Зоологиялық қорықшалар



Pdf көрінісі
Дата07.12.2023
өлшемі6.1 Mb.
#485823
Зоологиялық қорықшалар



Зоологиялық қорықша
Орындаған: Ілтай Дінмұхамед
Серікбаева Андия Туйтебайқызы 
Қабылдаған:а.ш.ғ.к., қаум.профессор
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы 
"Су, жер жəне орман ресурстары" факультеті
"Орман ресурстары, аңшылықтану жəне балық шаруашылығы" кафедрасы


Зоологиялық қорықша
Қазақстанда тіршілік
ететін жануарлардың сирек кездесетін
жəне жойылып кету қаупі бар түрлерін
қорғау мақсатында ұйымдастырылған
арнайы аумақтар.
Бұл аумақтар шаруашылыққа
пайдаланылмайды, мемлекеттің 
қорғауында болады.
20XX
2


33 зоологиялық
қорықша 


20XX
4


Қорықтарға қысқаша тоқтай кетсек
Зоологиялық қорықшалардың негізгі қызметі – жануарлар дүниесін
сақтаудың,молайтып,тиімді пайдаланудың,сонымен қатар дүниежүзілік
маңызы бар жануарлар мен құстардың қорын игерудің ғылыми негізін
жасау.
20XX
presentation title
5


Аңдасай қорықшасы
Ақбөкен
Саршұнақ 
Қарақұйрық 
Шұбар
20XX
presentation title
6


АНДАСАЙ ҚОРЫҚШАСЫ,Жамбыл обл. Мойынқұм ауд- ның
солтүстік бөлігі мен Бетпақдаланың оңтүстігінде
орналасқан. Мойынқұм, Бетпақдала шөлдеріндегі, Шу —
Іле шөлейтіндегі арқар, таутеке, жабайы шошқа, ақбөкен,
қарақұйрық, дуадақ, безгелдек, қырғауыл, т.б. пайдалы
аңдар мен құстарды жəне ойпаң дала көлдеріндегі
балықтарды қорғау, көбейту мақсаттарымен 1966 ж.
құрылған. Аум. 1 млн. га. Жер бедері ақ сексеуіл өскен
тоғайлы төбешік пен құмды қырқалар, беті тегіс, көлемді
тақырлар болғандықтан, жануарлар үшін өте қолайлы
келеді. Қорықшада балық пен бауырымен
жорғалаушылардың 10- нан, құстардың 200-ден,
сүтқоректілердің 40-тан астам түрлері (кірпішешен, қоян,
сарышұнақ, борсық, қасқыр, қарсақ, түлкі, елік, т.б.) тіршілік
етеді. А. қ. Оңт. Қазақстандағы ақбөкендердің қыстап
шығатын қонысы болып есептеледі. Ондағы бірқатар аң-
құстар (қарақұйрық, шұбар күзен, қалбағай, жалман, арқар,
аққу,т.б.) мен өсімдіктер (Ааьберт жауқазыны, Бетпақдала
сылдыршөбі) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Қорықша аумағында аң-құстарды аулауға тыйым салынған.


Жоғары Көксу қорықшасы
Барыс
Маралr
Қарабуыр ұлар
Сақалтай
Қабан
Ондатр
Елік
Бударин қорықшасы
Түлкі


Жоғарғы Көксу қорықшасы – Жетісу өңірін мекендейтін аңдар мен құстарды
қорғау, көбейту мақсатымен 1980 жылы құрылған республикалық мəні бар
зоологиялық қорықша. 
Алматы облысының Панфилов жəне Кербұлақ аудандарында орналасқан.
Аумағы 240 мың га. Қорықша Көксу, Қорғас, Үлкен Үсек жəне Кіші Үсек
өзендерінің бастауындағы Жетісу Алатауының (Жоңғар Алатауының)
Тоқсанбай жотасының орталық бөлігін алып жатыр. Жер бедері биік жəне
аласа таулы болып келеді. Теңіз деңгейінен 2500 м биіктіктегі қылқан
жапырақты (майқарағай жəне шырша) орман белдеуі одан жоғары бетегелі
дала белдеуіне, субальпілік жəне альпілік шалғынға ұласады. 
Қорықшада барыс, арқар, марал, жабайы шошқа, елік, сілеусін, ақ қоян, ақ
тиін, сұр суыр, қарабауыр ұлар, сақалтай, бүркіт мекендейді; сирек
кездесетін жəне жойылып бара жатқан, Қазақстанның “Қызыл кітабына”
енгізілген жануарлардың 8 түрі (Жетісу аяқтыбалығы, барыс, т.б.) бар.
Қорықшада аң аулауға, құс атуға тыйым салынған, қорғауға алынған
жануарлардың тіршілігіне бөгет жасауға, өсімдіктерді өртеуге, сондай-ақ əр
түрлі уландырғыш заттарды қолдануға рұқсат етілмейді
Жоғарғы Көксу қорықшасы, əлемдегі əрі жоғары белгілі аймақтардан бірі
болып табылады. Бұл қорықша орналасқан аймақтың көлемі 240 мың га,
оның ішінде Қорықша, Қорғас, Үлкен Үсек жəне Кіші Үсек өзендерінің
бастауындағы Жетісу Алатауының орталық бөлігін алады. Жер бедері биік
жəне аласа таулы болып келеді.
Қорықшада енгізілген “Қызыл кітабы” оқиғаларына сəйкес екінші дүниеге
əліпкерлердің құратылуы, қарулы көштерінің құрылуы, жер бетінің
ерекшеліктеріне қарсы жүзеге асыруға тырысады. Осы себептерден қорықша
қорғауға маңызды мекендейлерден бірі болып табылады. Мұндай
мекендейлерді қамтылғанда, қорғауға алынған жануарлардың тіршілігіне
бөгет жасауға, өсімдіктерді өртеуге, сондай-ақ əр түрлі уландырғыш
заттарды қолдануға рұқсат етілмейді.


Қорықша Жайық өзені аңғарын
жəне оның айналасындағы
шалғынды, далалы жерлерді алып
жатыр. Жер көлемі 61 мың га, өзен
аңғарында ені 10 км, ұзындығы 50
км-дей алқапты қамтиды. Онда
арал мен түбектер көп. Орманды
жерлерінде қаратерек, көктерек,
емен, қайың, тал өседі. Қорықта
құндыз, бұлан, қабан, елік, бұғы,
орман сусары, борсық, орқоян,
ақтышқан, құр, сұрқаз, үйрек,
балшықшы, т.б. қорғалады. Көлдер
мен өзендерде сазан, көксерке,
шортан, тыран кездеседі. Жайық
өзенінде шоқыр, қортпа таралған.
Мұнда табиғат қорғау
шараларымен бірге биотехникалық
жұмыстар да жүргізіледі. Жыл
сайын құндыздар санының есебі
алынып отырады, тұяқты аңдарға
арнайы тұз себілетін алаңқайлар
даярланып, құстарға арнайы ұялар
жасалып ілінеді


Ақтау-Бозашы қорықшасы – республикалық мəні бар зоологиялық қорықша. 1982 жылы
Маңғыстау облысында ұйымдастырылған. Жер көл. 170 мың га. Оған Бозащытүбегінің
оңтүстік-батыс, Ақтаудың солтүстік-батыс бөліктері жəне Каспий теңізінің соған шекаралас
жазық жағалауы енеді. Жер бедері құмды төбелі, бұйратты, сортаңды, шағылды, сорлы
болып келеді. Қайраңды тегіс алқаптар да кездеседі. Табиғаты шөлейтті, шөлді аймаққа тəн.
Онда қысқа мерзімді шөл өсімдіктері мен қатар [[адыраспан, жантақ, көк кекіре, көкпек,
сүттіген, жусан, күйреуік, изен, мортық, киікоты, бұйырғын, сораң, балықкөз, шағыр, қияқ,
ақселеу, құртқашаш, тобылғы, бозжиде, ақ тұт]], т.б. өседі. Қорықшада қосмекенділердің – 1
(дала тасбақасы), бауырымен жорғалаушылардың – 15 (кəдімгі сұржылан, оқжылан,
қалқантұмсық, т.б.), құстардың – 300-дей (жылқышы, жабайы кептер, үкі, бөктергі, жағалтай,
жамансары, қарақұс, т.б.), сүтқоректілердің – 34 (Каспий итбалығы, құм қояны, қарсақ, дала
күзені, қара кірпі, борсық, ақ бөкен, дала мысығы, т.б.) түрі мекен етеді. Ақтау-Бозашы
қорықшасындағы бірқатар аң-құстар (жорға дуадақ, безгелдек, қарабауыр бұлдырық, ителгі,
бүркіт, жұртшы, шұбар күзен, қарақұйрық, қарақұлақ, сабаншы, шағыл мысығы, арқар, үстірт
жабайы қойы – муфлон, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген


Бударин қорықшасы – Жайықтың
табиғи қорларын қорғап, оны
молайту мақсатында 1986 ж.
ұйымдастырылған қорықша. Батыс
Қазақстан облысы Ақжайық,
Теректі, Зеленов аудандарында
орналасқан. Жер аумағы 80 мың га.
Қорықшаның мақсаты аңшылық-
кəсіптік маңызы бар құс түрлерін
көбейту, сондай-ақ тоғайлар мен
даланы мекендейтін аңдарды
сақтау болып табылады.
Қорықшада жылдан-жылға саны
азайып бара жатқан құндыз, бұлан,
жабайы шошқа, орман сусары,
бірқазан, қалбағай, сұр, аққу, т.б.
сүтқоректілер мен құстар қорғалады


20XX
presentation title
8
Зоологиялық қорықша
Хайуанаттар қорықшалары жабайы
жануарлар мен құстардың
миграциясы жолдарында орналасқан
табиғат кешендерін қамтиды, мұнда
фаунаны толығымен қорғау қолға
алынған. Қорықшалармен қатар,
қоршаған ортаның жай-күйіне
қатысты ғылыми жұмыстар
жүргізілетін биосфералық қорықтар,
резерваттар ұйымдастыруға
болады. Елімізде болашақта оларды
ұйымдастыру жоспарланып жатыр..


20XX
presentation title
9


Қорықшаға жалпы түсініктеме
20XX
presentation title
10
Қорықшалардың ерекшелігі - мұнда
табиғат нысандарының тек жеке
бөліктерін шаруашылыққа шектеп,
белгілі бір мерзімде жəне қорғауға
алынған нысандарға зиян келтірмейтін
мөлшерде ғана пайдалануға рұқсат
етіледі. Қазақстанда қазіргі уақытта
жалпы ауданы 4600 мың га 80 қорықша
бар. Олар қорғалатын нысандарына
байланысты геологиялық, ботаникалық,
хайуанаттар қорықшалары т.б. деп
бөлінеді.


Назарыңызға рақмет ! 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет