1 – тақырып«Математиканы оқыту әдістемесі»-бастауыш мектептегі математика әдістемесінің негіздері жайлы ғылым Мақсаты



бет3/6
Дата20.05.2022
өлшемі26.91 Kb.
#458271
1   2   3   4   5   6
1 – та ырып«Математиканы о ыту дістемесі»-бастауыш мектептегі м

«Сан және есептеу» тарауының негізгі мазмұны оқушыларға натурал сан – ол санау және шамаларды өлшеу үшін қолданылатынын, натурал сан қатарын құру ерекшеліктерін түсіндіру, позициялы санау жүйесінде сандардың жазылу принциптерін меңгеру, натурал сандарға және шамаларға арифметикалық амалдар қолдана білу мүмкіншілігін береді.
«Кеңістіктегі қатынастар. Геометриялық фигуралар. Геометриялық шамаларды өлшеу» тарауы бойынша оқушыларға геометриялық фигура айналаны қоршаған дүниедегі заттар бейнесі екенін сезінуге үйретеді, әр түрлі геометриялық фигуралармен және олардың кейбір қасиеттерімен танысады.


МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ - ПӘН РЕТІНДЕ.
2.Бастауыш математикалық білім берудің мемлекеттік стандарты мен оқу бағдарламасы.


Әдістеме (методика) - ежелгі грек тілінен аударғанда танымдылық тәсілі, зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді. Әдіс – бұл қандайда бір мақсатқа жету, нақты оқыту міндетін шешу жолы.
Методология – гректің metodos – зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерінен алынған термин.
Методика білім беру құралдарының жиынтығы деп қарастырылса, ал методология осы білім беру құралдарын басшылыққа алатын негіздер болып табылады.
Әдістеме ұғымының мазмұнына әр түрлі көзқараста анықтама беруге болады. Біреулер, әдістемені педагогика ғылымы деп танып, барлық пәндер үшін оқыту принциптері жалпы дидактиканың дербес бөлігі деп қарастырды. Ал басқалары әдістемені пән мазмұны арқылы тұлғаны оқытып және дамытудың барлық міндеттерін шешетін арнайы педагогикалық ғылым деп есептеді. Математиканы оқыту әдістемесі білім берудің негізгі құралдарын іздестіреді. Бірнеше анықтама келтірейік:

  • Математика оқыту әдістемесі – оқыту пәні және жас ерекшеліктері әр түрлі оқушыларды математикаға оқыту үрдісінің заңдылықтары туралы ғылым;

  • Математиканы оқыту әдістемесі – бұл математиканы оқыту міндеттері, мазмұны және әдістері туралы педагогикалық ғылым. Ол математикаға оқытудың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында оқыту үрдісін зерттеп қарастырады. Математиканы оқыту әдістемесі математиканы кімге, қалай оқыту керек деген сұрақтарды қарастырады;

  • Математиканы оқыту әдістемесі – өсіп келе жатқан ұрпаққа, қоғамның қоятын талаптарына қатысты білім беру мақсатына сәйкес, оның дамуының белгілі бір кезеңіндегі математиканы оқытуды қарастыратын педагогиканың бір бөлігі.

Математиканы оқыту тәжірибесінде оның көп ғасырлық даму
тарихының ерекшеліктері бейнеленеді. Әдістемелік заңдылықтарды ұғыну үшін математиканың оқыту әдістемесінің даму тарихын білу қажет.
Математиканы оқыту әдістемесін алғаш рет чех ғалымы Я.А.Коменский қарастырды. Ол жеке пән болып ең алғаш рет швед ғалымы И.Г.Песталоццидің «Наглядное учение о числе» (1803, орысша аудармасы 1806) кітабында жазылған. Математика әдістемесі бойынша Ф.И.Бусстың «Руководство к преподаванию арифметики для учителей» (1831) атты кітабы алғаш рет көмекші құрал ретінде ұсынылды. Халық мектебі үшін арифметиканың орысша әдістемесін жасаған П.С.Гурьев болатын және ол әдістеме проблемасының дұрыс шешімі мұғалімнің іс-тәжірибесіне байланыстылығын мойындаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет