003 топ кейс георгий Марков Дата 15 / 04 /2021 pbl 21 / 04 /2021 pbl 2



бет2/5
Дата12.04.2024
өлшемі345.9 Kb.
#498511
1   2   3   4   5
Георгии Марков қазақша

НАУҚАСТЫ ҚАБЫЛДАУ
Георгий Марков 55жаста, «№2 Емхана» МҚМ-нің өз аймағының жалпы тәжірибе дәрігері Л.Н. Пашневаға келді.
Георгий Николаевич дәрігерге өзін жалпы жақсы сезінетінін және өзінің есту қабілетінің жақсы екендігіне көз жеткізу үшін арнайы келгенін айтты. Алайда, дәрігер алғашқы сұхбаттасудан-ақ науқастың құлағы әдеттегі дауыс қаттылығын жақсы естімейтіндігін аңғарды.
НАУҚАСТЫҢ ТАРИХЫ
Георгий Николаевич Марковтың әйелі және бөлек тұратын екі ұлы бар. Георгий Николаевичтің айтуы бойынша, ол 33 жыл бойы жиһаз фабрикасында жұмыс атқарып келеді.
Ол өзінің есту қабілетінен ешқандай қиындық байқамаған. Дегенмен, жақында облыстық мини-футбол чемпионатының төрешілер құрамынан шығарылған, себебі ол жарыстарда секундометрші бола тұра, басқа төрешінің бұйрықтары мен ысқырығын естімей қалғандықтан әрекет етпеген. Георгий соңғы 10 жылда төрешілер бригадасының құрамында болған және жазда үлкен футболдың 1- лига жарыстарында, қыста футзал бойынша облыстық жарыстарда қызмет еткен. Ол оқиғаның мұндай өзгерісіне қатты налыды.
Георгий Николаевичтің айтуы бойынша, басқа ешкім оның есту қабілетінің нашарлығына шағымданған емес. Георгий Николаевич ешқашан дәрі ішпеген және соңғы рет қашан ішкені де есінде емес. Ол бас жарақатын алмаған.
Медициналық тексеру
Георгий сау адам болып көрінеді, жалпы тексеру нәтижелері ешқандай физикалық қиындықтарды анықтамады:
Температурасы: 36,8oC
Тамыр соғуы: минутына 76 соққы, ырғақты.
Артериялық қысымы: систолалық -120 мм сын. бағ., диастолалық – 80 мм сын. бағ.
Тыныс алуы: везикулалық, минутына 16 жиілікпен.
Отоскопия екі құлақта да құлық шөгінділері барын көрсетті, солжақ есту жолы тұтастай жабық.
Дәрігер Вебер тестін жасауға кірісті – ол дыбысты солжақтан жақсы еститіндігін хабарлап тұратын, вибрация беретін камертонды бастың ортаңғы сызығына орналастырды.
Георгийдің емізіктәрізді өсіндісіне (құлақтың артындағы) камертонды басу арқылы, дәрігер Ринне тестін жасады. Георгий камертонды барлық жақтан естиді. Дәрігер науқастан емізіктәрізді өсіндіден камертонды алған кезде және оны есту жолына жақындатқан кезде, камертон дыбысы оған естіліп жатқандығы жөнінде айтуды сұрады (Ринне тесті қалай өткізілетінін суреттеу).
Ринне тесті оңжақтан позитивті және солжақтан негативті болды.
НАУҚАСТЫ ЕМДЕУ
Дәрігер құлықты кетіру емшарасын бастамас бұрын, Георгийден бұрын дабыл жарғағы тесілуінің болуы-болмауы жөнінде сұрады. Георгий ондай жағдайдың болмағанын айтты. Дәрігер әрбір құлаққа бөлме температурасындағы майды бірнеше тамшыдан тамызып, оны 5 минут ішінде ағып кетпеуін қадағалау керектігін айтты. Бұл емшараны 5 күн бойы, күнде кешкі уақытта жасауды, сосын емханаға құлағын шүмектетіп шаюға және дәрігер-сурдолог қабылдауына қайта жазылуы керектігін айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет