1 – қосымша «Достық» жалпы білім беретін мектеп» кмм-дегі Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ережесі


ППҚ қызметінің мәселелері бойынша біліктілікті арттырады; 3.7



бет3/3
Дата18.03.2024
өлшемі21.08 Kb.
#495984
1   2   3
ппқ ережесі

3.6. ППҚ қызметінің мәселелері бойынша біліктілікті арттырады;
3.7. Санатты жақсарту мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтеді;
3.8. ППҚ қызметтегі мамандар табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, наградалар және жеке шәкіртақылар түріндегі моральдық және материалдық көтермелеуді алады.
4. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру
4.1. ППҚ қызметінің отырыстары қажеттілігіне қарай жүргізіледі. Бірақ оқу жылында әр бала (ерекше білім беруге қажеттілігі мен жеке мүмкіндіктері бар) үш реттен кем емес талқылануы қажет. Шұғыл жағдайларда отырыс жоспардан тыс жүргізіле алады.
4.2. Отырысты ұйымдастыру екі кезеңде жүреді.
4.2.1. 1 кезең – дайындық: ППҚ қызметінің мамандары өздігінен жүргізеді; диагностикалық мәліметтерді жинақтау іске асырылады; алдын ала қорытындылар мен ұсыныстар жасалады; медициналық қызметкердің, психологтың, арнайы педагогтың, әлеуметтік педагогтың, сынып жетекшісінің диагностикалық мәліметтері талданады.
4.2.2. 2 кезең – негізгі: диагностика нәтижелері бойынша талқылау жүргізіледі; ұжымдық шешім, ұсыныстар жасалады; ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың дамуы, денсаулығы мен білім алу ерекшеліктері туралы қорытынды жасалады
4.3. Талқыланған сұрақтар мен олардың шешімдері отырыстың хаттамасында тіркеледі.
5. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құрамы
5.1. Нәтижелі және құзыретті жұмыс істеу үшін ППҚ қызметінің құрамы жылжымалы болу керек. Оның құрамында тұрақты және уақытша қатысушылар кіреді.
5.1.1. Тұрақты қатысушылар: ППҚ қызметінің төрағасы/төрайымы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, психолог, сынып жетекшілер, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог.
5.1.2. Уақытша қатысушыларға пән мұғалімдері, эксперт ретіндегі әр түрлі маман-кеңесшілер, тәрбиеші.
6. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі
бойынша құжаттар
6.1. Мектептің ППҚ қызметінің ережесі.
6.2. Мектептің ППҚ қызметін құру туралы бұйрық.
6.3. Ағымдағы оқу жылына арналған ППҚ қызметінің жұмыс жоспары.
6.4. ППҚ қызметінің оқушыларды тіркеу журналы.
6.5. ППҚ қызметінің отырыстарын, қорытындылары мен ұсыныстарын тіркеу журналы.
6.6. Педагогикалық мінездеме, мамандардың тұжырымдамасы және ППҚ қызметінің қорытындысы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет