003 топ кейс георгий Марков Дата 15 / 04 /2021 pbl 21 / 04 /2021 pbl 2



бет3/5
Дата12.04.2024
өлшемі345.9 Kb.
#498511
1   2   3   4   5
Георгии Марков қазақша

2-сабақ
Оқиғаның жалғасы
Георгий дәрігердің қабылдауына құлағындағы құлықты тазартып қайта келді, бірақ құлағы әлі де нашар естиді. Дәрігер оны аудиометрияға жіберді. Барлығы нәтижені күтіп тұрғанда, Георгийдің әйелі дәрігерге күйеуін құлақ шуылы мазалап жатқанын, куйеуінде ми ісігінің бары не жоғы жөнінде өзінің уайымын айтты.
Алдағы уақыттағы физикалық тексеру 
Дәрігерге қаралуға келген Георгийдің әдеттегідей дауыспен айтылған сөзді қабылдауы мен естуі әлі де нашар екені анықталды. Отоскопия әдеттегі дабыл жарғағы мен есту жолын анық көрсетіп тұр. Ринне тесті екі жақтан да оң; ал Вебер тестінде дыбыс ортаңғы сызық бойымен қабылданады.
ТЕКСЕРУ
Георгий дәрігерге құлағының жақсы ести бастағанын айтып, енді есту қабілетінің қалыпты екендігін растайтын тұжырымдама беруін сұрады. Георгий дәрігерге:“Мені төрешілер құрамынан шығарып жібергеннен кейін жігіттермен байланысымды жоғалтып алдым, енді оларға қайтып оралғым келеді” -деді. Дәрігер мұндай тұжырымдаманы беруден бас тартып, Георгийді аудиометрияға - тексерілуге жібереді.
Тексеру нәтижелері
Келесі аптада Георгий аудиометриядан өтті.
Аудиограмма нәтижелері.
НАУҚАСТЫ ҚАБЫЛДАУ
Үш күн өткеннен кейін ерлі-зайыпты Марковтар дәрігерге бірге келді. Георгийдің әйелі күйеуінің саңыраулығына және оның “құлағындағы ызың тәрізді шуылға ” алаңдаулы. Жақында ол есту қабілетінен айрылу мен құлақтағы зыңылдың ми ісігінің, «вестибулярлы невроманың» симптомдары екенін оқыған еді, осыған байланысты ол қатты қамығып жүргенін айтты.
Оқиғаның одан әрі дамуы
Георгий дәрігерге құлағында жиі жоғарғы сарындағы, бірнеше уақытқа созылатын зыңылдың болатынын зауықсыз түсіндірді. Бұл үздіксіз шуыл екі құлағында да бар және дыбыс “солқылдамайды”. Ол өзін ешнәрсе мазаламайтынын және “әйелі медициналық журналдарды оқуға уақытын аз бөлсе, барлығы жақсы болатынын” айтты.
Алдағы уақыттағы физикалық тексеру
Дәрігер Вебер Георгийге неврологиялық тексеру жүргізді, бірақ ешқандай аномалияны анықтай алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет