тамырлары жойылады. Ағаш отырғызу мерзімі аумақтың климаттық жағдайына, көшеттің жасы мен көлеміне байланысты болады.
Жасыл құрылыс тәжірибесі көрсеткендей, орман көшетжайынан көгалдандыру зерзатына ауыстырып отырғызуда, өсімдіктің жақсы өсіп тез жерсінуіне ең қолайлы мерзім көктемде жапырақ шыққанға дейін, ал күзде жапырақ түскен соң.
Еліміздің солтүстік аудандарында ағаш отырғызуға қолайлы мезгіл көктем болып саналады. Бұл кезде топырақ кеуіп, бүршік қалыптасады. Күзде отырғызу арқашан сәтті бола бермейді. Өйткені ауыстырылып отырғызылған көшет жаңа ортада тамырланып үлгермейді. Өсімдік әлсіреп, қысқы аяздардан үсіп кетеді. Еліміздің солтүстік аудандарында жалпақ жапырақты ағаштарды күзде 20-25 қыркүйекте бастап, қараша айына дейін отырғызу керек. Күзде дұрыс мерзімде отырғызылған ағаштар мен бұталарға дұрыс күтім жүргізгенде ғана жақсы тамырланып, қысты көтереді. Барлық ағаш түрлері күзде отырғызуға төзімді болмайды. Күзгі отырғызуға төзімсіз ағаштарға: емен, қайың, терек және тал жатады. Қылқан жапырақты ағаштарды тамыз айының соңынан бастап, қыркүйек айының аяғына дейін отырғызу керек.
Еліміздің оңтүстік аудандарының ұзақ жылы күзі мен жұмсақ қысы, күзде отырғызылған ағаштарға қолайлы жағдай туғызады. Керісінше, көктемгі ағаш отырғызу тиімсіз болып келеді. Өйткені көктем ерте шығып, өсімдіктер өсуі жылдамдап, бүршік жарып, жас өркендер мен жапырақтар қалыптасады. Бұл ағаш отырғызылғанан кейін, өсімдіктің жаңа ортаға бейімделуіне қолайсыз құбылыс болып саналады. Оңтүстік аудандарда күзгі
ағаш отырғызу жұмысы, ауа-райы жағдайына байланысты ұзартылуы мүмкін. Солтүстік аудандарда көктемгі ағаш отырғызу жұмысы, күзгіге қарағанда тиімді болып келеді.
Ағаштарды көктемгі отырғызу, солтүстік аудандарда көктем ерте шықса тиімсіз болып келеді. Өйткені орман көшетжайындағы ағаштар ерте өсіп, көгалдандыру зерзатына отырғызғанда көп ауырады. Күз мезгілінде көтеген ағаш түрлерінде вегетациялық кезең созылып, жапырақтарын кеш тастайды. Бұл ағаш отырғызу мерзімін кештетуге әкеп соғады. Ауа-райы жағдайына және өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты отырғызу мерзімі мен көлемін реттеуге болады. Күзде жапырағы ерте түсетін ағаштарды (үйеңкі, жөке, долана) отырғызуға болады.
Ірі көлемдегі көшеттерді отырғызу жұмысы ұзақ мерзімді алады. Ағаш және бұталарды топырағымен қазып алу, тамыр жүйесін аз зақымдайды.
Қазіргі кезде жасыл құрылыста ағаш отырғызу жұмыстарын
«тыныштық» кезеңде жүргізіледі. Бұл жұмыс қыс мезгілінде атқарылады. Ол үшін орман көшетжайында өсірілетін ірі көшеттердің санын арттырып, ағаш отырғызу жұмысына жаңа тенологияны қолданып, ауыстырып отырғызғанда тамыр жүйесін құрғатпай, көшеттерді арнайы контейнерлерде өсіру керек. Ағаштарды арнайы контейнерлерде өсіру, оларды ауыстырып отырғызу кезінде тамыр жүйесін зақымданудан толық сақтап, жыл бойы отырғызу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Еліміздің солтүстік облыстарындағы кейбір қалаларда, қысқы мезгілде ірі көшетті ағаштар мен бұталарды тоң болған топырағымен бірге отырғызу іске асуда.
Ресейдің қалаларында бақ-саябақ құрылысында, қыс мерзімінде отырғызылған ірі көшеттердің үлесі басым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет