52. Білуі тиіс:
қызмет көрсететін ұшу аппаратының және ӘК-нің тұтастай алғанда, оның двигателі мен жүйесінің пайдалану-техникалық деректері мен құрылымын, олардың функцияларын, жұмыс принципін, пайдалану, күтіп-ұстау ережесін және техникалық қызмет көрсету технологиясын, двигательдер мен ВСУ-ды іске қосу және сынау жөніндегі жалпы түрдегі жұмыстарын орындау тәртібін, ақау табуды жүргізу, АТ жұмыс қабілетін тексеру тәртібін және олардың жұмыс істемеуін және бұзылуын анықтау мен түзеу әдістерін, қызмет көрсететін ӘК бөлшектерін, агрегаттарын (жинақтаушы бұйымдар) ауыстыру технологиясын, токты-құйынды, акустикалық және рентгендік ақау табу үшін қолданылатын аппаратураның құрылысын және жұмыс ережесін.
Орта кәсіптік білім, планер және двигательдер жөніндегі 5-разрядты авиациялық техниктің кем дегенде үш жыл жұмыс стажы болуы қажет, сертификат болған кезде өзіндік бақылаумен (жеке таңбамен) жұмыстарды орындау құқығы.
53. Жұмыс үлгілері.
-
Байқау және ақаулау:
эндоскопты пайдаланумен басқару жүйесіндегі арқалық пен рельстерді бекіту бұрандамасында, тұрақтандырғышты бекіту артқы торабының негізгі бұрандамаларында сызаттың болуына ультрадыбыстық бақылау, ультрадыбыстық дефектоскопия әдісімен алюминий қоспасынан жасалған қанат бөлшектерінде сызаттың болмауын тексеру, бақылаудың оптикалық әдісімен двигательдің ГВТ қалақшасын байқау;
-
Отын жүйесі құбырлары бекітілуінің, штурвал колонкасы, педальдар, басқарудың жүктеме жүйесі бастапқы (нөлдік) орналасуының, двигательдің ІV тірегі әуе және май қалақшалары арасындағы қысымның, САРД қысым реттегіші саңылаусыздығының (сыртқы), тұрақтандырғышты бекіту тораптарындағы, редуктор рессорының көпкілтекті қосылуындағы және двигательдің сыртқа тебу жетегінің жетекші тістегершігі саңылауының, люфтінің, шасси бәсеңдеткіші аспасының, жалғасқанатша рельстерінің қанат аспасы тораптарының тозуының, жалғасқанатша жетегін қолмен басқару тұтқасындағы күштің (сәттің), САРД-тың шығарылу клапандарын ашудың (жабудың), шассидің шығарылған және жиналған құлыптарының, САРД қысым реттегішінің, штурвал колонкасының, педальдің, ұшақты басқару жүктемесінің жұмыс қабілетінің, апаттық тоқтату және әуе бұрамасы қалағының флюгерленуінің, апаттық режімдегі кіру және апаттық есіктер жүйесінің техникалық жағдайын бақылау;
-
Қалпына келтіру жұмыстары:
САРД гермокабинасындағы, шассидің тежеу жүйесіндегі қысымды, трубинаның двигательдері ең үлкен температураны, САРД құбырлары, отын жүйесі бактары мүшеленуінің саңылаусыздығын (сыртқы) реттеу, тұрақтандырушының бұрамалы көтергішін, басқару жүйесіндегі арқандық берілісті, отын жүйесі құбырларын кейіннен реттеумен және жұмыс қабілетін тексерумен ауыстыру.
Параграф 4. Планер және двигательдер бойынша
авиациялық техник, 7- разряд
54. Жұмыс сипаттамасы:
Мерзімдік түрдегі көлемде планер мен двигательдерге техникалық қызмет көрсету, жедел түрдегі өзіндік бақылаумен (жеке таңбамен) кең фюзеляжды ұшақтардың немесе жаңа ұрпақтағы ұшақтардың түрлерінің біреуіне немесе ӘК І санаттағы екі түріндегі яки беске дейінгі түрдегі ұшақтарға, оның ішінде І сыныптағы үшке дейінгі түрдегі ұшақтарға техникалық қызмет көрсету.
Өзінен біліктілігі төмен жұмысшылар орындаған ТО мен Р сапасын бақылау.
Хаттамаларды және сынақ актілерін ресімдеумен сынақ ұшулары алдында зауыт шығаратын ұшақтар мен олардың түрленімдерінің ұшақтар (тікұшақтар) мен двигательдер жүйелерін жерде игеру. Базалық және базадан тыс аэроалаңдарда сынақ ұшыруларына қызмет көрсету, сынақ ұшыруларында анықталған ескертпелерді түзету.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі негізгі жұмыстарды орындау: өнеркәсіп бюллетеньдері бойынша күрделі диагностикалық жұмыстар (планер және двигательдердің барынша осал жерлерін, жүйелері мен бұйымдарын бір реттік тексеру жұмыстар), борттық бақылау құралдарында тіркелген экипаждың ескертпелері, ұшу ақпаратын өңдеу нәтижесі және қауіпсіз тоқтап қалуға дейін техникалық пайдалану кезіндегі жоспарлы бақылау нәтижесі бойынша бұйымдардың тоқтап қалуының алдын алуға және бұйымдарға уақытын жөндеу жүргізуге бағытталған технологиялық қызмет көрсетудің, байқаудың және аспаптық бақылаудың күрделі жұмыстары, арнаулы КПА-ны қолданумен технологиялық байланысты реттеу жұмыстары, САРД агрегаттарын (бөлшектерін), двигательдің басқару, отын және гидрогазды жүйелерін ауыстыру жолымен жүйелер мен бұйымдардың функционалдық тоқтап қалуын іздестіру және жөндеу, компьютерлік бағдарламалар мен стендтік қондырғыларды пайдаланумен планер және двигательдер жүйелері мен бұйымдардың бұзылуын іздеу және қалпына келтіру жөндеуін жүргізу, ӘК-ні жердегі сынаудың барлық түрлерін жүргізу, басқару жүйесін тексеру және реттеу, ӘК-ні әуеде сынауға толық техникалық дайындау және сынақтан кейінгі ақауларды жөндеу, планер және авиациялық двигательдерді ТО мен Р және ВР орындау сапасын бақылау, пайдалану-техникалық құжаттамалардың дұрыс ресімделуін тексеру.
55. Білуі тиіс:
ұшу аппараттары мен ӘК түрленімдерінің құрылымы мен ерекшеліктерін, дербес ЭЕМ-ын қолданумен жұмыстарды орындау алгоритмі мен әдістерін, диагностикалық қондырғылардың жұмыс ережесін, бұзбайтын бақылау әдістерін, оларды қолдану ережесін және ТО мен Р бақылау нәтижелерін бағалау тәртібін, реттеу жұмыстарын жүргізу тәртібін, бұзылулардың туындау себептерін және оларды жөндеу әдістерін, жұмыс принциптерін, жапсарлас бақылау құралдарын (құрылғыларын) және АТ жағдайын автоматтандырылған жердегі бақылау жүйесін пайдалану және қолдану ережесін, модульдік двигательдер құрылымдарының ерекшеліктерін, жекелеген модульдерді бөлшектеу-құрастыру тәртібін, АТБ-да орындалатын қалпына келтіру жұмыстарының тізімін, модуль двигательдерін жөндеу кезінде қолданылатын қондырғыларды, двигательдерді іске қосу және сынау технологиясын, техникалық қызмет көрсетудің сапасын бақылауды ұйымдастыруды.
Орта кәсіптік білім, планер және двигательдер жөніндегі 6-разрядты авиациялық техниктің кем дегенде үш жыл жұмыс өтілі қажет.
56. Жұмыс үлгілері.
-
Ақау табу:
белгіленген және жөндеулер арасындағы ресурстарды ұзартуды орындау кезінде ұшақ тораптарын байқау, өнеркәсіп бюллетеньдері бойынша күрделі диагностикалық жұмыстар, двигательдің білікаралық мойынтірегін диагностикалау.
-
Жалпы түрдегі жұмыстар (техникалық қызмет көрсету):
двигательді жалғап іске қосу, қысқартылған кесте бойынша двигательді сынау.
-
Техникалық жағдайды бақылау (өзіндік бақылаумен тексеру):
автоматтандырылған жапсарлас бақылау - СКВ, басқарудың негізгі сұлбасынан резервтікке және резервтіктен апаттыққа көшкен кезде дабыл беру, САРД құбырындағы, құбырдағы, гидрожүйе тармағы мен агрегаттардағы, ылғал ұстағыштың, жарманың, олардың аспа тораптарының жарамдылығы (жағдайы), жолаушылар кабинасы терезелерін, жердегі стендтің көмегімен тежелу жүйесін жиектеу, басқару жүйесін реттеудің двигатель жұмысының режиміне сәйкестігі.
-
Қалпына келтіру жұмыстары:
аяқтама айырғышын ауыстыру және жалғасқанатшаның алғы қанатшаның тежелу қалқаншаның аяқтама айырғышын реттеу, шасси кинематикасы бойынша реттеу жұмыстары, кейіннен НАР айналымын, ұшу режімін, қабылдағышын және тағы басқа реттеумен НР-ЗОКУ, НР-ЗОКП сорғыларына ауыстыру, двигательдің іске қосу бүріккішін және двигательдің екінші сұлбасында ауаны қайта қосу клапандарын ауыстыру, мынандай түрдегі функционалдық тоқтап қалу кезінде ақауларды іздеу және жөндеу, гидроаккумулятордағы негізгі және тежегіш қысымның нормадан төмен түсу уақыты, шассидің барлық тіректерінің жиналмауы, двигатель іске қосылмайды, іске қосылудың кешігуі.
Параграф 5. Планер және двигательдер бойынша
авиациялық техник, 8- разряд
57. Жұмыс сипаттамасы:
Мерзімді түрдегі көлемде сынақ ұшулары кезінде тәжірибелік және түрленімдегі ұшу аппараттарына және планер мен двигательдерге, өзіндік бақылаумен (жеке таңбамен) кең фюзеляжды ұшақтарға немесе жаңа ұрпақтағы ұшақтарға техникалық қызмет көрсету;
Өзінен біліктілігі төмен жұмысшылар орындаған жұмыстарды бақылау;
Тәжірибелік және түрленімдегі ұшу аппараттарын жердегі және ұшу сынақтарына дайындаудың технологиясы мен әдістерін, сынақтар кезіндегі кемшіліктерді жоюдың үнемді әдістерін практикалық жүзеге асыру;
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі мынандай негізгі жұмыстарды орындау:
кең фюзеляжды ұшақтардағы немесе жаңа ұрпақтағы ұшақтардағы планер және двигательдердің күрделі және өзара байланысқан жүйелерінде кешенді реттеу жұмыстарын жүргізу, агрегаттардың, ӘК жүйелерінің тоқтап қалуының алдын алуға бағытталған жұмыс қабілетін байқау және бақылау және борттық бақылау жүйесінде тіркелген ӘК экипажының ескертпелері, ұшу ақпаратын өңдеу нәтижесі бойынша, сондай-ақ ӘК-ні техникалық пайдалану кезіндегі жоспарлы бақылау нәтижесі бойынша уақытылы жөндеуді жүргізу, базалық ұшақтардың барлық түрлерінде сирек кездесетін тоқтап қалу себептерін іздестіру, ӘК тораптарын, агрегаттарын қалыпқа келтіру, кейіннен реттеумен тоқтап қалған агрегаттардың, бұйымдардың, жүйелердің барынша күрделі бұзылуларын түзеу, компьютерлік бағдарламаларды қолданумен базалық ӘК-нің барлық түрлеріндегі агрегаттардың, бұйымдардың, жүйелердің техникалық жағдайын талдау және бағалау, тиісті құжаттамаларды ресімдеумен орындалған жұмыстарды өзіндік бақылау, өзінен біліктілігі төмен авиатехниктер орындаған жекелеген планер және двигательдер агрегаттарын, тораптарын, бұйымдарын, жүйелерін ТО мен Р және ВР жұмыстарының сапасын бақылау, авиациялық оқиғаларды зерттеуге қатысу, ТО мен Р немесе ВР процестерін жетілдіру жөніндегі компьютерлік бағдарламаларды жасауға қатысу, ӘК-ні жөндеуге тапсыру (қабылдап алу), ТО мен Р орналасқан ВС-ны ауысымнан ауысымға қабылдау-тапсыруды жүзеге асыру.
58. Білуі тиіс:
АТБ ақпараттық-басқару жүйесінің жинақтамасын, АТ пайдалану процесін ақпараттық қамтамасыз етуді және басқаруды, борттық және жердегі бақылау құралдары мен АТ ақпараттық деректер базасын қолданумен агрегаттардың, ӘК жүйелерінің ақауларын іздеу және түзеу бағдарламасын, өнеркәсіп бюллетеньдері бойынша АТ-ны бақылау және қалпына келтіруді жүргізу, жұмыс нәтижелерін ресімдеу тәртібін, өндірістік тапсырысқа және пайдалану құжаттамаларының талаптарына сәйкес тұтастай ӘК-ге техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, АТВ мен АРЗ арасында, цехтар мен экипаждар ауысымы арасында ӘК-ні беру тәртібін.
Орта кәсіптік білім, планер және двигательдер жөніндегі 7-разрядты авиациялық техниктің кем дегенде үш жыл жұмыс өтілі қажет.
59. Жұмыс үлгілері.
-
Жердегі бақылауды қосумен және двигатель жұмысының барлық сипаттамаларын алумен бір мезгілде екі ӘК двигательдерін іске қосудың, қыздырудың және сынаудың, жалғасқанатша орналасуының, КИСС экранында көрсеткіштердің және басқару тұтқасы орналасуының, суфлер жетегі шарикті мойынтірегіндегі және двигательдің артқы тірегіндегі май айдау сорғысындағы радиалды және осьтік люфтінің, тістегеріш іліктіруінің бүйір саңылауының техникалық жағдайын бақылау;
-
Техникалық жағдайды бақылау (орындалған жұмыстардың сапасы): СКВ құбырлы тоңазытқышындағы майдың деңгейі, құбырлы тоңазытқыш роторының жеңіл айналуы, штурвал арқанының тартылуы, алғы қанатшаны РП71-01 басқару гидроэлементтері бүркеншегінің жұмыс істеуі, шасси тежеу жүйесі гидроаккумуляторындағы азоттың қысымы, шассиді жинау және шығаруды бекіту крандарының ішкі саңылаусыздығы, апаттық есіктердің үйкелетін беттерін майлау, қанаттың ұялы құрылымы, ұялы толтыруыштан қаптаманың қатпарлануы болмауына көлденең және тік қанатталуы, шам желкөзінің үйкелетін бөлшектерін майлау, ТЖУ редукторының картеріндегі майдың деңгейі, двигатель кокын орнату, бюллетеньдерді және бір реттік тексерулерді орындау.
-
Құрылғылар және электр қондырғылар бойынша авиациялық техник
Параграф 1. Құрылғылар және электр қондырғылар бойынша
авиациялық техник, 4- разряд
60. Жұмыс сипаттамасы:
Мерзімді түрдегі көлемде жеңіл түрдегі ұшу аппараттарының аспаптық, электр техникалық, оттегілік және өртке қарсы қондырғыларына және аспаптар мен электр қондырғыларына, ІІ-ІІІ сыныптағы ұшақтардың немесе І-ІІ сыныптағы тікұшақтардың түрлерінің біреуіне техникалық қызмет көрсету немесе І сыныптағы ұшақтарға техникалық қызмет көрсету бойынша күрделілігі төмен жұмыстар яки жедел түрде ІІ-ІV сыныптағы және ІІ-ІV сыныптағы тікұшақтардың бір және одан көп түрлеріне немесе А және РЭО зертханасында бір және одан көп жүйеге (бұйымға) техникалық қызмет көрсету;
Өзінен біліктілігі жоғары аспаптар және электр қондырғылары жөніндегі авиациялық техниктің басшылығымен орта түрдегі ұшу аппараттарына техникалық қызмет көрсету;
Техникалық қызмет көрсету бойынша мынандай негізгі жұмыстарды орындау: НТП-да тексерулер, А және РЭО зертханасында қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін және ӘК-нің бөлшектелген бұйымдарын сақтау мақсатында ӘК бұйымдарын, аспаптарын және электр қондырғыларын бөлшектеу-құрастыру, контровка, металдану зақымдануы, ылғал мен мүжілудің болуын болдырмау, электр сымы оқшаулағышының зақымдануының, штепсельдік ажыратқыштың, борттау бекіткішінің зақымдануын болдырмау мақсатында аспаптар мен электр қондырғылары бөліктері люктерін ашумен және ашпастан аспаптар мен электр қондырғыларын сыртқы байқау, контровкасы жоқ қосылғыштардың қажетті тартылуын қалпына келтіру, тартылу мен контровканы қалпына келтіру, металдануды қалпына келтіру.
61. Білуі тиіс:
қызмет көрсететін ұшу аппараттары мен ӘК-нің, олардың двигательдері мен жүйелерінің ұшу-техникалық сипаттамалары мен құрылымы туралы жалпы мағлұматтар, авиааспаптар мен электр қондырғыларының техникалық пайдалану, мазмұны және техникалық қызмет көрсету ережесін, АТ-ға борттық (нөмірленген) құжаттамаларды және оған ТО өндірістік-техникалық құжаттамаларды жүргізу тәртібін, қызмет көрсететін ӘК түрлері аспаптары мен электр қондырғыларының құрылымын, пайдалану ерекшеліктерін, КПА мен СК және бақылау-жазу аппаратурасының мазмұнын және іс-әрекет принципін, ӘК-нің аспаптық және электр қондырғысының функционалдық, принциптік, фидерлік және құрастыру сызбаларын, ӘК аспаптары мен электр қондырғыларының мүмкін бұзылуларын анықтау және жөндеу тәсілдерін, АТ техникалық қызмет көрсету жөніндегі құжаттамаларды, техникалық қызмет көрсету ережесі мен тәртібін, техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын материалдарды, қосалқы бөлшектерді, құрылғыларды, олардың қасиеттерін, маркалау ережесін;
А мен РЭО зертханаларында қосымша: А мен РЭО техникалық параметрлерінің негізгі нормаларын, КПА-ны дайындау тәсілдерін және бақыланатын параметрлерді өлшеу.
Орта кәсіптік білім қажет.
62. Жұмыс үлгілері.
Тікелей ӘК-де.
-
Қысым тұрақтандырғышын, түтін хабарлағышының датчигін, гидрожүйені, шасси мен басқаруды бақылау аспаптарын, анероидты-мембранды аспаптарды, бұрыштық жылдамдық датчигін, тангаж бұрышын көрсетушіні, датчиктерді, отын өлшегіштерді, көрсетушілерді, ауыстырушыларды, тахометр есептегіштерін, дірілді бақылау аппаратурасын, МСРП өздігінен жазушыны, блоктарды, экипаж кабинасы әйнегін жылыту автоматтарын бөлшектеу-құрастыру;
-
Двигательдердегі өртке қарсы қондырғылар мен электр сымдарын, багаж-жүк кабинасындағы (бөліктегі) ылғал жинағышты, аспап тақтасы панелін, автоұшу агрегаттарын, оларды бекіту жағдайын, ішкі клемма қалыбын, қосу жеке релейлік қорапшаларды, аккумуляторлық батереяларды, күш сымдарының қосылуы мен гермошығарылымдарын, манерлардың коллекторлық-щеткалық тораптарын, шасси тағандарындағы, аспап тақтасындағы КВ мен электр сымдарын байқау және ақауларды табу;
-
Өрт сөндіру жүйелері саңылаусыздығының, анероидты-мембранды аспаптарды қоректендіру жүйелерінің, өрт қондырғыларының, жарық және дыбыс дабыл берудің, авиагоризонттың, автоұшудың, курстық жүйелердің, экипажды сақтандыру жүйесі сиренасының, электр су қайнатқышының, тежегіштер көзінің автоматтары датчигінің, МСРП жүйесі тіркегішінің таспа-тартпа механизмінің, ұшақтың мұздануын дабылдағыштың, ПОС дабылдағышының, электр қондырғыларын бекіту сенімділігінің техникалық жағдайын бақылау;
-
Қалпына келтіру жұмыстары: өрт сөндіруші сағаттарды, биіктік және гидравликалық жүйелер жұмыстарын бақылау аспаптарын, КРД аспаптарын, МСРП блоктары мен құрылғыларын ауыстыру және жұмыс істеуін тексеру;
-
А және РЭО зертханасында;
-
КУС-730/1100, УС-116 түріндегі жылдамдық көрсеткіштерінің, СВС-ПН-15 жүйесінің Ф-115-1 блоктарының, ТКС-П2 жүйесінің курстық блоктарын, КМ-15, КМ-32 түріндегі оттегі маскаларының, АП-6Е автоматы рөлдік машинасының, ИКДРД, ИКДРДА түріндегі қысым реттегішінің НТП-ға сәйкестігін тексеру;
-
ТНВ және ТУЭ түрлеріндегі датчиктер мен көрсетушілердің, ИП-21, ИП-32 түріндегі ӘК элементтері орналасуын көрсетушілердің, КЗП тұтынушылары қорғаныс қорапшаларының, ПРФ-4МП, ФР-9 түрлеріндегі рөлдік және қону шамдарының, барлық жүйедегі отын өлшеу датчиктерінің НТП-ға сәйкестігін тексеру;
-
П-1, П-109 түрлеріндегі датчиктерге, сыртқы ауа температурасы көрсетушілеріне, ТНВ, ТУЭ түрлеріндегі жылыту және желдету жүйелеріне, АЗП-А2 түріндегі кернеу көбеюінен қорғау автоматтарына, авиациялық генераторларға техникалық қызмет көрсету және реттеу.
Параграф 2. Құрылғылар және электр қондырғылар бойынша
авиациялық техник, 5- разряд
63. Жұмыс сипаттамасы:
Орта түрдегі ұшу аппаратының аспаптық, электр техникалық, оттегілік және өртке қарсы қондырғыларының бюллетеньдері бойынша техникалық қызмет көрсету және түзеуді орындау;
Мерзімді түрдегі көлемде аспаптар мен электр қондырғыларына техникалық қызмет көрсету, жедел түрде І сыныптағы ӘК түрлерінің біреуіне немесе ІІ-ІІІ сыныптағы ӘК екіге дейінгі түрлеріне яки ӘК үшке дейінгі түрлеріне, оның ішінде І сыныптағы ӘК түрлерінің біреуіне техникалық қызмет көрсету немесе А мен РЭО зертханасында бөлшектелген ӘК-нің үш және одан көп аспаптар мен электр қондырғыларында ТО мен Р жөніндегі жұмыстарды орындау;
Күрделі және көп еңбекті талап ететін регламенттер бойынша ауыр ұшу аппараттарында әртүрлі, оның ішінде зертханалық әдістермен ақауларды табуға қатысу;
Техникалық қызмет көрсету бойынша мынандай негізгі жұмыстарды орындау:
ӘК агрегаттары күрделі жүйелерін оларды техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге зертханаға жіберу үшін бөлшектеу, зертханада тексерілгеннен кейін агрегаттарды, блоктарды құрастыру, жаңа бұйымдарды немесе күрделі жөндеуден өткен бұйымдарды реттеу, регламенттік жұмыстардың мерзімдік түрлері бойынша ӘК-ге техникалық қызмет көрсету кезінде авиааспаптар мен электр қондырғыларының ақауларын барлық әдістермен және толық көлемде табу, щеткалық-коллекторлық тораптардың кірленуін табу, щетканың тозуын, қатты қызу іздерін, ылғалдың, мүжілудің, ақаулардың, күш релесі түйісуінің қызудан еруін анықтау мақсаттарында электр двигательдерін, генераторларды, өңдегіштерді және тағы басқа ашумен толық көлемде байқау, тікелей ӘК-де ашпастан блоктың техникалық жағдайын тексеру, ӘК жүйесі мен оның қондырғыларын автоматтандырылған (жапсарлас) бақылау, арнаулы тетіктердің көмегімен агрегаттар мен жүйелердің ішкі саңылаусыздығын тексеру, реттеумен және күйіне келтірумен жекелеген агрегаттарды, блоктарды ауыстыру жолымен А мен РЭО жүйесінің жұмысқа қабілетін қалпына келтіру, басқарудың автоматты борттық жүйесін, базалық пилотажды-навигациялық жүйелерін, параметрлерді тіркеу жүйесін және басқа да авиациялық қондырғыларды тексеру үшін арналған бақылау-есептеу және тіркеуші аппаратураларды ретке келтіру;
Аспаптар жөніндегі авиациялық техник-метролог үшін* қосымша: метрологиялық зертханаларда ӘК-ге техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын өлшеу және бақылау-тексеру аппаратураларына тексеру және реттеу жұмыстарын орындау, КПА метрологиялық аттестаттауын және ЭРД сараптамасын өткізуге қатысу.
64. Білуі тиіс:
қызмет көрсететін ұшу аппаратары мен ӘК-нің аспаптары мен электр қондырғыларын техникалық пайдалану, ТО регламенті мен технологиясы ережесін, аспаптар мен электр қондырғылары жүйесінің және оларға орнатылған құрылғылардың жұмыс ерекшеліктерін, осы жүйенің және ӘК басқа жүйелерінің басқа элементтерімен өзара байланысын, оларды пайдалану ережесін, күрделі авиациялық жылу өлшегіш және хироскопиялық аспаптарды тексеру ережесі мен тәртібін, бақылау-өлшеу және тексеру аспаптарының (құрылғылардың) құрылымын және жұмыс принципін, ақау табуды жүргізу және А мен РЭО жұмыс қабілетін тексеру тәртібін, бұзылуларды анықтау мен жөндеу, жинақтаулы бұйымдарды, агрегаттарды және олардың элементтерін ауыстыру әдістерін, жөндеу жүргізу ЭРД-сын;
А мен РЭО зертханасы үшін қосымша: тоқтап қалған аспаптар мен электр қондырғыларын зертханалық тексеру және жұмыс қабілетін қалпына келтіру әдістері мен технологиясын, ЭРД, НТЭРАТ талаптарына сәйкес қызмет көрсететін А мен РЭО бұйымдарын тексеру және диагностикалау тәсілдері мен операцияларын, А мен РЭО бұйымдарын қалпына келтіру бойынша үлгілік технологиялық операцияларды;
Аспаптар жөніндегі авиациялық техник-метролог үшін қосымша: КПА, СК, ССК тексеру және жөндеу бойынша нормативтік-техникалық құжаттамалар.
Орта кәсіптік білім, аспаптар және электр қондырғылары жөніндегі 4-разрядты авиациялық техниктің кем дегенде үш жыл жұмыс стажы қажет.
65. Жұмыс үлгілері.
Тікелей ӘК-де.
-
Өртке қарсы қондырғыны, двигательді ауыстыру кезінде КРД аспаптарын, рөлдің ауытқуын реттеумен автоұшудың рөлдік машинасын орнатуды, аккумуляторлық батареяны, түзегіш қондырғыны, электр бөліктерін және автоұшуды қоректендіруге қосуды, отын жүйесі автоматикасын бөлшектеу-құрастыру;
-
Байқау және ақауларды табу: электр сымдарының ашық телімдерін, электр литдеңгейін тексерумен аккумуляторлық батарея контейнерлерін, жүкшығырдың коллекторлық-щеткалық тораптарын және щеткаларды ауыстыру, қанат, қауырсын мұздануға қарсы құрылғыларының жарамдылығы;
-
Гидрогазды жүйе монометрлерінің, нақты курстық жүйенің, қоректендірудің негізгі және резервтік көздерінен авиагоризонттардың, двигатель температурасын реттегіштің, түзеу қондырғысының, АЗС-тың, температура реттегішінің, анероидтық-мембрандық қондырғының, курстық жүйе мен астрокомпастың, двигательді іске қосу мен сынау кезінде КРД аспаптарын, жолаушылар салондарын жарықтандырудың, «БАҚЫЛАУ» режімінде ПОС экипажының кабинасында ішкі дабылдағыштың, ПОС күш қондырғысының, фотолюк қақпаларын басқару электр механизмдерінің және ашық орналасқан люктердің дабыл беруінің техникалық жағдайын бақылау;
-
Биіктік рөлі триммері механизмдерінің, авиагоризонттың, шығын өлшеуіш агрегаттарының, отын өлшегіштердің, борттық параметрлер датчигінің, кернеуді реттеу блогының, доңғалақ бұрылысын басқаруды негізгі және апаттық аяқтама айырғыштарының қалпына келтіру жұмыстары;
А мен РЭО зертханасында:
-
НТП-ға сәйкестігін тексеру: СВС-72 жүйесінің УВ-75-15ПВ түріндегі биіктік көрсеткіші, СВС-ПН-15 жүйесіндегі УСВП-К түріндегі жылдамдық көрсеткіші, КС-6 курстық жүйесі ИТА-6М түріндегі тахометр көрсеткіші, НВ-ПП навигациялық есептегішінің П-4-4 түріндегі индикатор-датчигі, КП-19, КП-21, КП-24М түрлеріндегі оттегі аспаптары;
-
Техникалық қызмет көрсету және реттеу: КУС-730/1100, УС-И6 түріндегі жылдамдық көрсеткіші, УРВК-18К түріндегі ауа шығыны көрсеткіші, Ф-115-1түріндегі сүзгіш, БП-27-2 түріндегі қоректендіру блогы, СВС-ПН-15 әуе дабылы жүйесінің БСГ дабыл дайындығы блогы, ПУ-11 түріндегі басқару пульті, УШ-3 түріндегі штурман көрсеткіші, ТКС-П2 курстық жүйесі, КМ-15, КМ-32 түрлеріндегі оттегі маскалары, САУ-1Т-2(1) жүйесіндегі КПП-75(С), НПП-ТК(1) түріндегі пилотаждық аспаптар;
-
Қалпына келтіру жөндеу жұмыстары: ДС түріндегі түтін датчигі, ауа шығыны көрсеткіші, әуе жылдамдығының датчигі, оттегі монометрлері, шығын өлшегіш көрсеткіші, тахометр көрсеткіші;
-
АПД-30 түріндегі двигательдерді іске қосудың автоматты панельдерін, БРН, БРЧ жиілік пен кернеу реттегіш блоктарына, БРП, БУ түрлеріндегі отын өлшеуіш автоматикасы блоктарына, БКН-115в түріндегі кернеуді бақылау блогына, МП-100, МПК-13 түрлеріндегі электр механизмдеріне техникалық қызмет көрсету және реттеу;
-
ПКТ-6М, АМ-800 түрлеріндегі аяқтама айырғыштарына, СМИ-2КМ түріндегі импульстық манарларға, АОС-81 түріндегі әйнекті жылыту автоматтарына, генераторлар мен коллекторлық өзгерткіштерге, діріл блоктарына қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын жүргізу;
Достарыңызбен бөлісу: |