1 – билет. Дағдарыс ж/е оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы ролі.



бет3/5
Дата15.06.2016
өлшемі322 Kb.
#138201
1   2   3   4   5

12 – билет.

17. Дағдарыс жағдайлардың қаржылық реттеуінің негізгі бағыттары.

Қаржылық реттеу - бұл үй шаруашылығы, кәсіпорын немесе мемлекет билеуіндегі, және табыс көздері, шығын баптары, олардың қалыптасу және пайдаланудағы ақша жиынтығын басқару. Елде қаржы қорлары қабылданған шарттар мен жағдайларға сәйкес олардың қайтаүлестіруін қамтамасыз ететін бюджет жүйесімен аккумуляцияланады.

Бюджет саясаты ерекшелік факторларымен анықталады және ең басты экономикалық және қаржы дағдарысымен. Осыдан, дамыған нарық экономикасына тән әдеттегі оқиға ретінде қарастырыла алмайды. Оның мақсаттары мен міндеттері өткеріп жатқан кезеңнің ерекшеліктерін көрсетеді:


  • Бюджет саясатын экономикалық өзгерістердің ортақ міндеттер мен мақсаттарын жүзеге асырушы құралы ретінде пайдалану;

  • Дағдарыс жағдайында экономика мен тұтас экономикалық үрдістерді минималды басқаруын қамтамасыз етуі;

  • Қоғамдық құрылымның ауысу нәтижесінде пайда болған, реформалардың кезінде болған өткір әлеуметтік қарама-қайшылықтардың жұмсарту (босаңдату) немесе шешу;

  • Бюджеттік федерализмнің жаңа қатынастарын дамыту.

Сонымен қатар жағдарыс жағдайлардан шығудың бірнеше жолы бар. Бірінші – біртіндеп жаратылған жинақ ақшалардың орнын толтыру. Екінші – азаматтардың жаңа жиналымдарын банк және банк емес қаржылық институттарына тартуға ынталандыру. Үшінші – тікелей және портфельдік шетел капиталын және шеттен алып пайдалануды тарту. Төртінші – Батыста кең тараған вексельдерді есептеу және қайта есептеу тәжірбиесін пайдалану.

Аталған әдістердің артықшылықтарымен қатар кемшіліктері бар. Бірінші тәсіл инфляцияға апармайды, бірақ мемлекеттік қарыздың өсуіне алып келеді. Сонымен қатар қаржы капиталым мүлдем көбейтпейді, себебі халықтың жинақ ақшалардың орнын толтыру осы халықтан ақшаны алып пайдалануды көздейді. Екінші тәсіл де инфляция қауіпін төндірмегенмен, қаржы капиталын өсу үрдісінің мерзімін ұзартады. Бұл ұзақ жылдарға төлемеу, негізгі және айналым капиталына инвестицияларды (қаржы салымдарын) қаржыландыру көздерінің тапшылық мәселелерін сақтайды. Үшінші тәсіл мәселені босаңдатқанмен, экономиканы қаржыландыру әлемдік нарық жағдаятына тәуелді етеді. Төртінші тәсіл біздің елде тіпті жүзеге аспайды.

Қаржы дағдарысынан шығу тек елде жүріп жатқан өзгерістерден халықтың негізгі бөлігі бас тарқанда ғана жүзеге асады. Ең бастысы – қаржы саясатының қоғамдануынан кету. Дүбір көздерін басу және елдің қарыз дағдарысының өткірлігін азайту тек қана тұрақты экономикалық өсу қамтамасыз етеді. Оны аз уақыт ішінде қамтамасыз ету өте қиын, бірақ экономиканың шынайы секторының бәсекелске қабілетті бөлігінің инвестициялық дамуына сүйеніп жетуге болады. Ел адымен, бүл өнеркәсіп кешені: қайта өндіру, сауда және олардан түскен ауыл шаруашылығына салымдар.

Ұлттық экономиканың тұрақты экономикалық өсу режіміне өтуі мемлекетке деген берік сенімді талап етеді: оның реттеу әдістері негізгі шешуші факторы болып табылады.

Қаржы дағдарысынан арылу үшін бастапқы ретінде келесі әдістерді қолдануды талап етеді:


  • Бюджеттік жүйе мен оның табыстарды қалыптастыру және қаржыландыру режімін қамтамасыз ету бөлігі жағынан ұйымдастырушылық құрылымдарының Бюджет туралы Заңның шеңберінде табыстарды қалыптастыруды орнату мен бөлек – бюджет мекемелерінің шығындарын қаржыландыруды орындауда жауапкершілік шекараларын анықтап міндеттерін бөлу қажет;

  • Субъекттердің шығындарын барлық баптар бойынша заңмен белгіленген мерзім мен қаржыландыру көлеміне қатаң тәуелді етіп бюджеттік қаржыландыруды ұйымдастыру;

  • Заңға ақша эмиссиясын пайдалану үрдісін енгізу;

  • әлеуметтік сақтандыру қорының, пенсия қоры және т.б. қаржыларынан бюджеттің ағымдағы шығындарын жабу үшін тегін және қайтарымсыз негізде алып пайдалану тәжірбиесін тыю;

  • салалар арасында салық ауыртпалығын бөліп таратуды теңдестіру;

  • кәсіпорындардан халыққа салық жүктемесін ығыстыру аясатын халықтың негізгі массасының табыстарының өсуіне тәуелді ету;

  • реформалар жылдары кезінде пайда болған жаппай тұтынушының мемлекетке деген сенімсіздігінен арылу.

44. Тәуекел және оның табиғаты.

Кез – келген басқарушылық қызмет тәуекелділік сипаттамада болады. Тәуекел дегеніміз белгісіздік. Кәсіпкерлік тәуекел, инвестициялық тәуекел, сақтандыру тәуекелі, банктық тәуекел түрлері бар. Тәуекел экономикалық мағынада жоғалтулар, зиян (информацияның аздығынан, анықсыздығынан) немесе пайда, табыс (белгілі бір іс әрекеті кезінде алынады) дегенді білдіреді. Менеджментте тәуекел басқарушылық шешімді қабылдаған кезінде және болжаған кезде туындайды. Тәуекелділік сипаттамалары:



    • жоғалтулар (зиян) мүмкіндігінің мөлшері немесе күтілетін қосымша табыс көлемі.

    • тәуекл мүмкіндігі (жоғары немесе төмен).

    • тәуекел деңгейі (тәуекел шешімін дайындауда және өткізуге кетекн шығындар мен жоғалтулар (зиян) мөлшерінің қатынасы).

    • тәуекел дәрежесі (тәуекел көлемі мен оның болу мүмкіндігі: жоғары, орташа, төмен, нөлдік).

    • қабылдаушылық тәуекел (жоғалтулар мүмкіндігі және сол жоғалтулар белгілі бір деңгейден асып түспейтінін білдіреді).

Маркетингтік тәуекел – нарықтағы үлесін жоғалту, сатылым көлемінің түсуі және пайданың түсуі.

Қаржылық тәуекел – бағалық қағаздардың түсуі, валюталық курстың түсуі.

Өндірістік тәуекел – ағымдағы шығындардың артуына байланысты, құрал – жабдықтардың тоқтауына байланысты, құрал – жабдықтарды уақытында жеткізбегеніне байланысты.

Инвестициялық тәуекел – салынған қаржыларды және табыс қайтара алмау.

Мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуына әсер ететін тәуекел:

Экономикалық: ұлттық байлықты жоғалту, мемлекеттің бәсеке қабілеттілігін төмендету, экономиканың инвестициялық тартымдылығының төмендеуі, жан – басына шаққандағы ЖҰӨ үлесінің төмендеуі, инфляция деңгейінің өсуі.

Әлеуметтік: халықтың материалдық қамтамасыздығының нашарлауы, аурулардың және өлімнің көбеюі, жағымсыз демографиялық жағдай, халықтың білім деңгейінің түсуі.

Экологиялық: қоршаған ортаны ластау, орманды шауып тастау, жер эрозиясы.

Саяси: экономикалық саясаттың өзгеруі, ұлттық конфликттер қаупі, маратории және сауда эмбаргосы.

84. Персоналды дағдарысқа қарсы басқару ерекшелігі.

Кез-келген үлкен, кіші ұйым, өндірістік немесе қызмет көрсету саласы болсын адамдарды басқару бірінші деңгейлі мәнге ие. Соңғы уақытқа дейін персоналды басқару ұғымының өзі отандық басқару әдебиеттерінде басқарудың басқа мәселелерімен салыстырғанда мимоходом ғана қарастырылған. Шынындада дағдарысқа қарсы басқару концепциясының бір бөлігі ретінде персоналды дағдарысқа қарсы басқару сұрақтары тек үстүртін әзірленген. Басқару тиімділігін көтеру үшін басқару персоналына қызметкерлердің қандай категориялары жататынын біліп алу керек. Зерттеушілердің пікірі бойынша басқару персоналына басқару ұйымы аппаратындағы қызметкерлердің барлығы да кіріді деп есептейді.яғни басқару персоналына басқару еңбегімен толықтай және жекелей түрде айналысатын қызметкерлерді жатқызуға болады (басқарушылар, олардың орынбасарлары, мамандар және техникалық персонал). Басқарушы (менеджер) түсінігінің мәніне біздің пікіріміз бойынша басқару қызметкерлерінің келесідей санаттарын жатқызуға болады: біріншіден, дағдарыстан кейінгі, дағдарыстық және дағдарыс алдындағы кезеңде ұйым басшылығын толықтай жүргізе алатын басқарушыларды;екіншіден,қызмет көрсету бөлімдерінің басшыларын жатқызуға болады. Басқарушы –басқару жүйесінің орталық фигурасы б.т..

Мамандар тобы –басқару аппаратында екінші мәнге ие. Бұған басқару персоналының үлкен бір бөлігі кіреді; экономистер, технологтар, заңгерлер, психологтар, референттер т.б. Маман басқару циклы стадияларының барлық процесін бөлмейді немесе белгілі бір бағытқа бағыттамайды. Басқару персоналының үшінші бір тобы болып басқару аппаратының техникалық персоналдары табылады. Техникалық персонал басшылар мен мамандардың тапсырысы бойынша басқару қызметіне қатысты жеке тапсырмаларды орындайды. Бұл топтың қөызметкерлері басқару йиклының жалпы ырғағын (ритм) қамтамасыз етеді және де мамандар мен басшыларды рутиндік,техникалық операциялардан босатып оларға бұдан да қиынырақ болатын басқару мәселелерін шешуге мүмкіндік жасайды.
13 – билет.

18. Мемлекет басқарудағы дағдарыстың себептері мен белгілері

Мемлекеттік басқару дағдарысы – мемлекет басқару құрылымының тұрақсыздануымен, саяси институттардың ықпалының теңгерілмеуімен, қоғамдық-саяси қатынастардың басқару деңгейінің төмендеуімен, саяси қақтығыстардың ұшығуымен, көпшіліктің белсенділігінің артуымен сипатталатын қоғамның саяси жүйесінің өркендеуімен қызмет көрсетуінің ерекше өзгерген түрі.

Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың негізгі белгілері:


  • саяси және әлеуметтік қақтығыстардың ұшығуы, оның ашық саяси сипат алуы;

  • қақтығыстардың өсуін мемлекеттік биліктің басқара алмауы;

  • басқарудың құрылымдық-функционалдық жүйесінің және саяси институттарының теңестірілмеуі, қоршаған орта мен өзара қарым-қатынастың үзілуі;

  • мемлекеттік билік заңдылығының бұзылуы.

Мемлекеттік биліктің күйзеліске ұшырауының себептерін нақтырақ

қарастырсақ.

Жанжал – адамзат қатынасындағы объективті элемент екені белгілі. Бұл қоғамдық қарым-қатынастарда өнебойы болып тұратын және мүлдем жойып жіберуге болмайтын, потенциалды мүмкіндіктер мен субъектілердің деректі қақтығыстары мүддесі мен мәнін жоғары қоюға дағдыланған динамикалық түрі.

40. Дағдарысқа қарсы стратегиялық жоспарлаудың негізгі кезеңдері.

Экономикалық дағдарыстан шығудың жолдарын іздеу оның пайда болуына әкеп соғатын себептерді жоюмен байланысты. Бизнестің ішкі және сыртқы ортасына мұқият талдау жасалады, ұйымның маңызды құрамдас бөліктері ерекшеленеді, әрбір құрамдас бөлік бойынша ақпаратты жинау жүргізіледі және кәсіпорынның нақты жағдайын бағалау негізінде дағдарысты жағдайдың себептері анықталады. Кәсіпорын жағдайын нақты, кешенді және уақытысында диагностикалау – кәсіпорын қызметінің дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын әзірлеудің бірінші кезеңі.



Дағдарыстың себептерін анықтау мақсатында сыртқы факторларды талдау. Сырқы ортаға талдау жүргізу барысында алынған ақпараттың үлкен көлемі шатысқа алып келуі мүмкін. Бірақ, толық емес талдау ақиқат жағдайды бұрмалау мүмкін. Жағдайдың дамуының анық және түсінікті суретін қалыптастыру үшін алынған нәтижелерді дұрыс салыстыру керек, талдаудың бірнеше кезеңдерін бір жүйеге келтіру керек:

- макроортаны талдау, оны шартты түрде төрт секторға бөлуге болады: саяси орта, экономикалық орта, әлеуметтік орта, технологиялық орта;

- бәсекелес ортаны оның негізгі бес құраушысы бойынша талдау: сатып алушылар, жабдықтаушылар, сала ішіндегі бәсекелестер, жаңа әлуетті бәсекелестер, ауыстырушы-тауарлар.

Дағдарысты жағдайдағы кәсіпорын жағдайын талдау. Кәсіпорынның сыртқы ортасымен қатар, оның нақты жағдайына зерттеу жүргізу маңызды. Осындай білімдермен қаруланған және кәсіпорын болашақта қандай болу керектігін көретін менеджер қажетті өзгерістерді өткізу үшін қол жетерлік дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлей алады.

Кәсіпорынның мақсаттар жүйесін және миссиясын қайта қарастыру. Келесі дағдарысқа стратегиялық жоспарлаудың маңызды кезеңі мақсаттар жүйесі және кәсіпорын миссиясын түзету болып табылады. Дағдарысты жағдайдағы кәсіпорын саясатын үйлестіретін менеджер стратегиялық талдауды жүргізу барысында алынған ақпараттың барлығын шоғырландыру керек. Ол кәсіпорын өзінің бұрынғы миссия шеңберінде дағдарыстан шығып, бәсекелік артықшылыққа жете ала ма деген сұрақтар жайлы ойлану керек. Қажет болған жағдайда миссияны түзету керек. Түсінікті, сенім тудыратын және жақсы құрылымданған миссия стратегиядағы өзгерістер үшін ынталандыру болуы мүмкін.

80. Басқару персоналы ұғымының түсінігі.

Кез-келген үлкен, кіші ұйым, өндірістік немесе қызмет көрсету саласы болсын адамдарды басқару бірінші деңгейлі мәнге ие. Соңғы уақытқа дейін персоналды басқару ұғымының өзі отандық басқару әдебиеттерінде басқарудың басқа мәселелерімен салыстырғанда мимоходом ғана қарастырылған. Шынындада дағдарысқа қарсы басқару концепциясының бір бөлігі ретінде персоналды дағдарысқа қарсы басқару сұрақтары тек үстүртін әзірленген. Басқару тиімділігін көтеру үшін басқару персоналына қызметкерлердің қандай категориялары жататынын біліп алу керек. Зерттеушілердің пікірі бойынша басқару персоналына басқару ұйымы аппаратындағы қызметкерлердің барлығы да кіріді деп есептейді.яғни басқару персоналына басқару еңбегімен толықтай және жекелей түрде айналысатын қызметкерлерді жатқызуға болады (басқарушылар, олардың орынбасарлары, мамандар және техникалық персонал). Басқарушы (менеджер) түсінігінің мәніне біздің пікіріміз бойынша басқару қызметкерлерінің келесідей санаттарын жатқызуға болады: біріншіден, дағдарыстан кейінгі, дағдарыстық және дағдарыс алдындағы кезеңде ұйым басшылығын толықтай жүргізе алатын басқарушыларды;екіншіден,қызмет көрсету бөлімдерінің басшыларын жатқызуға болады. Басқарушы –басқару жүйесінің орталық фигурасы б.т..

Мамандар тобы –басқару аппаратында екінші мәнге ие. Бұған басқару персоналының үлкен бір бөлігі кіреді; экономистер, технологтар, заңгерлер, психологтар, референттер т.б. Маман басқару циклы стадияларының барлық процесін бөлмейді немесе белгілі бір бағытқа бағыттамайды. Басқару персоналының үшінші бір тобы болып басқару аппаратының техникалық персоналдары табылады. Техникалық персонал басшылар мен мамандардың тапсырысы бойынша басқару қызметіне қатысты жеке тапсырмаларды орындайды. Бұл топтың қөызметкерлері басқару йиклының жалпы ырғағын (ритм) қамтамасыз етеді және де мамандар мен басшыларды рутиндік,техникалық операциялардан босатып оларға бұдан да қиынырақ болатын басқару мәселелерін шешуге мүмкіндік жасайды.


14 – билет.

20. Дағдарысқа қарсы басқаруда инновациялық процестің рөлі.

Қазіргі заманғы инновацияның теориясы «өнімнің өмірлік айналымы» және «технология мен өндірістің өмірлік айналымы» деген ұғымдарды өз ішіне алады.



42. Банкрот болған кәсіпорынды жою процесі.

Банкрот – дәрменсіздігі сотпен белгіленген борышкер.

Кәсіпорынды санациялау процесі кезінде күтілген жетістіктерге жетпеудің себебінен, қарыздар – кәсіпорын банкрот болып жарияланады. Содан кейін арбитражды сот шешімімен жою процедурасын өткізу үшін арнайы комиссия құрылады. Жою комиссиясының құрамына кридиторлар жиналысының өкілі, банктер өкілі, қаржылық органдары өкілі кіреді. Жою комиссиясы банкрот кәсіпорынның мүлкін басқарады. Жою процесі келесідей болады:


  1. Банкрот кәсіпорынның мүлкін бағалау (кәсіпорынның мүлкін толық инвентаризациялау үшін жасайды).

  2. Банкрот кәсіпорынның мүлкін нарықтық бағасы бойынша бағалау (минималды нарық бағасы бойынша есептелінеді, кредиторлар талабын қанағаттандыру мақсатында банкрот кәсіпорынның мүлкін сату).

  3. Мүлікті сату үшін ең тиімді әдісті таңдау (мүлікті сату кезінде максималды ақша қаражаттарын табу мақсатында жою комиссиясымен қабылданатын шешім).

  4. Кредиторлар арызын қанағатандыру (мүлікті сатудан түскен ақша қаражаттарын кредиторларға қайтару, ол белгілі бір кезек бойынша қайтарылады, біріншіден – арбитражды сот, жою комиссиясы шығындары қайтарылады; екіншіден – кредиторларға, банкрот кәсіпорын жұмысшыларына, мемлекеттік және жергілікті салықтарға қайтарылады).

Банкрот кәсіпорын қарыздарынан құтылғаннан кейін, арбитражды сот шешімімен қарыздарынан құтылды және өзінің кәсіпкерлік қызметін жалғастыра алады деген рұхсат алады.

62. Дағдарыстық жағдайдағы инновациялық жобаларды таңдау және бағалау үшінгі критерийлер.

Жобаларды іріктеу үш кезеңнен тұрады:

1 Берілген инновациялық инфрақұрылымдардың алдында тұрған міндеттерді белгілеуден тұрады, мұнда аймақ алдында тұрған экономикалық міндеттер есебімен ғылыми-техникалық бағыттарының басымдылықтары анықталады.

2 Көптеген жобалардың шығысы (шығуы) қалыптасады.

3 Жобалардың сараптамасы өткізіледі, яғни перспективалы біреуі іріктелініп алынады. Бұл мндет көбіне бірінші екі кезенді өткізумен және сарапшылардың біліктілігімен анықталады.

Жобаларды бағалау және таңдау критерийлер тобы:





1 Аймақтың экономикалық дамуына, оның экологиялық ерекшеліктеріне, инновациялық құрлымдардың ғылыми-техникалық бағыттарына сәйкестігі


1.Жобаның аймақтың экономикалық бағдарлануымен үйлесімділігі

2. аймақтың экологиясына әсері

3. жаңа жұмыс орнының саны

4.Ұлттық ғылыми-техникалық саясатпен әрекеттесуі

5.инновациялық құрлымдардың ғылыми-техникалық бағыттарына, сонымен қатар, оның ұзақмерзімді мақсаттарына сай болуы

6.Берілген технологияның (өсімнің) инновациялық айналым фазасын бағалау.

7. Берілген технологияны игеру адаптер (бейімдеуші ) инноватор ролінде шығуға мүмкіндік береді.


2 Жаңашылдықтың коммерциялық табысы

1 Нарық мұқтаждықтарына сәйкес келуі

2 Нарықтың жалпы сиымдылығын бағалау

3 Нарық үлесін бағалау

4 Өнімді шығару мерзімін бағалау

5 Бастапқы капитал, оның көлемі

6 Өнім бағасы (аналог, субститут- тауарлармен ара қатынас )

7 Ықтимал болатын сату көлемі

8 Қолда бар технологиямен өнімдермен ара қатынасы

9 Бәсекелестермен әрекеттесуі


3 Ғылыми-техникалық критерийлері

1 Жаңашылдық

2 Әлемдік деңгеймен ара қатынасы

3 Патенттік тазалығы

4 Ғылыми-техникалық ресурстармен қамтамасыз етіуі

5 Жаңа технологиялар мен өнімдер «бұтағын» жасау мүмкіндігі

6 Техникалық тарату ықтималдығы



4 Қаржылық критерийлері

1 Жоба бағасы

2 Таза ағымдағы құны (NPV)

3 Ішкі табыстылық нормасы (IRR)

4 Уақыт шектелімі

5 Инвестицияның әрекет етеудің күтілетін уақыты

6 Шығындарды өтеу мерзімі

7 Табыстардың шығыстарға ара қатынасы

8 Қарызды жабу коэффициенті

9 Шығындардың өнімді өндіруге кеткен капитал салымдарының өнімді өткізуге қатынасы.


15 – билет.

21. Заңды өкіметтің заңды және әлеуметтік түсінгі.

Мемлекеттік басқару жүйесі мен мелекеттік биліктің негізгі белгісі заңдылық болып табылады, яғни қоғамның олардың заңдары мен заңдылықтарын мойындауы: конституция мен заңдарын регламенттейтін ресми сипаты, билік аппаратының құрылымдылығы, яғни арнайы құрылған өзара әсер етуші институттардың бар болуы, арнайы қызметті пайдалануға құқығы, мемлекеттік емес саяси ұйымдардың қаулылары мен шешімдерін бекітілген заңды тәртіппен болдырмауға қабілетті, ерекше құқыққа ие болу. Мысалы, салық арқылы мекемелерден және азаматтардың пайдасының бір бөлігін заңды түрде алу.

Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару жүйесінің күйін анықтайтын басты аспектілеріне мыналар жатады:


  • мемлекеттік билік басқару процесінде қандай көлемде және қандай тәсілмен тұрғындардың ортақ қызығушылықтарын есептейді және іске асырады;

  • қоғамдық процестерді басқару және қоғамның дамуын қамтамасыз ету тәжірбие жүзінде қалай іске асады;

  • халықтың талаптары, тілектері, қажеттіліктері толық қанағаттандырылған сайын, әлеуметтік база үлғаяды және билікке деген сенім артады;

  • керісінше, егер саясаттағы мемлекеттік билікті сайлағаннан кейін халықтың көңілін қалдырса, сол кезде оларды таңдаған сайлаушылардың қолдауынан айырылатын сәт тууы мүмкін, ал ол мемлекеттік билік күйзелісінің және мемлекеттік басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

38. Маркетингтік орта ж/е оның негізгі факторлары.

Ұйымның нарықтық мүмкіндіктерін талдау маркетингтік орта факторларын ж/е ең алдымен, ұйым қызмет ететін микроортаны қолданумен жүз.асырылады.




Маркетингтік орта

Зерттелетін факторлар

1.Халықаралық

Жеке аймақтардағы ж/е елдердегі экон.дағдарыстар;

Демографиялық күрт өсу;

Әлемнің жеке аймақтарындағы әлеуметтік жанжалдар ж/е соғыстар;

Экологиялық құбылыстар, стихиялық апаттар;

Халықаралық келісімдердің бұзылуы.


2.Макроэкономикалық

Әлеуметтік-экон-қ саясат, ғылыми-техникалық ж/е өндірістік саясат, елдің ресурстық әлеуеті, бағалық ж/е салықтық саясат, ақша-несие саясаты, кедендік саясат, азаматтық ж/коммерциялық заңдар.

3.Микроэкономикалық

Бәсекелік ортаның мінез-құлқы, тұтынушылардың сипаттамасы, ресурстар нарығының жағдаяты: шикізаттық, материалдық, қаржылық; бәсекелік артықшылықтар ж/е бәсекелестердің әлсіз жақтары.

4.Аймақтық

Инвестициялардың серпіні, халықтың жұмыспен қамтылуының мінез-құлқы ж/е деңгейі, оның құрылымының серпіні; халықтың әл-ауқатының деңгейі ж/е серпіні; инфрақұрылым дамуының деңгейі.


72. Дағдарысқа қарсы басқарудағы басқару шешімін өңдеу.

Басқару шешімінің сапасы, көптеген фактоларға байланысты, оның ішінде маңыздылары:

1. мәселе категориялары

- стандарттық мәселелер.Олардың шешімі белгілі стандартқа сәйкес болуды талап етеді.Мұндай мәселелер артта қалушылыққа жол бермейді, нәтижесінде олардың шешімдерінде басты рөлде ақылдылық және дағды.

- типтік мәселелер.Олар алдын ала берілген, көптеген дағды ережелермен шешіледі, бірақ мәселені шешу барысында, жетістікке жету үшін нақты ережені таңдау қажет.

- эвристикалық мәселе.Мәселені шешу барысында ережені өзі қалыптастыруы қажет.

2.Пайдалану шарттары.

Квазиставильді (квазитұрақты)

Немесе қолайлы жағдай, яғни маман тыныш жағдайда блады.


  • экстремальді маманннан өз сапасын көрсетуді талап етеді.

  • Дағдарысты жағдай болмаған жағдай қалыптасады,әр түрлі қиыншылық болады.

3.Бастапқы мәліметтің толық болуы.

- бастапқы мәлімет көлемінің жетіспеушілігі қойылған міндетке жетуі үшін бастапқы мәліметті табу қажет.

- бастапқы мәліметтің толық көлемдегі міндетті шешу үшін, маман игерген мәліметте жетеді.

- бастапқы мәліметтің артық көлемде болуы.Міндетті шешу үшін толық көлемде мәлімет қажет емес, тек маман қажетті мәліметті ала білсе болды.

4.Бастапқы мәліметтің дұрыстығы .

Нақты дұрыс емес міндетті атқаруға мүмкіндік бермейді.Жалған дұрыстың бастапқы міндетте дұрыс шешім қабылдауға жол бермейді.Толығымен дұрыс міндетті атқаруға дұрыс жол береді.

5.Мәселелнің масштабы.Глобальды мәселе - олардың шешіміне бүкіл аймақтың, тіпті дүние жүзінің тіршілік әрекеті тәуелді.Локальды мәселе олардың шешіміне кішкене топ адамдарының, тіпті жеке адамның тіршілік әрекеті тәуелді. Микро локальді мәселе олардың шешіміне жеке адамның нақты әрекеті тәуелді.

6.Техникалық жабдық

- жоқ болуы.сапалы оқу процесін жүргізуде техникалық жабдықтар жоқ толық қамтылмағандықтан тұрақты,сапалы оқуды жүргізу мүмкін емес,толық болуы техниканың оқу процесінің талапқа сай жүруін қамтамасыз етеді.Жалпы басқару шешімін жетілдіру 11 блоктан тұрады.

1блок Бұл этапта мекемені дағдарыстан шығарудың шаралары өңделеді.

2блок.Негізгі мәліметтер жиналып, документттер бойынша талдау жасалады.

3 блок.Дағдарыстан шығудың жолы құрылымдық марфологиялық талдау жасалады.

4 блок.Бұл кезеңде дағдарыстан шығу жолдарының мақсатқа лайықтылығы анықталады.

5 блок. Мекеменің дағдарыстан шығу жолдары аяқталады.

6 блок. Дағдарыстық жағдай қатты әсер еткендіктен мекеме дағдарысқа ұшырағандығын жариялайды.

7блок. Дағдарыстық жағдай әлсіз әсер етсе онда қайта ұйымдастыру моделін құрайды.

8 блок.қайта ұйымдастыру аяқталғаннан кейін мақсатқа жету үшін нақты, қажетті ресурстар анықталады.

9блок.Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін шаралар жетілдіріледі

10 блок.Мақсатқа жету мүмкіншілігі тексеріледі.

11 блок дағдарыстық жағдайдан шығудың мақсатын жүзеге асыруды қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет