Эксперимент –шынайы білім, іскерлік, дағдыны бекітіп, оқушыларды дамыту үшін, әртүрлі тұжырымдарды негіздеу арқылы ұсынылған әдістемелерді болжамды тексеру мақсатында ұйымдастырылған оқу үрдісі деп тануға болады. Болжамдарды негіздеу кезеңінде зерттеу объектісін анықтайтын немесе жекелеген деректерді нақтылау және алғашқы тұжырымды тексеру үшін констатирлеу эксперименті қолданылады. Болжамды тексеру үрдісінде оқытушы (іздену, қалыптастыру) эксперименті тиімді. Саралап алынған әдістің оқытудағы тиімділігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Эксперимент жүргізілетін және бақылау сыныптары таңдалып алынады. Бақылау сыныптаырында оқыту дәстүрлі үрдісіпен жүргізілсе, ал эксперименталды сыныптарда оқыту ізденушілер сараптап алған модель немесе схема бойынша жүргізіледі. Экспериментті ұйымдастыруда бақылау, сауалнама және оқыту нәтежесінің сандық – сапалық әдістері пайдаланылады.
Зерттеу нәтижесі бақылау жұмыстары, оқушыларды тестілеу т.б. барысындағы сапа көрсеткішінен байқалады. Математиканы оқыту әдістемесінде пайдаланған әдістің тиімділігін дәлелдеу үшін эксперемент жасалады. Эксперимент білім, білік дағдыны қалыптастырады және оқушыны жан жақты дамытуда оқыту мақсатына жету үшін салыстыру барысында нақты бекімге келуге ықпал жасайды.
Зерттеудің методологиялық негізін диалектика, жүйелі талдау және іс-әрекет қарым-қатынасы құрайды Диалектика табиғи дамудың жалпы заңдылықтары, қоғам және ойлау (қарама қайшылық күресі және бірлігі, сандық өзгерістің сапалық өзгеріске ауысуы, терісті теріске шығару); таным нысандары және олардың дамуындағы құбылысты қарастыруыға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |