1 – қосымша «Достық» жалпы білім беретін мектеп» кмм-дегі Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ережесі



бет2/3
Дата18.03.2024
өлшемі21.08 Kb.
#495984
1   2   3
ппқ ережесі

2.2.3. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға ұсыну үшін оқушының дамуы, денсаулығы мен білім алу ерекшеліктері туралы қорытынды жасау;
2.2.4. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды дамыту мен тәрбиелеу мақсатында қолайлы жағдайлар жасауды ескере отырып дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
2.2.5. ППҚ қызметінің мамандарының өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
2.2.6. Диагностикалық, консультациялық және түзету-дамыту жұмысының нәтижелерін талдау барысында іске асырылатын әдістемелік қолдау;
2.2.7. Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау;
2.2.8.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың отбасына консультативтік-әдістемелік көмек көрсету;
2.2.9. Оқушылардың түзету-дамыту, тәрбие жұмысы және оқыту нәтижесінің мониторингісін жүзеге асыру;
2.2.10. Мектеп әкімшілігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды ұйымдастыру мен сапасына, оқу үдерісіне барлық қатысушылардың толерантты мінез-құлық мәдениетіне негізделген қауіпсіз және психологиялық жайлы ортаны қамтамасыз етуге, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушылар туралы жеке ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

3. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары:
3.1. Педагогикалық тәжірибеге психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етудің жаңа әдістері мен технологияларын енгізеді;
3.2. Білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдайды;
3.3. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және психологиялық-медициникалық-педагогикалық консультациялардың (ПМПК) қорытындыларының негізінде оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды сабақ барысында педагогтер, арнайы педагог, психологтар, әлеуметтік педагог, логопед, педагог-ассистент топтық сабақтарды ұйымдастыру негізінде жүзеге асырады;
3.4. Мектеп директорларының орынбасарлары білім алушылардың білім беру қажеттіліктерін бағалау процесін ұйымдастырады, білім беру қажеттіліктерін бағалау кезеңінде және оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыру процесінде педагогтер, мамандар және ата-аналардың өзара іс-қимылын реттейді, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын мамандардың құжаттамасын жинау мен қалыптастыруды бақылайды.
3.5. Мектептің ППҚ қызметінің педагогтері оқу бағдарламаларын бейімдейді, оқу процесін дараландырады және ерекше білім беруге қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) жетістіктерін бағалайды, білімдеріндегі, біліктеріндегі, дағдылардағы олқылықтарды толтырады, оқулықтарды, оқу материалдарды таңдайды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) даму жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастырады, физикалық, психикалық және моральдық денсаулығын сақтау мақсатында сабақтарда және сабақтан тыс жұмыстарда эмоционалдық жайлылық атмосферасын құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет