Аспаптар бойынша авиациялық техник кәсібі - 5, 6, 7- метролог кәсібі ВС қызмет көрсетуде және жөндеуде қолданылатын метрологиялық қызмет көрсетумен, бақылау-тексеру және өлшеу аппаратурасын тексерумен және жөндеумен байланысты жұмыс учаскелеріндегі метрологиялық зертханаларда енгізіледі.
Параграф 3. Құрылғылар және электр қондырғылар бойынша
авиациялық техник, 6-разряд
66. Жұмыс сипаттамасы:
Пайдалану жағдайында кез келген түрдегі сериялық ұшу аппараттары аспаптық, электр техникалық, оттегілік, өртке қарсы қондырғылар және борттық өлшеу жүйесі бюллетеньдері бойынша техникалық қызмет көрсету және түзеуді орындау;
Мерзімдік түрдегі көлемде аспаптар мен электр қондырғыларына техникалық қызмет көрсету. Жедел түрде кең фюзеляжды ұшақтардың немесе жаңа ұрпақтағы ұшақтардың түрлерінің біреуіне немесе ӘК ІІ-ІІІ сыныптағы үшке дейінгі түрлеріне яки ӘК-нің төртке дейінгі түрлеріне яки ӘК-нің төртке дейінгі түрлеріне, оның ішінде ӘК І сыныптағы екі түрінде техникалық қызмет көрсету немесе А мен РЭО зертханаларында бөлшектелген ӘК-ден төрт және одан көп жүйелерде ТО мен Р және ВР жөніндегі жұмыстарды орындау;
Техникалық қызмет көрсетудің мынандай негізгі жұмыстарын орындау: КПА-ны қолданумен күрделі аспаптар мен электр қондырғылары жүйелерін тексеру, ешқандай қосымша құралдарды қолданбастан қызмет көрсететін (тек штаттық борт аспаптары мен дабылдағыштары бойынша) нысандардың жұмыс істеуін тексеру, ӘК бортындағы аспаптар мен электр қондырғыларын кешенді реттеу, аспаптар мен электр қондырғыларын тексерумен және реттеумен бұзылуларын жөндеу;
Аспаптар жөніндегі авиациялық техник-метролог үшін қосымша: ӘК-ге техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын СИ мен КПА тексеру және реттеу жұмыстарының орындалуын бақылау, тұрақты токты күшейткішті, уақыт релесін, сельсиндатчикті, синустық-косинустық потенциометрді, тахогенератор мен электр двигателін ауыстырумен ағымдағы жөндеу, борттық басқару жүйесін, базалық пилотаждық-навигациялық кешендерді, параметрлерді тіркеу жүйесі мен басқа да А мен РЭО-ны тексеру үшін арналған өлшеу құралдары мен тіркеуші аппаратураны, стендтерді, пульттерді, құрылымдар мен КПА-ны ретке келтіру және сынау, ССИ-ді метрологиялық аттестаттауды және ЭРД сараптамасын өткізу.
67. Білуі тиіс:
қызмет көрсететін ұшу аппараттарының авиааспаптық және электр қондырғылары регламентін және технологиялық қызмет көрсету технологиясын, ұшақтық механикалық жүйелердің аспаптары мен электр қондырғыларын (басқару, кондициялау және тағы басқа) жинақтау, олардың жұмыс принциптерін, пайдалану және техникалық қызмет көрсету ережесін, ақаулар табуды өткізу және А мен РЭО жұмысқа қабілетін тексеру тәртібін, аспаптар мен электр қондырғылары бұзылуларын анықтау мен жөндеу әдістерін;
А мен РЭО зертханасы үшін қосымша: А мен РЭО тоқтап қалған бұйымдарының, олардың модульдері мен платоларының, оның ішінде аспаптық және электр қондырғылары микроэлектр ндық элементтер базасын ауыстырумен жұмысқа қабілетін (жөндеу) зертханалық тексеру мен қалпына келтіру әдістерін және технологиясын;
Аспаптар жөніндегі авиациялық техник-метролог үшін қосымша: ақауларды түзеу, параметрлерді өлшеуді орындау, КПА мен СИ төлқұжаттық сипаттамаларын қайта жаңғырту, сараптама мен аттестаттауды өткізу ережесі мен тәртібін;
Орта кәсіптік білім, аспаптар мен электр қондырғылары жөніндегі 5-ші разрядты авиациялық техниктің кем дегенде үш жыл жұмыс стажы қажет.
68. Жұмыс үлгілері.
Тікелей ӘК-де.
-
Дистанциялық компастарды, курстық және инерциалдық жүйелерді байқау және ақауларын табу;
-
Техникалық жағдайды бақылау:
КПА көмегімен кабинадағы өртке қарсы қондырғылар, қысымды автоматты реттеу жүйесі параметрлерін толық тарирлеу мен реттеуді тексеру, САУ тарту күші автоматтары, әуе сигналдары жүйесі, БСКД (БСКД-ны қосумен) апаттық индикаторлар бойынша өзгерткіштер, жарық сигналды табло-крихтограмма, авиадвигательдер мен трубогенераторларды оларды сынау кезінде мұздануға қарсы іске қосу жүйесінің құрылғысы, двигательдер бұрамасын флюгерлеудің электр қондырғысы жүйесі, базалық навигациялық кешендер, сыртқы жарықтандыру мен сигналдау, каналша күшейткіші мен релесі, контейнерді түсіру-тиеу жүйелері, САУ бүйірдегі және ағымдағы каналдарында сигналдың өтуі, КИСС бойынша отын жүйесінің, тұрақты ток жүйесінің жағдайын сипаттайтын параметрлер;
-
Қалпына келтіру жұмыстары:
КПА көмегімен ДС түріндегі датчикті, автоматты басқару жүйесінің агрегаттарын, инерциалдық жүйе агрегаттарын ауыстырудан кейін электр двигательдері жұмысы режімінде реттеу, КПА-ны қолданумен тарировканы және діріл аппаратурасын реттеуді тексеру, ток кернеуінен асудан ауыспалы ток тұтынушыларын автоматты апаттық алып тастаудан қорғауды тексеру және реттеу;
А мен РЭО зертханасында;
-
СВС-72 жүйесінің БВП-9 түріндегі әуе параметрлері блогының, ВСМВ-15 түріндегі параметрлер есептегішінің, СВС-ПН-15 жүйесінің КЗСП түріндегі берілген жылдамдығын түзетушінің, П-21 түріндегі платформаның, И-11 инерциалды жүйесі басқару пультінің, П-2-3 түріндегі индикатор-есепшінің, НВ-ПБ навигациялық есептегішінің П-14-4 түріндегі басқару пультінің, БАПС-77-03 (08) САУ-1Т-2 (1) түріндегі жылдамдықты ауыстыру автоматы блогының НТП-ға сәйкестігін тексеру;
-
ВАР-75, ВР-10М түрлеріндегі вариометрлерді, КУС-730 түріндегі жылдамдық көрсеткішін, УРВК-18К түріндегі ауаны жұмсау көрсеткішін, ПУ-11 түріндегі басқару пультін, ТКС-П2 курстық жүйесінің, УНС-3 түріндегі штурман көрсеткішін, ПУ-8 түріндегі машина рөлін, АП-6Е автоұшудың БС-КС түріндегі КС байланыс блогын қалпына келтірумен жөндеу;
-
Метрологиялық зертханадағы жұмыстар:
мәселен ИВД, ИВП, КПА-САУ-1Т түрлеріндегі аппаратуралардың регламенттік жұмыстарының барлық түрлері бойынша техникалық қызмет көрсету, трансформаторлардың, дросселдердің, жартылай өткізгіштердің, диодты және триодты модульдердің, сигналды өңдеушілердің және олардың тізбектерінің ақауларын табу, тұрақты токты күшейткішті, уақыт релесін, сельсиндатчикті, синустық-косинустық потенциометрді, тахогенератор мен электр двигателін ауыстырумен ағымдағы жөндеу.
Параграф 4. Құрылғылар және электр қондырғылар бойынша
авиациялық техник, 7-разряд
69. Жұмыс сипаттамасы:
Мерзімді түрдегі көлемде аспаптар мен электр қондырғыларына техникалық қызмет көрсету, жедел түрде өзіндік бақылаумен кең фюзеляжды ұшақтардың немесе жаңа ұрпақтағы ұшақтардың түрлерінің біреуіне немесе ӘК І сыныптағы екі түрдегі ұшақтарға немесе ӘК бортындағы блок аралық, модульдік қосылуларды көп функционалды тексеру яки беске дейінгі түрдегі ұшақтарға, оның ішінде ӘК І санаттағы үшке дейінгі түрдегі ұшақтарға техникалық қызмет көрсету. А мен РЭО зертханаларында ӘК-ден бөлшектелген бестен астам бұйымдарға, аспаптар мен электр қондырғыларына ТО мен Р және ВР жөніндегі жұмыстарды орындау.
Біліктілігі төмен жұмысшылар орындаған ТО мен Р сапасын бақылау.
Хаттамаларды және сынақ актілерін ресімдеумен сынақ ұшулары алдында зауыт шығаратын сериялық ұшақтар мен олардың түрленімдеріндегі авиациялық аспаптары мен электр қондырғыларын жерде жөнге келтіру. Ерекше күрделі навигациялық, пилотаждық, ақпараттық кешендерін, биіктік-жылдамдық параметрлері кешенін жөнге келтіру және реттеу. Техникалық қызмет көрсету жөніндегі мынандай негізгі жұмыстарды орындау: аспаптар мен электр қондырғыларының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан барынша маңызды жүйелер мен бұйымдарды бір реттік тексеру жұмыстар, ӘК-нің басқа жүйелерімен кешенде аспаптар мен электр қондырғылары байланысын және жұмыс қабілетін тексеру, қауіпсіз тоқтап қалуға дейін техникалық пайдалану кезінде ӘК экипажының ескертпелері, ұшу ақпараттарын өңдеу нәтижелері және жоспарлы бақылау нәтижелері бойынша тоқтап қалуды анықтауға және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған түзулігін байқау және аспаптық бақылау, ССН қолданумен борттық ЭЕМ пайдалану арқылы жаңа авиатехниканы игеру кезінде зертханада тексеру және реттеу жұмыстары, субблокқа және оның құрамдастарына дейін ақауларын терең іздеумен ӘК-ден бөлшектенген бұйымдардағы аспаптар мен электр қондырғыларын диагностикалау, тоқтап қалған субблокты, КФМ-ды ауыстырумен анықталған ақауларды жөндеу немесе ішкі блоктық байланыс желісін қалпына келтіру, зертханадағы стенд қондырғысында тоқтап қалған кезде блоктар мен бұйымдардың аспаптары мен электр қондырғыларындағы ақауларды іздестіру және қалпына келтіру жөндеуін жүргізу, компьютерлік бағдарламаларды пайдаланумен аспапты және электр қондырғыларын жөндеу және ретке келтіру, аспаптар мен электр қондырғыларын ұшудағы сынақтарға техникалық дайындау және сынақтардан кейінгі ақауларды кетіру, тиісті құжаттамаларды ресімдеумен орындалған жұмыстарды өзіндік бақылау, А мен РЭО жүйесіне ТО және Р жұмыстары сапасын бақылау бойынша жұмыстар, пайдалану-жөндеу құжаттамаларын дұрыс ресімдеуді бақылау, ССИ, КП әзірлеу мен жөндеу, олардың ақауларын іздестіру мен кетіру.
Аспаптар жөніндегі авиациялық техник-метролог үшін қосымша: күрделі борттық жүйелерді және А мен РЭО кешендері тексеру үшін арналған СИ мен ССИ жағдайын метрологиялық тексеру, реттеу және сынау.
70. Білуі тиіс:
күрделі жүйелер мен функционалды байланысқан авиациялық қондырғылар кешендерінің құрамын, жұмыс принципін, дербес ЭЭМ-ны қолданумен жұмыстарды орындау әдістері мен алгоритмін, микропроцессор базасындағы есептеу техникасы мен сандық басқару жүйесінің негіздерін, борттық жүйелерді алгоритмдік қамтамасыз ету және оларды пайдалануды, борттық және жердегі бақылау құралдарының ақпараттарын жинау, өңдеу және талдау әдістерін және ұшу деректерін тіркеу, КСПНО, функционалдық байланыстарды және оған кіретін жүйелердің жұмыс істеу алгоритмдерін құрауды, А мен РЭО жүйелері техникалық жағдайының параметрлерін борттық (ішкі) бақылауды ұйымдастыруды, бағдарламалық және аппаратуралық іркілісті тексеру, жинақтама бұйымдары мен олардың элементтерін ауыстыру тәртібін, А мен РЭО жүйелеріндегі ТО және Р орындалған жұмыстарын бақылау процедурасының орындалуын және сапаны бақылауды ұйымдастыруды, жаңа АТ-ны сынақ ұшақтарына техникалық дайындау ерекшеліктерін.
Аспаптар жөніндегі авиациялық техник-метролог үшін қосымша:
күрделі борттық жүйелерін және А мен РЭО кешендерін тексеру үшін арналған С мен ССИ жағдайын тексеру, реттеу және сынау тәсілдерін.
А мен РЭО зертханасы үшін қосымша:
КСПО-ны және функционалдық байланыстар мен КСПНО-ға кіретін сандық қондырғылардың жұмыс істеу алгоритмдерін құрау, оның жапсарлас бақылау жүйесін ұйымдастыру, жинақтаманы және оның элементтерін ауыстыру жолымен тоқтап қалған ӘК бұйымдарын, оның субблоктарын, модульдерін, жондарын, оның ішінде элементтік базасын ауыстырумен қалпына келтіру әдістері, АСНКД түріндегі ССИ пайдаланумен жердегі автоматты бақылау және диагностикалау жұмыстарын орындау тәртібі.
Орта кәсіптік білім, аспаптар және электр қондырғылары жөніндегі 6-шы разрядты авиациялық техниктің кем дегенде үш жыл жұмыс өтілі қажет.
71. Жұмыс үлгілері.
Тікелей ӘК-де.
-
техникалық жағдайын бақылау:
Автоматты блоктарымен, басқарудың автоматты жүйесін бақылаудың жапсарлас блогының, ИМЦ-2СЧ масса өлшеуішінің, СПП3-1 жүйесі АСШУ-1 штурвалдық басқару автоматты жүйесінің, двигательді бақылаудың (БСКД-90) борттық жүйесінің, ВСУ-1-85 тарту күшін басқарудың есептеу жүйесінің, бір борттағы ауыспалы ток генераторы сөндірілген кезде ауыспалы ток жүйешесін біріктіру сызбасының көмегімен мұздану датчиктерінің, КПА көмегімен, бұрылу автоматтарымен және оның КИСС-1-М дабылдағыш жүйесі кешенді ақпараттық жүйесімен байланыста бірлесіп автоұшудың жапсарлас бақылау көмегімен СЭИ электр нды индикация жүйелері КИСС-ке ақпаратты шығарумен ауаның кондицияға сәйкестендіру жүйесінің, сигналдар мен КСПНО ақпаратын, апаттық сигналдар жүйесін пайдаланумен негізгі және қосалқы САРД жүйесінің;
-
Қалпына келтіру жұмыстары:
дербес ЭЕМ-де ұшу эшалондары бойынша биіктікті өлшеу көрсеткіштерін түзеу есептері, РТ2-36 жүйесі микросызба жиынтығы бар күшейткіштер мен платоларды қалпына келтіру жөндеуі және реттеуі, КПА-ны қолданумен платодағы микросызбаларды ретке келтіру, параметрлерін бақылау және жұмыс қабілетін тексеру.
А мен РЭО зертханасында қосымша:
-
НВ-ПБ навигациялық есептегіштің П-4-4 түріндегі индикатор-есебіне, САУ-1Т-2(1) жүйесі демпферлер блогына техникалық қызмет көрсету және реттеу;
-
ТА-3 түріндегі гидроагрегатты, ТКС-П2 курстық жүйесінің БДК-1 түріндегі дистанциялық түзету блогын, НВ-ПБ навигациялық есептегішінің П-4-4 түріндегі индикатор-есебін, АП-66 автоұшудың БУ-24 түріндегі басқару блогын, САУ-1Т-2(1) жүйесі БДГ-1094 түріндегі гироскопты демпферлеу блогын қалпына келтіру жөндеуі;
-
ТО мен Р немесе ВР сапасын операциялық бақылау: «Кодтаушы альтиметр» бұйымында түзетулердің, кодтық түрдегі биіктік мағынасының барометриялық таблицасын, түзету коэффициент мағынасын, қисаю, тангаж, курс мағыналарын, И-11 түріндегі бұйымда гидроплатформа бұрышының мағынасын жасау, КУС-1200, КУС-730/1100-2, КУС-730/1100К түрлеріндегі бұйымдарында жылдамдық көрсеткіштері параметрлерін есептеу;
-
Электр қондырғыларын қалпына келтіріп жөндеу: 5397 СКВ түріндегі командалық аспаптарды, БЭ-45 түріндегі тербелудің электр ндық блогы, тұрақтандырғышты және жалғасқанатшаны басқару электр механизмдері, СКВ температураны реттеудің электр ндық блоктары;
-
ТО мен Р немесе ВР сапасын операциялық бақылау: оқшаулағыш кедергісі, МКВ түріндегі КВ жағдайы, МУС-3ПТВ түріндегі электр двигателінің тұрақтандыру жетегі механизмі электр магнитті муфтасының ток тұтынуы.
Параграф 5. Құрылғылар және электр қондырғылар бойынша
авиациялық техник, 8-разряд
72. Жұмыс сипаттамасы:
Мерзімді түрдегі көлемде сынақ ұшулары кезінде тәжірибелік және түрленімдегі ұшу аппараттарының электр қондырғылары жүйелері мен аспаптар жүйелеріне, аспаптар мен электр қондырғыларына, кең фюзеляжды ұшақтарға және жаңа ұрпақтағы ұшақтарға өңдік бақылаумен техникалық қызмет көрсету немесе ӘК-нің бортында немесе зертханада КПА мен СИ пайдаланумен А мен РЭО жүйесіндегі күрделі көп функционалды реттеу жұмыстарын орындау.
Өзінен біліктілігі төмен жұмысшылар орындаған жұмыстарды бақылау.
Тәжірибелік және түрленімдегі ұшу аппараттарын жердегі және ұшу сынақтарына дайындау технологиясы мен әдістерін, сынау кезінде анықталған кемшіліктерді жоюдың үнемді әдістерін ретке келтіру.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі мынандай негізгі жұмыстарды орындау:
ӘК-нің бортында күрделі және өзара байланысқан аспаптар мен электр қондырғылары жүйелерінде кешенді реттеу жұмыстарын жүргізу, борттық бақылау құралдары тіркеген экипаждың ескертпелері, ұшу ақпаратын өңдеу нәтижесі және техникалық пайдалану кезінде жоспарлы бақылау нәтижесі бойынша аспаптар мен электр қондырғыларының тоқтап қалуының алдын алуға және оларға уақытылы жөндеу жүргізуге бағытталған байқау және жұмыс қабілетін бақылау, компьютерлік басқармаларды пайдалану базалық ұшақтардың барлық түрлерінде сирек кездесетін аспаптар мен электр қондырғыларының тоқтап қалу себептерін іздестіру, КПА мен СИ пайдаланушы жаңа ұрпақтағы ұшақтарды игеру кезінде аспаптар мен электр қондырғылары блоктарының және бұйымдарының техникалық жағдайын талдау, өзінен біліктілігі төмен авиатехник орындаған, тұтастай алғанда А мен РЭО жекелеген блоктары мен жүйелерінің ТО мен Р, ВР процестері сапасын бақылау және ұйымдастыру, ТО мен Р немесе ВР процестерін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі компьютерлік бағдарламаларды жасауға қатысу, ӘК-ін жөндеуге тапсыру (қабылдап алу), ТО мен Р орналасқан ӘК-ін ауысымнан ауысымға қабылдау-тапсыруды жүзеге асыру, авиациялық оқиғаны зерттеуге қатысу.
А мен РЭО зертханаларында:
субблокқа, КФМ-ға дейін ақауларды терең іздестірумен және физикалық деңгейде ақау нәтижелерін (бақыланатын параметрлерді) растаумен, АСНКД түріндегі жұмыс орнын пайдаланумен немесе қол режімінде автоматты техникалық жағдайды бақылау, диагностикалық және бұзылуларды іздестіру, А мен РЭО-да тұтастай алғанда жүйе құрамында барлық құрауыштарды көп функционалдық реттеу жұмыстары, субблоктың, КФМ-ның тоқтап қалған құрауыштарын ауыстырумен қалпына келтіріп жөндеу немесе байланыстың функционалдық желілерін қалпына келтіру.
73. Білуі тиіс:
ұшу аппараттарын жерде сынау бағдарламасын және оларды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаманы, тұтастай алғанда А мен РЭО және олардың жекелеген блоктары мен жүйелеріне ТО мен Р, ВР жұмыстарын орындауды ұйымдастыруды және сапасын тексеру әдістерін, А мен РЭО ретке келтіру технологиясын, өндірістік тапсырмаға және ЭД талаптарына сәйкес ТО мен Р және ВР жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, ӘК-ін экипажға тапсыру тәртібін, аспаптар мен электр қондырғыларын жөндеу кәсіпорнына тапсыру және жөндеуден кейін қабылдап алу ережесін;
А мен РЭО зертханасы үшін қосымша:
тоқтап қалған күрделі жүйе блоктарын (бұйымдарын), олардың субблоктарын, модульдерін, платоларын құраушылары мен олардың элементтерін ауыстыру жолымен қалпына келтіру әдістерін, тоқтап қалу мен бұзылуларды іздестіру және түзету бағдарламасының алгоритмін, А мен РЭО орындалған жұмыстар сапасын операциялық және іріктеп бақылау әдістерін;
Орта кәсіптік білім, аспаптар және электр қондырғылары жөніндегі 7-разрядты авиациялық техниктің кем дегенде үш жыл жұмыс стажы қажет.
74. Жұмыс үлгілері.
Тікелей ӘК-де.
-
БИНС-85 платформасыз инерциалдық жүйесінің, ВСС-85 ұшақ жүргізудің есептеу жүйесінің, КИСС қолданумен БЦ-261 басқару блогынан тест-сигнал көмегімен жалғасқанатша мен алғы қанатшаны басқарудың негізгі жүйесінің, ИКВСП-мен САЧ-дың бірлескен жұмысының, пилотаждық-навигациялық қондырғы мен радио байланыс қондырғысы жағдайы параметрлерінің, КИСС қолданумен алғы тірек бұрылуы СУ-18 кеңейтілген тест-бақылау жүйесінің техникалық жағдайын бақылау.
-
Техникалық қызмет көрсету сапасын бақылау:
әр түтіктің жекелеп жұмыс істеуі кезінде және түтіктер жүйесінің бірлесіп жұмыс істеуі кезінде жалғасқанатшаны шығару мен жинау ұзақтығы, ВСУ жағдайын сипаттайтын түтіктерді тарирлеу және берілген параметрлердегі бір реттік команданың өтуі, жапсарлас бақылау қондырғысының көмегімен генераторлау жүйесінің жарамдылығы, ауыспалы және тұрақты ток жүйесінің жұмысқа қабілеттігі.
-
Қалпына келтіру жұмыстары:
күш қондырғыларымен байланысқан (генератордың қатарлап жұмыс істеу, кернеу жиілігін реттеу), ИКАО ІІ санаты бойынша автоматты қонуға бет алу жүйесіндегі бұзылуларды іздестіру және түзету, релені, түйіспе мен электр сымдарын ауыстырумен НВ-ПБ-1 жүйесінің модельдеуші және интегрилдеуші тізбектері мен күшейткішін (П17-2 блогын баспа платосына орнату), РТА-32 электр нды блоктарын, СПУ-18Е, ДТ, ВТ түрлеріндегі өлшеу блоктары мен отын өлшегіш автоматикасын, бөлу құрылғылары мен қалқанын қалпына келтіріп жөндеу және реттеу, бір және көп қабатты баспа құрастыру платосын және оларда орналасқан микросызбалар мен микромодульдерді қалпына келтіріп жөндеу, БД-1 демпфері блогын, БРК-000-01 бір реттік команда блогын, БС-005 салыстыру блогын, БУ-04-02 күту блогын реттеу және қалпына келтіріп жөндеу, борттық ЦВМ-ды қайта бағдарламалау, двигательді гидромеханикалық және электр ндық басқару жүйесін ретке келтіру.
А мен РЭО зертханасында.
-
Қалпына келтіру жұмыстары:
КЗВ-0-15 түріндегі берілген биіктік түзеткіші, СВС-ПН-15 жүйесінің ВС МВ-1-15 түріндегі есептегіші, И-11 инерциалды жүйесінің блогы, НВ-ПБ навигациялық есептегішінің П-31-4 түріндегі «қону» блогы, БАПС-44-03(08) түріндегі жылдамдықты ауыстыру автоматының блогы, ВАУТ С.2(3,4 және тағы басқа) түріндегі автоматты тарту күшінің есептегіші, САУ1Т-2(1) жүйесінің БСДП (1606) директорлық аспабының байланыс блогы, жалғасқанатша мен тұрақтандырғышты басқару жүйесінің КВ блоктары, Б3, БРЗУ үш фазалы ток генераторларын қорғау және басқару блоктары, БРН, БРЧ кернеу мен жиілікті реттеу блоктары;
-
ТО мен Р немесе ВР сапасын операциялық бақылау:
ВМ-15, ВМ-15Б, ВМФ-50К түрлеріндегі «Механикалық биіктік өлшегіш» бұйымында биіктік өлшеудің қосынды дәлелсіздігінің мағынасы, ВЭМ-72К, ВЭМ-72ПБ электр механикалық түрлеріндегі биіктік өлшеу түзетулерінің борттық таблицасын құрау, КП-75М түріндегі «Оттегі компрессорына» техникалық қызмет көрсету, УС-2, УС-Н, УС-И6 түрлеріндегі «Жылдамдық көрсеткіші» борттық таблицасын жасау, тахогенератордың шығыс кернеуі, МВД2Д3 түріндегі айналмалы әрекеттегі механизмі генераторы двигателінің шығыс кернеуі, циклограмманы, МП-100М-2С, МП-100МТ, МП-250 үдемелі түрлеріндегі механизмдер циклограммасын өңдеу уақытын ретке келтіру.
-
Радио қондырғылары бойынша авиациялық техник
Параграф 1. Радио қондырғылары бойынша
авиациялық техник, 4- разряд
75. Жұмыс сипаттамасы:
Жеңіл түрдегі ұшу аппараттары радио қондырғысының бюллетеньдері бойынша техникалық қызмет көрсету және түзетуді орындау және мерзімді түрдегі көлемде радио қондырғыларына техникалық қызмет көрсету жедел түрде ІІ-ІІІ сыныптағы ұшақтар немесе ІІ-ІІІ сыныптағы тікұшақтар түрлерінің біреуіне немесе І сыныптағы ұшақтарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жауапкершілігі төмен жұмыстар яки ІІ-ІV сыныптағы ұшақтардың немесе ІІ-ІV сыныптағы тікұшақтардың бір және одан көп түрлеріне немесе А мен РЭО зертханасында бір және одан көп жүйеге (бұйымға) техникалық қызмет көрсету.
Өзінен біліктілігі жоғары радио қондырғысы жөніндегі авиациялық техниктің басшылығымен орта түрдегі ұшу аппараттарына техникалық қызмет көрсету.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі мынандай негізгі жұмыстарды орындау:
НТП-ға сәйкестікті тексеруді орындау үшін РЭО бұйымдары блоктарын бөлшектеу, құрастыру, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, контровка, металдану, ылғалдану, мүжілу зақымдануын, борттау бекітуінің әлсіреуін, штепсельдік ажырағыштың бүлінуін анықтау үшін радио қондырғыларын сыртқы байқау, қосылғыштар мен контровканың қажетті тартылуын қалпына келтіру, металдануды қалпына келтіру.
76. Білуі тиіс:
қызмет көрсететін ұшу аппараттары мен ӘК түрлерінің, олардың двигательдері мен жүйелерінің ұшу-техникалық сипаттамалары мен құрылымы туралы жалпы мағлұматтарды, радио қондырғылардың құрылымы мен пайдалану ерекшеліктерін, радио қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мазмұны мен технологиясын, авиациялық техникасына борттық (нөмірленген) құжаттамаларын және оларға техникалық қызмет көрсетуге өндірістік-техникалық құжаттамалар жүргізу ережесін, техникалық қызмет көрсететін радио қондырғыларының технологиясы мен регламентін, қызмет көрсететін ӘК радио қондырғыларының пайдалану ерекшеліктерін, техникалық параметрлердің негізгі нормаларын, қондырғыларды ретке келтіру мен параметрлерді өлшеу тәсілдерін, радио қондырғылары жинақтамасына кіретін аспаптар блогының құрылымы мен жұмыс принципін, КПА мен СИ әрекетінің мазмұны мен принципін, оларды пайдалану ережесін, радиолокациялық және радионавигациялық қондырғылардың функционалдық, принциптік, фидерлік және құрастыру сызбасын, радио қондырғыларының мүмкін бұзылуларын анықтау мен жөндеу әдістерін, ӘК радио қондырғыларына техникалық қызмет көрсету жөніндегі құжаттамаларды, оларды жүргізу мен ресімдеу тәртібін, техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын материалдарды, қосалқы бөлшектерді, жабдықтарды, олардың қасиеттерін, маркалау ережесін.
А мен РЭО зертханасы үшін қосымша: техникалық параметрлердің негізгі нормаларын, қондырғыны ретке келтіру және параметрлерді өлшеу тәсілдерін.
Орта кәсіптік білім қажет.
77. Жұмыс үлгілері.
Тікелей ӘК-де.
-
УКВ радиостанция блоктарын, ақпарат жүйелерін, қауіпті дабылдау жүйелерін, радио биіктік өлшегішін, алысты өлшегішті, жақын және алыс навигация аппаратураларын, АФС ұшақ блогын, тану жауап бергіші мен ұшақ жүргізу блоктарын бөлшектеу-құрастыру.
-
КВ және УКВ радиостанциялары блоктарын, сөйлеу ақпараттағыш блоктарын, радио биіктік өлшегішін, радиокомпасты, АФС, жақын және алыс навигация аппаратураларын, тану және хабарлау жауап бергішін байқау және ақауларын табу.
-
КВ радиостанциясының, радиокомпас блоктарының, ұшақтық алысты өлшегіш пен радиолокатордың, навигациялық-қону жүйелерінің, жақын навигация аппаратурасының, тану және ұшақ жүргізу жауап бергішінің, магниттік жазу борттық аппаратурасы жұмыс істеуінің (кернеу астында), ұшақтық сөйлесу құрылғысының, ұшақтық АФС блогының, биіктік өлшегіш, алысты өлшегіш блоктарының, радиокомпастың, радиоизотоптың мұздану дабылдағышының, тану және ССО ұшақ жүргізу жауап бергішінің, КВ радиостанциясы жоғары қоректендіру антеннасы диэлектрлік кірістірме оқшаулағышы кедергісінің, тану жауап бергіші антеннасының техникалық жағдайын бақылау.
-
Қалпына келтіру жұмыстары:
штурвалдағы, панельдегі және тангенттердегі «Радио» мен «СПУ» түймесін ауыстыру, ВЧ ажыратқышын қайта дәнекерлеу, қосылғыштар мен контровканың қажетті тартылуын қалпына келтіру, металдануды қалпына келтіру.
А мен РЭО зертханасында.
-
«Микрон» бұйымының П7Вб-МК түріндегі блогын, «Ядро-11» бұйымының Б7А1-Яр-ІІ түріндегі блогын, «Баклан-20» бұйымының ПДУ-блок 4 түріндегі блогының, «АФК-15» бұйымының блоктарын, СО-70 бұйымының ПП-02 түріндегі блогының, «КурсМП2» бұйымының блоктарының, «СПГС-1» бұйымының блоктарының, «О-20» бұйымының блоктарының НТП-ға сәйкестігін тексеру.
-
Техникалық қызмет көрсету және реттеу:
«Микрон» бұйымының П13А түріндегі блокты, «Ядро-ІІ» бұйымының Б13-Яр-ІІ түріндегі блокты, «СДК-67» бұйымының алюртрамын, «СПГС-1» бұйымының ТМБ түріндегі блокты, СОМ-64 бұйымының ПУ ИКАО-01 түріндегі блокты, МСРП-64 жүйесінің БЛМ-1-1түріндегі блокты, МСРП-12 жүйесінің блоктары.
Парагаф 2. Радио қондырғылары бойынша
авиациялық техник, 5-разряд
78. Жұмыс сипаттамасы:
Орта түрдегі ұшу аппараттарындағы радио қондырғыларының бюллетеньдері бойынша техникалық қызмет көрсету және түзетуді орындау және мерзімдік түрдегі көлемде радио қондырғыларына техникалық қызмет көрсету, жедел түрде І сыныптағы ӘК түрлерінің біреуіне немесе ІІ-ІІІ сыныптағы ӘК екіге дейінгі түрлеріне яки үшке дейінгі түрдегі ӘК, оның ішінде І сыныптағы ӘК бір түріне техникалық қызмет көрсету немесе А мен РЭО зертханасында бөлшектелген ӘК-нің үш және одан көп радио қондырғылары бұйымдарына ТО мен Р бойынша жұмыстар орындау.
Көп еңбекті талап ететін регламенттер бойынша ұшу аппараттарының радио қондырғыларының әртүрлі әдістермен, оның ішінде зертханалық әдістерді, бақылау мен реттеуді қолданумен ақауларын табу.
Өзінен біліктілігі жоғары радио қондырғылары жөніндегі авиациялық техниктің басшылығымен ұшу аппараттарының ауыр және өте ауыр түрлерінде күрделі регламенттік жұмыстарды орындау.
Техникалық қызмет көрсетудің мынандай негізгі жұмыстарын орындау: РЭО күрделі жүйе агрегаттарын ТО мен Р-ға зертханаға жөнелту үшін бөлшектеу, зертханада тексеруден және жөндеуден кейін агрегаттарды, блоктарды, жаңа агрегаттарды немесе күрделі жөндеуден өткен агрегаттарды құрастыру, регламенттің мерзімдік түрлері бойынша ӘК-не техникалық қызмет көрсету кезінде РЭО толық көлемінде және барлық әдістермен ақауларын табу, бөгде заттарды, зақымдануды, қатты қызу, ылғал, мүжілу іздерін анықтау үшін РК, РУ, пульттерді байқау, кірлеуді тазалау, ӘК жүйесі мен оның РЭО-сын автоматты (жапсарлас) бақылау, тетіктердің көмегімен зертханада агрегатты ашпастан блоктың техникалық жағдайын тексеру, кейіннен реттеумен және ретке келтірумен жекелеген агрегаттар мен блоктарды ауыстыру жолымен жөндеу, ұшақты жүргізудің автоматты борттық жүйесін тексеру үшін арналған бақылау-өлшеу және тіркеуші аппаратураларды түзету.
79. Білуі тиіс:
қызмет көрсететін ұшу аппараттары мен ӘК радио қондырғыларын техникалық пайдалану ережесін, техникалық қызмет көрсету регламенті мен технологиясын, радио қондырғылары жүйесі мен оларға орнатылған құрылғылардың жұмыс, осы жүйенің және басқа да жүйелердің басқа элементтерінің өзара байланыс ерекшеліктерін, радио қондырғыларының күрделі жүйелерін тексеру ережесі мен тәртібін, ретке келтіру және радиоэлектр нды қондырғылары мен радио байланысы қондырғыларының негізгі техникалық параметрлерін алу тәсілдерін, радио қондырғыларынан ақпарат (сигнал) алу жүйесінің құрылысын, бақылау - өлшеу және тексеру аспаптарының (құрылғының) құрылымын және жұмыс принципін, ақаулар табуды жүргізу және радио қондырғыларының жұмыс қабілеттілігін тексеру тәртібін, бұзылуларды анықтау мен түзеу әдістерін, жинақтама бұйымдарын, агрегаттар мен олардың элементтерін ауыстыру тәсілдерін, ЭРД жөндеуін жүргізуді.
А мен РЭО зертханасы үшін қосымша:
радио қондырғыларының тоқтап қалған элементтерін зертханалық тексеру және жұмыс қабілетін қалпына келтіру әдістері мен технологиясын, ЭРД талаптарына технологиялық картаға сәйкес қызмет көрсететін А мен РЭО бұйымдарын тексеру, диагностикалау ережесі мен тәртібін, А мен РЭО бұйымдарын қалпына келтіру жөніндегі үлгілік технологиялық операцияны орындау ережесін.
Орта кәсіптік білім, радио қондырғылары жөніндегі 4-ші разрядты авиациялық техниктің кем дегенде үш жыл жұмыс стажы қажет.
80. Жұмыс үлгілері.
Тікелей ӘК-де.
-
«Микрон» радиостанциясы блоктарын, антенналы радиолокаторларды, радиокомпас блоктарын бөлшектеу-құрастыру;
-
Сымдардың ұштарын, ССО аппаратурасын, радиокомпасты байқау және ақауларын табу;
-
Магниттік жазу борттық аппаратурасы шасси соңынан айырудың, «Микрон» түріндегі радиостанциясы П5-МК блогына ауа беру траги саңылаусыздығының, «Арал» бойынша алысты өлшегіштің, навигациялық-қону жүйелерінің, жақын навигация аппаратураларының, ұшақты жүргізу жауап бергішінің, қысқа толқынды және УКВ радиостанциясы, ұшақ радиолокаторы, радиокомпас, ұшақ АФС, манарлары бойынша жұмыс істеуінің, қысқа толқынды радиостанцияны, радиолокаторды, алысты өлшегішті, ДИСС, жақын навигация аппаратурасын жапсарлас бақылаудың техникалық жағдайын бақылау (тексеру);
А мен РЭО зертханасында:
-
«Микрон» бұйымының П1В түріндегі блогының, «Ядро-ІІ» бұйымының Б1-Яр-ІІ түріндегі блоктың, «Курс-МП-70» бұйымы блоктарының, «СД-75» бұйымының ПУА түріндегі блогының, «РСБН-7С» бұйымының СЗД-ПМ түріндегі блогының, «СО-72» бұйымының БПИ-АЙ түріндегі блоктың, «СОМ-64» бұйымының ПП-01 түріндегі блогының, МСРП-А-02 жүйесінің АЦПУ-ның НТП-ға сәйкестігін тексеру;
-
«Микрон» бұйымының П7В2б-лік түріндегі блогына, «Ядро-ІІ» бұйымының Б7А1-Яр-ІІ түріндегі блогына, «Курс-МП70» бұйымының режім мен курс селекторларына, «АРК-15» бұйымының блоктарына, «Курс-МП2» бұйымының блоктарына техникалық қызмет көрсету және реттеу;
-
Қалпына келтіріп жөндеу: зертханада сөйлемдік ақпараттағыштың, АФС блогының, «МАРС-БМ» магнитофонының, мұзданудың радиоизотопы дабылдағышының ақауларын түзеу, кейіннен реттеумен және жұмыс қабілетін тексерумен радиолокаторды, 020, 020М, 023 түріндегі бұйымдар блоктарын ауыстыру.
Параграф 3. Радио қондырғылары бойынша
авиациялық техник, 6-разряд
81. Жұмыс сипаттамасы:
Пайдалануға қолданылатын барлық түрдегі сериялық ұшу аппараттары радио қондырғыларының бюллетеньдері бойынша техникалық қызмет көрсету және түзетуді орындау және мерзімді түрдегі көлемде радио қондырғыларына техникалық қызмет көрсету, жедел түрде кең фюзеляжды ұшақтардың немесе жаңа ұрпақтағы ұшақтардың түрлерінің біреуіне немесе ІІ-ІІІ сыныптағы ӘК үшке дейінгі түрлеріне, яки төртке дейінгі ӘК түрлеріне, оның ішінде І сыныптағы ӘК екі түріне техникалық қызмет көрсету немесе А мен РЭО зертханасында бөлшектелген ӘК-нің төрт және одан көп жүйелерге (бұйымдарға) ТО мен Р және ВР жұмыстарын орындау.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі мынандай негізгі жұмыстарды орындау:
РЭО күрделі жүйелерін КПА қолданумен тексеру, ешқандай қосымша құралдарды қолданбастан (тек штаттық борттық аспаптар мен дабылдағыштар бойынша) қызмет көрсететін нысанның жұмыс істеуін тексеру, РЭО жүйесін кешенді реттеу және ретке келтіру, ӘК-гі бұйымдарды тексерумен және ретке келтірумен ақауларды түзету.
82. Білуі тиіс:
ұшу аппараттары мен ӘК радио қондырғыларының жинақтамасын, радио қондырғыларының жұмыс принципін, құрылысын, пайдалану және техникалық қызмет көрсету ережесін, радио қондырғыларының жұмыс қабілетін тексеру және ақауларын табуды өткізу тәртібін, бұзылуларды анықтау мен түзеу тәсілдерін, жинақтаушы бұйымдарды және олардың элементтерін ауыстыру, радио қондырғыларын реттеу және ретке келтіру ережесін, радио қондырғылары жүйесінің және олардың басқа жүйелермен өзара байланыс ерекшелігін, жұмыс принципін.
А мен РЭО зертханасы үшін қосымша:
радио қондырғылар, олардың модульдері мен платолары бойынша, оның ішінде радио қондырғыларының микроэлектр нды элементтер базасын ауыстыруға байланысты А мен РЭО тоқтап қалған бұйымдарын зертханалық тексеру және жұмыс қабілетін қалпына келтіру әдістері мен технологиясын.
Орта кәсіптік білім, радио қондырғылары жөніндегі 5-ші разрядты авиациялық техниктің кем дегенде үш жыл жұмыс өтілі талап қажет.
83. Жұмыс үлгілері.
Тікелей ӘК-де.
-
КПА көмегімен ӘК-де қысқа толқынды және УКВ радио станциясын модульдеу коэффициентін, НАС-1В, ДИСС-32-90 аппаратураларының (имитатор, ССИ көмегімен), жақын навигация аппаратурасының, тану және ұшақ жүргізу жауа бергішінің техникалық жағдайын бақылау (тексеру);
-
Қалпына келтіру жұмыстары:
БТУ-1Б түріндегі борттық телевизиялық қондырғысын, локаторды синхрондаудың қабылдау-беру блоктары антенналық құрылғысын, беру локаторы манетронының аймағы, радиостанциядағы, жақын навигация аппаратураларындағы, АРК-9, АРК-15 түрлеріндегі қабылдағыштардағы, «Гроза», СОМ-64 жүйелеріндегі, 020 бұйымындағы күрделі ақауларды (зертханада) анықтау және түзету, радиокомпастардың белгіленген қателерін тексерумен АРК радиоавиациясын өтеу және есептен шығару.
А мен РЭО зертханасында.
-
«РСБН-7с» бұйымының БС-02, БИАД-04 түрлеріндегі блоктарының, МСРП-А-02 жүйесінің ПУ-50, КБИ-2-2 түрлеріндегі блоктардың НТП-ға сәйкестігін тексеру;
-
Техникалық қызмет көрсету және реттеу:
«Микрон» бұйымының П1В-МК түріндегі блоктары, «Ядро-ІІ» бұйымының БЮВ-ЯрІІ түріндегі блоктары, «Курс-МП-70» бұйымының Пу түріндегі блоктары, «РСБН-7е» бұйымының СЗД-ПМ түріндегі блоктары, «СОМ-64» бұйымының ПП-1 түріндегі блоктары, ДИСС-013 бұйымының ИП, ВД түріндегі блоктары;
-
Қалпына келтіріп жөндеу:
«Микрон» бұйымының ПЮВ-МК түріндегі блоктары, «Ядро ІІ» бұйымының ПГА1-ЯрІІ түріндегі блоктары, «Курс-МП-70» бұйымының режімдер мен курстар селекторлары, «Курс МП-2» бұйымының блоктары, «020» бұйымының блоктары, МСРП-64 бұйымының БЛМ-1-1 түріндегі блоктары.
Параграф 4. Радио қондырғылары бойынша авиациялық техник, 7- разряд
84. Жұмыс сипаттамасы:
Хаттамаларды және сынау актілерін ресімдеумен сынақ ұшулары алдында авиациялық радио қондырғыларды, зауыттар шығаратын ұшу аппараттар мен түрленімдерін жерде игеру.
Мерзімдік түрдегі көлемде радио қондырғыларына техникалық қызмет көрсету, жедел түрде өзіндік бақылаумен кең фюзеляжды ұшақтардың немесе жаңа ұрпақтағы ұшақтардың түрлерінің біреуіне немесе І сыныптағы ӘК екі түріне немесе ӘК бортындағы блок аралық, модульдік қосылыстарды көп функционалдық тексеру яки ұшақтардың беске дейінгі түрлеріне, оның ішінде І сыныптағы ӘК-нің үшке дейінгі түрлеріне техникалық қызмет көрсету немесе А мен РЭо зертханасында ӘК-нің бөлшектелген бестен көп радио қондырғылары бұйымдарына ТО мен Р және ВР жөніндегі жұмыстарды орындау. Өзінен біліктілігі төмен жұмысшылар орындаған жұмыстардың сапасын бақылау. Ерекше күрделі навигациялық, пилотаждық, ақпараттық, радиолокациялық кешендерді түзеу және реттеу.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі мынандай негізгі жұмыстарды орындау: әдеттегідей көп қабатты сезгіш платоларына құрастырылған күшейткіш, фазаны сезгіш, коммуникациялаушы және басқа да күрделі радиоэлектр нды құрылғыларды КПА-мен тексеру, радио қондырғыларының барынша күрделі жүйелерін, бұйымдарын, блоктары мен бөлшектерін бір реттік тексеру жұмыстары, радио қондырғыларының басқа жүйелермен жанасуын және жұмыс қабілетін тексеру, «жағдай (тоқтап қалу бойынша)» бойынша қызмет көрсететін блоктар мен бұйымдарды қалпына келтіріп жөндеу, ақауларды байқау және аспаптық бақылау, экипаждың ескертпелері, ұшу ақпаратын өңдеу нәтижесі және техникалық пайдалану кезінде жоспарлы бақылау нәтижесі бойынша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, ССИ қолданумен борттық ЭЕМ-ді пайдалану арқылы жаңа автотехниканы игеру кезінде зертханада тексеру және реттеу жұмыстары, субблокқа және оның құраушыларына дейін бұзылуларды терең іздестірумен ӘК-нен бөлшектелген А мен РЭО бұйымдарын диагностикалау, анықталған ақауларды түзету, тоқтап қалған бұйымдарды ауыстыру немесе ішкі блоктық байланыс желісін қалпына келтіру, блоктар мен бұйымдарға қалпына келтіріп жөндеуді жүргізу, компьютерлік бағдарламаларды пайдаланумен радио қондырғыларын жөндеу және ретке келтіру, радио қондырғыларын әуеде сынауға толық техникалық дайындау және сынақтан кейін ақауларды түзеу, күрделі борттық жүйелер мен радио қондырғылары кешендерін тексеру үшін арналған СИ мен ССИ реттеу мен сынау, тиісті құжаттамаларды ресімдеумен орындалған жұмыстарды өзіндік бақылау, А мен РЭО жүйесіндегі ТО мен Р және ВР жұмыстарын орындау сапасын бақылау, пайдалану-жөндеу құжаттамаларының дұрыс ресімделуін бақылау, СИ, КПА дайындаумен жөндеу, олардың ақауларын іздестіру және түзету.
85. Білуі тиіс:
күрделі жүйелердің және функционалдық байланысқан радио қондырғылар кешендерінің құрылымын, жұмыс принципін, дербес ЭЕМ-ді қолданумен жұмыстарды орындау әдістері мен алгоритмін, микропроцессорлар базасындағы есептеу техникалары мен сандық басқару жүйесінің негіздерін, борттық жүйелерді алгоритмдік қамтамасыз етуді және оларды пайдалануды, борттық және жердегі бақылау құралдарының ақпараттарын жинау, өңдеу және талдау және ұшу деректерін тіркеу әдістерін, радио қондырғылары жүйелерін пайдалану, олардың басқа жүйелермен өзара байланысы ерекшеліктерін, ережесін, АТ ақауларды анықтау және жұмыс қабілетін тексеру тәртібін, бұзылуларды анықтау және түзету әдістерін, жинақтама бұйымдарын, агрегаттарды және олардың элементтерін ауыстыру тәсілдерін, А мен РЭО жүйелеріне ТО мен Р және ВР жұмыстарын орындау сапасын бақылауды ұйымдастыруды, жаңа АТ-ны сынақ ұшуларына техникалық дайындау ерекшеліктерін.
А мен РЭО зертханасы үшін қосымша:
КСПНО және функционалдық байланысты және КСПНО-ға кіретін сандық қондырғысының жұмыс істеу алгоритмін, оның жапсарлас бақылауын ұйымдастыруды құрастыру, тоқтап қалған ӘК бұйымдарын, оның субблоктарын, модульдерін, платоларын құраушылары мен олардың элементтерін ауыстырумен, оның ішінде элементтік базаны ауыстырумен қалпына келтіру әдістерін, АСКНД түріндегі ССИ пайдаланумен жердегі автоматты бақылау және диагностикалық жұмыстарын орындау ережесін.
Орта кәсіптік білім, радио қондырғылары жөніндегі 6-шы разрядты авиациялық техниктің кем дегенде үш жыл жұмыс стажы қажет.
86. Жұмыс үлгілері.
Тікелей ӘК-де.
-
Жапсарлас борттық бақылау жүйесінің көмегімен сөйлемдік ақпарат жүйесінің, жапсарлас бақылаудың көмегімен МН-РЛС-85 метеонавигация резервтік каналдарының, 020М түріндегі берілгіш ВЧ генераторының үйлесімді байланысының, СО және ИКВСП жауап бергіші бірлескен жұмысының техникалық жағдайын бақылау;
-
Қалпына келтіру жұмыстары: КПА қолданумен платолардағы микросызба параметрлерін ретке келтіру және бақылау, жұмыс қабілетін тексеру, радиолокаторларды кешенді реттеу, РОЗ-1 түріндегі радиолокаторындағы антенна блогын юстирлеу, стендік қондырғыда тоқтап қалу кезінде блоктар мен бұйымдардың ақауларын іздестіру және қалпына келтіріп жөндеуді жүргізу;
А мен РЭО зертханасында.
-
Техникалық қызмет көрсету және реттеу: «Ядро-ІІ»бұйымының Б1-ЯрІІ түріндегі блоктарын, «Курс-МП-70» бұйымының РМП-70 түріндегі блоктарын, «СО-72» бұйымының БПИ-АЦ түріндегі блоктарын, «Гроза» бұйымының Гр 1Б түріндегі блоктарын;
-
Қалпына келтіріп жөндеу:
«Курс-МП-70» бұйымының басқару пультін, «СО-70» бұйымының ПП-02 блогын, «СД-75» бұйымының 1СД-1 блогын, «РСБИ-7С» бұйымының 3ДПМ блогын;
-
ТО мен Р және ВР сапасын операциялық бақылау:
жиілік тұрақсыздығын, кіру қуатын, «Баклан-20» радиостанциясы ПРМ сезгіштігін, навигациялық шығу кернеуін, «КРП-200П» курстық радио қабылдағышы бленкерінің іске қосылу шегін, «УНП» түріндегі бұйымының СП-50, ІLS, VOR режимдеріндегі курстық арна жиілігінде дайындық сигналы сезгіштігін.
Параграф 5. Радио қондырғылары бойынша
авиациялық техник, 8-разряд
87. Жұмыс сипаттамасы:
Тәжірибелік және эксперименттік ұшу аппараттары арнаулы радиотехникалық құралдарының күрделі кешендерін практикалық түзету технологиясын және жедел дайындау тәсілдерін.
Мерзімдік түріндегі көлемде радио қондырғыларына техникалық қызмет көрсету, ӘК бортында немесе зертханада КПА мен СИ пайдаланумен, өзіндік бақылаумен кең фюзеляжды ұшақтарға және жаңа ұрпақтағы ұшақтарға немесе А мен РЭО жүйесіндегі көп функционалды реттеу жұмыстарын жүргізу.
Өзінен біліктілігі төмен жұмысшылар орындаған жұмыстың сапасын бақылау.
Радиотехникалық қондырғылар кешенін ұшу аппараттарында қолдануға дайындау.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі мынандай негізгі жұмыстарды орындау: ӘК бортында күрделі және өзара байланысқан радио қондырғылары жүйелерінде кешенді реттеу жұмыстарын жүргізу, борттық бақылау құралдарында тіркелген экипаждың ескертпелері, ұшу ақпаратын өңдеу нәтижесі және техникалық пайдалану кезінде жоспарлы бақылау нәтижесі бойынша бұйымдардың тоқтап қалуының алдын алуға және бұзуларды уақытылы қалпына келтіруге бағытталған байқау және жұмыс қабілетін бақылау, компьютерлік бағдарламаларды пайдаланумен базалық ұшақтардың барлық түрлеріндегі сирек кездесетін РЭО тоқтап қалу себептерін іздестіру, КПА мен СИ пайдаланумен жаңа ұрпақтағы ұшақтарды игеру кезінде блоктар мен РЭО бұйымдарының техникалық жағдайын талдау және бағалау, өзінен біліктілігі төмен жұмысшылар орындаған, тұтастай алғанда А мен Рэо жекелеген блоктары мен жүйелеріне ТО мен Р, ВР процесінің сапасы мен ұйымдастыруын бақылау, авиациялық оқиғаларды зерттеуге қатысу, ТО мен Р немесе ВР процестерін жетілдіру жөніндегі компьютерлік бағдарламаларды құрастыруға қатысу, ӘК-ін жөндеуге тапсыру (қабылдап алу), ТО мен Р орналасқан ӘК-ін ауысымнан ауысымға тапсыру-қабылдауды жүзеге асыру.
А мен РЭО зертханасында қосымша: техникалық жағдайды бақылау, субблокқа КФМ-ға дейін бұзылуларды терең іздестірумен АСНКД түріндегі жұмыс орнын пайдаланумен автоматты немесе қол режімінде ақауларды диагностикалау және іздестіру, тұтастай алғанда А мен РЭО жүйесінің құрамындағы барлық құраушыларды көп функционалды реттеу жұмыстары, тоқтап қалған құраушыларды ауыстырумен қалпына келтіріп жөндеу немесе субблок, КФМ функционалдық байланыс жүйесін қалпына келтіру.
88. Білуі тиіс:
басқарушы техникалық құжаттамаларды, тәжірибелік радио қондырғыларын сынау бағдарламасын, А мен РЭО орындалған жұмыстарын сапасын бақылауды ұйымдастыруды және әдістерін, күрделі тоқтап қалуды, РЭО аппараттық және бағдарламалық іркілісін іздестіру мен кетіру тәртібін, өндірістік тапсырмаға және ЭРД талаптарына сәйкес ТО мен Р және ВР кезінде жұмыстарды ұйымдастыруды, радио қондырғыларын жөндеу кәсіпорнына тапсыру - қабылдап алу тәртібін;
А мен РЭО зертханасы үшін қосымша: жинақтаманы және оның элементтерін ауыстыру жолымен тоқтап қалған күрделі жүйелер блоктарын (бұйымдарын), оның субблоктарын, модульдерін, платоларын қалпына келтіру әдістерін, тоқтап қалу мен бұзылулар себептерін іздестіру және түзету бағдарламасының алгоритмін, А мен РЭО бұйымдарының орындалған жұмыстары сапасын операциялық және іріктеме бақылау әдістерін.
Орта кәсіптік білім, радио қондырғылары жөніндегі 7-разрядты авиациялық технигінің кем дегенде үш жыл жұмыс стажы қажет.
89. Жұмыс үлгілері.
Тікелей ӘК-де.
-
А-331 навигациялық жүйесі байланысының, ССЛО-85 көмегімен кеңейтілген жердегі бақылау режімінде КСПНО тұрақтандыруын және жұмыс істеуін реттеу, демпферлеуші разрядник электр тізбегінің, радиобайланыс қондырғысы мен пилотаждық-навигациялық қондырғысы параметрлерінің бір реттік командасын тарирлеудің, СОМ-64 жауап бергіші блогының техникалық жағдайын бақылау;
-
Қалпына келтіру жұмыстары:
бір және көп қабатты баспа құрастыру платосын және оларға орналастырылған микросызбалар мен микромодульдерді жөндеу.
А мен РЭО зертханасында.
-
Қалпына келтіріп жөндеу: «Микрон» бұйымының П1 В түріндегі блогын, «Ядро-ІІ» бұйымының Б1-ЯрІІ, П5-Яр түріндегі блоктарын, «Курс-МП-70» бұйымының УНП, РПМ-70 түрлеріндегі блоктарын, «СО-72» бұйымының БПИ-АЦ түріндегі блогын, «СОМ-64» бұйымының Ш-01 түріндегі блогын, «Гроза» бұйымының ГР-1Б түріндегі блогын, «ДИСС-013» бұйымының ВЧ, НЧ түрлеріндегі блоктарын.
9. Аэроалаң жұмысшысы
Параграф 1. Аэроалаң жұмысшысы, 2- разряд
90. Жұмыс сипаттамасы:
Жазғы алаңды күтіп-ұстау бойынша қосымша дайындау жұмыстарын орындау. Жазғы алаңның топырақты бөлігіне шөптер себу. Аэроалаңдағы қауіпті жерлерді қоршау. Перронды және вокзал маңы аумағын жинау;
Өзінен біліктілігі жоғары жұмысшының басшылығымен дренаж жүйесін тазалау және жазғы алаңның топырақты жерін ағымдағы жөндеу. Аэроалаң жабылғысын маркалау;
Тігістерді тазалау, мастикамен толтыру және күрделі емес аэроалаң механизмдерін қолдана отырып температуралық тігістерді түзету. Дара, дара-оралған және сусымалы жүктерді тиеу-түсіру жұмыстарын орындау.
91. Білуі тиіс:
Жазғы алаңды кез келген жыл мезгілінде пайдалану ережесін, дыбыс және жарық дабыл берілуін, ВС және көліктің аэроалаңда қозғалу ережесін, аумақты тазалау және жазғы алаңның ағымдағы жөндеуі кезінде пайдаланылатын машиналар мен механизмдерді, оларды күтіп-ұстау ережесін, аэроалаң жабылғысын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың орындалу технологиясын және жүйелілігін, аэроалаң жабылғысын қардан және мұздан тазалау бойынша жұмыстардың орындалу технологиясын және жүйелілігін.
Параграф 2. Аэроалаң жұмысшысы, 3-разряд
92. Жұмыс сипаттамасы:
Жазғы алаңның бетін, оның жасанды және топырақ жабылғысын күтіп-ұстау жұмыстарын орындау. Жазғы алаңды және оның жабылғысын ағымдағы жөндеу. Жазғы алаңның дренаж жүйесін тазалау және түзулігін тексеру. Прайнерді, суық мастиканы дайындау, қалыпты (қозғалмалы) қазанда ыстық мастиканы жылыту. Аэроалаң механизмдері мен машиналарды тазалау және ұсақ кемшіліктерін жою.
93. Білуі тиіс:
жазғы алаңның жасанды және табиғи жабылғыларының түрлері мен ерекшеліктерін, аэроалаң жабылғыларын жөндеу технологиясын және қар жабылғысын өңдеу, агротехника және геодезия жөніндегі қарапайым мәліметтерді, аэроалаң машиналары мен механизмдері құрылымы туралы негізгі деректерді және оларды пайдалану ережесін, мастиканың түрлерін, оларды дайындау технологиясын, тігістерге мастиканың әртүрлі түрлерін құю технологиясын, радиостанцияны пайдалану ережесін.
Параграф 3. Аэроалаң жұмысшысы, 4- разряд
94. Жұмыс сипаттамасы:
Жазғы алаңды және ұшу-отыру жолақтарының жасанды жабылғыларын, рөлдік жолдарды, ӘК тұрағының орындарын және перрондарды жөндеу бойынша күрделі жұмыстардың барлық түрлерін орындау.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті материалдардың санын анықтау, аэроалаң жабылғыларын жөндеу кезінде пайдаланылатын материалдардан (бетон, асфальт және тағы басқа) қоспалар құрастыру. Тиісті механизмдердің көмегімен ұшу-отыру жолақтарын тазалау, су жинау құдықтарына қарай көлденеңі бойынша тартпа трассасын төсеу.
Қызмет көрсететін аэроалаң және ауыл шаруашылығы машиналарын пайдалану, ойдағыдай және кемшіліксіз күтіп-ұстау.
95. Білуі тиіс:
барлық пайдаланылатын аэроалаң және ауыл шаруашылығы машиналарының, аэроалаң жабылғыларын жөндеу және күтіп-ұстау кезінде қолданылатын механизмдер мен агрегаттардың мақсатын, жұмыс принципін және пайдалану ережесін, радиобайланысты пайдалану ережесін, ұшу-отыру жолақтары жабылғыларының барлық түрлерінің физикалық-механикалық қасиеттерін, метрология жөніндегі қажетті көлемдегі мәліметтерді.
10. Борт операторы
Параграф 1. Борт операторы
96. Жұмыс сипаттамасы:
ӘК-де тиеу-түсіру жұмыстарын орындау және ұйымдастыру, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізу. АТБ-дан немесе басқа да экипаждан ӘК-ні қабылдап алу. Жүктерді тиеу жөніндегі диспетчерден жеткізу құжаттамасын да алу, контейнерге және сөрелерге коммерциялық тиеуді қабылдау. Экипажға және еріп жүретіндерге борт мүліктерін және тамақ, медициналық аптечка алу. Жүктің жағдайын, жүктің сыртында мөр мен пломбаның барлығын және сақталуын тексеру, контейнерлердің, сөрелердің нөмірлерінің және пломбалардың почталық-жүктік тізімдегі жазбаға сәйкестігін салыстыру.
РЛЭ-ға және бақылай қарау парағына сәйкес ӘК-ні сырттай қарау.
ӘК-ні ұшар алдында қарау және тексеру:
жүк кабинасының түзулігін, әйнектердің шынылануын, апаттық шығу есіктері жабылуының сенімділігін, жүк жолының жағдайын, оттегі жабдығы мен бетперделердің істеуін, баллондар мен өрт сөндіру құралдарында оттегінің барлығын. Жүк тиеу және болат арқан қондырғысы мен құралдарының жиынтығын және жұмыс істеуін тексеру, қондырғының жұмыс істемейтіні туралы ӘК командиріне уақытылы баяндау, ӘК-де жүк тиеу қондырғысын тиеу процесіне дайындау. Жүк люгін ашу және аяқтама тіректі босату.
Жүкті тиеу, түсіру және арқандап байлау кезінде жүкшілер бригадасын, көлік құралдарының және механизациялау құралдарының келуі мен кетуін бақылау және басшылық ету.
Бекітілген тиеу және арқандап байлау кестесіне сәйкес көтеру-көлік механизмдерінің көмегімен ӘК-ге тиеу процесін жүргізу. Жеткізу құжаттары бойынша жүктердің барлығын, жүкшілердің орталықтандыру кестеге сәйкес жүктерді орналастыруын, бекітуін және орнықтыруын бақылау. Жүкшілердің кінәсінен зақымдалған жүктерге актілер құрастыру.
ӘК қаптамасының тұтастығын тексеру мақсатымен ӘК-ні сырттай қорытындылай қарау, аяқтама тіректі жинау және жүк люгін жабу. Жүктің, контейнердің және тұғырықтардың тиеу кезінде анықталған бұзылуларын жоюды бақылау, жүк қаптамасының және маркалауының бұзылуы туралы почталық-жүктік тізімде белгілеу. ӘК-нің жүк орналасқан барлық қонысын құлыпқа жабу мен пломбылау және экипажбен бірге ӘК-ні күзетке тапсыру. ӘК-нің ұшуы кезінде жүк бөлігіндегі жүктің жағдайын бақылау, қажет болғанда жүкті бекітіп тұрған белбеулерді, шынжырлар мен торларды қысып тарту.
Жүктің қауіпті ауытқуы болған жағдайда шешім қабылдау үшін ӘК командирін хабардар ету.
97. Білуі тиіс:
ӘК-нің жазғы-техникалық сипаттамалары және құрылымы туралы жалпы мәліметтерді (ӘК-ні орталықтандыру, жүк бөлігінің құрылысын, люктің ашып-жабылуын басқару тәсілдерін, ӘК-де қызметтік және тұрмыстық қоныстардың орналасу сызбасын), жүк бөлігі қондырғысын және оны пайдалану ережесін, азаматтық авиацияның жүк қызметін ұйымдастыру (жүктерді қабылдау және тасымалдау ережесін, жүк тасымалдау түрлерін, қауіпті және тез бүлінетін жүктерді арнайы маркалауды, тиісті тасымалдау құжаттамасын, жүкті орнына жеткізуді және поштаны тасымалдауды ресімдеу, қаптамасы бұзылған коммерциялық тиеуді және тапсыруды ресімдеу ережесін), ӘК-ні жүк тиеуге ұшу алдында дайындауды жүргізу тәртібін, тиеу-түсіру жұмыстары технологиясын және борт операторының экипаж мүшелерімен өзара әрекеті тәртібін, жүктерді тиеу, орналастыру және бекіту тәртібін, апаттық құтқару құралдарының мақсатын және оларды апаттық жағдайда қолдану ережесін.
ІІ-ІІІ сыныптағы ӘК-де тиеу-түсіру жұмыстарын орындау және ұйымдастыру кезінде - 4- разряд;
І-ІІ сыныптағы ӘК-де тиеу-түсіру жұмыстарын орындау және ұйымдастыру кезінде, 4-ші разрядты борт операторының үш жылдан кем емес жұмыс өтілі - 5- разряд;
5-ші разрядты борт операторы үшін орта кәсіптік білім қажет.
-
Бортсерік
Параграф 1. Бортсерік
98. Жұмыс сипаттамасы:
Ұшу кезінде ӘК-де авиажолаушылар мен жазғы экипаж мүшелеріне сервистік қызмет көрсету және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды жүргізу. Ұшуға тапсырма, рейс туралы ақпарат пен қажетті құжаттаманы алу. ӘК-ні авиажолаушыларды отырғызғанға дейін және бөтен тұлғалар мен ұмыт қалған заттарды табу мақсатында рейс аяқталысымен авиажолаушылар шыққаннан кейін қарауды жүргізу. Апаттық-құтқару және тұрмыстық қондырғылардың жағдайын бақылау және оның бұзылуы туралы СБЭ-ны уақытылы хабардар ету.
Авиажолаушыларды отырғызғанға дейін ӘК-нің санитарлық жағдайын тексеру. ӘК бортына коммерциялық жүкті, поштаны, тұрмыстық мүлікті, дәмхана-ас үй қондырғысын, ыдысты, авиажолаушылар мен экипажға арналған тамақты қабылдауды және орналастыруды қамтамасыз ету.
ӘК бортындағы авиажолаушылар санын және орналасуын бақылау. Авиажолаушыларға және жазғы экипаж мүшелеріне рейстің технологиялық картасымен қарастырылған толық қызмет жиынтығын көрсету. Авиажолаушыларды бортта өзін ұстау ережесімен және басқа да қажетті ақпаратпен таныстыру, ұшу кезінде тыныштық атмосферасын сақтау. Ұшу кезінде ӘК бортында өзін ұстау ережесін жолаушылардың сақтауын бақылау және осы ережені барлық бұзушылықтар туралы СБЭ-ны уақытылы хабардар ету. Қажет болғанда авиажолаушыларға алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық көмек көрсету. Апаттық немесе төтенше жағдайларда авиажолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды эвакуациялауды ұйымдастыру. Ұшу құжаттамасын ресімдеу және оны БП қызметіне өңдеуге уақытылы ұсыну.
99. Білуі тиіс:
әртүрлі сыныптағы ӘК-де қызметтік, тұрмыстық және қоғамдық қоныстардың құрылымдық ерекшеліктерін және орналасуын, борт серігінің ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі жұмысы бойынша, коммерциялық жүкті қабылдау-тапсыру туралы нұсқаманы, ӘК-нің кабиналық экипаж мүшелерінің жұмысын реттейтін құжаттарды, стандарттарды және технологиясын, жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау ережесін, авиажолаушыларға қызмет көрсету, авиажолаушыларға жұмсақ инвентарь мен қызмет көрсету құралдарын беру жөніндегі өндірістік стандарттарды, рейсте авиажолаушылардың санитарлық ережесін және тамақтануын ұйымдастыруды, борт серігіне қатысты көлемде авиажолаушыларды, экипаж мүшелерін және ӘК-ні қарауға басшылық етуді, қауіпті жүктерді тасымалдау ережесін, апаттық жағдайда авиажолаушыларды құтқаруға арналған АСС-ны орналастыру сызбасын және пайдалану ережесін, апат кезіндегі іс-әрекет тәртібі туралы нұсқаманы, экипаждың апат кезіндегі іс-әрекеті жөніндегі жаднаманы, алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету ережесін, ұшу құжаттамасын ресімдеу ережесін.
МВЛ-да ӘК-ге қызмет көрсету кезінде қосымша білуі тиіс:
ұшу бағыты бойынша авиажолаушылармен және МВЛ қызметкерлерімен қатынасу үшін МВЛ-да ӘК-ге қызмет көрсету кезіндегі арнайы дайындық бағдарламасымен қарастырылған көлемде шетел тілін, шет елде болу ережесін, МВЛ-да қолданылатын есепке алу және есептілік нұсқаларын, оларды жүргізу және құрастыру тәртібін, МВЛ-да қарастырылған ұшу құжаттамасын ресімдеу тәртібін, МВЛ-да жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережесін.
ІІ-ІІІ сыныптағы 4-ші түрге дейін ӘК-де авиажолаушыларға және жазғы экипаж мүшелеріне қызмет көрсету кезінде - 4- разряд;
І-ІІ сыныптағы 4-ші түрге дейін ВВЛ және МВЛ-да авиажолаушыларға және жазғы экипаж мүшелеріне қызмет көрсету және 4-ші разрядты борт серігі ретінде бір жылдан кем емес жұмыс өтілі кезінде - 5- разряд.
Параграф 2. Бортсерік, 6-разряд
100. Жұмыс сипаттамасы:
Ұшу кезінде авиажолаушылар мен жазғы экипаж мүшелеріне сервистік қызмет көрсету және І-ІІ сыныптағы ВВЛ және МВЛ-ның ӘК-де ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды жүргізу. ӘК-ні ұшу алдында дайындау бойынша, ұшу кезінде және ұшудан кейін бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру.
ӘК-ні рейске дайындауды қамтамасыз етуге байланысты жұмыстарға басшылық ету (ӘК бортына коммерциялық жүкті, поштаны, тұрмыстық мүлікті, дәмхана-ас үй қондырғысын, ыдысты, авиажолаушылар мен экипажға арналған тамақты қабылдау және орналастыруға байланысты), қызметтік поштаны қабылдау және тапсыру. ӘК командирін рейске дайындық барысы, ӘК-нің және бортсеріктердің ұшуды орындауға дайындықтары туралы, борттағы жолаушылар саны туралы және жолаушылардың VIP тобы туралы, ӘК-нің ұшу кезіндегі жағдайы туралы, ӘК-нің қонуға дайындығы туралы хабардар ету.
Авиажолаушылар мен жазғы экипаж мүшелеріне рейстің технологиялық картасымен қарастырылған толық қызмет жиынтығын көрсетуді ұйымдастыру және бақылау, «F» сыныптағы авиажолаушыларға қызмет көрсету. Өткізілген ұшулардан кейін қорытындылар жасау және өзі басшылық ететін бортсеріктермен бірге ұшуға берілген тапсырмалардың орындалу қорытындыларын талдау.
Рейстік құжаттаманы ресімдеу және ұшуға берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша есепті дербес ЭЕМ-да құрастыру. Базадан тыс әуежайларда экипаж мүшелерінің, бортсеріктердің демалысын ұйымдастыру.
101. Білуі тиіс:
ӘК-нің кабина экипажы мүшелерінің ұшу тапсырмасын орындау кезіндегі жұмысын реттейтін стандарттарды, технологиясын және басқа да құжаттарды, авиажолаушыларға қызмет көрсетуді және тамақтандыруды, «F» сыныптағы авиажолаушыларға жеке қызмет көрсетуді ұйымдастыру, психология негізін және араласу ережесін, бортсеріктер экипажы мүшелерімен ұшу қорытындысын талдауды жүргізу әдістемесін, рейс құжаттамасын ресімдеу тәртібін, пайдаланушы ретінде дербес ЭЕМ-да жұмыс істеу ережесін.
5-разрядты бортсерік ретінде кем дегенде үш жыл жұмыс стажы қажет.
-
Борт радисі
Параграф 1. Борт радисі
102. Жұмыс сипаттамасы:
Радио- және электрқондырғыны жазда пайдалану және ӘК-де ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылау-тексеру жұмыстарын орындау;
Әуежай қызметін (САИ, АМС) трассадағы метеорологиялық деректермен, метеожағдай талдауымен таныстыру;
ВВЛ және МВЛ-да ұшу үшін тиісті құжаттаманы алу және дайындау; Навигациялық жағдаймен таныстыру, ұшу кезінде радиобайланысты жүргізу кестесін анықтау;
РЛЭ-ға сәйкес белгіленген бағыт бойынша ұшудың алдында ӘК-ні сырттай қарау. РЛЭ-ға сәйкес ӘК экипажы кабинасындағы радиобайланыстың, электрқондырғысының жағдайын және жұмысқа дайындығын бақылау. Радиобайланыс аппаратурасы жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету және тұрақты екіжақты байланысты қолдау. ОВД органдарымен белгіленген фразеологияны қолданумен қабылданған диспетчерлік нұсқауларды нақты және уақытылы орындаумен радиоалмасу мен радиобайланысты жүргізу, ӘК бортынан метрологиялық және басқа да ақпаратты беру;
ӘК командирін ОВД бойынша диспетчердің нұсқаулары туралы және метрологиялық жағдай туралы уақытылы хабардар ету. ӘК командиріне радиобайланыс қондырғысы жұмысындағы барлық ауытқулар және оларды жоюға байланысты өз ұсыныстарын хабарлау. Радиобайланыстың борт журналын жүргізу;
РЛЭ-ға сәйкес ұшу аяқталғаннан кейін ӘК-ні қарауды жүргізу, БАИ технигіне тиісті құжаттарды тапсыру.
1037 Білуі тиіс:
ӘК-нің жазғы-техникалық деректерін, радио- және электрқондырғысының орналасуын және жазғы пайдалану ережесін, борт радиусінің ұшу сатылары бойынша функционалдық міндеттерін, радиоалмасу және радиобайланысты белгілеу және жүргізу тәртібін, ӘК-ні ұшуға дайындау ережесін және ұшудың қарапайым және айырықша жағдайларындағы ұшу сатыларына байланысты экипаж мүшелерінің өзара әрекет кестесін, метеорология кодтарын және ұшу трассасындағы нақты ауа райы мен ауа райы болжамын, радиоалмасу ережесін және фразеологиясын, радио- және электрқондырғысын пайдалану ережесін, радио- және электрқондырғысының мүмкін ақауларын, оларды табу және жою әдістерін, базаға дейін ұшып жетуге рұқсат етілетін ақаулар тізбесін, радио- және электрқондырғысын жазғы-техникалық пайдалану жөніндегі САИ құжаттамасын және оны жүргізу тәртібін;
МВЛ-да ұшуды орындау үшін қосымша білуі тиіс: қолданыстағы талаптарға, нормативтерге және басқа да құжаттарға сәйкес МВЛ-да ұшу ережесін, МВЛ-да ұшу үшін ӘК-де орнатылған қондырғылар тізбесін, әуедегі қозғалыс ерекшеліктерін және МВЛ-да байланысты ұйымдастыруды, кедендік талаптарды және шекаралық бақылауды, МВЛ-да әуежай жерүсті қызметтерімен қатынасуға қажетті көлемде шетел тілін және ӘК-нің қалыпты және айырықша жағдайларда ұшуындағы радиоалмасу фразеологиясын.
Екі түрге дейін ІІ-ІІІ сыныптағы ӘК-нің немесе ВВЛ-да барлық сыныптағы тікұшақтардың радио- және электрқондырғысын жазғы пайдалану кезінде - 5- разряд;
ВВЛ-да І сыныптағы ӘК мен МВЛ-да екі түрге дейін І-ІІ сыныптағы ӘК-нің радио- және электрқондырғысын жазғы пайдалану және 5-ші разрядты борт радисі ретінде кем дегенде үш жыл жұмыс стажы болған кезде -6 - разряд.
-
Телескоптикалы басқыштың машинисі
Параграф 1. Телескоптикалы басқыштың машинисі, 3- разряд
104. Жұмыс сипаттамасы:
ІӘЖ аэропорттарда әртүрлі ӘС қызмет көрсету барысында телескопиялы басқыштарды басқару. Телескопиялы басқыштардың жұмысқабылетін тексеру. Жұмыс, маневрирлеу, телескопиялы басқышты ӘС алып берудің қажетті режимін таңдау;
Биіктік құрылығысы бойынша телескопиялы басқышты ӘС белгілі түрлерінің сәйкес биіктікті орнату;
Басқару пультінде бақылау-өлшеу құрылғыларының көрсеткіштерін бақылау және телескопиял басқыш бойынша еденнің деңгейін автоматты түрде түзейту;
Авариялы жағдайларда телескопиялы басқыштың қозғалтқыш жетегінің қол тежегішімен тоқтату және қол авариялы түсіргішін іске қосу;
Қарапайым ақауларды табу және жою, жөндеу жұмыстарына және телескопиялы басқыштың тораптарын реттеуге қатысу.
105. Білуі тиіс:
телескопиялы басқыштардың құрылымы, жұмыс мақсаты және белгіленуі, оларды эксплуатациялау бойынша ережесі және нұсқаулықтары, ӘС рейстерге дайындау технологиялы кестесі, ӘС телескопиялы басқыштармен қызмет көрсету техникасы және ӘС перронда тоқтайтын орнын сызбасы, ӘС фюзеляждарын конструктивті ерекшеліктерін және әртүрлі ӘС есіктердің орналасуы, электр техника ерекшеліктері, телескопиялы басқыштарға қарапайым жөндеу жұмыстарын орындау тәсілдері және түрлері, қарапайым электр монтажды сызба, монтажды және бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы, белгіленуі және пайдалану ережесі.
Әртүрлі ӘС қызмет көрсетуде және телескопиялы басқыштармен ХӘЖ аэропорттарында басқару және 3-разрядты телескопиялы басқыштың машинистінің жұмыс стажы бір жылдан кем болмау керек - 4- разряд.
-
Әуе кемелерін жуушы
Параграф 1. Әуе кемелерін жуушы, 1- разряд
106. Жұмыс сипаттамасы:
IV классты ӘК сыртқы қаптамаларын жуу және тазарту, регламетті (ӘС I-II класстардан басқа техникалы қызмет көрсету мерзімді регламенті) жұмыстардын барлық түрлері бойынша ӘК барлық түрлеріне тазарту жұмыстарын жасау. Дәретхана бөлмесін жинау, еденді, креслоларды, ӘК терезелі жарықфильтрларын химиялы құралдарды пайдаланып жуу. Жуатын құралдарды жұмысқа дайындау, бегітілген құжатнаманы толтыру.
107. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан ӘК (сонымен қоса өте төмен температурада) лакбояғыш қаптамалар және ӘК ішкі өндемелерін жуу және тазарту жұмыстарын жасауда олармен жұмыс істеу ережелерін білу, ұшқыштың кабинасын, авариалы люктардан жанында жұмыстар жасауда қауіпсіздік шараларын сақтау, ерітінділердін, жуатын сұйықтықтардың құрамы (мөлшерлеу шамасын), жуатын құралдарды дайындау және оларды пайдалану ережесі, қолданылып жатқан ертінді және еріткіштердін құрамы.
Параграф 2. Әуе кемелерін жуушы, 2- разряд
108. Жұмыс сипаттамасы:
I-Ш классты ӘК сыртқы қаптамасын және кеңфюзеляжды ӘК регламентті жұмыстарының барлық түрлері бойынша жуатын агрегаттарды және жабдықтарды пайдаланып жуу және тазарту, техникалы қызмет көрсетудін регламентінің мерзімді формасы бойынша I-II классты ӘК техникалы қызмет көрсетуде арнайы машинаны (кешенді жуу және тазарту үшін) пайдаланып тазарту және жуу.
Жабдықталған (терезе перде, кілемшелер, қаптамалар және тағы басқа) құралдарды ауыстыру. ӘК дәретхана бөлмелерінің жуу және тазарту орталықтандырылған жүйесімен жабдықталмаған бактарының жетектерін түсіру, оларды бар нәрседен тазарту, жетектейтін және үйлестіретін тармақтарын байланыстыру және ажырату және ӘК дәретхана бөлмесінің бактарының жетектерін жабу.
109. Білуі тиіс:
кірді, мұзды, қаптамалардағы майлы іздерді және ӘК басқада бөлшектеріндегі кірлерді кетіру тәсілдері, ӘК қолданылатын синтетикалы матаның ерекшелігі және жуу технологиясы, ӘК кешенді жуу және тазарту жұмыстарын жасауға арналған арнайы жабдықталған машиналар және механизмдердің құрылымы және ережесі, пассажир салондарын, экипаж кабиналарын, багажды ажырамдарды, сантораптарды құрастыру жайлы жалпы мәліметтер, ӘК буфетті-ас үйлі жабдықтарының, канализация жүйелерін және сумен қамтудың құрылымы және конструкциясының ерекшеліктері, экипаж кабиналарын және пассажир салондарын тазарту ерекшеліктері, ӘК тұратын орындарында жұмыс орындарын қамтамсыз ету.
15. Ұшуларды қамтамасыз ету жүйесінің жарықтехникалы жабдығында қызмет көрсету бойынша электр механик
Параграф 1. Ұшуларды қамтамасыз ету жүйесінің жарықтехникалы жабдығында қызмет көрсету бойынша электр механик, 4-разряд
110. Жұмыс сипаттамасы:
Сәуле тарататын қуаттарды реттейтін жабдықтары жоқ төмен үдемелі жарықтарымен қондыру жарықтехникалы жабдықта қызмет көрсету. Жарықжабдығының және түнгі стартты арматура жарықтарының және жарықжабдықтың ақауларын табу және оларды жою. Фокустау, жөндеу және бөлек жарықтарды ауыстыру. Жарықтехникалы және электр техникалы апаратураларды түзу қалпында ұстау. Двигательге және жарықжүйесінің электрқуатбергішінің резервті генераторына техникалы қызмет көрсету. Электржүйесін, қорғану құралдарын және трансформатор подстанцияларындағы басқару құралдарына қызмет көрсету. Қонудың қозғалмалы жүйесін жазу және жинау, дизель-генератор құрылғысына техникалы күтім жасау. Барлық диапазонды қуаттағы басқару щиттарындағы аппаратураларда қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары.
111. Білуі тиіс:
төмен кернеуде жұмыс істейтін қорғану құралдарының құрылымы және белгіленуі, электр двигательдердің, трансформаторлардың, ӘК (қондыратын прожекторлар, ӘК қондыру жарықтары, бөгейтін жарықтарды және тағы басқа) қондыру жарықтехникалы жүйелерінің құрылымы, жұмыс қағидалары және эксплуатациялаудың негізгі ережелері, сәуле тарататын қуатты реттеу үшін жабдықтары жоқ, төмен үдемелі жарықтармен қондыру жүйесінің жарықтехникалы жарықтарды тартып үйлестіру үлгісін, олардың түсті ерекшеліктері, түнгі ұшулардағы сәулелі дабылқағудың коды, қондыратын прожекторлардың түрлері, нашар ауа-райы кезінде ӘК қондыру үшін жарықтар, электр материалдардың негізгі түрлері, олардың құрамы және пайдалану саласы, мегометрмен орау оқшауларының ережелері және сынау нормалары, релейлі қорғанысқа қойылатын негізгі талаптар, электржүйеде жұмыс істеу ережелері және тәсілдері, жоғары және төмен кернеулі сымдарды қиыстырып келтіру және дәнекерлеу ережесі және тәсілдері, электр машина және электржүйелерінің жұмысындағы ақаулықтарды табу және жою ережелері және тәсілдері, қорғайтын және өлшейтін құрылғылардың жұмыс мақсаты және эксплуатациялау ережесі, релелерді икемдеу, тексеру және реттеу тәсілдері, қорғау құралдарына және автоматика құрылғыларының талаптары, «ФИ» косинусын жақсарту бойынша негізгі шаралар, жұмыс істейтін кернеулі электр құрылғыларының жұмыс ережесі, жалпы электр техника және жарықтехниканың негіздері.
Параграф 2. Ұшуларды қамтамасыз ету жүйесінің жарықтехникалы жабдығында қызмет көрсету бойынша электр механик, 5- разряд
112. Жұмыс сипаттамасы:
Сәуле тартатын қуаттарды реттейтін жабдықтары бар төмен үдемелі жарықтарымен қондыру жарықтехникалы жабдықта қызмет көрсету. Қонудың жарықтехникалы жүйелерінде қолданылатын жарықтехникалы және электр техникалы аппаратураларда қызмет көрсету және икемдеу. Жарықтықты магнитті реттеуіштерді және резервті дизель-генераторлардың автоматтанған аппаратурасын, жарықтықты автоматты реттеу сызбасын, қонудың жарықтехникалы жарықтарын дистанционды басқаруда қызмет көрсету, икемдеу және реттеу. Төмен үдемелі жарық жүйелеріндегі кабельді шеңберлеріндегі ақаулы орындарды анықтау.
113. Білуі тиіс:
сәуле тарататын қуаттарды реттейті жабдықтары бар, төмен үдемелі жарықтехникалы жүйенің оттарын электржүйеге қосу және орналастыру үлгісі, жарықтықты реттеу қағидасы, ұшуды қамтамасыз ететін жүйелердің жарығының жарықтығын автоматты реттеу үлгісі, қызмет көрсетіліп жатқан жүйеге кіретін электр аппараттарың құрылымы, жұмыс мақсаты және белгіленуі, электр аппараттарға және кабельді жүйелерге сынақ жүргізудің тәсілдері, қызмет көрсетіліп жатқан учаскенің толық электрлі сызбасын, электр құралдардың және ӘК қондырудың жарықтехникалы жүйесінің аппараттарын, сонымен қоса жарықтықты автоматты түрде реттейтін құралдардың қызмет көрсетуін және икемдеуін ережесін, ішкі жану двигательдерінің жұмыс қағидасы және құрылымы, тұтынушылардың элетроқондырғыларын эксплуатациялау ережесі және олардың құрылымы, электр техника және радиотехниканың негізгі заңдылықтары.
Орта кәсіптік білім қажет.
Параграф 3. Ұшуларды қамтамасыз ету жүйесінің жарықтехникалы жабдығында қызмет көрсету бойынша электр механик, 6- разряд
114. Жұмыс сипаттамасы:
Жоғары үдемелі жарықтармен (бұдан әрі - ЖҮЖ) тікелей аэродомға қондыру жарықтехникалы жаюдық жүйесіне қызмет көрсету (жердегі және терең жарықтарды, басқарылмайтын және басқарылатын тұтқалардың ақпаратты көрсеткіштері, глиссадты жарықтар, импульсты желілер, оқшаулайтын трансформаторымен жүйелі қуат беру кабельді желілер). Электр нды- тиристорлы қызмет көрсету және басқада мақсаттарда орындалған жарықты реттейтеу және олардың жиынтық элементтерін (электр нды тораптар және блоктар және тағы басқа).
Релейлі-механикалы, белгілі аэродромның жарықдабылды жабдықтарын басқыру үшін қоланылатын телемеханиканың электр нды құрылғыларында қызмет көрсету. Аэродромның жарықдабыл жүйелерін басқару үшін қолданылатын телемеханиканың компьютерлі құрылғыларында қызмет көрсету. ӘК ұшуларын радиотехникалы қамтамасыз ететін нысандарды резервті электрожабдықты автоматты қосу (бұдан әрі - РАҚ) үлгісінде қызмет көрсету.
Қуаттың тізбегі бойынша III дәреже бойынша автоматтандырыған дизель-генераторларда, автоматика тізбегі және дизель-генератор жүйелерін автоматты реттеу тізбегінде қызмет көрсету.
115. Білуі тиіс:
берілген аэродромда жарықдабыл жабдықтарының жүйелерін эксплуатациялауда қолданылатын жарықты реттеуіштердің құрылымдарын және жұмыс мақсаттарын, белгіленуін, берілген аэродромда жарыдабыл жабдықтарының жүйелерін басқару үшін қолданылатын телемеханиканың белгіленуі, жұмыс мақсаты және құрылымы, ААХҰ бойынша аэродромдарда көру категориялары жайлы түсінік, I, II, Ш ААХҰ (ОВИ-1, ОВИ-2, ОВИ-3 категориялы) бойынша көру категориясы ӘС қондыру және басқару, ұшыруға арналған жарықдабыл жабдықтарының жүйесінің жарықдабыл картинасы, аэродромда әртүрлі жарықдабыл жабдықтарының жүйесін, РАҚ сызбасын, ілу және белгілеу, III дәреже бойынша автоматтанған дизель-генераторлардың автоматика сызбасын және элементтерінің жұмыс мақсаты, орындалып жатқан жұмыстың мөлшерінде электр техника, электр ника, телемеханика, есептейтін техникаларды.
Орта кәсіптік білім қажет және 5-дәрежелі ұшуды қамтамасыз ететін жарықтехникалы жабдықтарда қызмет көрсету бойынша электр механик болып қызмет көрсету үшін жұмыс өтілімі бір жылдан аз болмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: