1- тапсырмасы. «Графикалық органайзерлер» туралы ақпаратты зерделеп, «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша бір оқу мақсатына/сабақ тақырыбына графикалық органайзердің бір түрін әзірлеңіз. Сынып


Сынып: 5-сынып Бөлім



бет2/3
Дата06.12.2023
өлшемі34.59 Kb.
#485637
түріСабақ
1   2   3
«Графикалық органайзерлер» туралы тапсырма (копия)

Сынып:

5-сынып

Бөлім

«Төрт түлік»

Оқу мақсаты

5.Ж6. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • мәтін мазмұнын оқып отырып түсінеді;

  • орфографиялық сөздікпен жұмыс істейді;

  • орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып түзетеді, редакциялайды;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей. Қолдану.

Тапсырма ТЖ
«Анықтама кестесін» толтыру.
Орфографиялық, орфоэпиялық және түсіндірме сөздіктермен жұмыс жаса, өз тарапыңнан сөздерге анықтама бер.
І топ: «Қамбар ата»
Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі, пірі бар деп ұғынып, оларды Ойсылқара, Қамбар ата, Шопан ата, Зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады. Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл. Сол себепті де оның еті де, сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.



Р/с

Орфографиялық норма бойынша (дұрыс жазылуы)

Орфоэпиялық норма бойынша (дұрыс айтылуы)

Өзімнің анықтамам

Түсіндірме сөздік бойынша анықтама

1

Төрт түлік










2

Жұп, тақ тұяқ










3

Пір тұту










4

Бетегелі










5

Көделі










6

Қауданды












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет