Сынып
|
6
|
|
|
Пән
|
Ежелгі Қазақстан тарихы.
|
Сабақ №
|
4
|
Тақырып
|
§ 9.Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы.
|
Сағат саны
|
1
|
Мақсаты:
1. Білімділік (танымдық)
|
Қола дәуірі тұрғындарының кәсібі мен тұрмысы баспаналары жайлы түсінік беру.
|
2.Тәрбиелік:
|
Оқушыларды Андроновтардың кәсібі мен тұрмысы туралы сипаттама беріп ертедегі мәдени мұраларды құрметтеуге тәрбиелеу.
|
3.Дамытушылық
|
Өткен тақырыптарға шолу жасап, оқушының ойлау қабілетін дамыту.
|
Көрнекілік
|
Карта, оқулық, карточка.
|
Әдіс-тәсіл:
|
Аралас сабақ
|
Сабақ кезеңдері
|
|
Сабақтың барысы:
|
|
Ұйымдастыру к-ңі:
|
|
Үй тапсырмасы.
1.Сұрақтар.
1. Мыс өңдеумен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?
2.Картадан Андрон мәдениеті таралған жерді тап.
3.Беғазы –Дәндібай мәдениеті туралы не білесің?
2.Тест жұмысы.
|
3. Жаңа сабақ.
1.Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу.Қола дәуірі тұрғындары табиғи мысты пайдаланудан оны қорытуға көшті. Пешті жоғары температураға дейін жеткізе қыздыра алды.Онда кенді балқытты.Адамдар мыс рудасына қалайы қосу арқылы қола өндіруді үйренді.Қорытып жасалған еңбек құралдары тастай қатты,әдемі сары түсті болып келді.Қоладан жасалған еңбек құралдары еңбек өнімділігін арттыруға ықпалын тигізді.Мәселен, тас балтаға қарағанда Қола балта ағашты үш есе тез шабуға мүмкіндік туды.
Қола дәуірі тұрғындары кен балқыту ісінде өзіндік табыстарға жетті.Құю қалыбы ретінде саз балшықты,металды,кейде тасты пайдаланған.Жебенің ұшын,қанжарды жасау үшін екі немесе үш жармадан тұратын қарапайым құю қалыптарын қолданған.Осындай қалыптарға балқытылған металды құйып,әр түрлі бұйымдар –үлкен мыс қазандар,құрбан шалынатын үлкен үстелдер жасаған.Құйылғаннан кейін көптеген заттар қосымша өңдеуден өтіп,ажарландырып,нақышталған.
2.Андрондықтардың кәсібі мен тұрмысы.Олардың басты кәсіби мал бағу,кетпенді-теселі егіншілік пен балық аулау болған.Есіл,Тобыл,Ертіс,Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған.Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін және желден ықтау жерлерді таңдап алған.Қоныстардың маңындағы егістікке бидай,арпа,тары еккен.Мал өсіру,негізінен,отырықшылық,бақташылық түрде болды.Бірнеше шаруашылық бірге қоныстанған.Өзен аңғарларындағы андрондықтар жерді тесемен өңдеген, сиыр, қой,ешкі мен жылқы өсірген.Археологтар олар өмір сүрген тұрақтардан сүзбе жасауға арналған сүзгіш ыдыстар тапқан.Бұл олардың сол кездің өзінде-ақ сүт тағамдарын әзірлей алатындығын білдіреді.
Археологтар тары ботқаның күйген қалдықтары салынған ыдысты,сондай-ақ табада қуырылған бидайдың күйіктерін тапқан.Егіншіліктің дамығанына еңбек құралдары:дән тартатын диірмен,жер өңдеуге арналған тесе,мыс және қола орақтар айқын дәлел.Сазбалшықты ыдыс жасауға пайдалану Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты еді.Тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен өрнектеліп жасалған қыш ыдыстар арнаулы пештерде күйдірілген. Ыдыстар әр алуан пішінде жасалған.
Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі-көзе құмыралар жасау өнері.Құмыралар түрінің әсемдігімен қоса, бүйірі мен ернеуіне салған өрнекті әшекейлерімен тамаша өнер туындысы саналады.
Арқайым қонысының тұрғындары да мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан.Қоныс орнынан қыш ыдыстар сынығы,мыс пен қоладан құйылған жонғыштар,пышақтар және т.б.күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар табылған.
Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірін кен ісі мен металл өңдеу құрады.Күнделікті тұрмысқа қажетті құрал-саймандар мен қару-жарақ жасау ісі бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
3.Андрондықтардың баспаналары.Зерттеушілер андрондықтардың баспаналарын қайта қалпына келтірді.Олар жартылай жертөле сияқты салынып, сырты балшықпен сыланған.Үйдің шатырына сырғауылдар пайдаланылды,оның үстіне шөп ішінде тастан ошақ орнатылған.Жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған.
Тұрғандар қысқа арнап жемшөп әзірлеген.Үй жанына мал қамайтын қора салған.Жануарлардың қаңқаларын зерттеген ғалымдар андрондықтардың малдың төрт түлігін де өсіргенін аңықтады.Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы,Петровка қоныстары қазбаларының көрсетуінше, құрылыстың қабырғалары қатарластырыла қойылған тік бағандардан тұрғызылған.Олар киіз үйдің торкөз керегелері жасалған.Ғалымдар андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналары қазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді.
4.Беғазы-Дәндібай тұрғындарының кәсібі. Қола дәуірінде қой, жылқы түліктерінің көбеюі үй маңындағы бақташылықтан малды алысырақ көшіп-қонып бағу әдісіне әкелді. Жалпы мал шаруашылығының дамуында жылқыны мініске үйретудің, күш-көлік ретінде пайдаланудың орны ерекше болды.Қазақстанның түрлі аймақтарынан табылған ауыздықтар жылқының энеолит, қола заманынан мініске,күш-көлікке пайдаланылғандығын көрсетеді.Қола дәуірінде түйені де қолға үйреткендігіне зерттеу кезінде Орталық,Батыс Қазақстаннан табылған түйе сүйектері айқын дәлел.
Қола дәуірінің қоныстары көбінесе өзендердің жағасында,кейде көл жағалауларында орналасты.Олар,әдетте,5-10,кейде 20 шақты үйден тұрды.үйлердің алып жатқан аумағы 100 шаршы метрден 300-400 шаршы мертге дейін жетті.
5.Тұрғын үйлері.Тұрғын үйлерді екі түрге бөлуге болады.біріншісі,жартылай жертөле үйлер,екіншісі,жер бетіне салынған үйлер.Жертөле үйлердің қабырғасы жартылай таспен қаланып шегенделетін.Төбесін жуан сырғауылдармен төртжаппа етіп жауып,содан соң арасын қурай,шөп араласқан шыбықтармен шегендеп тастаған.Жер үстіне салынған үйлердің қабырғаларын бойлай әр жеріне жуан сырғауылдар орнатылды.Олардың арасына шетен тоқып, оның іші-сыртын балшықпен сылаған.Кейде сырғауылдарды бірінің үстіне бірін көлденеңінен байластырып,үйдің қабырғасын жасаған.
Қола дәуірінің соңына қарай қола және мыс орақтар кеңінен пайдаланылды.Олар Шығыс Қазақстандағы Мало-Красноярка, Батыс Қазақстандағы Алексеев,Солтүстік Қазақстандағы Степняк қоңысында және Жетісу жерінен табылған.Көкшетау жерінде зерттеген шағалалы қоғысынан қола шалғы табылды.Бұл қоныстың тұрғандары,негізінен алғанда,үй маңындағы бақташылықпен,кетпендітеселі егіншілікпен айналысты.Күнкөрістің қосымша көзі үшін кей жерде аңшылықпен,өзен-су,көл маңайында балық аулаумен де айналысқан.
-
Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ерекшеліктері
|
-
1.Металл өңдеу игерілді.Кен өндіру мен металл өңдеу ісі өркендеді.
|
|
2.Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастады.
|
|
3.Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.
|
|
Сабақты бекіту :
|
|
3-4 минут
|
1.Жоңғарлардың әскери күш-қуатының артуы неден көрінді?
2. Жоңғар хандығының Қазақстан аумағына басқыншылық жорықтар жасауының басты себептерін атаңдар.
3. .«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қашан және басталды?
4. Алғашқы жылдарда қазақ жасақтарының жоңғарларға қарсы әскери-соғыс қимылдарында жеңіліп қала беруінің себептерін атап көрсетіңдер.
5. Жоңғарлардың Қазақстан аумағына жасаған шапқыншылықтарының қандай салдары болды?
6.Қазақ – жоңғар соғысы кезінде өлкемізден ерекше көзге түскен батырлар туралы не білесіңіз?
|
Сабақты бағалау:
|
|
Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау
|
Үй тапсырмасы. §9. Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы.
|
Сынып
|
6
|
|
|
Пән
|
Ежелгі Қазақстан тарихы.
|
Сабақ №
|
4
|
Тақырып
|
§ 10. Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі.
|
Сағат саны
|
1
|
Мақсаты:
1. Білімділік (танымдық)
|
Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тұрғындардың қоғамдық құрылысы мен діни көзқарастары және зергерлік өнер туындыларын қалдырғандығы туралы айтып түсіндіру.
|
2.Тәрбиелік:
|
Қола дәуірі кезеңіндегі Қазақстан жеріндегі мәдени ескерткіштерді айта отырып тарихи ескерткіштерді құрметтеуге тәрбиелеу.
|
3.Дамытушылық
|
Өткен тақырыптарға шолу жасап, оқушының ойлау қабілетін дамыту.
|
Көрнекілік
|
Карта, оқулық, тест.суреттер,кесте.
|
Әдіс-тәсіл:
|
Аралас сабақ
|
Сабақ кезеңдері
|
|
Сабақтың барысы:
|
|
1.Ұйымдастыру к-ңі:
|
|
Үй тапсырмасы.
1.Сұрақтар
1. Мыс өңдеумен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?
2.Картадан Андрон мәдениеті таралған жерді тап.
3.Беғазы –Дәндібай мәдениеті туралы не білесің?
2.Тест жұмысы
|
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
|
|
1. Климаттың өзгеруі. Бұдан үш мың жыл бұрын еліміздің табиғаты құрғақ, қысы қатал әрі ұзақ, жазы қысқа әрі ыстық болған. Мұндай жағдайда ел тұрғындарының егіншілікпен айналысуықиынға соқты. Күзгі жаңбырдың салдарынан егін пісіп үлгірмеді, адамдар қажетті азық-түлік қорларын жасай алмады. Сондықтан ертедегі тұрғындар мал өсіруге көбірек көңіл болды. Қоныстар малшылардың қыстауына, егіншілік шаруашылықтың көмекші түріне айналды. Мал басы көбейді. Олардың көбісі жылқы мен қойлар еді.
Мал басының артуына байланысты малшылар жайылымды жиі ауыстырып отырды. Жайылым қажеттілігі малшыларды бір жерден екінші жерге ауысып, көшіп отыруға мәжбүр етті. Мал шаруашылығы жедел дами бастады. Жағдайдың өзгеруіне қарай табын құрамы да өзгерді, ірі қараның саны азайды. Тебіндеп жайылуына байланысты қой мен жылқы саны артты. Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болды.
2. Қоғамдық құрылысы. Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тұрғындар рулық-тайпалық құрылымда өмір сүрді. Алғашқы қауымдық құрылыстың қола дәуірінің соңына қарай басталған ыдырауы жаппай етек алды. Мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы ер адамдардың ,еңбегін көп қажет етті. Бұл олардың қоғамдағы рөлін жоғарылатты. Бұрын үстем болып келген аналық рулық қатынас толық күйреді. Оның орнына әкелік рулық қатынас қалыптасты. Қауым мүшелерінің ішінен малы көп байлар, басқыншылық соғыспен байыған қолбасылар шыға бастады. Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді. Көшпелілер малды өз меншігіне иеленіп, ал жер қауымның, рудың меншігінде қалды. Жекелеген отбасылардың байлығы өскен сайын, олардың қоғамдағы билігі де арта түсті. Қауым ішінде осындай мал-мүлік теңсіздігінің шығуы барған сайын орнығып, келе-келе әлеуметтік теңсіздікті тудырды.
Өндіруші шаруашылық дамып, металл қорыту қалыптаты. Рулық қатынастар ыдырап, олардың орнына қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.
3.Діни көзқарастары. Қола дәуірі тұрғындарының діни көзқарастары қарапайым болды. Олар өлген адамдарын белгілі бір рәсімдермен жерледі. Мүрдені «жер ананың » қойнына анасының құрсағында жатқан қалыпта қоюға тырысқан. Адамды қабірге сол, не оның жамбасымен бір қырынан жатқызған. Андрондықтардың түсінігінше өлген соң да «о дүниеде» тіршілік жалғасады. Сондықтан олар өлікпен бірге киім-кешегін. қару-жарағын, ыдыс-аяғын, тамағын қоса көмген. Андрондықтар күнге, отқа мінәжат еткен. Сонымен қатар олардың өмірінде бұрыннан келе жатқан тотемизм (шығу тегін жануармен байланыстыру), фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну) , анимизм (жанға, рухқа сену) сияқты ғұрыптар да орын алды.
Қола дәуіріндегі петроглифтерде екі аяқты арбаны бейнелеу кең тараған. Қаратаудағы жартасқа салынған суреттердің ішінде арбалар көп бейнеленген. Суреттердің көбінде ат немесе түйе жегілген, аңшылыққа арналған жеңіл, екі дөңгелекті әскери арбалар салынған. Андрондықтар түсінігінше бүкіл құдайлар аспанда ат жегілген екі дөңгелекті арбамен жүреді деп сенді.
Беғазы-Дәндібай кезеңінде үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір адам ғана жерленген құрылыстар пайда болды. Бұл осы кезеңдегі ру-тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты еді.
Қола дәуіріндегі адамдардың түсінігі бойынша қайтыс болған адам келесі бір дүниеге ауысады деп ойлаған. Беғазы-Дәндібай тұрғындары да адамның жеке бұйымдарын, қару-жарағын, еңбек құралдарын қоса көмген. Олар адам бұл өмірде кім болса, арғы дүниеде сол кәсібін жалғастырады деп есептеген.
Тамғалыдағы тасқа шекілген суреттерде күн басты адамдар бейнеленген. Күн басты бейнелер рухани құндылықтарды сақтаушы, мәңгіліктің символы саналады.
Қола дәуірі кезінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары –абыздар пайда болды. Олар рудың ежелгі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады.
4. Зергерлік өнері. Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген адамдар зергерлік өнер туындыларын да қалдырды. Олар, негізінен қоладан жасалған әр түрлі әшекей бұйымдар: сақина, білезіктер, салпыншақ әшекейлер, сырғалар, моншақтар т.б. Алтыннан жасалған бұйымдардан бір жарым орамды алтын сырғалар да кездеседі. Оларды әйелдер самай шашына қыстыратындықтан самай сырға деп аталады. Түрлі салпыншақтардан мойынға алқа таққан. Моншақтар, негізінен, асыл тастардан жасалған.
Әр түрлі жыртқыш аңдардың тісін тізіп, мойынға тұмарша таққан. Андрондықтарда тас қашау,сүйектен әр түрлі тұрмыстық бұйымдар жасау өнері жақсы дамыған. Тастан ұршық басын, дәнүккіш, құрал-қарулар құятын қалыптар, сүйектен түрлі әшекейлер, шүмектер жасаған.
|
Сабақты бекіту :
|
|
3-4 минут
|
1.Андрондықтар мен Беғазы-Дәндібай тұрғындары шаруашылықтың қандай түрімен айналысқан?
2.Қола дәуірінің қоныстары қандай жерлерде орналасты?
3.Қола дәуірінде ыдыс жасаудың қай түрі өрістеді?
|
Сабақты бағалау:
|
2 минут
|
Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау
|
Үйге тапсырма. § 10. Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі.
|
|
Сынып
|
6
|
|
|
Пән
|
Ежелгі Қазақстан тарихы.
|
Сабақ №
|
12
|
Тақырып
|
§ 11.Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері .
|
Сағат саны
|
1
|
Мақсаты:
1.Білімділік (танымдық)
|
Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері, темірден құрал-саймандардың пайда болғанынан бастап еңбек өнімділігінің ерекше өскенін, рулық қауымдық құрылыс жетіле түскенін түсіндіру.
|
2.Тәрбиелік:
|
Оқушыларды адамзат тарихындағы аса маңызды темір дәуіріндегі өзгерістерді айта отырып еліне деген сүйіспеншілікке, мәдениетті жасаушы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.
|
3.Дамытушылық
|
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
|
Көрнекілік
|
Карта, оқулық, тест.суреттер,кесте.
|
Әдіс-тәсіл:
|
Аралас сабақ
|
Сабақ кезеңдері
|
|
Сабақтың барысы:
|
|
1.Ұйымдастыру к-ңі:
Үй тапсырмасы.
|
1.Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық құрылысты сипатта.
2.Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетіман салыстыр.
3.Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған.
| -
Жаңа сабақ.
. 1. Темір дәуіріне сипаттама. Адамзат баласы тарихының ежелгі кезеңі үшке бөлінеді. Ол: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Ежелгі заман тарихын осы аталған дәуірлерге бөлу неге негізделеді? Адамзат тарихын бұлай бөлу осы аталған кезеңдердегі құрал-саймандардың қандай заттан жасалғандығына байланысты. Тас құралдар пайдаланылған кезең –тас дәуірі. Қола құралдар өндіріске енген кезең қола дәуірі. Ал адам баласы темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңді темір дәуірі дейді.
Темір дәуірі негізінен бүгінгі заманға дейін жалғасып келе жатыр. Темірдің алғаш өндіріліп, өндіріске кеңінен енгізіле бастаған бастапқы кезеңін ерте темір дәуірі деп атаймыз. Біздің еліміздің тарихында ерте темір дәуірі б.з.б. 8 ғасырдан б.з-дың 5 ғасырына дейінгі аралықты қамтиды.
Адамзат тарихында темір дәуірі ерекше маңызды орын алады. Темір құрал-саймандар пайда болғаннан бастап еңбек өнімділігі ерекше өсті. Өйткені темір құралдар тас және қола құралдарға қарағанда әлдеқайда өткір, төзімді болып келеді.
Б.з.б. 1 мыңжылдықтың басында ежелгі Қазақстанда күрделі өзгерістер орын алды. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өндірісте темірді пайдалануы және көшпелі мал шаруашылығы дамуымен ерекшеленеді. Б.з.б. 8 ғасыр көптеген тайпалар үшін темірді ашу және кеңінен пайдалану кезеңі болды.
Темір дәуірінде рулық қауымдық құрылыс одан әрі жетіле түсті. Адам санының өсуі, сыртқы жаудан қорғану ру-тайпалардың өзара көбірек араласуына себеп болды. Рулар үлкен тайпаларға бірікті, ал тайпалардың өзара қосылуынан тайпалық одақтар құрылды. Осындай тайпалық одақтарға сақтардың, ежелгі үйсіндер мен қаңлы, ғұн, сарматтардың тайпалық одақтары жатады.
2. Ертедегі темір өндіру. Жалпы, табиғи жердің бетінде өте сирек кездеседі. Тек метеориттен пайда болған темір ғана балқыма күйінде ұшырасады. Ертеде темір қарапайым тәсілмен, пеш көрікпен өндірілетін. Ол үшін тастан не шикі сазбалшықтан пеш салды. Пештің астыңғы жағының бірнеше жерінен тесік қалдырып, сол тесікке ауа үрлейтін қөрік орнатты. Пештің ішіне бірқатар отын, оның үстіне бір қатар ұсатылған кен тасын қалаған. Кен тасының үстіне және бір қабат отын толтырып, отынның үстін тағы да кен тасымен жапқан. Содан соң төменгі қабаттағы отынды тұтатып, оның жан-жағындағы оттықтан көрікпен ауа үрлеген.
Мұндай қарапайым көрікпен пештің ең жоғарғы температурасын көп дегенде 1200 градусқа жеткізуге болатын еді. Ал кен тасы ұнтақтарынан балқығае темір алу үшін кемінде 1530 градус температура қызу қажет. Сондықтан мұндай қарапайым пеш-көрік арқылы темірдің шала қорытылған шикі қиыршықтарын ғана бөліп алуға мүмкіндік болған. Содан соң осы шикі темір қиыршықтарын оттан алып, қып-қызыл шала балқыған күйінде төске салып. Балғамен соғып, біріктіріп, шыңдап, сом темір алған.
Сабақты бекіту :
1.Темірден еңбек құралдарын жасаудың адам өмірінде қандай маңызы болды?
2.Темір дәуірінің басты ерекшелігін ата?
3.Темір дәуірі қай ғасырларды қамтыды және қай кезеңге дейін жалғасып келеді?
Үйге тапсырма. § 11.Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері .
|
Сынып
|
6
|
|
|
Пән
|
Ежелгі Қазақстан тарихы.
|
Сабақ №
|
13
|
Тақырып
|
§ 12. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы.
|
Сағат саны
|
1
|
Мақсаты:
1. Білімділік.
|
Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері, темірден құрал-саймандардың пайда болғанынан бастап еңбек өнімділігінің ерекше өскенін, рулық қауымдық құрылыс жетіле түскенін түсіндіру.
|
2.Тәрбиелік:
|
Оқушыларды адамзат тарихындағы аса маңызды темір дәуіріндегі өзгерістерді айта отырып еліне деген сүйіспеншілікке, мәдениетті жасаушы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.
|
3.Дамытушылық
|
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
|
Көрнекілік
|
Карта, оқулық, тест.суреттер,кесте.
|
Әдіс-тәсіл:
|
Аралас сабақ
|
Сабақ кезеңдері
|
|
Сабақтың барысы:
|
|
1.Ұйымдастыру к-ңі:
Үй тапсырмасы.
|
1.Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық құрылысты сипатта.
2.Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетіман салыстыр.
3.Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған.
|
Жаңа сабақ.
1.Адамдардың өмір сүру салты,шаруашылықты жүргізу тәсілдері тіршілік ортасына байланысты екенің білесіңдер.Балалар, сендер Қазақстанның табиғат ерекшеліктерімен таныссыңдар.Оның көп бөлігі жүзім мен мақта,дәнді дақылдар өсіруге жарамсыз.Үстірт пен Маңғыстау, Бетпақдала, Орталық Қазақстанғы ұсақ шоғылар, Алтай мен Алатаудың таулы аудандары егіншіліктен гөрі мал шаруашылығына көбірек колайлы.Шөлейтті дала топырағы құнарсыз, жауын-шашыны аз, үнемі жел соғып тұрады.
Өткен параграфтардан андрондықтардың баспана салып,балық аулағанын,мол өнім алғанын оқыдыңдар. Қазақстандағы ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне қарай егіншілікті бірте-бірте мал шаруашылығымен алмастырды. Мал басының көбеюінен оларды бір жерде асырау мүмкін болмады. Мұндай өзгерістердің қандай себептері бар еді? Ғалымдардың пікірінше, негізгі себеп климаттың өзгеруі . Қазақстан далаларында шамамен б.з.б. 2 мыңжылдықтың соңына қарай егіншілікпен шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды. Оның себебі Қазақстан даласының бейнесі өзгеріске ұшырады. Әр түрлі Өсімдіктерге бай дала қатты тікенді жантақ пен изенді сорға, сусыз құмды жапан далаға айнала бастады. Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын-шашын азайды. Егіншілік пен шұғылдану қиындады. Бұлақтар суалып, өзендер тартылып қалды. Бұл малмен күнкөріп отырған тайпалардың жаңа өріс іздеуіне ықпал етті. Бұрын иесіз жатқан жерлерге ендігі жерде адамдар қоныстана бастады.Көшпелі мал шаруашылығы артық өнім алуға мүмкіндік берді. Ол адамның шаруашылық кәсібінің аумағын кеңейтіп қана қоймай, оның еңбегінің бағасын да арттырды.
Мұндай жағдайда дала тұрғындары шаруашылықтың жаңа тәсілін – көшпелі мал шаруашылығын ойлап тапты. Олар бірті-бірте көшпелі өмір салтына көшті.
Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады. Атқа мінген бақташы ендігі жерде малды ұзатып жаюға мүмкіндік алды. Мал басының өсуі, оның үстіне қыста да тебіндеп жайылатын жылқы мен қой санының көбеюі жайылым ауыстырып, көшіп отыруды қажет етті. Міне, осы табиғи-шаруашылық алғышарттары ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінің көпшілік атырабында көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына ықпал жасады. Дегенмен де табиғатты ежелден егіншілік пен отырықшылыққа қолайлы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылығымен бірте отырықшы өмір салты, егіншілік қатар дамыды.
Ұшы-қиырсыз даланы меңгеруге байланысты мәдениеттегі және шаруашылықтағы тұйықтық дәстүрі бұзылды. Тайпалар арасында кең көлемде экономикалық және мәдени қатынастар орныға бастады. Көшпелілер мен егіншілер арасындағы ғасырларға созылған ынтымақтастық екі мәдениеттің де өркендеуіне себепкер болды. Осы өзгерістердің барлығы материалдық және рухани мәдениеттің одан әрі дамуына жеткізді.
2.Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, қой, мен сиыр ұстады.
Адамдар жылқыны азық ретінде де, мініс көлігі ретінде де пайдаланды. Жылқы суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады, арнайы қораның да қажеті жоқ. Жылқы шаруашылыққа көп пайда келтірді. Атқа мінген бақташы малды қоныстан ұзақтау жерге жаюға мүмкіндік алды. Мал саны көбейген сайын мұндай әдістің маңызы арта түсті. Мал жайылым шөбін жеп тауысып, шаңдаққа айналдырған кезде малшылар оларды жаңа орынға ауыстырды.
Қойлар көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Олап суық пен ыстыққа төзімді.
Түйелер жүк көлігі ретінде пайдаланылды. Олар жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Түйе сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
Малшылар жылқы, қой мен түйеден басқа ірі қараны өсірді. Сиыр тебіндеп жайылуға икемсіз, сондықтан оларға арнап жемшөп әзірлеу қажет еді.
Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында түйенің маңызы аса зор болды. Мұнда сиыр аз ұсталды. Еліміздің солтүстігінде өсімдік пен су көздері анағұрлым мол болғандықтан, сиырды көп өсірді. Ал елдің оңтүстігі қой өсіруге тиімді еді.
3.Ғалымдар көшпеліліктің дамуын әр түрлі кезеңге бөледі. Ертедегі тұрғындар әуелі малды қоныстардың қасында жайған болуы мүмкін. Уақыт өткен сайын шұрайлы жайылым іздеп, малды бір жерден екінші жепге ауыстырып отырған. Мал өсірудің бақташылық түрі осылай қалыптасты. Бірқатар таулы жерлерде малды арнайы адамдар бақты.
Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты. Қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл материалдармен: былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.
Бертін келе көшпелілер арбамен көшу әдісінен бас тартты, өйткені жүріп тұруға өзен-көлдер мен төбелер кедергі жасады. Олар жүк көлігі малдарын пайдаланды. Түйе мен атқа көшпелілер киіз үйін, киім-кешегін, үй-тұрмыстық заттарын артты.
Сабақты бекіту :
Сұрақтар
Сабақты бағалау:
Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау
|
Үйге тапсырма. § 12. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы.
|
Сынып
|
6
|
|
|
Пән
|
Ежелгі Қазақстан тарихы.
|
Сабақ №
|
14
|
Тақырып
|
§ 13.Көшпелі бақташылық- шаруашылықтың негізгі түрі.
|
Сағат саны
|
1
|
Мақсаты:
1. Білімділік.
|
Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері, темірден құрал-саймандардың пайда болғанынан бастап еңбек өнімділігінің ерекше өскенін, рулық қауымдық құрылыс жетіле түскенін түсіндіру.
|
2.Тәрбиелік:
|
Оқушыларды адамзат тарихындағы аса маңызды темір дәуіріндегі өзгерістерді айта отырып еліне деген сүйіспеншілікке, мәдениетті жасаушы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.
|
3.Дамытушылық
|
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
|
Көрнекілік
|
Карта, оқулық, тест.суреттер,кесте.
|
Әдіс-тәсіл:
|
Аралас сабақ
|
Сабақ кезеңдері
|
|
Сабақтың барысы:
|
|
1.Ұйымдастыру к-ңі:
Үй тапсырмасы.
|
1.Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық құрылысты сипатта.
2.Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетіман салыстыр.
3.Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған.
|
Жаңа сабақ.
1.Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон. Көшу дегеніміз табындар мен отарлардың соңынан бір жайылымнан екінші жайылымға сенделіп жүру емес. Малшылар ғасырлар бойы дағдыланған мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып , жазда-жайлауға, қыста-қыстауға үзбей көшіп жұрген. Олар қолда бар табынды шөппен және сумен қамтамасыз ететін жыл мезгілі мен қолайлы орынды мұқият таңдаған. Қыстау- жылы қораларды бар тұрақты орын. Ерте көктемде мал сонда төлдетіледі.
Көктемгі жайылым –көктеу әдетте шоқылар мен қыраттарда орналасқан. Көктеу –қыстан қиналып шыққан түлік ұзап алысқа өрістей алмайтын және төл алынып жатқан кездегі мал бағылатын қора маңындағы жайылым. Көктемде барлық жерде мереке қызыды. Көшпелілер бар уақытын таңертеңнен кешке дейін үйден тыс жерде , ашық аспан астында өткізген. Көктемде қыстан жүдеу шыққан мал қоңданып, қойлар,биелер мен інгендер төлдеген. Көктемгі, күзгі жұмысқа қоймен түйе қырқымы қосылған. Қойды екі рет қырыққанда -2-2,5 килограмм
, ен,н,н,нннтүйе врра
Сабақты бекіту :
Сұрақтар
Сабақты бағалау:
Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау
|
Үйге тапсырма. § 12. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы.
|
.
|
|
Түйе-4-8 килограмм жүн берген.
Жайлау
Көктеу Күзеу
Қыстау
Егер қыс кезі өзара қарым –қатынас жасауға қиындау болса, көктемде малшылар түрлі мерекелерді тойлаған. Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі Наурыз мейрамы болып табылады. Кейбір ғалымдардың айтуынша, ол бұдан 3000 жылдай бұрын пайда болған.
Алайда ең дархан мезгіл-жазда жайлауға шығу. Жайлау –малды алысқа ұзатып жаятын жайылым. Әуелде ол даланың бір шетіне немесе бір қырынан таңдалған. Бұл кезде көптеген адамдар үйлену тойын жасап, ойын-сауық, ат жарыс, күрес өткізген, жыршыларды сайратып, ақындар айтысын тыңдаған. Ауыл-ауылда құрт қайнатып, май шайқаған, ірімшік жасап, қысқа азық-түлік әзірлеген. Бұл кезеңде әр үйде айран ұйытылып, қымыз бен шұбат дайындалған.
Көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі болды. Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі тұрмыс қалыптасты. Шығыс Қазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария, Шу, Келес, өзендерінің аңғарында отырықшы шаруашылық дамыды.
Малшылар күзде күзеуде отырған.Күзеу –қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын жайылым. Халықжиналысын өткізіп, ру мен тайпаның аса маңызды мәселелерін шешкен.
2.Көшпелілердің баспанасы. Үнемі көше беру тіршілік ырғағын өзгертті. Көшу ұраны-тек қажеттілерді ғана алу. Мұндай ұстаным тұрған үй құрылысына да әсер еткен. Үй меймандары қабылдауға, отбасы салт-дәстүрін өткізуге, той-томалақ жасауға және тұрмысқа ыңғайлы болуға тиіс. Заттардың бәрі ыңғайлы, жеңіл, ықшам әрі біркелкі болды.
Киіз үй өте қарапайым әрі тұруға қолайлы. Оны аз уақытта, шамамен, бір сағат ішінде тігуге және жығуға болады. Жүк арту үшін бір түйе немесе екі ат жеткілікті болған.
Киіз үй негізгі екі бөліктен-жабуға арналған киізден және ағаш қаңқадан құралған. Киіз басу үшін қой жүні пайдаланылады. Ағаш қаңқа үш бөліктен тұрады: кереге-киіз үйдің негізі, ол айқасқан қабырғаға ұқсас. Кереге байланған уықтар шаңырақты көтеріп ұстап тұрады. Шаңырақ дөңгелек немесе конус тәрізді етіп жасалады.
Киіз үйден басқа да баспана түрлері болған. Зерттеушілер ежелгі Қазақстанның тұрғындары үйсіндердің баспаналарын сипаттап жазған. Қыста олар кірпіш үйлепде тұрды. Сырты сыланған тас немесе саман үй үлкен бір бөлмеге немесе өзара бір-бірімен жалғасқан бірнеше бөлмеге бөлінген. Мұндай төрт-бес үй ауылды құраған. Үйдің жанында түнде малды қамап қоятын қоршау салынған. Қоныстан біршама қашық жерде рулық зират орналасқан. Кез-келген баспананың, киіз үйдің немесе саман үйдің ортасында пеш орнатылған. Ошақты тастан қалап, оған тамақ пісіруге арналған қазан қондырылған. Көшпелілер ошақты киелі санаған. Ошаққа мұндай құрметпен қарау қазақтарда бүгінгі күнге дейін сақталған.
Көшпелілер нені білуге тиіс еді? Малшылар өздері тұрған және өздерін қоршаған табиғатты түсіне білуі тиіс болды. Сондай-ақ өзен суының тасуы салдарынан малды тезірек жаңа орынға ауыстыру және қиын жағдайда қалмау үшін, жылдың қай мезгілінде судың таситынын білуі керек. Әркімнің жайылымдар мен құдықтар орналасқан жерді, көшудің қысқа да әр түрлі жолдарын білуінің маңызы зор болды.
Сабақты бекіту :
Сұрақтар
1.
2.
3.
Сабақты бағалау:
Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау
|
Үйге тапсырма. §13.Көшпелі бақташылық- шаруашылықтың негізгі түрі.
Сынып
|
6
|
|
|
Пән
|
Ежелгі Қазақстан тарихы.
|
Сабақ №
|
15
|
Тақырып
|
§ 14 Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы.
|
Сағат саны
|
1
|
Мақсаты:
1. Білімділік.
|
Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері, темірден құрал-саймандардың пайда болғанынан бастап еңбек өнімділігінің ерекше өскенін, рулық қауымдық құрылыс жетіле түскенін түсіндіру.
|
2.Тәрбиелік:
|
Оқушыларды адамзат тарихындағы аса маңызды темір дәуіріндегі өзгерістерді айта отырып еліне деген сүйіспеншілікке, мәдениетті жасаушы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.
|
3.Дамытушылық
|
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
|
Көрнекілік
|
Карта, оқулық, тест.суреттер,кесте.
|
Әдіс-тәсіл:
|
Аралас сабақ
|
Сабақ кезеңдері
|
|
Сабақтың барысы:
|
|
1.Ұйымдастыру к-ңі:
Үй тапсырмасы.
|
1.Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық құрылысты сипатта.
2.Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетіман салыстыр.
3.Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған.
|
Жаңа сабақ.
1.Сақ туралы алғашқы мәліметтер. Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі. Олар: парсы патшаларының тастағы сына жазбалары және грек-рим авторларының шығармалары. Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндерде Қазақстандағы тайпалардың аты аталады. Грек және латын тіліндегі деректердің арасынан Герадот пен Страбонды айтуға болады. Осындай деректерге қарағанда Грекияда, Рим империясында, Персияда, Египетте, Үндістанда көшпелілерді жақсы білген.
Сақтар-б.з.б. 1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған. Жалпы, сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп пікір бар. «Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында жүйрік атты турлар дейді. Ежелгі грек авторлары сақтарды «Азиялық скифтер» деп атады.
Ежелгі грек тармхшысы Герадот өз жазбаларында сақтарды массагет деп атаған. Грек деректерінде көшпелі тайпалардың тағы да бір атауы-дай (дайлар) кездеседі. Грек тарихшыларының айтуына қарағанда, сақтар «Дұшпанға-қатал, досқа-адал» болған. Олар батыр жауынгерлерді ардақтап, құрмет тұтқан.
аталатын тайпалардың
Сабақты бекіту :
Сұрақтар
Сабақты бағалау:
Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау
|
Үйге тапсырма. § 12. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы.
|
.
|
|
Сақ деп аталатын тайпалардың әрқайсысының өз алдына көсемі болған. Грек авторы Ктесий: «сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады» деп баяндайды.
2. Сақ тайпаларының қоныстануы. Ғалымдар Қазақстанның ертедегі сақ тұрғындарының қоныстанған жерлерін анықтады. Олардың бір тобы Жетісуда, Тянь-Шань тауларында, Сырдария өзенінің орта ағысында тұрды. Парсылар оларды шошақ бөріктілер-сақ-тиграхауда деп атаған. Тайпалардың екінші бір тобы Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысымен мекен еткен. Парсылар оларды сақ-парадарайа-теңіздің арғы жағындағы сақтар деген. Олардың оңтүстігінде сақ-хаумаваргалар қоныстанған. Ғалымдардың пайымдауынша, мұндай атау оларға хаома сусынына байланысты берілген.
Тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкент қаласы аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген. Жетісу алқабы «шошақ төбелі сақ» деген атау ұзақ уақыт сақталған. Күні кешеге дейін қазақ халқы өздерін «шошақ төбелі қазақпыз» деп атап келген.
Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар, аргиппейлер, исседондар, массагеттер деп атайды. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстік өңірлерінде, Солтүстік, Орталық аймақтарында мекендеген.
3.Сақ қоғамы.Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігі орнықты. Мұны археологиялық қазбалар мен жазба деректер дәлелдейді. Сақ патшалары құдыретті билеушілерге айналды. Олар соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті, келісімдер жасасты, елшілер тағайындап, әскерді басқарды.
Халықтың басым көпшілігін қатардағы қауымдастар-малшылар құрады. Халық жиналысының, яғни тайпаның барлық ересек ер адамдары жиналысының рөлі күшті еді, ол көсемдерге де ықпал жасады.Бұл алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, әскери демократияның пайда бола бастаған кезі болатын.
Тайпа мүшелері өз жиналыстарын көсемін сайлады. Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметін де атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы даулы мәселелерді шешті, қақтығыстарды реттеп отырды. Көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалап, тайпа атынан келіссөздер жүргізіп отырды. Жайылым және көші-қон мәселесін реттеді. Жер бөлісімен айналысып, оны пайдалану жолын белгіледі.
Сақ қоғамы жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер деп аталатын үш топтан тұрды. Жауынгерлерді ежелгі үнді-ирандық тілінде «ратайштар», яғни
«арбада тұрғандар» деп атаған. Абыздардың танымал белгісі болып тостаған мен айрықша бас киімдері саналды. Малшылар мен егіншілердің «сегізаяқты» деп аталатындары да болған. Бұл соқаға жегетін екі өгізі барлар дегенді білдіреді.
Сақ жауынгерлері қызыл және сары-қызыл, абыздар ақ, ал малшылар мен егіншілер сары мен көк түсті киімдер киген.
|
|
«Сақ»
Сынып: 6 “Ә”
Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы.
Сағат саны: 1
Тақырып: 16. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.
Мақсаты:
Достарыңызбен бөлісу: |