1 11 сынып оқушыларын ұлттық костюмді жобалау және дайындауға үйретудің теориялық негізі



бет19/20
Дата18.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#454650
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Курстық жұмыс 2

Қорытынды

Қазіргі қоғам мұғалімнің алдына тек қана білім беру ғана емес, сондай-ақ оқушының жеке басына тән маңызды қасиеттерін дамытуды мақсат етеді. Білім басты мақсат болып табылмай, жеке тұлғаны дамытудың құралы, тәсілі болып табылатын жерде, білім берудің маңыздылығы оқушылардың әртүрлі жеке тұлғалық мінез-құлқына деген жауапты қарым-қатынасты жауапты ұсынады.

ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ ғасыр басында жүзеге асырыла бастаған еңбектік оқудың технологиялыққа ауысыуы – бұл заман талабы. Жобалық – қайта құрылу іскерлігін ұйымымен байланысты методология, оқушыларды біліммен және мүмкіндігінше қоршаған ортаның қайта жасалудың негізгі құралдары мен әдістерін қолайлы меңгеруді, өндірісте ғылыми білімдерді қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған. Жобалық танымдық – еңбек негізінде құрылған «технология» білім беру саласы сапалы жаңа деңгейде оқушылардың қолданбалы экономикалық және экологиялық, технологиялық дайындығының және олардың кәсіби бағдарындағы, пайдалы отандық және шет елдік тәжірибесін тарату қажет.

Жобалау әдісі – қандай да жолмен зерттеудің практикалық нәтижесін дайындау және мәселені талқылау бойынша білім алушылардың өзіндік іскерлігі негізінде жекелік бағытталған - оқыту әдісі. Бұл әдіс оқушылардың сан қырлы субъектілі тәжірибесіне бағытталуын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар білім беру ізгілендіруге қатысатын, әрбір оқушының ерекшелігіне, бірегейлігін мойындауға жол көрсетеді.

Біздің зертеуімізде мұндай нәтижелер өз қолдауын тапты және негізгі мазмұнын ашу үшін төмендегідей мақсаттар мен міндеттер жүзеге асырылды:


  • Технология сабағында жобалау әдісін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын айқындалды;

  • оқу бағдарламасы мазмұнындағы ұлттық костюмді жобалау және дайындауға үйретудіңорта мерзімдік жоспарын (ұмж және омж)құрылып ұсынылды;

  • оқушыларды ұлттық костюмді жобалау және дайындауға үйретудің қысқа мерзімді жоспары ұсынылды.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес технология сабақтарында 11 - сынып оқушыларын ұлттық костюмді жобалау және дайындауға үйретудің орта мерзімдік жоспары мен қысқа мерзімді жоспары ұсынылды және әдістемелік нұсқау ретінде пайдаланудың тиімді жолдары айқындалды.

Сонымен, қорыта айтқанда жоғары сынып оқушыларын11 - сынып оқушыларын ұлттық костюмді жобалау және дайындауға үйрету мақсатында белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып, жастарды бүгінгі заманғы техника мен технологиялық мүмкіндіктермен таныстырып, заманымызға лайықты, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелейміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет