1 11 сынып оқушыларын ұлттық костюмді жобалау және дайындауға үйретудің теориялық негізі



бет2/20
Дата18.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#454650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Курстық жұмыс 2

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................



3

5
5
9

9
12

20

21






Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі қоғам мұғалімнің алдына тек қана білім беру ғана емес, сондай-ақ оқушының жеке басына тән маңызды қасиеттерін дамытуды мақсат етеді. Білім басты мақсат болып табылмай, жеке тұлғаны дамытудың құралы, тәсілі болып табылатын жерде, білім берудің маңыздылығы оқушылардың әртүрлі жеке тұлғалық мінез-құлқына деген жауапты қарым-қатынасты ұсынады.

Елбасы Н.А. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан елінің болашағы да сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр,» - деген болатын[1].

ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ ғасыр басында жүзеге асырыла бастаған еңбектік оқудың технологиялыққа ауысыуы – бұл заман талабы. Жобалық – қайта құрылу іскерлігін ұйымымен байланысты методология, оқушыларды біліммен және мүмкіндігінше қоршаған ортаның қайта жасалудың негізгі құралдары мен әдістерін қолайлы меңгеруді, өндірісте ғылыми білімдерді қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған. Жобалық танымдық – еңбек негізінде құрылған «технология» білім беру саласы сапалы жаңа деңгейде оқушылардың қолданбалы экономикалық және экологиялық, технологиялық дайындығының және олардың кәсіби бағдарындағы, пайдалы отандық және шет елдік тәжірибесін тарату қажет.

Жобаның өзіндік ерекшеліктерін оқу қызметінің формасы ретінде А.Самохина[2] оқушыларды оқыту барысында субъектілік-объектілік қатынастарды өзгертудегі оның рөлін көрсетеді, мұнда ол педагогика ғылымының теориялық және практикалық тәжірибесіне сүйенеді.

Педагогикалық теория (Дж.Дьюи) мен практиканың дәлелдеуінше, егер оқушы оқыту субъектіне айналатын болса, оқыту жүйесінің тиімділігі жоғары болады (Т.К. Селевко, А.Самохина, О.А.Зенкина, И.И. Зарецкая [3,4]т.б.). Сондықтан технология мұғалімі оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастырудың кез-келген формасында оқушының белсенді ұстанымы мен «жасай отырып» оқу қағидасын іске асыру жобалық жұмыстың айрықша ерекшелігі болып табылатынын ескергені жөн.

Біздің зерттеуіміз оқушыларды кәсіби мектептерде тігін бұйымдарын жобалауға үйретуде ақпараттық технологияны жан-жақты қолдануға практикалық қадам жасауымен ерекшеленеді. Зерттеу нәтижелері білім беру процесінде компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану, оқушылардыжоба жұмыстарына баулудың тиімділігін арттыратынын көрсетіп отыр. Ақпараттық технологиялардың білім беру үрдісіне кеңінен енуі және оқушылардың кәсіптік білімін қалыптастыруға деген қажеттіліктің өсуі мен ақпараттық технология негізінде кәсіптік білім беруді жүзеге асыруға арналған ғылыми-әдістемелік даярлықтың жеткіліксіздігі арасында қайшылықтар орын алып отыр.

Зерттеу барысында осы тақырыптың мазмұнын ашуға, яғни дәстүрлі емес оқыту әдістерін сабақ барысында пайдалануды К.Өстеміровтің [5],Камалов Ю.Н. [6], Д. Қ. Пошаевтің [7], О. Сыздықов, Д. Қ. Пошаев, Б. Т. Ортаевтың [8], Б. Т. Ортаевтың [9] еңбектеріне талдау жасалды. Сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарына арналған «Технология» оқу бағдарламасының мазмұнына талдау жасалды[10]. Ал тігін бұйымдарының бөлшектерін өңдеу технологиясы бойынша А. Асанова, Ж. Айдынбекова, С. Нұрпейісованың [11], Г. Тәкішева, Б. Асанованың [12], Жолдасбекова С.А., Узахова А.С. Кәсіптік оқыту әдістемесі [13], Асанова С. Сымбат. «Қазақтың ұлттық киімдері»[14], С. А. Жолдасбекованың «Костюм тарихы» оқу құралы [15], еңбектеріне шолу жасалды.

Бұл талдаулар бізге курстық жұмысымыздың ғылыми аппаратын құруға мүмкіндік береді. Осы әдебиеттерді зерделей келіп, біз курстық жұмысымыздың тақырыбын:«11 - сынып оқушыларын ұлттық костюмді жобалау және дайындауға үйрету әдістемесі» - деп таңдауымызғы себеп болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет