1 -тарау. Германиядағы Қараша революциясының алғышарттары Германияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы


ІІ-тарау. Германиядағы Қараша революциясының



бет2/3
Дата21.06.2016
өлшемі383 Kb.
#152408
1   2   3

ІІ-тарау. Германиядағы Қараша революциясының

басталуы және барысы.

2.1. Қараша революциясының басталуы. Монархияның күйреуі.
1917 жылы 25 қазан айында Ресейдің Петроград қаласында большевиктер партиясының қарулы көтерілісі жеңіске жетті. Ресейде социалистік қоғам құру үшін большевиктер партиясының көсемі В.И.Лениннің айтуымен, «социалистік революция» жүзеге асып, пролетариат диктатурасы, оның формасы жұмысшы және солдаттар депутаттарының кеңесі жеңіске жетті. Ресейде үкімет билігі большевиктер партиясының қолына көштіде, жаңадан Кеңес үкіметі құрылды. Оның алғашқы шаралары: 1917 жылғы 26 казан айында Бүкілресейлік кеңес съезінде екі құжат - «Бітім» туралы және «Жер» туралы декреттер жарияланды. Бұл құжат бойынша Ресей соғыстан шығып, шаруаларға жер бере бастады. Жұмысшылар өз өнеркәсіптерін қолдарына алып, оның қожайынына айналды. Соғыстан шаршап, қалжыраған солдаттар елге қайта бастады. Кеңес өкіметінің бұл жүргізген шаралары тез арада бүкіл әлемге тарап Еуропа елдерінде Кеңестік Ресейдегідей билік орнату мақсатында революциялық куштер жаңа күреске шақырып, елдерінің басқарушы топтарына қарсы шықты. Бұл оқиға Германия еңбекшілеріне қатты әсер етті.

Революция қарсаңындағы саяси куштердің қалыптасуы. Қараша революциясының қарсаңында Герман социал- демократиялық партиясы (СДПГ) және Тәуелсіз социал-демократиялық партиясы (НСДПГ), оның сол қанатында «Спартак» одағы қалыптасты.

Герман социал-демократиялық партиясы - жумысшы партиясы еңбекші халықтың қолдауында болды. 1918 жылы мамыр айында СДПГ «Қимыл бағдарламасын» қабылдайды. Партия бағдарламасы Германияда буржуазиялық-демократия жолына тусу және парламенттік жүйені орнату, яғни монархияға қарсы куресіп, республика құру талабын алға қойды. Социал-демократиянын негізгі мақсаты - реформа арқылы қоғамдық-саяси өзгерістер жургізу болды.

Германияның тәуелсіз социал-демократиялық партиясы буржуазиялық реформаны қолдай отырып, революциялық жолдан да бас тартпайды. Негізгі көзқарасы оңшыл центристік бағыт болды. Партия мушелері К.Каутский, Г.Гаазе, Р.Гильфердинг оңшыл центристік көзқараста бола отырып, большевиктер партиясының пролетариат диктатурасын орнату идеясынан бас тартты да, Германияда демократиялық республика орнатуды көздеді. Каутский: «Германияда пролетариат диктатурасын орнату біздің түпкі мақсатымыз емес», - деп мәлімдеген болатын. Ол - В.И.Лениинің таптық көзқарасын сынаған адамдардың бірі еді.

Ресейдегі қазан төңкерісінен кейін Германияның саяси дамуында революциялық идея, пролетариат диктатурасын орнату ушін күрес жургзетін саяси топ - «Спартак» одағы құрылды. Оның басшылары К.Либкнехг және Р.Люксембург болды. Революциялық қозғалыс жылдарында олар жұмысшы табын кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Олардың негізгі саяси көзқарастары - қоғамдық-саяси өзгерістерді революциялык жолмен іске асыру болатын. Сонымен қатар, В.И.Лениннің идеясын қолдай отырып, Германияда коммунистік партия құру үшін күрес жүргізді. 1918 жылы қазан айында революциялық топтың конференциясы шақырылып, еңбекші халықты қарулы көтеріліске шығуға, сөйтіп буржуазиялық революцияны социалистік революцияға жалғастыруға үндеу тасталды. Xалыктың тұрмыс жағдайын жақсарту, соғысты тоқтату, кейбір банктерді национализациялау, жалақыны өсіру т.б. талаптар қою аркылы халықты революцияға шақырды. Бірақ «Спартак» тобынын үгіт-насихат жұмысын еңбекші халық қолдаған жок. Халык революциялык жолды түсіне алмады, ал буржуазиялық-реформалык жол әлдеқайда тусінікті еді. Қоғамды реформалык- парламенттік жолмен өзгертіп, Германияда буржуазиялық республика құру халық түсінігіне жақын болатын. Қараша революциясының карсаңындағы саяси күштер ірі буржуазия мен монархияға қарсы тұратын оппозициялық күшке айналды.

Революцяның басталуына негізгі себеп балған оқиға Герман монархындағы соғыс-теңіз министрінің Киль қаласында тұрған соғыс-теңіз базасының кемелеріне ашық теңізге шығып соғыс қимылдарын жүргізу арқылы жеңіске жету туралы бұйрығы болды. Бірақ та соғыс-теңіз флотының кеме басшылары теңізге шығудан бас тартып, кемелерде матростар арнаулы революциялық комитеттер құрып, көтеріліске шығады. Кемелерде кызыл жалаулар көтеріліп, соғысты тоқтатуды талап ете бастайды. Революцияға шыкқан кемелердегі матростарды тұтқындау басталады. Қараша айының 3 күні Киль қаласының халқы матростарды қолдап ереуілді бастайды. Қала халқы тез арада жұмысшы және солдат кеңестерін құрып. өздерінің талаптарының орындалуын сұрайды. Соғысты тоқтату, саяси тұтқындарды босату талаптарын жергілікті үкімет орындауға мәжбүр болады. Германияда революция басталады.

Революция Германияның солтүстік-батысында орналасқан Киль қаласында басталды.

1918 жылдың қазан айының аяғында Жоғарғы штабгерман әскері-теңіз флотына теңізге шығу туралы бұйрық, берілді. Неміс матростар ағылшын флотынан еш қарсылықсыз жеңілетінін түсінді.

28-қазанда Остзей, Нордзей флоттарының үш эскадронының корабльдерін Яде бухтасының шыға берісіне таяу шоғырландыра бастады. 30-қазан күні теңізге шығу туралы әскері дабыл, бұйрық беріледі. Бірақ 28-қазан күні-ақ "Маркграф" кораблі якорьді көтеруден бас тартқан дейді.

Толқу "Кениг" кораблін, "Страсбург" крейсерін, "Фридрех великий" браноносецтерін қамтиды. "Тюрингия", "Гелголанд" корабльдерінде қызыл жалау көтерілді./36/.

Штаб мұндай бақытсыздықтарды басу үшін корабльдерде жаппай тұтқындауды бастайды. Мыңнан астам матростар тұтқындалады, Мәселен: Тюрингиядан"-600, "Маркграфтан"-200, "Гелголандтан"-150 адам тұтқындалады. Бірақ толқулар жалғаса береді. Енді олар тұтқындарды босатуды талап етеді.

Үшінші қараша күні күндіз маторстар Кильаландарының біріне жиналады. Матростарға порт жұмысшылары, гарнизон солдаттары қосылады. Бірнеше мың адам түрмеге бет алады.

Полиция бейбіт шеруге оқ атады, сегіз адам өледі, 29 адам жараланады.

Бейбіт шеруге атылған оқ матростарға тек қару арқылы ғана өз талаптарының орындауға болатынын көрсетті. Міне бұл күн революцияның басталған күні болып есептеледі.

Кемелер мен казармаларда солдат Кеңестері құрыла бастайды. 4-қараша күні бүкіл флотты толқулар қамтиды. Жұмысшы Кеңестерімен солдат кеңестері бірігіп жалпы Киль Кеңесін құрды. Кеңес үкіметке қоятын талаптарын нақтылайды.

Онда кеңестердің құқығын мойындау, офицерлердің бөлігін шектеу, саяси тұтқындарды босату сөз және баспасөз бостандықтарын беру талаптары қойылады. Бұл бағдарламада алғашқы монархияны жою, республика орнату талабы болған жоқ.

Киль Кеңесінің үндеуінде алғаш рет айтылады./37/.

Кильдегі оқиғалар Берлинге хабарланады. Үкімет Кильге Рейхстагтағы социал-демократтардың депутаты Носке мен кеңесші-хатшы Гаусманды жібереді. Носке 5-қарашада Кильге жетеді.

Ол матростардың тәжірибесіздігін пайдаланып, сол күні-ақ Солдат Кеңестерінің Төрағасы болып сайланады.

Бірнеше күннен кейін Киль Кеңесінің шешімі бойынша әскері губернатор болып тағайындалады.

5-қараша күні кешке Гамбургте бірнеше мың жүшысшы солдаттар қатынасқан Киль Кеңесінің талаптарын қолдаған жиналыс болады. 6-қарашада қаруланған матростар кәсіподақ үйін басып алып баррикадалармен қоршайды./38/.

Күндізі 50 мың жұмысшы солдат және матростар қатысқан үлкен жиналыс өтеді. Демонстрантар Гамбург сыртындағы Альтонға бет алғанға генерал Фальк бастаған гарнизон демонстранттарға оқ атады.

Жұмысшылар солдат, матростардың көмегімен қару-жарақ қоймаларын бұзып, қарулана бастайды. Қалада үкімет жұмысшы және солдат кеңестерінің қолына көшеді.

Осындай революциялық көтерілістер Любек, Шверин, Ганноовер,

Баден тағы басқа қалаларын қамтиды.

Россия елдің солтүстігімен шектелген жоқ. Оңтүстікте де кең етек жайды. Бұл революцияның бүкіл ел көлемінде пісіп- жетілгенінің көрінісі еді.

Кильде басталған революцияның бөлінбес бір бөлігі Бавариядағы революциялық оқиғалар болып есептеледі. Баварияның орталығы Мюнхенде революция 1918 жылы 7-қарашада басталады. Мюнхенде Терезиенвизе" алаңында болған үлкен жиналыста жұмысшылар монрхияның жойылуын және республиканың жариялануын талап етеді. Көтерілісшілер казармаларды басып алады, түтқындарды босатады.

Сол күні Мюнхен жұмысшы Кеңесі құрылады. Жұмысшылардың арасында беделді тәуелсіз социал-демократ Курт Эйснер болды.

1918 жылы қазан айында тұрмедн босаған Эйснер Германияң барлық жерінде монархияны жою керек және Герман республикасын жариялау керек деп сөз сөйлейді.

Ол жұмысшы солдат және шаруалардың уақытша Кеңесін құрып 8-қарашаға қараған түні Баварияда монархияның жойылғанын және республика орнағанын жариялады.

8-қарашада Эйснердың басқарумен жаңа үкімет құрылады. Революциялық көтерілістер Аугсбург, Розенгейм, Нассау, Нюрнбергті қамтиды.

Революцияның мындай шеруінен Берлиннің қалып қоюын Берлин жұмысшыларының енжарлығынан деуге болмайды.

Басты себеп мынада: Киль оқиғалары туралы хабар жеткеннен соң Берлинге әскер кіргізіліп, басқа қалалармен байланысқа қатал шек қойылған еді. Бірақ Берлиндеге тыныштық тек сыртай ғана еді.

1917 жылғы ереуілдер кезінде құрылған "Революциялық старасталар Комитеті" әлі өмір сүретін 1918 жылы оның қатарында солшыл тәуелсіздер Эмиль Барт, Эрнест Деймиг, Рихард Мюллер, т.б басқарған 80 адам бар еді./39/

Қазанның аяғында түрмеден шыққан К.Либкнехт, Голландиядан келіп қосылған еді. Комитет "Жұмысшы Кеңесі" деп аталды.

Спартак тобы Берлин жұмысшылары мен горнизон солдаттарының көтерлісін жылдамдатуын талап етсе де тәуелсіздер көтеріліс "техникалық жағынан дайын емес" деп қорқақтаумен болды.

Олар көтерілісті 11 - қарашаға дейін бастауға болмайды деп есептейді. Жағдайы қиындай түсті. 8-қараша күні Атқару комитетінің екі мүшесінің тұтқындалғаны белгілі болды. Одан әрі созу бүкіл ұйымның өміріне қаупті еді.

Жұмысшы Кеңесі сол күні кеште 9-қарашада таңертең қолдарында бар қарумен Берлин жұмысшыларын жаппай ереуілге шығуға тиісті деп шешім қабылдайды.

9-қараша күні таңертең ерте Берлин кәсіпорындарында Атқару Комитеті мен Спартак тобының үндеулері таратылады. Қала жұмысшылары түгел жұмыс орындарын тастап, көшеге бет алады. Жұмысшылар мен солдаттар қалалық полиция үйін алады. 650 тұтқын босатылады. Почта, телеграф агенттігі, Комендатуралар еш қарсылықсыз алынады.

Ратуша, рейхстаг, Бранденбург қақпаларына қызыл жалауларілінді. Бірақ Макс Баденский үкіметі әлі құлаған жоқ еді. Үкімет кайзерге /Вильгельм-ІІ/ тақтан бас тарту туралы ұсыныс жасады. Социал-демократтар Макс Баденский үкіметімен кездесу жасады./40/ Ақыры Макс Баденский кайзердің тақтан түскені туралы құжатқа қол қойды.

Рейхстаг алдына жиналған халыққа Шейдеман Германияда құлады, демократиялық республика құрылды деп жариялады.

Сол күні кешкі сағат 10-да Рейхстаг үйінде Берлин жұмысшы жұмысшылары мен солдат Кеңестерінің делегаттарын сайлау өткізуге шешім қабылдай ды ./41 /

Сол күні кешкі олар Буш циркіндегі жалпы жиналысқа Берлин жұмысшысы және солдат Кеңесінің Атқару Комитеттін және үкіметті сайлай үшін жиналуы тиіс болды.

Жұмысшы және солдат Кеңестрінің жиналысы 10-қарашада 'ЩЙкі сағат 5.30-басталды.Қатысушылардың құрамы әртұрлі болды.

3 мыңдай адам жиналды, көпшілігі солдаттар еді. Эберт сөз сөйлейді. Ол революцияның барлық табыстарын социал-демократияның еңбегі деп көрсетеді және "социалистік үкіметінің" құрылтайын жариялайды. Онан кейінгі сөйлеген К.Либкнехт болды. Ол солдаттар мен жұмысшыларды социал-демократтарға соқыр сенімнен аулақ болуға шақырады. Контрреволюция өкілдерінің жұмысшы және солдаттар арасына кіріп кеткені ескертілді.

Бұл ескертуі солдаттардың біраз бөлігі тарапынан қолдау таппай, шу көтерілді.

Революциялық старосталардың Атқару Комитеті жиналысқа жаңа Атқару Комитетінің тізімен береді. Ол тізімде К.Либкиехт, Р.Люксимбург, В.Пик және солшыл тәуелсіздер кірген еді Соңында Атқару Комитетіне 6 оңшыл социал-демократ, 6 тәуелсіз және 12 солдат кіреді. Кейіе Эберт ұсынған үкімет құрамы мақұлданып, Эберт пен Гаазе бастаған үкімет Халық өкілдерінің Кеңесі құрылады. Жұмысшылар мен солдаттардың басым бөлігінің саяси саналылығының төмендігін, сенгіштігін пайдаланып оңшыл социал-демократтар өкіметінің шешуші қызметкеріне ие болды.

Кез-келген революцияның негізгі мәселесі өкімет мәселесі екендігі белгілі.

"Өкімет қай таптың қолында болса, барлық нәрсені осы шешеді. Өкімет туралы мәселені орағатып кетуге де, кейінге қалдыруға да болмайды, өйткені нақ осы мәселе революцияның дамуында оның ішкі және сыртқы саясатында барлық нәрсені шешетін негізгі мәселе болып табылады.

Германия революциясының онан арғы тарихы да осы мәселеге байланысты шешілуі мүмкін еді.

12-қарашада Халық өкілдерінің Кеңесі өзінің бағдарламасын жариялады. Бағдарлама "Саяси басшылық таза социалистік сипаттағы революция нәтижесінде құрылған үкіметтің негізгі міндеті соцалистік міндетті жүзеге асыру" деген жалынды сөздерден басталады./42/

Бірақ шындығында бағдарлама бірде-бір социалистік сипаттағы талап қойған жоқ. Халық өкілдері Кеңесінің құрылуымен революция бірінші кезеңі аяқталады.

Германияда қараша революциясының тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі-кеңестік тарихнамада ең көп талқыланған мәселелердің бірі. Қараша революциясының тарихын бес кезеңге /А.Жолдак/ төрт кезеңге /М.И.Орлова/ үш кезеңге /Я.С.Драбкин/ бөлу туралы ұсыныстар болды./43/

Я.С.Драбкиннің ұсынысын көпшілік зерттеушілер қолдады, өйткені ол революцияның басталу, тереңдеу, жеңілу оқиғаларына неғұрлым сәйкес келеді және революция барысындағы сапалық өзгерістерді /монархияның құлауы, республиканың жариялануы, кеңестік республика үшін күрес/ толық қамтиды.

Сонымен Қараша революциясының тарихы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең революцияның басталуынан /1918 жылдың 4-қараша Халық өкілдері Кеңесінің құрылуына 1918 жылғы қарашаның ортасы/ дейінгі оқиғаларды қамтиды.



Екінші кезең 1918 жылғы қарашаның ортасынан 1918 жылдың аяғына дейін созылады. Бұл кезең-революцияның бейбіт даму кезеңі, бұл кезде революция мен контрреволюция күштерінің арасалмағы тең болды.

Үшінші кезең 1918 жылдың қаңтары мен мамырының арасы,бұл кезеңде контрреволюциялық күштер шабуылға шығады да, революция әрі қарай тереңдемей, буржуазиялық-демократиялық революция шегінде тоқтап қалады. "Барлық өкімет Кеңестерге берілсін" деген спартакшылардың ұранына қарсы оңшыл социал-демократтар Ұлттық жиналыс шақыру ұранын қойды.

Демек Германиядағы революцияның 1918 жылы қаршада монархияны, құлатып, республика жариялағаннан кейінгі дамуы екі бағытпен жүруі мүмкін еді.

Бірінші бағыт-революцияның тереңдеп, буржуазиялық-демократиялық кезеңнен социалистік кезеңге өтуі. Бұл бағытты бастайтын саяси күш-"Спартак" тобы. "Спартак" тобы жеке партия емес, Тәуелсіз Социал-демократиялық партияның солшыл қанатын құрайды.

Р.Люксембург 1918 жылдың 18-қарашасындағы "Бастау" деген мақаласында осы бағыттағы жасалынуы тиіс қадамдарды көрсетті: Жергілікті Кеңестерді дамыту және қайта сайлау: жұмысшылар мен солдаттардың жалпы германдық парламентін шақыру, революцияны қорғау үшін пролетарлық Қызыл Гвардия құру, ескі монархиялық мемлекет мекемелерін тарату: халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірінші шарасы ретінде помещик иеліктерін, мүліктерін тәркілеу; революцияның социалистик және интернационалистик міндеттерін нақты белгілеу үшін Германияда дүниежүзі жұмысшыларының конгресін шақыру".

Екінші бағыт революцияның одан әрі дамуына жол бермеу, жұмысшы табының бытраңқылығын тереңдету революция көсемдерін өлтіру,революцияны тоқтату.

Бұл бағыттың қолдаушылары-оңшыл социал-демократтар. Негізгі ұрандары-"Құрылтай жиналысын шақыру".

Халық өкілдері Кеңесі елдегі ресми өкімет еді. Оның басшылары социал-демократтар Эберт пен Шейдеман болатын. Олар қараша айының аяғында Берлинге соғыстан қайтқан 9 дивизияның кіргізілуіне рұхсат береді. Осы әскери бөлімдер 6-желтоқсанда Берлинде революцияға қарсы бүлік бастайды./44/

"Спартак" тобы сол күні Берлин жұмысшыларымен үлкен жиналыс өткізеді.

Шеру Оранненбург қақпаларын бетке алып қозғалады, бірақ оларды қарулы әскерлер тоқталып, шерушілерге оқ атылады. 14 адам қаза табады. Сол күні Берлин Кеңесінің Атқару Комитеті орналасқан үйге басып кіріп, оның мүшелерінің барлығын тұтқынға алады, "Готе фане газетінің редакциясы да тұтқынға алынады.

Мұны естігін матростар мен спартакшылардың шақыруымен оларға қосылған жұмысшылар бірігіп, ұйымдасып, әскери бүлікшілерді таратып, контрреволюциялық бүлік жойылады.

8-желтоқсанда спартакшылардың ұйымдастыруымен 150 мың қатысқан қарулы шеру өтеді. Шерушілер Эберт Шейдеман, Вельстің үкіметтен кетуін талап етеді. Халық өкілдер Кеңесінің үкіметін жоюға шақырып К.Либкиехт бірнеше рет сөз сөйлейді осындай көтеріліс толқулар Германияның көптеген қалаларын қамтиды. Жұмысшы тобының белсенділігі социал-демократ жетекшілерін Кеңестердің бүкілгермандық сьезін шақыруға мәжбүр етеді.

Сьезге сайлау барысында социал - демократтар - 288 делегат, тәуелсіздер - 87 делегат, оның 10-ы спартакшылар, буржуазиялық партиялардан 25 делегат, солдаттардан 27 адам сьезге жіберіледі. Кеңестердің 1 сьезі 1919 жылдың 16-21 желтоқсаны аралығында өтті. Сьездің ашылуына байланысты 250 мың адам қатысқан, Эберт үкіметінің кетуін, барлық өкімет бөлігінің Кеңестерге берілуін, Германияның социалистик республика болып жариялануын талап еткен шеру болады.

Шеруге қатысушылар атынан В.Пик бастаған 10 адам осы талаптарды сьезге ұсынады./45/ Сьезд талаптарды талқылаудан бас тартты.

Сьездігі бірінші мәселе Берлин Кеңесі Атқару Комитеті мен үкіметтің Халық өкілдері Кеңесі есебін тыңдау болды. Атқару Комитетінің баяндамасын тәуелсіздер жетекшісі Р.Мюллер оқыды. Мюллердің қателігі Кеңестердің ролін тек үкіметтің әрекеттерін бақылауға ғана әкеліп тіреуі болды. Ал бұл кездегі Кеңестердің бақылауының еш маңызы жоқ еді. Себебі барлық өкімет белгілі, армия, полиция үкімет қолында еді.

Ұлттық жиналыс па, әлде Кеңестік жүйе ме" деген мәселеге байланысты баяндамаға оңшыл социал- демократ Макс Коген шықты. Оның айтуынша, Кеңестер елді басқаруға қаблетсіз, себебі ол халықтың бір бөлігінің ғана мүддесін білдіреді, олар мемлекеттік шаруашылықты жүргізге алмайды. Когеннің ұсынысы бойынша 1919 жылдың 19-шы қаңтарында Ұлттық жиналысқа сайлау күні белгіленді. Сөйтіп, революцияның негізгі мәселесі ұлттық жиналыс пайдасына шешілді. Осыдан кейін үкімет құрамынан тәуелсіздер құрылды./46/

29-желтоқсанда Берлинде дербес партия құру мәселесіне баМіаньісты солшыл топтардың жабық конференциясы болады. "Сйартак Одағы" бұл уақытта Германияның барлық облыстарымен Йерітік байланысып үлгерген еді.

Бекрлиннен басқа спартак үйымдары Гуо облысында, ЗСёШнщада, Төменгі Рейнде, Солтүстік Батыста, Гессенде Франкфуртте, ШМрггартте, Боварияда құрылған еді. Конференция 80 дауспен Германия Коммунистік партиясын құруға шешім қабылдады.

1918 жылы 18-желтоқсанда Берлинде Германия Коммунистік партиясының құрылтай сьезі ашылады. Оның жұмысына 46 жергілікті ұйымнан 83 өкіл қатысады. Сьездің төрағалары болып В.Пик пен Вальхер сайланады./47/ Сьезде Тәуелсіз социал-демократиялық партия туралы К.Либкнехт баяндама жасайды, ол спартакшылар бұдан былай Тәуілсіздер партиясы құрамында қала алмайтынын айтады: "ГТСДП құрмында қалу контрреволюциясымен ынтымақтасқандық болады .

Одан жылдам бөлініп шығу революцияға адалдығымызды сақтап қалады./48/

Сьезд Германия Коммунистік партиясының құрылғанын жариялайды. Сьезде сайланған Орталық Комитет құрамына 12 адам /К.Либкнехт, Р.Люксемберг, В-Пик, К.Дунхэр т.б/ кіреді.

Партияның бағдарламасы туралы баяндаманы Р.Люксембург жасады. Бағдарлама Спартак қоғамының 14-желтоксанда жарияланған Спартак одағы нені қалайды?" деген үндеуі негізінде жасалынды.

Бағдарламада біртұтас Германия социалистік мемлекеттін құру, жұмысшы және солдат Кеңестерінің бірлігін құру, барлық азаматтарға тең құқық берут.б міндеттер қойылды.

Революциялық козғалыстың өрлеуінен қауіптенген үкімет коммунистік партияның басшыларын қудалай бастады. Олар революцияны тұншыктыруға дайындалды.

1919 жылдың каңтарында ұйымдастырған қастандықтарын жүзеге асыру үшін қолайлы кезең деп есептеді. Олардың жоспары төмендегідей еді:

Берлин полициясының бастығы солшыл тәуелсіз Эйхгорнды орнынан алу керек. Оны 11-қарашада Берлин Аткару Комитеті сайлаған еді. Эйхгорн жұмысшылар арасында белгілі еді.

Үкімет оны орнынан алу пролетариаттың наразылығын тудыратынын түсінді. Мұнан кейін жұмысшылар ереуілге шығады, онда жұмысшыларды қарусыздандыруға кірісуге болады.

Пруссия үкіметі Эйхгорнның орнынан алынғанын және орнына социал-демократ Эрнсттің тағайындалғаны жөнінде бұйрық шығарып кояды.

Жағдайды талқылау үшін К.Либкнехт пен В.Пик қатысқан мәжіліс болады. Мәжіліске қатысушылар Эйхгорн орында қалу керек деп шешеді де, үкіметтің бұйрығына қарсы Берлин жұмысшыларын шеруге шақыруға шешім кабылдайды.

5-каңтар күні түсті жұмысшылар жұмыс орындарын тастап көшелерге шығады. 6-қаңтар күні жұмыс тоқтатылды, қаланың барлық орталық көшелері жұмысшыларға толады. Силезия, Анпальтск, Потсдам вокзалдары алынады. Қозғалыс ұйымдаспаған болып шықты.

Көтерілісшілер үкімет үйін басып алу туралы ойлаған да жоқ. Қаруланған жұмысшылар ерекше маңызы жоқ баспахана тағы басқаларды күзетумен болды. Осындай себептерге байланысты 6-қаңтар шеруі еш нәтиже берген жоқ. Бұқараны ұйымдастыру үшін, Коммунистік партия өте әлсіз болды.

Мұнан кейін үкімет бар күшін революцияға қарсы бағыттады. 8-қаңтарда /Носкенін бұйрығымен /Носке контрреволюциялық күштердің басшысы болып тағайындалған болатын/ полковник Рейнгардт Маобит ауданының жұмысшыларына жаудырады.

9-каңтарда Шпандау ауданында осындай жағдай қайталанады. Қарсыласудың пайдасыздығын түсінген жұмысшылар келіссөздер жүргізу үшін делегация жіберді. 11-қаңтарда Берлинге Носке бастаған әскери бөлімдер кіреді. 12-қаңтарда олар Берлин полициясының үйін алады.

15-каңтарда түнде К.Либкнехт пен Р.Люксембергті ұстап алып, азаптап өлтіреді. Оны ешкім білмей қалды. К.Либкнехт денесі қалалық моргтан. Р.Люксембург денесі каналдан кейінгі уақытта табылады.

Революцияға мықты сокқы берілді, бірақ қаңтар күндері контрреволюция өздерінің түпкі мақсаттарына-пролетариатқа шешуші соққы беру мақсаттарына жете алмады.

Бірақ революциялық оқиғалардың даму барысы күн тәртібіне қойған революцияның негізгі мәселесі буржуазиялық парламент қойған пайдасына шешілді. Осымен революцияның екінші кезең аяқталды.

1919 жылдың 19-қаңтарында құрылтай жиналысына сайлау басталды.

Сайлау барысында ГСДП- 11,5 миллион дауыс, "Орталық" партиясы-6млн, демократиялық партия -5,6 млн, ұлтшылдар партиясы-3,¹ млн, ГТСДП - 2,3 млн дауыс алады. Нәтижесінде Ұлттық жиналысқа социал-демократтар 165 депутат, тәуелсіздер-22 депутат, демократиялық партия 75 депутат, "Орталық" партиясы 90 депутат, халықтық партия 22, ұлтшылдар 42 депутат жібереді.

Сөйтіп социал-демократтар барлық мандаттың 44 процентін алды.

Ұлттық жиналыс 6-ақпанда Веймарда ашылатын болды. 1919 жылдың ақпан айында таптық күрестер Германияның өнеркәсіпті аударында қайта жанданды. 16-ақпанда Руо облысының көмір шахтарының жартысы жұмысты тоқтатады.

18-ақпанда Эссенде жұмысшы және солдат Кеңестерінің конференциясы өтеді. Ереуілді одан әрі жалғастыруға шешім қабылданды.

Жұмысшыларды қаруландыру туралы талап қойылады.

Ереуілдік қозғалыс бүкіл Орталық Германияны қамтады. Алайда бұл кезеңдегі жұмысшы қозғалысы ұйымдаспаған, стихиялы сипатта болды. Коммунистік партия жазалаудан әбден қансырап қалды.



2.2. Бавария Кеңестік Республикасы.

1919 жылы революциялық қозғалыстың соңғы тірегі Бавария болды. Үкімет бүкіл күшін соған қарсы бағыттады.

Бавария неміс мемлекеттерінің ішіндегі өнеркәсібі нашар дамыған аудандар қатарына жататын еді. Баварияда сыра қайнату шарап жасау және басқа жеңіл өнеркәсіп салалары дамыған. Мұндағы жалғыз ғана ірі кәсіпорын - қару-жарақ жасау заводы еді. Сондықтан Бавария жалпы Германияның өнеркәсіп өндірісінде үлкен роль атқармайтын. Баварияда Қараша революциясы басталғанға дейінгі кезеңде саяси билік Виттельбах династиясының қолында еді.

Елдің өмірінде әскер мен полиция үлкен роль атқаратын. Баварияда Германиядан бөлініп кетуге умтышылық өте күшті болды.

Өнеркәсіптің дамуына байланысты Баварияда ірі қалалар саны өте аз болды. Баварияның астанасы Мюнхенде-600 мың тұрғын халық болатын.1912-ші жылы Мюнхенде 97 мың жұмысшы болса, оның 4 мыңы таукен өнеркәсібінде, 6 мыңы металл өңдеуде, 14 мыңы машина жасауда істеді, қалғаны 73 мыңы жеңілген өнеркәсіпте істеген.

Мюнхенде кәсіпорындар өте ұсақ еді;

7099 кәсіпорынның 3704-де 83 мың адам, яғни орта есептен кәсіпорынға 22-23 жұмысшыдан келген, қалғаны 3395 кәсіпорында 14 мың жұмысшы істеген яғни әр кәсіпорынға 4-5 жұмысшыдан келеді. Металл өңдеу өндірісінің орталығы болған Нюренбергте 30-мың, Аугсбургте 10 мың тұрғын халық қана болған.

Бұдан мынадай тұжырым жасауға болады: Баварида пролетариат негізінен ұсақ кәсіпорын жұмысшыларынан тұрады./49/

Ірі өнеркәсіп пролетариаты аз. Бавария пролетариаты өзінің дамуы, ұйымшылдығы жағынан Германияның басқа пролетариатынан әлсіз еді. Баварияда буржуазияда әлсіз болды. Олар негізінен ұсақ кәсіпорындардың иелері мен саудагерлер еді.

Баварияда деревняның жағдайы да Солтүстік Германиядағы деревнялардан басқаша еді. Баварияда Пруссия да болған күшті юнкерлер де болған жоқ.

Шаруашылықтың 95 проценті ұсақ, орта иеліктерде еді. Ауыл шаруашылығымен айналысушылардың 20 процентін ауыл шаруашылық жұмысшылары құрады. Мұндай жағдайда деревняда таптық күрес шаруалардың ауқатты тобына ірі жер иеленушілерге қарсы бағытталуы мүмкін.

Бірақ батрактар, кедей шаруалар ұйымдастаған еді. Баварияда буржуазиялык партиялар ішінде католиктік партиясы мен либералдық партия басты роль атқаратын. Ал жұмысшылар ГСДП мен ГТСДП соңынан ілесетін еді. 1918 жылы бүкіл Германияны қамтыған ереуілдік қозғалысқа Бавария жұмысшылары да қатысты.

Ереуілдерді тәуелсіздер басқарады, әсіресе, Курт Эйснердің беделі күшті болды.

Баварияның орталығы Мюнхенде 1918 жылы 7-қарашада Австрияда құрылған республиканы құттықтауға арналған жиналыс болды. Жиналыс соңы үлкен шеруге ұласты. Шеруге қатысушылар король билігін жоюды және республика орнатуды талап етті. Сол күні қалада Революциялык жұмысшы Кеңесі құрылды. Келесі күндері қозғалыс басқа қалаларды да қамтыды. Барлық жерлерде жұмысшы Кеңестері құрылып жатты.

8-қарашаға қараан түні Мюнхенде жұмысшы, солдат және шаруа Кеңесі құрылды. Кеңестің төрағасы К.Эйснер Баварияда монархия құлады деп жариялады.

Эйснердің басқаруымен тәуелсіздер, социал-демократтар және басқа да ұсақ ұйымдар бірігіп, үкімет құрды.

Үкіметтің халыққа жолдаған үндерінде алдағы уақытта түпкілікті, тұрақты үкімет құру үшін Ұлттық жиналыс шақырылады деп көрсетілді.

Эйснер үкіметі Германияның бірінші дүние жүзілік соғыстағы басқыншылық мақсаттарын көрсететін бірқатар құжаттарды жариялады, мектептен шіркеуден бөлді. Осы әрекеті үшін Эйснер үкіметін ірі буржуазия мен дін басылары қатты жек көрді. 1919 жылы 21-ақпанда жаулар қызметке кетіп бара жатқан Эйснерді өлтіріп кетті.

Бұған наразы болған еңбекші бұқара Эйснерді жерлеу рәсімін үлкен саяси шеру түрінде өткізді.

22-ақпанда социал-демократ Гоффман басқарған үкімет құрылды. Жұмысшылар Гоффман үкіметін мойындамады.

1919 жылы қаңтарда Мюнхенде Германия Коммунистік партиясының бавар бөлімі құрылған еді. Оны Макс Левин басқарды.

Жаңа революцилық дүмпуден қорққан үкімет Бавария Кеңестік Республикасы жариялаудың жоспарын жасай бастайды.

Коммунистік партиясының арасындағы беделін ескеріп тәуелсіздер үкіметке коммунистерді де шақырады.

Коммунистік ұйым мұны арандату деп ұғады, бірақ олар тәуелсіздерді қолдайды. Берлиннен Евгений Левине бастаған делегация келеді. Олар Коммунистік партияның атынан оңшыл социал-демократтармен бірге үкіметке кіруден үзілді-кесілді бас тартатындықтарын айтты.

7-сәуірде Баварияда Кеңестік Республика жарияланады./50/

Жаңа үкімет құрамына тәуелсіздер, оңшыл социал-демократтар, анархистер шаруалар Одағының өкілдері кірді.

Үкімет басшылары болып ГТСДП жетекшісі Э.Толлер мен анархист Г.Ландауэр тағайындалды. 10 сәуірде үкімет Қызыл Армия құру туралы шешім қаабылдады. Алайда армияның бар қаруы 600 винтовка болды. Осыдан кейін құрамында 28 адамы бар революциялық трибунал құрылды

7-сәуір күні Германия Коммунистік партиясының Мюнхендегі бөлімінің үндеуі жарияланды. Онда коммунистер Толлердің үкіметін "Жалған кеңестік үкімет деп атады.

Қарудың аздығына қарамастан Қызыл Армия жылдам құрылды. Оған жұмысшылар солдаттар және соғыс тұтқындары /орыстар мен итальяндар/ кірді. Қызыл Армияның қолбасшысы Рудольф Эгельгофер болды. Сонымен қатар Қызыл гвардия құрылды, оған қаланы күзету міндеті жүктелді.

Бұл кезде таратылған Гоффман үкіметі өзін қызметтен кеттік деп ойлаған жоқ еді. Гоффман үкіметінің мүшелері Баварияның солтүстігіндегі Бамберг қаласына орналасып, сол жерден қонтрреволюциялық бірлікке дайындалды.

Мюнхенге жорық жасау үшін Шнеппенгорст басқарған қарулы күштер құрылды./51/ Осылайша Бавар Кеңестік Республикасына төнген контрреволюциялық күштердің шабуыл жасау қаупі төнді.

Мюнхенде Коммунистердің үндеуі жарияланды, онда Бамбергтегі жиналған ақ гвардия кеңестерге, жалпы пролетариатқа қауіп төндіруде деп көрсетілді.

13-сәуірге қараған түні бүлкішілер Орталық жұмысшы Кеңесіне басып кіріп, Кеңестің 12 мүшесін тұтқындайды. Ц.Левине мен М.Левиңді өлтеруге бұйрық беріледі. Толлер басқарған орталық Комитет тек шеру жасауға шақырумен болды, ол мұндай күрестен алшақтататын еді. Бірақ жұмысшылар күтіп бос отырған жоқ.

Коммунистік ұйымнының шақыруымен олар қару-жарақ қоймаларын басып алды, Рудольф Эгельгофер бастаған жұмысшылар возалда орналасып алған қарулы контрреволюционерлерге қарсы күресті. Вокзал қоршалып қан төгісті қаламаған жұмысшылар үш өкіл жібереді. Бірақ оларды атып өлтіреді.

Жұмысшылар вокзалды қоршап, бір сағаттан кейін вокзалға ие болды, қалалық комендатураны алады.

Сол күні, яғни 14 сәуірде фабрика-завод комитеттері мен солдат Кеңестері жаңа үкімет құру туралы қаулы шығарады.

Комитет Атқару Кеңесін сайлайды. Оның құрамына коммунистер: Е.Левине, М.Левин, Вилли Будих – Дитрих тәуелсіз Меннер және социал-демократ Дуске /кейін Коммунистік партияның құрамына енгсн/ кірді.

Комитет жанынан контрреволюциямен күресу үшін, әскери комиссия, экономика комиссиясы, финанс істеріне байланысты комиссия құрылады. Ыңғайсыз жағдайға қарамастан коммунистер өкіметті өз қолдарына-алуға мәжбур болды:

"Коммунистер күресіп жатқан бұқарамен бірге болуды өздрінің боршы деп санайды. Бұқара күресінде қателер болмай қалмайды. Коммунистер сол қателерді көріп, оларды бұқараға түсіндеріп, қателердің түзетілуше ұмтылып,саналықтың стихиялықты жеңіп шығуын үнемі қорғай отырып бұқарамен бірге болады",/52/-деп жазды. В.И.Ленин.

Аз уақыт өмірінің ішінде республика бір аз шараларды жүзеге асырады: Өндіріске жұмысшы бақылау енгізілді, буржуазияны қарусыздандыруға кірісті, банкілерді нацонализациялады Контрреволюциямен күресу үшін төтенше комиссия құрылады,т.с.с.

17-сәуірде үкімет "Бавар жерінің шаруаларына" деген үндеуін жириялайды. Онда прблетарлық революцияның Шаруа меншігіне тиіспейтігіндігі көрсетіледі, бірақ үкімет кедей және орта шаруалардың жағдайын жақсартуға еш әрекет қолданбайды.

Помещик жерлері тәркіленбейді, деревяларда, жаңа батрак, ұсақ шаруа Кеңестерінің құрылуы туралы мәселе көтерілмейді. Демек жаңа үкімет нағыз кеңестік коммунистік үкімет шаруаларды өз жағына тарту үшін шаралар жүргізген жоқ.

Сондықтан Бавар Кеңестік Республикасын негізінен алғанда жұмысшылар қорғады.

Жаңа үкімет Россиядағы және Венгриядағы Кеңестік Республикаларға сәлем-жолдады./53/ Бұған жауап ретінде В.И.Ленин "Бавар Кеңестік республикасын сәлем" деп аталған хат жазды./54/ Лениннің хаты 27-сәуірде Москвадан жіберіліп Венгрия арқылы Германияға 28 сәуірде келіп жетті.

Бұл кезде коммунистер үкімет құрамынан шығып кеткен еді.

Контрреволюциялық күштер коммунистерді үкімет құрамынан жылдамдырақ қуып шығу үшін тәуелсіздер мен коммунистер іріткі салды.

Жұмысшы және солдат Кеңестерінің 26-сәуірдегі мәжілісінде Толлер, Меннер, сияқты тәуелсіздер жетекшілері коммунистерге өте көп айып тақты. Атап айтқанда, коммунистердің буржуазиялық баспасөзге тиым салуьш, полицияны таратуын қатты сынап, Атқару комитетін қайта сайлауды талап етті. Келесі күні Кеңес мөжілісі Атқару Комитетінің президиумын сайлайды, оған тек тәуелсіздер кіреді. Бұл коммунистерді үкімет құрамынан мәжбүр етеді.

27-сәуірде Коммунистер қызметтен кетеді де тәуелсіздер мен анархистерге қарсы күресін Комитеттен тыс жүргізеді. Коммунистер кетесімген-ақ тәуелсіздер Носкемен, Гоффманмен келіссөздер жүргізе бастайды. 29-сәуірде Пруссия, Вюртембург, Баварияның жүз мыңдық жақсы қаруланған контрреволюция юнкерлері шабуыл жасағанда, оған 30мың Кеңестік республиканы қорғаушылар ғана қарсы-тұрды. Күш тең емес еді. "Кеңестік Республика жеңілді.

1-мамыр күні Бавария астанасында сұмдық жазалау басталды.

Бавария Кеңестік Республикасының жеңілуінің бірқатар себептері болды.

Кеңестік Республика бүкіл Германияның біріккен күштеріне жалғыз сарсы тұрды. Солшыл күштердің өзара бірлігінің болмауы.

Коммунистердің жіберген қателіктері мен әлсіздігі атап айтқанда, 27 сәуірде коммунистердің үкіметтін кетіп қалуы.

Бавар Кеңестік Республикасы Германиядағы 1919 жылғы революциялық күрестің шарықтау шегі болды.

Ол басып жаншылғаннан кейін жұмысшы қозғаласында бәсеңдеу басталады.

Революция жеңіліс тауып, қараша революциясы барысында құрылған кеңес атқару комитеттер таратылды. 1919 жылы революция жалғасын тауып, сәуір айында Бавария Кеңес Республикасы құрылды Бірақ та қолдарында күштері бар контрреволюция, оны қолдаған ТСДП-ның басшылары мамыр айында жеңіске жетіп Германиядағы тұңғыш Бавария кеңес өкіметі құлады. Қараша революциясының үшінші кезені 1919 жылғы 19 қаңтардағы ұлттык жиналыс сайлауының өтуімен, революциялық куштердің жеңіліс табуымен аяқталды.

1919 жылы қаңтар айының 19-ы күні Германияда Ұлттық жиналысқа сайлау өтті. Сайлауда 54,5% дауыспен буржуазиялық партиялар жеңіске жетіп, Ұлттық жиналысқа (парламент) буржуазиялық депутаттар сайланды. Сайлаудан - ақпан айының 6-ы күні Веймар қаласында Ұлттық жиналыстың сессиясы өз жұмысын бастады. Елдің Веймар Республикасы болып аталуы Веймар қаласының атымен байланысты болды. Ұлттық жиналыстың шақырылуы елдегі саяси тұрақсыздықпен сәйкес келді. Ол 1919 жылғы қаңтар айында басталған революцияға жалғасты, буржуазия үкіметті өз колына алғанымен, Германия бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілгендігін мойындады. Саяси қиындыққа қарамастан, Ұлттық жиналыс депутаттары Германияның жаңа үкіметін құруға, алдағы үкіметтің міндеттерін анықтауға кірісті. Ұлттық жиналыстың қолдауымен Ф.Шейдеман бастаған үкімет құрылды. Үкіметтің құрамына ГСДП, Центр және Герман демократиялық партияларынан өкілдер кірді. Веймар Республикасының президенті болып Ф.Эберт сайланды.

Халық жиналысында Конституцияның жобасын қабылдау мәселесі өте тартысты жүрді. Үкіметтің әлеуметтік бағдарламасы да қызу тартыста өтті. Елдегі саяси күштердің ара салмағын ескере отырып, Ұлттық жиналыс шілде айының 31-ы күні Веймар Республикасы Конституциясының жобасын бекітті. 1919 жылы тамыз айының 4-і күні Конституция өз күшіне енді.

Веймар Конституциясы Германияны республика деп жариялады. Халық -өкіметтік биліктің негізгі тірегі болды. Сонымен қатар еңбек етуге, адам қүқықтарын қорғауға, білім алуға Конституция кепілдік берді. 20 жасқа толған азаматтарға жалпыға бірдей сайлау қүқығы берілді және референдум (жалпыхалықтық сұрау) өткізуге рұқсат етілді. Конституция бойынша Германияның заң шығарушы парламенті - Рейхстаг. Жергілікті неміс жерінде заң шығарушы парламент - ландтаг болды. Ландтаг депутаттарының сайлауымен Германия парламентінің жоғарғы палатасы Рейхсрат болды. Рейхсратқа 68 депутат сайланды. Германия парламенті Конституция бойынша екі палатадан тұрды. Рейхстаг - жалпыға бірдей сайлау арқылы; жоғарғы палата Рейхсрат — жергілікті неміс жерінің парламент депутаттарынан құрылды. Рейхсрат рейхстаг жұмысын тежеуге және шыққан зандарды бекітуге құқылы.Рейхсрат - бақылаушы орган және вето қоюға құқылы болды.

Конституция бойынша атқарушы билік президенттің қолында болды. Президент өкімет басшысын (канцлер) және министрлерді тағайындады. Президент елдің жоғарғы әскери қолбасшысы болды. Президент конституцияның 48-бабына сәйкес, елде төтенше жағдай жариялауға, парламентті (рейхстаг) таратуға және Конституцияның баптарына өзгерістер енгізуге құқылы болды. Президент жалпыхалықтық сайлау арқылы 7 жылға сайланды. Веймар Республикасының Конституциясы президентке жеке билік жүргізуге мүмкіндік жасады. Веймар Конституциясы буржуазиялық демократияның қалыптасып, дамуына жол ашты.

1919 жылы наурыз айында Ұлттық жиналыс экономикалық- әлеуметтік бағдарламаны бекітті. Бұл бағдарлама бойынша жеке меншіктің барлық түріне кеңшілік жасалды. Өндірісті басқару және реттеу мемлекеттің кұзырында болды. Көмір өндірісін де жеке меншікті сақтай отырып мемлекеттік реттеуге берді. Көмір өндірісін басқару үшін «Империялық көмір кеңесі» деп аталған мемлекеттік мекеме құрылды. 1919 жылы сәуір айында ұлтгық жиналыс өндірісті басқаруда фабрика-завод комитеттерін құрды. Бұған жұмысшылар кең қамтылды. Өндірістік кеңес ең жоғарғы басқару қүқына ие болды. Әлеуметтік бағдарлама мемлекетік реттеудің жаңа үлгісі - мемлекеттік-монополиялық капитализмнің негізгі механизмі болса, фабрика-завод комитеті өндірістегі еңбек ынтымақтастығын қалыптастырудағы басқару жүйесі болды. Ұлттық жиналыс арқылы буржуазия реформаны кең түрде жүргізе алды. Әлеуметтік реформа қараша революциясынан кейінгі еңбекші халықтың жеңісі бола алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет