Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова



бет42/54
Дата01.11.2023
өлшемі5.76 Mb.
#482079
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
ЛАНДШАФТ

Көгал шөптің түрлері


Қазіргі кезде көгал шөптің көптеген түрлері бар, арнайы дүкендерде кездеседі. Арнайы қоспалармен сатылады. Қоспалар көгал шөптердің жақсы өнуі үшін ауа райының құбылмалылығы мен жағдайдың өзгеруіне тұрақты болу мақсатында жасалады.
Ең жақсы нәтижеге жету үшін көгал шөптің бес түрін қолданған дұрыс. Көгал шөпті дұрыс таңдау жартылай жетістік. Ең көп тараған түрі бидайық, жайылымдық, бозат суыты.
Көгал шөптердің әртүрлі пропорциясы көгалдандырудың жоғарғы сапада болуымен қатар тұрақтылығына кепілдеме береді.
Шалғындық қоңырбас ылғалданған жерлерде жиі қолданылады. Мұндай сортты шөптер осындай әдіске қалыптасқан. Дегенмен, сумен суғаруды қажет етпейді, мұндай байқауда (сынақ) көгалдандырудың ешқайсысы шыдамсыз. Тағы бір пайдалысы қоңырбас (мятлик луговой) қатты аязда шыдамдылығы, климаты суық елдерде танымал.
Көгал шөптің тағы бір түрі – жайылымдық райграс. Бұл шөп құрғақшылықты көтермейді. Мүмкіндігінше көгалды жиі суғаруға тура келеді (егілген райграспен бірге). Бұл тұқымды себуде ауыр топырақ жарамайды. Негізінде – талғамсыз түрдегі шөп. Біраз талғамсыздығы төмендеу шөп – бозат. Тіпті жаман топырақта және жиі суғару қажет етпейтін – мұндай көгал өседі де өнеді. Әрине, сіздің көгалды шөбіңіз әсемде әдемі болу үшін, тіпті мұндай шыдамды шөпті мүкіндігінше қажетті үлгіде күту керек.
Суоты (полевица) сабақты өте қарапайым шөп емес. Жатып өсетін өзінің сабағы мен арам шөптерді өсірмейді және жайылады, тез тарайды. Бірақ бұл шөп, тағы басқа шөптер сияқты барлығы жалпы жиі суғаруды қажет етеді және құрғақшылықты көтермейді. Көгал шөпті таңдауда шөптердің таңдаулы құрамының түрлеріне байланысы өз участоктарын соған дайындығында жасалған жағдайында.Сол кезде көгал шөп бір қалыпта өседі және жетіледі.
Өркенді суоты (Полевица побегоносная) ерекше шөп. Ол төсеме өркендерінің көмегімен көбее отырып арам шөптерді жояды. Алайда,ол әрқашан суғаруды талап етеді және құрғақшылыққа төзімсіз.
Барлық көгалдардың ішінде ең көркемі партерлі көгал болып табылады. Жабыны тегіс әрі жұмсақ болып келеді. Бірақта партерлі көгалды үнемі күту жұмыстарын жүргізу қажет.
Көгал шөптерінің класификациясы. Олар келесідей: бір жылдық,екі жылдық және көпжылдық шөптер.
Бір жылдық шөптер бірінші жылы дамудың барлық сатыларынан өтеді. Тұқымдары пісіп жетілгеннен кейін оның жер асты және жер үсті мүшелері құрысады (отмирают) қалады. Мұндай шөптерге біржылдық райграс, біржылдық қоңырбас және т.б.
Екі жылдық шөптер бірінші вегетациялық кезеңде тек вегетациялық мүшелері дамиды – тамыры,сабағы,жапырағы. Ал,жеміс беретін өркендері,жемісі,тұқымы тек екінші жылы ғана дамиды. Тұқымдары піскеннен кейін екі жылдық өсімдік толығымен құрысады.
Көп жылдық шөптер тұқымы піскеннен кейін бір жылдық және екі жылдық шөптер секілді өлмейді,керісінше көп жылдар бойы өсіп тұрады.
Көгал шөптердің ең көп түрі – көпжылдық астық дақылдар. Күрделі қоспа шөптер үш ярустан тұрады. Жоғарғы яруста жарық сүйгіш шөптер өседі. Оларды жоғарғы деп атайды. Олардың сабақтары және жапырақтары ірі (биіктігі 100 см және оданда көп),өрескел болады жіне олар аз бұтақтанады. Бұл топқа: бидайық, қылтанақсыз оты, түлкіқұйрық шалғынды, жоғары өсіп тұратын арпа, көк жоңышқа.
Күрделі қоспа шөпте төменгі ярусты төменгі шөптер өседі.Олардың сабақтары биіктігі 50-70 см жіңішке, жапырақтары жұмық. Төменгі шөптерге: Шалғындық қоңырбас, қызыл бозот, кәдімгі және ақ суоты,ақ беде (жоңышқа) және т.б. . Ортаңғы шөптер жоғарғы және төменгі ярустың арасындағы бөлікті,яғни екінші яруста өседі. Олардың сабақтары үлкен генеративті болып келеді. Шапқаннан кейін олардың көбі тез өсіп жақсы бұтақтайды. Бұл топқа: жайылымдық және көп гүлді райграс, шалғындық бозот, шалғындық тимофеевка, сары беде
және т.б.
Барлық шөптер сәнді көгалды жасауда қолданылады. Шалғындық көгалдарда бұршақ тұқымдасты шөптерді де қолданады.
Көгалды құрайтын шөптердің маңызды белгісі – вегетациялық жаңару немесе түптену.
Түптену түріне және тамыр жүйесінің дамуына байланысты астық дақылды көгал шөптері келесідей топтарға бөлінеді: тамыр сабақты шөптер (корневищение), болбыр бұтақты (рыхлокустовые), плотнокустовые, корневищно-рыхлокусловые.
Көгал жасаудағы ең көп тараған шөп түрлері: шалғындық қоңырбас,жайылымдық райграс,қызыл бозот,қой бозоты,өркенді суоты. Сапалы көгал алу үшін бұл шөптердің өздеріне тән қасиеттерін пайдална отырып белгілі мөлшерде араластырып өсіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет