1 – билет. Дағдарыс ж/е оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы ролі.



бет5/5
Дата15.06.2016
өлшемі322 Kb.
#138201
1   2   3   4   5

52. Мемлекет экономикасында инновациялық дағдарысты сипаттайтын процестер.

Жаңалықтарды жасау және енгізу процестерін басқарудың күрт төмендеуі, қаржыландыру көздерінің болмауы, зерттеуші шығармашыл ұжымның қызметін тұқыртуында көрінетін инновациялық дағдарыс әсерінен ел экономикасының дағдарысы қиындай түседі. Осыны есепке алаотырып, инновациялық процесті басқару мүмкін болған шешімдерін іздестіру дағдарысқа қарсы басқарудың бірден- бір маңызды міндетіне айналады.

Сонымен қатар, инновациялық процестерді дамыту сипаты мен ерекшеліктерін экономикалық жағдай анықтап қана қоймайды, пайда болу уақытынан бастап, жаңашылдық енгізу теориясы аясында зерттелетін, инновациялық салаға тән даму заңдылықтары да анықтайды. Одан бөлек, отандық тәжірибеде инновациялық үрдістерді және жалпы басқарудың әлемдік тәжірибесін тиімді қолдану мүмкіндігін бағалау дейтін дағдарысқа қарсы дамудың элементі маңызды болып келеді.

60. Дағдарыс жағдайындағы инновациялық құрылымдардың ролі.

Жаңа типтегі инновациялық құрылымдар көбіне дағдарыстық жағдайдан шығу шарты ретінде пайда болған.

Инновациялық үрдістерді тиімді басқару арнайы ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерді қажет етеді. Бұл, бірінші кезекте инновациялық қызметке сипатты белгісіздік жағдаймен байланысты. Белгісіздік барлық фазаларды қамтиды: ғылыми-зерттеу жұмыстарынан бастап, нарықта ғылыми-техникалық өнімді сатуға дейін. Барлық уақытта алынған инновациялық шешімдердің құны өте жоғары немесе жаңа өнім нарықта коммерциялық сәтсіздікке ұшырау қауіпі бар. Инвестициялардың тиімсіздік мүмкіндігі коммерциялық табыстың мүмкіндігіне тәуелді. Бұл мәселе инновациялық процесті қолдайтын арнайы инфрақұрылымды қалыптастыру арқылы шешілуі мүмкін.

Инновациялық инфрақұрылым инновациялық қызметті дамыту бойынша қызмет көрсету және қаражатты тиімді бөлуге, технологиялық трансферттерді, ғылыми-техникалық өнімді комерциялизациялауды дамыту ықпал ететін жағдайды жасайтын ұйымдастырушылық, материялдық, қаржы-несиелік, ақпараттық базада болып табылады.

Инновациялық инфрақұрылымды жасау ұлттық экономиканың технологиялық және экономикалық даму денгейіне тәуелді болады. Дамыған өндірістік инфрақұрылымы бар елдерде заттай емес, өндірістің материялдық емес факторлары, қоғамды ақпараттандырудың ролінің артуымен сипатталатын софтизация (Soft insrastructure) процесі байқалады. Софтизация сервизация-қызмет көрсету саласының дамуымен біте қайнасып жатыр. Осылайша,консалтингілік, инжинирингтік, сервистік, ақпараттық қызмет тарапынан жасаудың нақты мүмеіндіктері қалыптасуда.

23 – билет.

58. Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі басқару персоналының рөлі.

Инновациялық стратегия кәсіпкерлік принциптерімен тығыз байланысты, ол жетекшіден алдын-ала болжау, жеке батылдық және реализм, елестету, жігерлік және оңтайлылықты талап етеді. Күрделі жүйеде басқарудың маңызды шарты – басымдықтарды анықтай білу қабілеті. Кәсіпорынның өміршеңдігін анықтайтын Инновациялық стратегияға жетекші (басшы) жауапты болады. Осыған байланысты, жоғары басшылықтың міндеті ұйымның қызмет етуінің нақты шартына қажетті басқарушылық потенциялын анықтау, өзінің басқарушылық талабының «ішкі қорын» жүйелі қарастырып отыру, қажетті басқарушылық дайындық мақсаты мен ауқымын белгілеу және сәйкес ресурс бөлу жатады.



67. Өнеркәсіптің инвестийиялық тартымдылық бағасы.

Инвестициялық шешімді қабылдау процесінде мына этаптарды айта кеткен жөн.



  • өнеркәсіптің қаржылық жағдайын және инвестициялық әрекетке қатысу мүмкіншілілігін бағалау.

  • Инвестиция көлемін және қаржы көзін таңдауға негіздеу.

  • Инвестициялық жобаны болашақта ақшаға айналдыруды бағалау.

Өнеркәсіптің инвестициялық тартымдылық бағасының маңызды этапы қаржы-шаруашылық іскерлігін талдау болып табылады.Өнеркәсіптің қаржылай жағдайы деп отырғанымыз ол- құралдарды нәтижелі үйлестіру, төлем мүмкіншілігінің тұрақтылығы , жеткілікті қаржы базасының бар болуы, жекеменшік айналым ақшаның болуы т.б. Өнеркәсіп қаражат жағдайын бағалауда кең етек алған методика, қаржы жүйесіндегі коэффициенттік талдауға негізделген .Шетелдік және өз еліміздегі әдебиеттердегі қаржылай коэффициентті қолдану методикасы әр түрлі болғанымен олардың басты ерекшелігі мына жағдайлармен анықталады:

  • талдауға қолданылатын қаржылай коэффициенттің көп дәрежелілігі

  • осы коэффициент принципінің бағалау салмағы

  • өнеркәсіптің қаржылай жағдайын жалпылай бағалау методы.

Егер айталық,ақша өсімінің коэффициенті,актив коэффициентінің өсімінен көп болса,онда өнеркәсіптің пайдалану ресурсының нәтижелілігінің атрқандығын көруге болады.Ал егер керісінше болса онда нәтижелігінің төмендегені қаржылай коэффициент жүйесінің көмегімен өнеркәсіптің қаржылай жағдайын бағалау мынандай бағыттардан тұрады.

1 топ өтімділік көрсеткіші.

2 топ қаржы тұрақтылығының көрсеткіші.

3 топ әрекет белсенділік көрсеткіші.

4 топ рентабельдік көрсеткіші.

70. Дағдарысқа қарсы басқару технологиясының ерекшелігі.

Жалпы дағдарысқа қарсы басқару , нақты технологиялық басқару схемасымен анықталады.Дағдарысқа қарсы басқару ерекшелігі, технология ерекшелігіне де әсер етеді.Бұл жерде маңызды әсер ететін факторлар:уақыттың жетіспеушілігі, басқарушылықтың төмендігі, қызығушылықтың ортақ болмауы, нақтылықтың болмауы және тәуелділіктің жоғары деңгейде болуы, күрделі проблемалар, сыртқы ортаның қысымы, бәсекелестік қабілетінің төмендеуі, билік балансының бұзылуы.Дағдарысқа қарсы басқару технологиясы- бұл ескерту, профилактика, дағдарыстан шығу шараларының комплексі.



24 – билет.

77. Дағдарысқа қарсы басқаруда жанжалдың даму процесі.

Жанжалдың даму процесі 4 стадиядан тұрады:

1. Жанжалдық жағдайдың туындау стадиясы, жанжалдық жағдай 2 жақтың мүддесі қарама – қайшы шыққан жағдайда туындайды. Жанжалдық жағдай ерік бойынша және болашақта тайталасушы жақтардың тілегі бойынша бүрмеленуі мүмкін. Жанжалдық жағдайдың сыртқы себептері қызметкерлер арасындағы қатынастың шиеленісуі, жағымсыз жағдайлар, эмоционалды көріністер және т.б..

2. Инциденттік оқиғаның туындау стадиясы – бұл стадияда жанжал субъектілерінің қақтығысы мен шиеленісуші жағдайлар шешуге мүмкіндік болатын жағдайлар жүргізіледі. Тайталасушы жақтар үшін қызметті жандандыруға себеп болып табылады. Инцидент мақсатқа бағытталған немесе күтпеген жерден туындауы мұмкін.

3. Қатынастағы дағдарыстар стадиясы – бұл стадияда инцидентпен шиеленісе жанжал қайта өсіп қатынастарда дағдарыстар пайда болады., ол ашық және жабық түрде көрінуі мүмкін. Ашық жанжал – агресивтік әсер, ұрыс – талас түріндегі қақтығыстар, ал жабық – нақты қарсылықтың болуымен сипатталады.

4. Жанжалды аяқтау стадиясы – бұл стадияда жанжал белгілі себептерден шешіледі. Жанжалды аяқтау барлық кезде бір мәнді бола бермейді, ол жанжалдан шығу немесе табыстау жағдайында жойылуы және үшінші күштің араласуымен тоқтатылуы мүмкін.



78. Дағдарысқа қарсы басқарудағы тактикалық инвестициялық шешімдер.

Инвестицияның қажеттігіне себепші болатын жағдай әр түрлі, оларды былай топтауға болады: жаңа іскер түрін игерумен байланысты, жаңа құрылыс, өнеркәсіптерді техникалық қайта жабдықтау және реконструкциялау, күшті өнеркәсіпті күшейту.Дағдарысқа қарсы инвестициялық саясатта жетістікке жету үшін инвестиция саласындағы стратегиялық және тактикалық мәселелер байланысын қамтамасыз ету қажет.Мемлекеттің дағдарысқа қарсы инвестициялық стратегиясының мақсаты құрылымдық экономиканы қайта құру.Тактикалық инвестиция мәселесінің мақсаты өнеркәсіп қызметінің нәтижелілігін қолдау, ақша төлеуге мүмкіншілігі жоқ өнеркәсіптердің ақша төлеу мүмкіншілігін көтеру.Тактикалық және стратегиялық инвестиция мәселелері қаражат бөлу масштабымен және қабылданған шешімдердің нәтижесін нақтыламау, әр түрлі қаржылық тәуекелге себепші болуымен ерекшеленеді.Мемлекеттік дағдарысқа қарсы стратегияны жүзеге асыру үшін бірқатар алғышарттарға сүйенеді.Олар:қоғамдағы саяси және әлеуметтік –экономикалық тұрақтылық



  • Инвестициялық процестерді дамытудағы заң шығару базаларының бар болуы,сонымен қатар салық заңдарын толық жетілдіру.

  • Бюджетке нақты салық түсіп отыруының өсімі.

  • Ұлттық валютаның тұрақтылығы .

  • Инфляция темпін төмендету.

  • Капиталдың мемлекеттен шығуын тоқтату.

Негізінен инвестициялық процестерді басқаруда мына жағдайларға сүйену қажет.

  1. Нақты мақсат болу керек

  2. Инвеститор бағытына қарай нақты объектіні таңдауы қажет

Нақты инвестиция көздерін айқындау,сонымен қатар инвестицияны іске асыру үшін және дамыту үшін заң шығару базасын қалыптастыру,шетелдіктер үшін .

83. Персоналды басқару принциптеріне сипаттама және олардың классификациясы.

Персоналды басқару принциптері-басқару процесі барысында басшылар мен мамандардың қадағалауы қажет ережелер нормалар мен негізгі шарттар.Перс.басқару принциптерін мем-к басқару органдары қызметін толық реттейтін базистік принцип;ауылшаруашылық ұйымдарындағы кадрларды басқару потенциалын анықтайтын айрықша принцип;басқары персогалы қызметінің жеке жақтарының жұмыс істеуін реттейтін жеке принциптер деп бөлеміз.Мемлекеттік кадрлық саясаттың жалпы принциптеріне нақты тарихи көзқарас;адамгершілік;заңдылық;демократизм;сабақтастық жатады.Отандық әдебиеттерде ауылшаруашылық ұйымдардағы кадрлық потенциалды басқаруды анықтайтын айрықша принципі ретінде кәсіпорынның кадрлық потенциалын оңтайландыруды дағд-ты кәсіпорындар-ғы кадрлық потенциалды бірегей қалыптастыруды,кәсіпорындағы басқару рөлдерінің бірін бірі толықтыратын принциптеріе атайды.Ал,жеке принц.қатарына кадрлық қызметтің персоналды таңдау даярлау іріктеу және қайта даярлау,орналастыру қызметінің приециптері жатады.Дағд.қарсы басқ.жалпы принц.қатарына келесілерді жатқызамыз:жүйелілік;тең мүмкіндіктер;адами қасиетті сыйлау;команданың біртұтастығы;деңгейлес ынтымақтастық.ТЕҢ мүмкіндіктер принц.қоғамдағы экономикалық өмір мен әлеу-саяси тенденцияларды отражает.АДАМДЫ сыйлау құрметтеу прин-бұл ұйым жетістігі үшін адамдардың сенімін жаулап алудың негізі б.т.Бұның мазмұны:кәсіптік дағды,таланттарды инициативаны максималды дамыту,қызметкерлердің жеке салымдарын кеңейту,творчестволвқ өсу мүмкіндігін тудыру,жеке қауіпсіздік кепілдігін құқықтық қорғау.КОМАНДАНЫҢ біртұтастығы принц.Команда бұл ұйымның құндылығы мен негізгі мақсатын толықтай игере алатын,өзін-өзі басқаратын,кәсіби таңдалған ұжым.ДЕҢГЕЙЛЕС ынтымақтастық принц.Көптеген ұйымдарда басқарудығ төмен деңгейінде құқық пен жауапкершілікті табыстау беталысы қадағаланады.Бұл деңгейдегі менеджерлер өз қызметін жоғарыдан қатаң бақылау арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік алды.ӘЛЕУМЕТТІК және құқықтық қорғалу принц.-бұл ҚР конституциясын заңдарын және басқа да заңдық актілерді сақтауды қатаң түрде талап етеді.Олсонымен қатар құқықтық ,қылмыстық шаруашылық еңбек,азаматтық әкімшілік нормаларын,менеджерлердің кәсіпекрлердің кадрлық қызмет қызметкерлерінің білуін қарастырады.Ұйымның келешектегі ұзақ мерзімді есебі принц-бұл принцип талаптарын іске асыру ұйым дамуын жоспарлау мен болжау стратегияларын жүзеге асыруды қарастырады.Стратегиялық жоспарлау мен болжау ұйым дамуын жоспарлау мен болжаудың жалпы жүйесіне қосқан жағдайда тиімдірек болады.ҰЖЫМНЫҢ бірігуі мен тұтастылығы рпинц-ұжымды корпорациялық және ынтымақты жауапкершілікті духта тәрбиелеуде іске асуы мүмкін және кез келгеннің жеке өмірі ұйым өміршеңдігі мен ондағы дұрыс таңдалған өсу стратегиясына байланысты болып келеді.ШЕШІМ қабылдауда қызметкерлердің қатысуы принц.Дамыған халықаралық компанияларда маңызды шешімдер кең мәжілістерде,қызметкерлердің кең отырыстарында қабылданады.Шешімді орындауға қатысы бар адамдардың барлығы сло мәжілісте болып, лоар өз ұсыныстарын ұсынып сол шешімді жүзеге асыруға және жетілдіруге та салысады.

25 – билет.

57. Инновациялық потенциялды сипаттайтын факторлар.

Кәсіпорынның инновациялық потенциялы техникалық және басқарушылық факторларымен сипатталады. Оларға мыналар жатады:



  • бұрыннан қалыптасқан өндірісті дамыту деңгейі;

  • механизм жағдайы мен басқару жүйесі;

  • ұйымдық құрылымның типі мен бағдарлануы;

  • экономикалық және инновациялық саясат беталысы;

  • әртүрлі өзгерістердің қажеттілігін түсіну және оған персоналдың және т.б. дайындығы.

Инновациялық потенциялдың деңгейін анықтайтын барлық факторларды келесідей топтарға бөлуге болады:

  • инновациялық процестің факторлары жеке басқару объектісі ретінде;

  • ішкі орта факторлары;

  • сыртқы орта факторлары.

69. «Дағдарысқа қарсы басқару технология» түсінігі.

Қандай басқару болсын ол бір процесс, яғни операцияның жүйелілігі, тәсілі, методтардың қалыптасуы және басқарылатын объектіге әсер етуі т.б.. Бұл процестің табиғи заңдылық маңызы, басқару мәнімен анықталады: жағдайды бағалау, басты мәселені табу, басқару шешімін қабылдау және жүзеге асыру. Басқару процесінде ықпалдылықтың әр түрлі варианттары қалыптасады,субъект және объект басқару ерекшелігіне әсер ету, нақты жағдай, басқару менеджері мен персоналдардың тәжірибесімен міндетті т.б. сипаттамалары. Осыған сәйкес басқару процесі саналы түрде ұтымдылық, уақыт үнемділігі, ресурстарды пайдалану, жоғары нәтижелік белгілеріне байланысты құрылады. Осы процесс технологиялық басқару деп аталады.



79. Дағдарыс жағдайында жанжалды шешу әдістері.

Жанжалды басқарудың теориясы мен тәжірибесінде өндірістік жағдайда стратегияның 2 түрі белгілі:



  1. Жанжалды ескерту.

  2. Жанжалды шешу.

Соның ішінде жанжалды шешу стратегиясы тайталасушыларды тоқтату мақсатында және мәселені тиімді түрде шешу жолдарын іздеуге бағытталған. Бұл стратегияны іске асыру нақты жанжалды талдау мен оны шешу әдістерін анықтауды білдіреді. Жанжалды шешу әдістері:

  1. Компромисс арқылы шешу – бұл әрбір жақтың мүдделері бір қалыпты ескерілсе сол жақтармен қабылданатын шешімдер ұтымсыз болмайды.

  2. Ынтымақтастық арқылы шешу – ой пікірлердің әртүрлілігін мойындау және жанжал себебін түсіну мақсатында кез – келген жақ үшін тиімді болып табылатын шешімді табу жолдарын іздеуді білдіреді.

Тәжірибеде жанжалды шешу барысында осы айтылғандардың кез – келгенін қолдануға болады. Шынында да нақты келіспеушіліктерде ұсыныс рекомендация арқылы шешу мүмкін емес. Басшылардың іс әрекетіндей басқа да ұжымдардың әрекеттері кез – келген жағдайда жанжалды шешуге деген талпыныстары жекеше түрде болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет