Орта кәсіптік білім қажет.
32. Жұмыс үлгілері.
-
Фильтроэлементтерді бөлшектеу, ауыстыру және жуу, авиациялы жанармай және май үшін фильтрларды сүрту және құрау;
-
Қозғалатын және станционарлы АТ толтыруға пайдаланылатын агрегаттардың бірдей емес тармағын стендте гидравликалы сынау;
-
Авиациялы керосинді және майдың қоспасын дайындау және олардың сапасын жақсарту, авиациялы майларды және жанармайларды кептіру және тазарту;
-
Авиажанармайдын, майдын, авиа ЖЖМ тазалығын (судын жоқтығын және ұсақ қоспалардын жоқтығын) және қоюлығын анықтау;
-
Авиациялы жанармайдың сынама өндірушісінің жұмысын тексеру, бұл құрылғы резервуарлардағы авиациялы жанармайдың деңгейін, қалқып жүретін қоршаулы құрылғыны өлшеу үшін, басқарылуымен сақпан;
-
Сорғыштарды және электр двигательдерді орталықтандыру.
Параграф 2. Жанар-жағармай материалдары бойынша
авиациалық техник, 5-разряд
33. Жұмыс сипаттамасы:
Авиациялы жанармаймен қамтамасыз ету нысанын және әуе судаларын авиажанармаймен толтыру орталықтандырылған автоматты жүйесіне техникалы қызмет көрсету және құрылғыларын эксплуатациялау;
Авиациялы керосинге, гидрантты реттегіштерге және сағатына 200 м3 өндірістілікпен ӘК авиажанармаймен толтыру орталықтандырылған автоматтандырылған жүйенің қосатын колонкаларына кристалдануға қарсы сұйықтықты қосуға арналған мөлшерлеуіштердің жұмысын сынау және реттеу; Жөндеу-жаңарту жұмыстарын орындау.
34. Білуі тиіс:
жабдықтың және ұшақтарды авиациялы жанармаймен толтыру орталықтандырылған автоматты жүйелердің құрылымы және техникалы мәліметтері, қағидалы және монтажды сызбасы, жанармайлы және майлы қамтамасыз ету түрлерінің барлығын техникалы қызмет көрсету технологиясының және регламенті, тозған тораптар мен бөлшектерді жаңарту тәсілдері, отандық және шетелдік авиажанармай және АТ үшін майлардың маркалардың өзара араласуы, авиаЖЖМ жаңа маркаларымен жұмыс істеу ережесі және олардың құрамы, авариялы және қабылданбаған авиатехникадан сына алу ережесі, ӘК авиажанармай және арнайы сұйықтықтарды шығындау нормасы, сапа көрсеткіштерін өлшеу құралдарының қателіктерінің мөлшерін және авиаЖЖМ есебін.
Орта кәсіптік білім қажет, 4-разрядты жанғыш-жұққыш авиациялы техник ретінде жұмыс стажы екі жылдан кем болмауы тиіс.
35. Жұмыс үлгілері.
Жанармаймен қамтамасыз ету нысандарының жабдықтарының жұмыс қабілеттілігін жөндеу жұмыстарынан кейін тексеру, авариялы және қабылданбаған авиатехникадан сынама алу, сапа көрсеткіштерін өлшеу құралдарының жағдайын тексеру және авиажанармай, май, май және арнайы сұйықтықты есептеу.
Параграф 3. Жанар-жағармай материалдары бойынша
авиациалық техник, 6-разряд
36. Жұмыс сипаттамасы:
Шетелдік жоғары автоматтандырылған және отандық жоғары өндірістік автоматтандырылған сағатына 200 м3 жоғары өндірістік ұшақтарды авиаұшқыштың жанармай толтыратын орталықтандырылған техникалы жабдыққа техникалы қызмет көрсету және эксплуатациялау ережесі. Күрделі ақауларды жою және авиаЖЖМ құралдарын, авиаЖЖМ өлшейтін құралдарының және авиаЖЖМ сапалы көрсеткіштерін есептейтін құралдардың жұмыстарын реттеу. Біліктілігі төмен жанар-жағармай материалдары бойынша авиациялы техниктердің жұмысын басқару.
37. Білуі тиіс:
ЖЖМ қызметінің нысандарының технологиялы конструкциясы, фильтрлауды, мөлшерлеу құралдарын дайындау, авиаЖЖМ және арнайы сұйықтықтарды сақтау және тасымалдау, ЖЖМ қызметінің технологиялы нысандарын жұмыс қабілетін икемдеу және тексеру, икемдеу ережесі және оларға тән ақаулықтарды жоюдың тәртібі, авиаЖЖМ және арнайы сұйықтықтарды толтыруға беру және сақтау, дайындау, технологиялы тәсілі, авиаЖЖМ оларды қабылдау барысында сапасының төмендеуіне тән белгілері, оларды сақтау және тасымалдау, авиаЖЖМ сапасын тексеруді ұйымдастыру және авиаЖЖМ сапасы бойынша бақылау-тіркеу құжаттамасын бақылауды ұйымдастыру, ЖЖм қызметіндегі есептеуді, тазалықты тексеруді, мөлшерлеу және авиаЖЖМ тығыздығын тексеруді ұйымдастыру, ЖЖМ қызметінің технологиялы нысандарының технологиялы жұмыс парамерлері бойынша бақылау-тіркеу құжатнамасын жүргізу ережесі.
Орта кәсіптік білім қажет және 5-дәрежелі жағар-жанармай материалдары бойынша авиациялы техниктің жұмыс өтілімі екі жылдан кем болмау керек, авиа ЖЖМ пайдаланып бөлімдерге қауіпсіз ұшуды қамтамасыз ету бойынша белгілі жұмыстарды жасауға сертификаттың болуы.
38. Жұмыс үлгілері.
1) Жұмысты тексеру, автоматты режимде технологиялы жабдықтың жұмысын қамтамасыз ететін механикалы, электрлі, электрпневматикалы және пневматикалы құрылғыларды реттеу және сынау, жұмысты тексеру, жанармайды фильтрлау және суды бөлудің автоматты жүйесін реттеу және сынау, жанармайды шығындау және ҰОЖҚ сорғыш станцияларын реттеу жүйелерін икемдеу және сынау, ӘК жанармай құюға берген кезінде авиажанармайдың сапасын тексеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
-
Парашютті және апаттық - құтқару құралдары бойынша авиациялық техник
Параграф 1. Парашютті және апаттық-құтқару құралдары
бойынша авиациялық техник, 4-разряд
39. Жұмыс сипаттамасы:
Әртүрлі парашют - тежегіш жүйелерінің, ӘК, матрикалы, жүк, оқу- жаттығатын және құтқарушы парашюттардың, авариялық-құтқарушы құралдардың және байланыс құралдарының регламентті жұмыстары бойынша техникалы қызмет көрсету.
Авариялық-құтқарушы жабдықтардың жинақталғаның, дұрыстығын, қызмет көрсетілетін барлық түрлі парашюттардың дұрыс салынуын тексеру, парашюттарға автоматты және оттекті құрылғыларды орнату және монтаждау, ӘК контейнерлеріне тежегіш парашюттарды салу, парашютті және авариялық-құтқаратын құрылғылардың ұсақ ақауларын табу және жою, ақаулыққа тексеру. Парашютті салушылардың жұмысын қадағалау.
Паршют және авариялық-құтқаратын құрылғыларға техникалы құжатнама жүргізу. Барлық парашютті және авариялық-құтқаратын құрылғыларға жөндеу жұмыстарын жасау, іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысу.
40. Білуі тиіс:
ӘК конструкциясы жайлы негізгі мәліметтер, ӘК және паршютті және авариялы-құтқаратын құрылғыларды эксплуатациялау ережесі, парашютті-тежегіш жүйелердің монтаждау технологиясын және жұмыс мақсатын, конструкциясын, авариялық-құтқаратын құрылғылар және дабылқағу құрылғыларының құрылымы және қолданылу тәртібі, тежегіш парашюттардың, авариялық-құтқару жүзқұрылғыларын, үрленетін басқыштар және авариялы дабылқағу құрылғыларының материалды бөліктерінің эксплуатациялы ерекшеліктері, парашютті және авариялық-құтқаратын құрылғыларға жөндеу жұмыстарын жасау ережесі, станокта және тігін машиналарында жұмыс істеу ережесі.
Орта кәсіптік білім қажет.
Параграф 2. Парашютті және апаттық - құтқару құралдары
бойынша авиациялық техник, 5- разряд
41. Жұмыс сипаттамасы:
Автоматты және оттегі аспаптарына техникалық қызмет көрсету, көмір қышқыл баллондарын толтыру.
Құтқару құралдарының саңылаусыздығын тексеру, пайдаланылатын апаттық-құтқару құралдарының ақаулығын түзеу, дабыл бергіш жүйелердің апаттық клапандарын, парашюттік автоматты ашу аспаптарын және басқа күрделі автоматты апатты апаттық-құтқару және оттегі аспаптарын ақаулау және жөндеу.
Апаттық байланыс құралдарының ұшу алдындағы дайындығын бақылау.
Парашюттерге, жүзу құралдарына, креслоны, капсуланы, бөлінетін кабинаны катапульттау жүйесіне және дабыл беру құралдарына техникалық қызмет жөніндегі жүйелі жұмысын ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру.
42. Білуі тиіс:
қызмет көрсететін парашюттер мен апаттық-құтқару құралдары, қорғаныс жабдықтары мен дабыл беру құралдары регламенттерінің барлық түрлерін, автоматты апаттық-құтқару және оттегі аспаптары мен олардың тораптарының ақаулығын анықтау және жөндеу әдістерін, күрделі жағдайда дабыл берудің пиротехникалық құралдарды қолдану ережесі мен тәртібін, құрғақта және суда құтқару операциясын жүргізу тәртібі мен әдістерін.
Орта кәсіптік білім және парашюттік және апаттық-құтқару құралдары жөніндегі 4-ші разрядты авиациялық техниктің кем дегенде екі жыл жұмыс стажы қажет.
Параграф 3. Парашютті және апаттық-құтқару құралдары
бойынша авиациялық техник, 6- разряд
43. Жұмыс сипаттамасы:
Парашюттік және апаттық-құтқару құралдарының эксперименттік (тәжірибелік) үлгілеріне регламенттік техникалық қызмет көрсету, оларды жердегі және әуедегі сынақтарға дайындау.
Парашютке автоматты және оттегі аспаптарын орнату, жаңа апаттық-құтқару құралдарын пайдалану кезінде ерекше күрделі ақауларды жою.
44. Білуі тиіс:
парашюттік және апаттық-құтқару құралдарының эксперименттік (тәжірибелік) үлгілеріне техникалық қызмет көрсетудің ерекшеліктерін, ерекше күрделі өмірді қамтамасыз ететін агрегаттарда және парашюттік және апаттық-құтқару құралдарында жұмыс істеу ерекшеліктерін, ерекше күрделі ақауларды жөндеу әдістерін, автоматика негіздерін.
Орта кәсіптік білім және парашюттік және апаттық-құтқару құралдары жөніндегі 5-ші разрядты авиациялық техниктің кем дегенде екі жыл жұмыс өтілі қажет.
-
Планер және двигательдер бойынша авиациялық техник
Параграф 1. Планер және двигательдер бойынша
авиациялық техник, 4-разряд
45. Жұмыс сипаттамасы:
Жеңіл және өте жеңіл түрдегі ұшу аппараттарына және оларға орнатылған двигательдерге техникалық қызмет көрсету.
Планерлер мен двигательдерге, ІІ-ІІІ сыныптағы ұшақтар немесе І-ІІ сыныптағы тікұшақтар түрлерінің біреуіне техникалық қызмет көрсету немесе техникалық қызмет көрсетудің жедел түрлерінде І сыныптағы ұшақтарға, яки ІІ-ІV сыныптағы ұшақтардың немесе ІІ-ІVсыныптағы тікұшақтардың бір немесе одан көп түрлеріне техникалық қызмет көрсетудің жауапкершілігі төмен жұмыстарды орындау.
Өзінен біліктілігі жоғары планер және двигательдер жөніндегі авиациялық техниктің басшылығымен орта күрделі ұшу аспаптарына техникалық қызмет көрсету.
Қалпына келтіру жұмыстарын, жөндеуге және сақтауға жөнелтуді орындау үшін планер және авиадвигательдер жүйесінің агрегаттарын бөлшектеу-құрастыруын жүргізу.
Люктерді ашумен және ашусыз планерлердің сынуын, тарсылдауын, жапырылуын, сызаттардың, гидрогазды коммуникация саңылаусыздық іздерін, лакты бояу және қорғаныс жабылғыларының ақауларын, шамдарды, терезелерді әйнектеудің ақауларын (сызаттар, сынықтар, шарбылану және жалтырау), жол берілмейтін саңылауларды, тозуды, люфтарды, мүжілуді және басқа да механикалық ақауларды сырттай (арнаулы құралдарды пайдаланбастан ақау табу) байқау.
Тетіктердің көмегімен қысымды өлшеу, қысымды (қысу жөніндегі пневматиктер, апшу жөніндегі амортизаторлар) көзбен тексеру.
Үйкелетін беттерді (ішінара және толық бөлшектеумен) маймен жуу, өртке қарсы өңдеу, нысанды жуу мен химиялық тазалау, кірді кетіру, ЖЖМ қалдықтарын ағызу, нысанды көзбен немесе аспаппен тексеру, ЖЖМ сынамасын алу.
Мүжілуді кетірместен лакты бояу жабылғысын қалпына келтіру, бөлшектеу жұмыстарын өткізбестен (сызаттарды бұрғылау, жапсырма орнату және тағы басқа) құрылғылар элементтерін ұсақ жөндеу, басқару тартымын маркалауды қалпына келтіру.
46. Білуі тиіс:
ұшу аппараттары мен СЖ ұшу-техникалық сипаттамалары туралы жалпы мәліметтерді, қызмет көрсететін СЖ түрлері жүйесінің құрылымын, принциптік және құрастыру сызбаларын, техникалық пайдалану ережесін, техникалық қызмет көрсету мазмұны мен технологиясын, ЖС бетін күтіп-ұстау ережесін, ЖС жабылғысы мен қаптамасын жөндеу тәртібі мен әдістерін, пайдалану саңылауларын және техникалық шектерді, магний және титан қоспаларынан, композициялық материалдарынан жасалған бөлшектерді күтіп-ұстау және жөндеу (ауыстыру) ережесін, ақауларды анықтау және жөндеу тәсілдерін, ЖС, двигательдер мен агрегаттарды сақтау және бұзылмайтын ету ережесін, ЖС-ға техникалық қызмет көрсету және ұшу сынақтарына дайындау ережесі мен тәртібін, техникалық қызмет көрсетуге қолданылатын материалдарды және олардың қасиеттерін, аэроалаң қондырғыларының, техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын тұрақты және жылжымалы құрылғылардың, тетіктердің, аспаптардың құрылымын, мақсатын, іс-әрекет принципін және қолдану ережесін, жылжымалы қосылыстарды майлау орнын, мерзімін, ережесі мен түрлерін, жалпы түрге техникалық қызмет көрсету (ЖС-ні тіркеп сүйреу, ЖС-ні жер бетіндегі мұздаудан тазарту) жұмыстарын орындау тәртібін, ЖС-ні экипажға тапсыру-қабылдап алу және күзету ережесін, техникалық қызмет көрсету құжаттамаларын және оны жүргізу тәртібін, рұқсат беру және қону жүйесін.
Орта кәсіптік білім қажет.
47. Жұмыс үлгілері.
-
бөлшектеу және құрастыру:
құбырларды, СКВ қорабының конденсаторларын, сүзгіштер мен САРД кептіргіш патрондарын, ұшқыштың креслосын, электр магнитті крандарды, басқару жүйесінің құбырын, ПОС қанатының агрегаттарын, басқару шассиінің жармасы мен механизмдерін, ағызу бактарын, тастандыларды кетіру жүйесінің насостарын, пайдалану люктерін, пилон жармасының кілттерін және двигатель гондоласын, тура әйнектерді, желкөздерді, пайдалану люктарының аспа тораптарын, отын жүйесі сүзгіші мен күш қондырғыларының стартерін.
-
байқау және ақауларын табу:
СКВ жылу-дыбыс оқшаулағышын, жолаушылар креслосын, жүк қондырғысын, гидромотер жалғас қанатшасының жетегін, гидрожүйе дренаж багының бекіту тораптарын, әуе-жылу ПОС двигателінің құбырлары мен агрегаттарын, сумен жабдықтау және тастандыларды шығару агрегаттарын, қаптаманы, есіктің тығыздағышын, люктерді, жармаларды, жоғары және төменгі палубалардың едендерін, пилондарда двигательдерді бекіту тораптарын, тік және көлденең қауырсындар қаптамасының дренаж тесіктерін, шам қаңқасы мен экипаж кабинасының тораптары мен детальдарын, қанаттағы гидрокөтергіштің астындағы тораптар мен ұяларды, двигатель мен жүйесінің фотоэлементтер дабыл бергіш жаңқаларын.
-
Жалпы түрдегі жұмыстар (техникалық қызмет көрсету):
ұшаққа отынды толық құю, доңғалақ пневматиктерін ауамен зарядтау, гидроаккумуляторларды зарядтау, двигательді сырттай тоқтатып қою (қайта іске қосу), СЖ-ның жерде мұздануының алдын алу.
-
Профилактикалық жұмыстар:
бағыттаушы лифтерді, гидрожүйе бактарын, тура әйнектерді, желкөздерді, есіктердің, люктердің, жармалардың дренаждық тесіктерін, двигательдің отын және май жүйелерінің сүзгіштерін кірлеуден тазарту, сумен жабдықтау жүйесінің қыздырғышынан сұйықты ағызу, эляронды, РН, РВ басқару бұрама механизмдерінің сырты және ішкі беттерін майлау.
-
техникалық жағдайын бақылау:
СКВ қалқалағышының бекітілуінің, ұшқыштар мен жолаушылар креслосының, шасси пневматикасының, жүк люгі жармасының, жану камерасының, двигательдің ауа тартқышы, жүк және арқандап байлау қондырғысы каптамасының, отын жүйесі дренажды сыртқа шығарылған өткізгіші, двигатель май сүзгісі сүзу элементтері тазалығының, ұшақты басқару жүйесі рөлдік сыртқа шығарылған өткізгіші редукторларындағы майлау гидробактағы АМГ-10 арнаулы сұйығы, сумен жабдықтау жүйесіндегі су деңгейін тексерудің, ұшқыш креслосының демпферіндегі, гидрожүйе багындағы, доңғалақ пневматикасындағы, двигатель компрессорларының жүк түсіру алқаптарындағы қысымның, СКВ құбырлы тоңазытқыш қондырғысы, ұшақты басқару электр крандары, отын бактары және гидрожүйе бастары, шасси доңғалағы пневматиктері, сумен жабдықтау агрегаттары саңылаусыздығының (сыртқы), бұрылу рөлі мен элерондар триммерлері ауытқу және бейтарап тұру сәйкестігінің, соңындағы қауырсынының пайдалану люктері люфтының, двигательдің ауатартқышы клапандары мен қолқалағыштары іске қосылуы ұзақтығының, доңғалақтар пневматиктерінің, алдыңғы тірек аспасы кілттерінің, компрессор І сатысының қалақшасы мен ВНА тозуының, сығу бойынша доңғалақ пневматиктерін және апшу бойынша шасси тағаны бәсеңдеткішін зарядтау, СКВ құбырлы тоңазытқышы қанатшалары жүрісі, КНД, КВД роторлары ауналу жеңілдігінің, кресло арқасы механизмінің іске қосылу, фотолюктер қозғалысы механизмдері арқаны тартылу күштерінің.
-
Қалпына келтіру жұмыстары:
доңғалақ пневматиктерінің қысымын бақылау.
Параграф 2. Планер және двигательдер бойынша
авиациялық техник, 5- разряд
48. Жұмыс сипаттамасы:
Күрделі регламент бойынша орта немесе жеңіл түрдегі ұшу аппараттарына және оларға орнатылған двигательдерге техникалық қызмет көрсету және мерзімді түрдегі көлемде планерлер мен двигательдерге техникалық қызмет көрсету, жедел түрде І сыныптағы ұшақтар немесе І сыныптағы тікұшақтар түрлерінің біреуіне яки ІІ-ІІІ сыныптағы ұшақтардың немесе ІІ-ІІІ сыныптағы тікұшақтардың екіге дейінгі түрлеріне яки ВС үшке дейінгі түрлеріне, оның ішінде ВС І сыныптағы түріне техникалық қызмет көрсету. Өзінен біліктілігі жоғары планер және двигательдер жөніндегі авиациялық техниктің басшылығымен ауыр түрдегі ұшу аппараттарына техникалық қызмет көрсету;
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың негізгі түрлерін орындау: құрастыру телімінде немесе зертханада агрегаттарды тексергеннен кейін оларды бөлшектеу-құрастыру, қызмет көрсететін ВС агрегаттары мен планерлердің барлық әдістермен ақауын табу, сүзгіде кірлеудің болмауын, сүзгі элементтерінің зақымдануын, тығыздағыштың кондициялық еместігін байқау, сызаттардың жоқтығын тексеру үшін үлкейткіш шынының көмегімен нысанның бекітілген аймағының осал жерлерін қарау, арнаулы сұйықтың, газдың қажетті мөлшерінің болуын тексеру және талап етілетін нормаға дейін толық (толық зарядтау) құю (немесе құйылмаған жүйеге нормаға дейін құю), нысанды люфтінің және жалғаудың тозуының жоқтығының, тойтармалы, бұрандамалы және бұрандалы жалғаулардың бұзылуының техникалық жағдайын бақылау, бұйымға ылғалдың, арнаулы сұйықтың әсерінен жұмыс қабілеті бұзылуының алдын алуды және жұмыс қабілетін тексеру, бұйымның сенімділігін қолдау және қалпына келтіру (бақылау мен металдануы бар тірек бұйымдарын тарту, бақылауын, металдануын қалпына келтіру, реттейтін бұрамаға пломба салу), механикалық күштерді, люфтерді, саңылауларды, бөлшектердің өзара орналасуын реттеу, басқару жүйесінің рөлдерін теңгеру, күш элементтері мен қаптамадағы деформацияны, сызаттар мен жарықтарды жою, кейіннен реттеумен және жұмыс қабілетін тексерумен агрегаттарды және тораптарды ауыстыру, алдын ала мүжілуді кетірумен және бұйымды бөлшектеумен зақымдалған жерлердің лакты бояу жабылғысын қалпына келтіру, ӘК-ден бұйымды бөлшектеуден кейін орындалатын жабылғыны алдын ала кетірумен толық ауыстыру, бөлшектеу жұмыстарын қолданумен құрылғы элементтерін күрделі жөндеу;
ӘК-ні ұшу сынақтарына дайындау. Сынақ хаттамаларын жүргізу.
49. Білуі тиіс:
қызмет көрсететін ұшу аппараттары мен ӘК-нің, олардың двигательдері мен агрегаттарының материалдық бөліктерінің пайдалану ерекшеліктерін, ӘК-ні ұшу сынақтарына дайындау технологиясын, ұшу сынақтарының бағдарламасын, сынақтан кейін ӘК-ні дәлдеу және реттеу жұмыстарының әдістерін, ӘК мен авиадвигательдер өндірісі мен жөндеуі технологиясы бойынша негізгі мәліметтерді, ӘК-ні ресурстық сынау әдістемесін, жергілі әуе желісі және уақытша орналасу аэроалаңдарында ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен мазмұнының ерекшеліктерін, авиа ЖЖМ-ды сақтау, оларды аэроалаңдық бақылау және пайдалану, ұшақтарға (тікұшақтарға) отынмен және май құю тәртіптерін, авиадвигательдерді іске қосу және сынау тәртібін.
Орта кәсіптік білім, планер және двигательдер жөніндегі 4-разрядты авиациялық техниктің кем дегенде екі жыл жұмыс өтілі қажет, сертификат болған кезде - өзіндік бақылаумен (жеке таңбамен) жұмыс істеу құқығы.
50. Жұмыс үлгілері.
-
СКВ қысымын реттегішін, лифтер жетегі механизмдерін, бактарды, гидрожүйе насос станцияларын, гидравликалық крандарды, шасси жармасын басқару механизмдерін, күш цилиндрлері аспасының тораптары мен кильді бекіту тораптарын, тұрақтандырғышты, двигательдерді бөшектеу-құрастыру.
-
Жалпы түрдегі жұмыстар (техникалық қызмет көрсету):
ӘК-ге отын құю және СУИТЗ-3 жүйесін тексеру;
-
Профилактикалық жұмыстар:
двигательдің май сүзгісін жуып-шаю және аспаппен жуып-шаю сапасын тексеру;
-
Двигательдің, доңғалақтың бұрылу цилиндрінің, басқарудың бастапқы (нөлдік) жағдайының, СКВ құбырлы тоңазытқыш құрылғысындағы, арнаулы сұйық, шасси бәсеңдеткіші цилиндрлеріндегі, бактағы отынның деңгейінің, отын жүйесі сорғылары, сорғылар мен гидрожүйе сорғы станциясы, шасси бәсеңдеткіш цилиндрлері, сумен жабдықтау жүйесі багы қысымының, СКВ ауа-әуе радиаторы, гидрожүйе сорғылары, шассидің апаттық тежелу баллондары, сумен жабдықтау жүйесі бактары саңылаусыздығының (сыртқы), шасси бәсеңдеткіші аспасы тораптары, кіру есігін ашу кілттері механизмдері, рөлді, кильді, тура шыныны, желкөзді бекіту тораптары, двигательдің КНД және КВД жұмыс күрекшелері құрсау сөрелері бойынша саңылаудың, люфтінің, жалғасқанатшаның, алғы қанатшаның, шассидің негізгі және тұмсықтың тірегінің іске қосылу ұзақтығының, басқарудың шүберін жүйесі кардандарын әрбір бұрандама қосылуларының, шасси жармасын арқандық басқару механизмдерінің тозуының, шасси бәсеңдеткішінің сығылу, двигательдер аспасы бәсеңдеткіш пакеттері апшуының, люфтер, жалғасқанатша мен алғы қанатша, кіру, жүк, апаттық есіктер, двигательді басқару жетектері механизмдерінің жеңіл барысының, креслоның, ПОС ажырату жалғауының, пилондар қақпағының, жарманың және двигательдер гондоласының, қанаттың соңындағы ағымпаздығының, ұшақты басқарудың арқандық сымының тартылуының, шассидің шығарылған жағдайында кілт цилиндрі піспегінің қозғалу күшінің, жарманың, двигатель пилондары мен гондолаларының ашылу (жабылу) күшінің, жалғасқанатшаны, қалқаншаны, спойлерді, шассидің негізгі және тұмсықтық тіректерін жинаудың (шығарудың), шасси жармасы, кіру, жүк және апаттық есіктер, жарманың, пилондар қақпасы мен двигатель гондоласының сыюының, СКВ қысым реттегішінің, пилот креслосы демпферінің, ПОС крандарының, отын жүйесі сорғысының, шассиді жинау мен шығару, есік құлыптары мен олардың бөгелу жүйесінің, пилондар жармасы мен двигательдер гондоласының орнықтырғышының, шамның желкөздерінің, двигательдің КПВ, ВНА механизмдерінің, зертханалық жағдайда – САРД агрегаттарының техникалық жағдайын бақылау;
-
Қалпына келтіру жұмыстары:
СКВ қысым реттегішінің, двигатель құбырлары мен отын агрегаттары қосылысының саңылаусыздығын (сыртқы) реттеу;
-
СКВ қысым реттегішін, гидрожүйе бактарын, шасси тежегіші мөлшерлегішін, шасси жармасы саңылауын, тура шыны мен желкөз люфтілерін, бекіту, гидрожүйенің багындағы және шасси бәсеңдеткішіндегі арнаулы сұйықтың деңгейін реттеу, гидрожүйе үрмелеу багындағы, шасси тежегішіндегі, двигатель бүріккіші алдындағы отынның қысымын, шасси жармасының ауытқуын, шасси тірегінің іске қосылу ұзақтығын, реверетті қосуды, шасси жармасын, жалғасқанатшаны, алғы қанатшаны басқару механизмдерінің жеңіл жүрісін, тура шынының, жалғасқанатшаның, алғы қанатшаның сыюын реттеу, шассидің алдыңғы тірегі доңғалағының бұрылуын басқару жүйесінің жұмысын тексеру және реттеу, отын жүйесі агрегаттарын, жиналған және шығарылған жағдайдағы шасси құлыбын ауыстыру және реттеу.
Параграф 3. Планер және двигатель бойынша
авиациялық техник, 6- разряд
51. Жұмыс сипаттамасы:
Ерекше күрделі регламент бойынша барлық түрдегі сериялық ұшу аппараттарына, пайдаланудағы басты сериядағы ұшу аппараттарына техникалық қызмет көрсету;
Мерзімділік түріндегі көлемде планерлер мен двигательдерге техникалық қызмет көрсету, жедел түрде кең фюзеляжды ұшақтардың немесе жаңа ұрпақтағы ұшақтардың түрлерінің біреуіне немесе ВС ІІ-ІІІ сыныптағы үшке дейінгі түрдегі яки ӘК-нің төртке дейінгі түрдегі, оның ішінде екі түрі ВС І сыныптағы ұшақтарға техникалық қызмет көрсету;
ӘК техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін орындау: токты-құйынды, акустикалық және рентгендік ақауларды табу, тура байқау үшін қол жетпес және қиын жететін аймақтарды эндоскоптың көмегімен байқау, тура және кері бағыттарда қозғалыс кезінде толық бұрышқа немесе толық жүріске элементтердің еркін қозғалысын, дұрыс орналасуды (шығыршықпен арқанның өтуін), ағудың жоқтығын, арқандар мен басқару тартымының жол берілмейтін көнеруін, қосылымдардағы люфтерді тексеру үшін ӘК басқару жүйесі мен двигательдер бөлшектерін байқау, қатты қызуды, қисаюды, металл қонуды және еріп кетуді, сызаттарды болдырмауды қамтамасыз ету үшін двигательдің, планердің және күш құрылғысының қыздыратын элементтерінің ыстық бөлшектерін қарау, оптикалық құралдардың көмегімен зертханалық жағдайда агрегаттар жүйесінің ішкі беттерін (ашумен) байқау, ешқандай қосымша құралдарды қолданбастан (борт аспаптары мен дабыл бергіштер бойынша) ӘК жүйесінің жұмысқа қабілетін тексеру және қызмет көрсететін нысандардың параметрлерін тексеру, тетіктердің көмегімен агрегаттар мен жүйелердің саңылаусыздығын тексеру, қысыммен СКВ және ПОС құбырларын тексеру, пайдалану параметрлерін қалпына келтіру мақсатымен жүйелерді реттеу, агрегаттарды, планердің тораптары мен бөлшектерін ресурсты жұмыспен өтеу бойынша және бұзылғанын кейіннен реттеу мен ауыстыру, ауыстырумен шеттетілмейтін және жерде білінбеген планер бойынша ерекше күрделі ақауларды жою.
Достарыңызбен бөлісу: |