«050205 Филология. Қазақ филологиясы» (мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)



бет2/43
Дата22.02.2022
өлшемі0.8 Mb.
#455637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Айтыс-УМК

Постреквизиттер – ХХ ғ. 60 жылдардан кейінгі әдебиет, абайтану, қазіргі қазақ әдебиеті.
5. Оқу пәнінің сипаттамасы.
Айтыс өнерінің тарихы мен даму кезеңдерін, айтыс ақындарына қатысты жазылған еңбектерді, талдауларды қамтиды.
Драма жанрындағы характер мен тартыс, драмадағы жағдай, ситуация, тартыстың шиеленісуі және ширығуы, драмалық жанр мәселелерін
5.1. Пәннің оқу үдерісіндегі орны: Пән айтыс ақындарының шығармалары, олардың көркемдік құндылығы, сапасы, әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі саралап, айтыстарды кең ауқымды талдауға бағытталған.
5.2. Оқу пәнін оқыту мақсаты: Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, қазақ тілінің қоғамдық қызметі бұрын болып көрмеген дәрежеде ұлғайған шақта айтыс өнерінің әлеуметтік мәнін ұғындыруға және ұлтымыздың озық дәстүр үлгісін жаңғыртудың қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілік айтыс өнері, суырыпсалма ақындық дегеніміз не, суырыпсалмалыққа қойлатын талаптар қандай, айтыс өнерін меңгерудің қайнар көзі неде, қазіргі жастарды айтыскерлікке қалай баулуға болады деген мәселелер төңірегінде ойланып, айтыс өнері туралы жазылған еңбектерді жинақтап, суырыпсалма ақындардың жәдігерлік үлгілерін талдап тарих-филология факультеті студенттеріне арнайы пән ретінде оқытуды мақсат етеді.
5.3 Пәнді оқыту міндеттері:

  • Айтыс өнерінің қоғамдық құбылыс екендігін таныту;

  • Айтыс өнерінің тектері мен түрлерін ұғындыру;

  • Айтыс өнерінің мәдениетін меңгеру;

  • Айтыс өнерінің композициялық, стилистикалық, образдық ерекшеліктерін ашу;

  • Айтыс өнерінің туып, қалыптасу, даму тарихын білу;

  • Айтысқа қойылатын талаптарды меңгерту.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны: Айтыс өнері пәні айтыстың даму, қалыптасу жолдарын саралай отырып, көрнекті айтыскерлердің туындыларын талдай отырып, олар қалыптастырған әдеби мектептердің бағытын жан-жақты, ғылыми негізде қамти қарастырады.
Айтыс өнері және шешендік пәнінің табиғатын ашу. Теориясына, тәжірибесіне мән беру. Қазақ әдебиетінің даму бағыт-бағдарларын, драмалық жанрлар жүйесі мен көркемдік мәселесін, айтыскерлер шығармашылығындағы шебердік мәселесін, айтыс тарихындағы әдеби-теориялық тұжырымдар мен ғылыми ізденістерді заман шындықтарына сай жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет