1- тапсырмасы. «Графикалық органайзерлер» туралы ақпаратты зерделеп, «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша бір оқу мақсатына/сабақ тақырыбына графикалық органайзердің бір түрін әзірлеңіз. Сынып



бет3/3
Дата06.12.2023
өлшемі34.59 Kb.
#485637
түріСабақ
1   2   3
«Графикалық органайзерлер» туралы тапсырма (копия)

Дескриптор:
- оқушылар берілген мәтіндегі сөздерге өз тарапынан анықтама береді;
- сөздікпен салыстырады;
- сөздердің айтылуы мен жазылуын анықтайды.


ІІ топ: «Ойсыл қара»
Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе. Қазақта «Түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын өлең бар. Бұлай деудің себебі, ертедегі түйелі байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған. Түйе-жүк көлігі. Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе. Оның ішінде ең төзімдісі, әрі мықтысы – жалғыз өркешті нар. Қазақтың «Нар жолында жүк қалмайды» - деуі содан. Түйе жолға да шыдамды. Оның жейтін ащыларының ішінде тұз да бар. Түйенің етін бұл түлікті бақпайтын ел ұнатпайды, ал бағатындары оған құмар. Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады: түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады. Шудадан жіп, арқан еседі. Түйенің сүті де асыл. Одан ашытатын қышқылтым сусынды Батыс Қазақстанда «шұбат», Түркістан жағында «қымыран» деп атайды. Ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады.

Р/с

Орфографиялық норма бойынша (дұрыс жазылуы)

Орфоэпиялық норма бойынша (дұрыс айтылуы)

Өзімнің анықтамам

Түсіндірме сөздік бойынша анықтама

1

Сортаң










2

Жалғыз өркешті нар










3

Түйенің түбіті










4

Түйенің шудасы










5

Шұбат










6

Қымыран












Дескриптор:
- оқушылар берілген мәтіндегі сөздерге өз тарапынан анықтама береді;
- сөздікпен салыстырады;
- сөздердің айтылуы мен жазылуын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет